- •Металлургиялық және машина жасау кәсіпорындарындағы техникалық қауіпсіздік.
- •Өндірістің санитарияның және қауіпсіздіктің техникалық құралдарының жіктелуі
- •Қауіпсіздіктің техникалық құралдары.
- •Қоршау құрылғылары.
- •Шектеу құрылғылары.
- •Қорғау құрылғылары.
- •Сақтандыру құрылғылары.
- •Блоктау құрылғылары.
- •Сигнал беру құрылғылары.
- •Глоссарий
- •Бақылау сұрақтары
Өндірістің санитарияның және қауіпсіздіктің техникалық құралдарының жіктелуі
Осы заманғы металлургиялық кәсіпорын қауіпсіз және кінәретсіз (здоровье) еңбек жағдайын қамтамасыз ететін арнайы техникалық құралдарын кешенімен жабдықтаған.
Еңбекті қорғау қорларының жіктелуі өндірістің санитарияның және қауіпсіздіктің барлық техникалық құралдарының кәсіпорынының негізгі және айналым қорларымен байланыстылығына негізделген. Сондықтан еңбекті қорғаудың барлық қорлары екі топқа бөлінеді:
Негізгі және қосалқы.
Негізгі еңбекті қорғау қорларына негізгі өндірістің қорлардың құрамына кіретін және ұзақ уақыт бойы қоданылатын техникалық құралдар жатады.
Қосалқы қорларға жыл сайын кәсіпорынның айналым қорлары ретінде есепке алынатын өндірістің санитарияның және қауіпсіздіктің техникалық құралдары жатады.
Қауіпсіздіктің техникалық құралдары.
Технологиялық процестер мен өндірістің жабдықтардың қауіпсіздік деңгейі жетілмеген жабдықтан еңбекті қауіпсіздендіру үшін қауіпті және зиянды факторлардың қызметшілерге әсер ету ықтималдығын азайтатын қосымша құралдарда қолдану қажет.
Мұнда құралдар ретінде қауіпсіздіктің техникалық құралдары қолданылады.
Қоршау құрылғылары.
Қоршау құрылғылары адамға физикалы қауіпті факторлардың механикалық әсерін алдын – алу үшін қолданылады. Олардың қолдану облысы агрегаттарды, механизмдерді және олардың құралдарын бөліктерін қоршау.
Қоршау құрылғылары стационарлы және қозғалмалы болып бөлінеді. Стационарлы қоршау құрылғылары дискілі оларды, ременді берілістерді, қоршау үшін, сонымен қатар тоқ өткізу құралдарына кездейсоқ жанасулардың алдын – алу үшін қолданылады.
Қозғалмалы қоршау құрылғылары қондырғының жұмыс істеу режиміне байланысты периодты жұмыс істейді. Олар қолдап қозғалатын, механикалы (пневматикалы, электрлі) және автоматты болып бөлінеді.
Сонымен қатар практикада өндірістің жағдайда байланысты уақытша және тасымалданатын (болып бөлінеді) қоршау құрылғылары.
Шектеу құрылғылары.
Шектеу құрылғылары – бұл адамға зиянды және қауіпті өндірістің факторлар әсер етуі мүмкін, аймақтарды шектейтін конструкциянар. Шектеу құрылғыларын кең таралған түрі – бұл қызметшілердің қозғалысын немесе белгілі бір аймақты шектейтін барьерлер, сүйеніштер болып келетін қоймалаған және сақталған кезде металдардың, материалдардың, жабдықтар детальдарының және т.б. орын ауыстыру аймағын шектеуге арналған шектеу құрылғылары да қолданылады. Жабдықтармен жүктердің жеке түрлерінің орын ауыстыруын шектейтін құрылғылар ерекше конструкцияға ие. Мұндай конструкцияларға завод ішіндегі теміржол көлігіндегі тұйықтау көпірлі мұнаралы, гренделі крандардың орын ауыстыруының тұнықтау шектегіштері; жүктердің көтерілу биіктігі мен массасын шектейтін құрылғылар жатады
Қорғау құрылғылары.
Қорғау құрылғылары жұмысшыларға қауіпті өндірістің факторлардың ықтималды әсерінің алдын – алу үшін қолданылады.
Оларға адамды немесе оның дене мүшелерін өңделінетін материалдардың ұшып шығатын сынықтарымен немесе бөліктерімен зақымданудан сақтатйын экрандар, қышқылдар, сілтілер және балқымалар тамшыларының жамырауынан сақтайтын құрылғылар жатады.
