Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №10.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37 Кб
Скачать
☆

Өрт кезінде қауіпсіз ұстау ережелері:

Өрт жағдайында халықты іс-әрекетке даярлау мақсатында қоғамдык, ғимараттағы өртті сендіру бойынша өртке қарсы жаттығуларды жүйелі өткізу, ғимаратты қосымша шыңға берістеріне еркін баруды қамтамасыз ету қажет. Өрт пайда болған жөне оны өшіруі кезінде ұстамдылық, жағдайды жедел бағалау, қабілетін ұстап, дұрыс шешім қабылдау қажет. Өзі абдырамай, жүйкенді жұқартпай, басқаларды үрейленуіне жол бермеген жөп.

Өрт кезінде өрт сөндіру құралдары бар болса, өрт сөндіргішті қолдану, ішкі өрт су құбырының аспа насосын қосу, орамдарды босату, су ағысын отқа бағыттау немесе оны су құбыры, құдық, өзен суының, құмының, көмегімен сөндіру. Шағын өрт ошағын тығыз жамылғылармен сөндіру қажет.

Өртпен күресте жөне зардап шегушілерді құтқаруда сіз үшін ауаның жоғарғы температурасының, шаңның, көміртетігі тотығы концентрациясының, ғимарат пен үйді ықтимал құлауының аса қауіпті екендігін есіңізде ұстаңыз.

Өрт сөндіру құралдары және оны пайдалану тәртібі

Өрт сөндіру құралдары былайша бөлінеді:

  • Қолда барлар (құм, су, жамылғы, көрпе және т.б.);

  • Табельдік (өртсөндіргіш, балта, шелек).

Өртсөндіргіштер – өрттің пайда болу сатысында оны сөндіруге арналған техникалық құрылғы.

Өртсөндіргіштер өрт сөндіру құралдың түріне, корпусының көлеміне, өртсөндіргіш құралдың берілу әдісіне және жіберу қондырғысының түрі бойынша жіктеледі.

Өртсөндіргіш құралдар түрі бойынша: сұйық, көбікті, көмірқышқылды, аэрозолды (хладонды), ұнтақта, құрама.

Корпус көлемі бойынша:

  • Корнустың көлемі 5 литрге дейінгі қолмен босататын азлитражды;

  • Корпустың көлемі 5-10 литрге дейінгі қолмен босататын өнеркәсіптік;

  • Корпустың көлемі 10 литрден астам тационарлық және жылжымалы.

Өртсөндіргіш құрамды беру әдісі бойынша:

  • Заряд компоненттерінің химиялық реакцияның нәтижесінде пайда болған газ қысымымен;

  • Өртсөндіргіш корпусында орналасқан арнайы баллоннан берілетін газды қысыммен;

  • Өртсөндіргіш корпусына айдалған газ қысымымен;

  • Өртсөндіргіш құралының жеке қысымымен.

Жіберу қондырғысының түрі бойынша:

  • Вентильді затворы бар;

  • Пистолет үлгісіндегі ішқату – жіберу қондырғысы бар;

  • Пиропатроннан жіберілетін;

  • Қысымның тұрақты көзімен жіберілетін.

Өрт үлкен көлемде аэрозольмен сөндіру генераторлары әлемде үлгілері жоқ осы заманғы өртсөндіру құралдары (ОӨҚ) болып табылады.

Олар жылдам тұтанатын сұйықтардың (бензин және басқа да мұнай өнімдері, органикалық еріткіштер және т.б.), қатты материалдардың (ағаш, оқшаулау материалы, пластмасса және т.б.) сондай-ақ электр қондырғыларының (күштеу және джоғары вольтты қондырғылар, тұрмыстық және өнеркәсіптік электроника және т.б.) өртенуін сөндіреді.

ОӨҚ сілтілі және сілтілі-топырақты металды, сондай-ақ ауасыз тұтанатын заттарды сөндіруге жарамсыз.

Генератор зарядының жануы кезінде бөлінетін аэрозольгаз қоспасы қорғалатын затты, тіпті қағазды бұлдірмейді, ал аэрозольдің бөлшектерін шаңсорғышпен алуға немесе сумен шаюға болады.

ОӨҚ генераторлары қол (СОТ-5М) және стационарлық (СОТ-1) болып бөлінеді. СОТ-5М генераторы қорғайтын көлем 40 т.м. дейін СОТ-1 қорғайтын көлем 60 т.м. дейін

СОТ-5М генераторын қимылға келтіру үшін:

  • Жібері торабының қалпақшасын алу;

  • Бауды қатты тарту;

  • Жанған бөлмеден шығу қажет.

СОТ-1 генераторын қосу үшін аранйы жіберу торабы пайдаланады. Қорғалатын көлемдегі температура 90°С жеткенде қосылатын жіберілудің термохимиялық тораптарын қолдану, егер олар бірнешеу болса, әрбір генераторға біржола толық істеуге мүмкіндік береді.

Жіберудің электротораптарын қолдану СОТ-1 генераторларын өрт дабылы бар нысандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қорғалған бөлмеде СОТ-1 генераторын орнату арнайы кронштейннің көмегімен жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]