Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №11.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50 Кб
Скачать
☆

Жарылыстар

Жарылыс- бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы. Ол қысымы өте жоғары қатты ысыған газдың пайда болуына алып келеді, аяқ асты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. (Қысым бұзу). Жарылыс қатты ортада төңіреген бұзып, ұсақтайды, ауа мен судың жойқын әсердегі ауалық немесе гидравликалық соққы толқындарын құрайды.

Жарылу қаупі бар объектілерге қорғаныс, мұнай өндіруші және ұқсатушы, мұнай-химия, газ, химия, тоқыма, объектілері, нан өнімдері мен дәрі-дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтар, сұйылатын газ қоймалары жатады.

Кәсіпорында ауаның, бензиннің, табиғи газының буынан және ағаш шаңынан және т.б. жинақталуынан пайда болған ауа қоспасы жарылысн болдырмау үшін, бірінші кезекте ықтимал от шығу көздерін жояды және кәсіпорындарды қорғауға бағытталған шараларды жүргізеді, олардың негізгілері мыналар:

  • жарылыс кезінде ең жоғарғы қысымға тең жүктемені көтеруге қабілетті беріік қоршауды, құрылғыларды жобалау;

  • жарылу қауіпі бар аймақтарда оттегі құрамы қажетті жанудан аз болатын инертті ортаны, берік қабырғалар мен жарылу қауіпі бар аймақты оқшауландыру;

  • жарылу қауіпі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған ортаға залал келмейтін жерлерге орналастыру;

  • жарылыс кезінде пайда болған қысымы шығару үшін арнайы сақтандырғыш клапандарын орнату;

  • жарылысты жаншу (жарылыс қауіпі бар қоспаны тұтана бастаған кезде алғашқы сәтте баяу көтерілетіндігін ескере отыра арнайы датчиктер дабылы бойынша жалынның таралуын щектейтін қондырғы қосылады).

Жарылыс және өрт шығу қауіпі бар объектілердегі авария салдарын әлсіретуге, өртке, қарсы шараларды өз уақытында өткізу ықпал етеді, олар өрт ошақтарын жоюды немесе пайда болуын қйындатуды ғана емес, сондай-ақ пайда болған жалын мен өртті жедел жоюды және өртенген ғимараттағы адамды, мүлікті құтқаруды қамитамасыз етуге тиіс.

1989 жылы 20 мамырда Алматы-2 теміржол станциясында сұйық пропан құйылған цистернаның жарылысы кезінде 34 адам қаза болып, 100 адам жарақат алды.

2000 жылы республикада газды пайдалану бұзудан тұрғын үй секторында 35 жарылыс болды. Бұдан 49 адам зардап шегіп, оның 9-ы қаза болды.

Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті зоналар

Электр қондырғыларын пайдаланудағы қыска тұйықтанулардан, асқын кернулерден сақтану және алдын алу үшін, электр тораптарын, машиналарын, аппараттарын, сондай-ақ байланыс және автоматандыру электр құралдарын дұрыс монтаждау, таңдау және оларды пайдаланудың белгіленген режімдерін қатаң сақтау қажет.

Жанғыш газ, бу немесе шаңды ауа қоспалары пайда болуы мүмкін орындарда орнатылуы тиіс электр жабдығы ерекше қауіпті болады. Электр жабдығы жанғыш қоспаның жану көзі болмауы үшін, Электр қондырғыларын орналастыру ережелеріне (ЭОЕ), Жарылыс қорғанысты кен электр жабдығын даярлау ережелеріне және ССБТ стандарттарына. сәйкес бірқатар талаптар мен шаралардың тұтас жүйесі әзірленген.

ЭОЕ-ға сәйкес қоршаған ортаның кез келген температурасында жанғыш газдар жарылыс қауіптілерге жатады. Егер от алу төменгі шоғырлану шегі 65 г/м3-тен аспаса, онда жанғыш шаң және талшықтар да жарылыс қауіптіге жатады. Өндірістік процестің жарылыс қауіпсіздігі деп, жарылыс мүмкіндігі үлкен ықтималдықпен жоққа шығарылытын немесе ол туындаған жағдайда олардың қауіпті факторлары адамға әсер етпей тез жойылатын және материалдық құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайы айтылады.

Электр жабдығын дұрыс таңдау үшін ең алдымен ол пайдаланылатын зона класы анықталады. Бірнеше жарылыс қауіпті және өрт қауіпті зоналар анықталған.

Жарылыс қауіпті қоспалары бар немесе олардың пайда болу мүмкіндігі бар бөлмелер немесе шектелген бөлме кеңістіктері жарылыс қауіпті зона деп есептеледі. Жарылыс қауіпті зона делініп, егер жарылыс қауіпті қоспаның көлемі бөлмедегі бос көлемнің 5% -тен асатын болса, онда жарылыс қауіпті зона бүкіл бөлме көлемін алады. Егер жарылыс қауіпті қоспа 5%-ке тең немесе одан кем болса, онда бөлмедегі жарылыс қауіпті зона одан жанғыш газ немесе жеңіл от тұтанатын сұйықтық (ЖТС) бөлінуі мүмкін, технологиялық аппараттан көлбеуі және ұзындығы бойынша 5 м деңгейінде болады. Егер тағы басқадай жарылыс қауіпті жағдай жасайтын факторлар болмаса, бөлменің қалған көлемі жарылыс қауіпсіз болады.

ЭОЕ-ге сәйкес жарылыс қауіпті зоналар бірнеше класқа бөлінеді.

В-1 класс зонасы қалыпты жұмыс режимінде жанғыш газдар мен ЖТС булары жарылыс қауіпті қоспалар құрайтындай бөлінетін бөлмелерде болады, мысалы: технологиялық аппараттарды тиеуде немесе түсіруде, ЖТС-ты ағызуда немесе құюда, және т.б.

В-1а класс зонасы. Бұларға қалыпты пайдалануда жанғыш газдардың немесе ЖТС буларының ауамен қосылуында жарылыс қауіпті қоспалар жасалмайды, бірақ олар апаттар немесе бұзылулар жағдайында орын алуы мүмкін.

В-1б класс зонасы. Бұлар да В-1а зонасы сияқты, бірақ келесі ерекшеліктердің біреуіне ие болады:

1. Шекті жетімді шоғырлануларда бұл зоналардағы жанғыш газдар от алудың жоғары төменгі шегіне ие болады (15% және одан астам) және өткір иісі болады;

2. Газ тәрізді сутегіні қолдану немесе алу мен байланысты өндірістік бөлмелерде, технологиялық процесс жағдайлары бойынша бөлменің бос көлемінде жарылыс қауіпті қоспаның 5% -нен аспайтын жағдайында, тек бөлменің жоғарғы бөлігінде ғана жарылыс қауіпі болады. Шартты түрде жарылыс қауіпті зона бөлменің 0,75 м биіктігінен жоғарыда болады, бірақ кран жолынан, егер мұндай бар болса, (мысалы, су электролизі бөлмесі, күш және стартерлік батареялар станцияларында, аммиакты компрессорлық және мұздатқыш абсорбция қондырғылары машина залдарында) биік болмайды.

3. Бөлменің бос көлемінде 5%-тен аспайтын зонадағы жарылыс қауіпті қоспа пайда болу үшін жеткіліксіз, шағын сандағы жанғыш зоналар және ЖТС-ы бар және олармен жұмыс ашық жалын қолданусыз жүреді( мысалы, зертханалық бөлмелер зонасы). Егер мұндай жағдайларда жұмыс жанғыш заттармен немесе ЖТС-пен тарту шкафтарында немесе тарту шатырларында жүргізілетін болса, онда олар жалпы жарылыс қауіптілерге жатпайды.

В-1г класс зонасы. Бұған: жанғыш газы немесе ЖТС-ы бар сыртқы электр қондырғыларының (амиактық компрессор қондырғыларынан басқа); ЖТС-ы немесе жанғыш газдары (газгольдері) бар жер үстілік немесе жер астылық резервуарларының; ЖТС ағызу немесе құю эстакадаларының; ашық мұнайұстағыштардың; жүзбелі мұнай ұлдірі бар тұндырғыштоғандардың және т.б. кеңістіктері жатады.

Сондай-ақ, В-1г класс зонасына В-1, В-la, В-П класс зоналарының бөлмелерінің сырт қоршауларының ойықтарындағы (шыны блоктарымен толтырылған терезе ойықтарынан басқа) кеңістіктер жатады; сырт қоршаулардың конструкцияларындағы кеңістіктер, егер оларда жарылыс қауіпті зоналар шегінде болса немесе кез келген жарылыс қауіпті бөлмелердің желдеткіш жүйелері үшін оларда құрылғылар орналастырылса; жанғыш газ және ЖТС-ы бар технологиялық апараттар мен сыймдылықтардың сақтандырғыш және демалдырғыш қақпақшасы кеңістіктері.

Сондай-ақ, ЭОЕ-де В-Іг класс зонасының жарылыс қауіпті мөлшерлері орнатылған. В-ІІ класс зонасы қалыпты жұмыс режимдерінде (мысалы, технологиялық аппаратарды тиеуде және түсіруде) ауамен жарылыс қауіпті қоспалар құрайтын қасиеттері бар көлемде бөлінетін және ыстық шаң немесе талшықтарға айналатын бөлмелерде орналасады.

В-ІІ а класс зоналары қалыпты пайдалануда орындар қауіпті жағдайы болмайтын, ал тек апат немесе бұзылулар жағдайында болатын бөлмелерде орналасады.

Өртқауіпті зона деп бөлме ішіндегі немесе сыртындағы шектерде тұрақты немесе кезеңдермен қалыпты технологиялық процестерде немесе бұзылуларда жанғыш заттар болатын кеңістік аталады.

Өртқауіпті зоналар бірнеше класқа бөлінеді:

П-І класс зонасы. Бұл зоналарға от алу температурасы 61 °С-дан жоғары температурасы бар жанғыш заттар орналасқан бөлмелер зонасы жатады.

П-ІІІ класс зонасы 65 г/мЗ ауа көлемінен астам төменгі оталу шоғырлану шегі бар ыстық шаң немесе талшықтар бөлінетін бөлмелерде орналасады.

П-II а класс зонасы. Бұл зоналар қатты жанғыш заттары бар бөлмелерде орналасады.

П-III класс зоналары бөлмеден тыс оталу температурасы 61°С-ден жоғары температурасы бар жанғыш заттар немесе қатты жанғыш заттар орналасқан зоналар.

Атап өту керек, технологялық апараттардың жанғыш газ, бу, шаң немесе талшықтар температурасына дейін қызған беттері, бірақ технологиялық процесі ашық отпен жүргізілетін және жарылыс қауіпті қоспалар немесе жанғыш заттары бар аппараттан көлбеуі және тікесі 5м-ге дейнгі шектердегі сырт қондырғылар және бөлмелер жарылыс қауіпті немесе өрт қауіптілігіне жатпайды. Сондай-ақ, қатты, сұйық немесе газтәрізді отын жағуы жүретін сырт қондырғылар немесе бөлмелер зоналары өрт қауіпіне немесе жарылыс қауіптіге жатпайды.

ЭОЕ-де жарылыс қауіпті және өрт қауіпті зоналарға қатысты анықтаулар мен осындай зоналар үшін электр жабдығын таңдау көрсеткіштері келтірілген (VII тарау).

Жарылыс қауіпті зоналар үшін электр жабдығын таңдауда сондай-ақ жарылыс қауіпті топтардың категорияларын білген дұрыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]