Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №13.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48 Кб
Скачать
☆

Ақ инженерлік-техникалық шараларын жобалау нормалары

Азаматтық қорғаныс шараларын кешенді және саралай өткізу мақсатында, халықты қорғау деңгейін қажетсіз мемлекеттік шығындарды жұмсамау мақсатында халықты қорғау деңгейін төмендетпей, аумақ пен ұйымның маңызылық деңгейін ескере отыра, қалаларды, топтарға, сондай-ақ Азаматтык қорғаныс катсгория бойынша аумак пен ұйымдардың маңыздылық деңгейі ескере отырып жүргізілсді.

Қалаларды, топтарды, ұйымдарды Азаматтык қорғаныс бойынша категорияларға жатқызу тәртібін Қазақстаи Республикасының үкіметі анықтайды.

  • Категорияланған нысан — бұл үлкен экономикалык, стратегиялық және қорғаныстық маңызы бар қалалар. Категорияланған қалалар маңызы бойынша төрт топқа бөлінсді аса маңызды, бірінші, екінші және үшінші топтар.

  • Категорияланған объектілер — үлкен экономикалык және қорғаныстық маңызы бар өнеркәсіп орындары мен өзгеде ұйымдар. Үш категорияға бөлінеді: аса маңызды, бірінші және екінші категориялар.

"Категорияланбаған объектілер" — барлық қалған ұйымдар (нысандар).

Тұрактылық мәселелерін реттейтін құжаттар Азаматтык корғаныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау (ИТЖ) нормалары болып табылады. Олар құрылыс норма лары мен ережелер кешенін (ҚНжЕ), мемлекеттік стандартты (ГОСТ) Азаматтық қорғаныстын инженерлік-техникалық қамсыздандырудың барлық түрі бойынша нұсқаулық пен басшылықты қамтиды.

Осы құжаттар негізінде орталық атқарушы органдар салалық стандартты, АҚ ИТЖ нормаларын қолдану бойынша басшылық нұсқаулықты әзірлейді.

Шаруашылық нысандары мен салаларында АҚ ИТЖ және орталық атқарушы органдар, республикалық мекемелер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндсгі Агенттігінің келісімі бойынша жоспарлау 2.01.51-90 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүргізеді.

1.2-4-98 ҚНжЕ сәйкес 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасында сейсмобелсенді жобалау мен құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

АҚ ИТЖ жобалау нормалары өз мақсатымен мынаны жүргізеді:

  • халықты қорғау және жаудың осы заманғы зақымдау және әдеттегі құралдарды қолдану жағдайында ықтимал залал мен қирауды төмендету;

  • соғыс уақытында шаруашылық нысандары жұмысының тұрақтылығын көтеру;

  • зақымдану ошағында, зілзала аумағында және ірі өндірістік авария мен апатты жою кезінде ҚНжЕ жүргізу үшін қажетті жағдай.

ИТЖ нормалары мынаны ескереді:

  • аудандық жоспарлаудын жобасы мен схемасын, жаңа категорияланған қалалар мен нысандардагы бұрыннан бар және салынып жатқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандары. Аудандарында тұрғын үймен өзге нысандарды егжей- тегжейді жоспарлау кезіндегі әртүрлі жәйттарды;

  • ықтимал қираулар аумағында орналасқан жұмыс істеп жатқан өнеркәсіп орындарын кеңейту және жобалау, энергетика, көлік және байланыс кәсіпорындарын, сондай-ақ соғыс уақытында категорияланған қалалардың тірішілік аумағында орналасқан тұргын үй және өнеркәсіп аудандарды;

  • бұрыннан салынған кәсіпорындарды қалпына келтіру және кеңейту кезінде.

АҚ ИТЖ жобалау нормаларының талаптары

а) Шаруашылық нысандарын орналастыруға

Қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар Қазақстан Республикасының үкіметі анықтаған тізбесіндегі қалалар шекарасында орналастырады.

Қалаларды күнделікті жабдықтайтын тауарларды сақтауға арналған жаңа база, қойма, таратқыш, мұздатқыш.

Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген тауарларды сақтау нормасынан артпайтын көлемде жүргізеді. Оларды қала шегінде орналастырады.

Категорияланған қалаларда т/ж сораптау және техникалық станцияларын ықтимал күшті қираулар аумағынан алыс жерге орналастырады. Қала аумағында жолаушылар немесс жүк станциялары мен пристаньдарды, теңіз порттарын қала аумағынан аулақ жерге орналастырылуы ұсынылады.

Қаладан тыс қары жерлерге троллейбус, трамвай парктері және телефон станциялары апарылады.

Демалыс лагерлсрі, пансионаттары, санаторилар, демалыс үйлері, базалар және мемлекеттік азық-түлік және материалдық қорлары, жаңа категорияланган нысандар, хабар беретін радио орталықтар, жылжымалы құрал резервтері, байланыс тораптар станциялары, ҚӘУЗ, базистік қоймаларға ыктимал бөліну аумағына орналастыруга тиіс. Магистральдық (транзиттік) автомобиль жәнс теміржолдары қаладан аулағырақ жерге тоселуге тиіс. Ішкі қалалық желі сыртқы қалалық желімен орайластырылуға тиіс

ЬІқтимал апатты субасу аумағында жаңа құрылыс аудапдарын, категорияланған кәсіпорындар, материалдық және азық-түлік қоймаларын, жылжымалы құрам тұрақтарын салуға рұқсат етілмейді. Аталған атақтарға тау-кен өндірісін салуға міндет етеді.

б) Қалаларды жоспарлау мен құрылыс салу

АҚ ИТЖ жобалау нормалы талаптарын ескере отырып қалаларды жоспарлау мен салу елді мекендердің зақымдалуын, халық шығынын азайтуға және қысқа мерзімде ҚНжЕ жүргізу қабілеттілігін жүргізуге ықпал ететін маңызды шаралар болып табылады. Жаңа қалалар онда 200-250 мың тұрғындарды ескере отырып жобаланып салынады.

Қала аумағы әрқайсысы 250га болінген жекслсген оқшау тұрғын алқаптарына (телім, оран, ықшам аудан) бөлінеді. Олардың арасындағы өрттен қорғау бөліктері 100м аспауға тиіс.

Үлкен көшелер (даңғылдар) 2 бағытта қаланың орталық бөлігінен сыртқы аймаққа шығуды қамтамасыз етугс тиіс

Ішкі қалалық көлікті жерді сыртқы көлікпен, т/ж станциясымен өзен вокзалымен, әуежаймен, автовокзалмен сенімді және ыңғайлы байланыста болуға тиіс.

Қаланың 1км2 алаңында өзеннің жалпы агынына орай ЗОООм3 көлемдегі су алабы. Осындай суат бір шақырым бойындағы өрт сөндіруді қамсыздандырады.

Жаңа көпірлер барлығының бір жарылыс пен құруын болдырмайтындай қашықтықта салынуға тиіс.

в) Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауга

АҚ ИТЖ жаћа шаруашылық нысандары және коммуналдық-энергетика жүйесін, ғимарат пен құрылыс салу кезінде экономикалық тұрғыннан аса қажетті, жәнс тиімді.

Өндірістік ғимараттарды салу мен жобалау кезіндс жанбайтын немесе баяу тұтанатын материалдан жасалынғап жеңіл қоршау құрғыларын пайдалану ұсынады.

Бұған пайдалану шарттарымен жол берілген жағдайда шатыр немесе жеңіл жамылғы астындағы ашық алаңдағы технологиялық қондырғыны орналастырған жөн.

Азық-түлік және азық-түлік шикі заты коймалар үшін тұрақ жайды тандау кезде сүрлен үлгісіндегі және резервуармен жабылған ғимараттарға артықшылық беріледі, ғимарат бөлмелерінде есік және терезе ойықтары саны шағын болуға тиіс.

Ғимарат пен құрылысты жобалау мен салу кезінде оларды радиоактивті шаңнан, УЗ және бактериялогиялық қорғау бойынша шаралар жүргізуге тиіс.

г) Сумен жабдықтау бойынша

Сумен жабдықтау жүйесі қатардан шығуыкәсіпорынның тоқтауына және кәсіпорын қирамаған жағдайдың өзінде өнім шыгарудың доғарылуына алып келеді. АҚ ИТЖ сумен жабдықтау нормаларының тұрақтылығын көтеру мақсатында мыналар қарастырылады:

  • категорияланған қалалар мен нысандардың сумен жабдықтау жүйесін қайта жобалауды оларда екі және одан артық су көзі орналастырылуы қажет, оның бірі жабық үлгіде (жерасты) болуға тиіс;

  • екі тәуелсіз көздсн сумен қамсыздандыру мүмкін емес жағдайда бір су көзінен жабдықтауға рұқсат етіледі, бұл жагдайда оған екі басты ғимарат орналастырылуға тиіс, ал оның бірі ықтимал қирау аймағынан алысырақ жерде болған жөн;

  • сумен жабдықтаудың орталық жүйесінде су беру су қысымы мұнараларына жетпей берілугс тиіс;

  • орталықтанған сумен жабдықтау су айдау мұнараларынсыз жібетілуте тиіс;

  • таза су көздері ауаның шаңнан тазалайтын желдеткішпен, қымтағыш люктермен және жылжымалы ыдысқа су беру үшін икемделгіштермен жабдықталуға тиіс;

  • орталықтанған су құбырының жылжымалы нүктелерін ажыратуға арналған қозғалтқыштар мүмкіндігіншс ғимарат пен бөлме қираған кезде субаспағын аумақта орналастырылғаны жөн.

д) Газбен жабдықтау жүйесіне

Қалалар мен шаруашалық нысандарына 2 жоне одан әрі дербес газқұбырлары арқылы газ беру екі және одан артық газ тарату станциялары арқылы жүргізілуге тиіс, олар қаланың жобалық құрылыс аумағынан тысқары мүмкіндігінше әртүрлі жағынан тиіс. Газ тарату станциялары мен нүктелер ажаратқыш автомат қондырғылары бар жер асты айналмалы газқұбырымен жабдықталуға тиіс.

Айдағыш және компрессорлық станциялар ықтимал күшті қираулар және апатты су басу аймағынан аулағырақ орналастырылуға тиіс.

Жер үсті төсемі жағдайында газқұбырларын магистралдік жолдарына ықтимал күшті қирау аймағындағы мүмкін бүліншілік аумағына тыс жерлерде төсеуге, терең (жерасты) ұңғымасын жасауға жол беріледі; ашық төсемге күрделі жер бедерінен өткен уақытта болмашы қирау аумағында рұқсат етіледі.

Газқұбырларында құбыр жарылған кезде газдың шығуы автоматты тоқтататын кран мен қашықтық басқару нүктесі бар, тығын арматурасын орнатқан дұрыс.

е) Энергожабдықтау жњйесіне

Осы заманғы өндіріс барысында энергия көзісіз мүмкін емес. Сондықтан энергожабдықтау желілері мен тұрақтарында АҚ ИТЖ мынаны қарастырады:

Электрмен жабдықтау нысандар жүйесінің тұрақтылығын бір-бірнен ықтимал қирау аумағынан екі радиустық қашықтықта орналасқан бірнеше көздерге қосу жолымен арттыру.

Категорияланган қалаларда канализация жүйесінің нысандарында соғыс жағдайының өзінде тоқтауға жол берілмейтін болса, энергиямен жабдықтау, өзге энергия тұтынушыларын қуаттандыру кезінде ажыратылмайтын негізі желілері бойынша жүргізілуте тиіс.

220квт және одан да жоғары электржүйесі және біріктірілген энергияжүйесінің және аралық байланыстар қосалқы станциясында және ЕЖБ жүйесінде қажетті желі ықтимал қирау аумағынан тыс қосалқы станцияларды өткізілуге жене тұрғызылуға тиіс.

Айдағыш насос станцияларын электрмен жабдықгау ықтимал қирау аумағынан тыс немесе жеке дербес көздерінен тыс шекте орналасқан қосалқы станциялардан жүргізілуге тиіс.

ж) Қорғаныс ғимараттарына АҚ ИТЖ нормаларынын талабы

Олар IV тарауда мазмұндалған.

АҚ ИТЖ жобалау нормалары халықты қорғау және осы заманғы закымдағыш құралдардан шаруашылық нысандарының жұмысының тұрақтылығын көтерудің негізгі принциптеріне сәйкес әзірленген.

Осы нормалар негізінде министрліктер мен ведомстволар сала ерекшелігіне орай өз ведомстволық нормативтік құжаттарын әзірлейді, олар қолданымға тек ҚР Экономика және сауда министірлігімен және Қорғаныс министірлігімен, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттікпен келісім бойынша енгізіледі.

ТЖ-дағы ұйымдардың іс-әрекетін зерттеу

Іс-әрекеттің тұрақтылығын көтеру жолдары мен әдістердің ең тиімдісін (оның ішінде экономикалық тұрғыдан) Азаматтық қорғаныс нысанасы ретінде әрбір кәсіпорынды мұқият бағалау негізінде ғана мүмкін.

Нысан тұрақтылы зерттеу мақсаты оның әлсіз буындарын, оның тұрақтылығын көтеру бағытталған инженерлік-техникалық шараларды жүргізу арқылы анықтау болып табылады.

Нысан жұмысының тұрақтылығын бағалау – бұл оны бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезінде, соғыс уақытында осы заманғы зақымдау құралдарымен, зақымдану кезінде, сондай-ақ нысан мен жабдықтау жүйесі ішінара қираған кезінде жұмысты жалғастыру және өндірісті қалпына келтіру кезінде туындаған зақымдағыш факторлар ықпалына қарастыруға қабілеттілігі тұрғысынан оны жан-жақты зерттеу.

Нысанадағы тұрақтылық бойынша зерттеуді ұйымдастырушы жоғары тұрғын орган (бірлестік, министрлік) болып табылады. Зерттеу жоғары тұрғын орган басшысын тиісті өкімі ұйымдастырылады, онда зерттеу жүргізу мерзімі, тақырыбы, мақсаты мен міндеті, зерттеуге тартылған мамандар және т.б. анықталады.

Бейбіт уақытта нысан жұмысының тұрақтылығын бағалауды нысан АҚ бастығы ұйымдастырады.

Нысан жұмысының тұрақтылығын ұйымдастыру үшін негізігі қажетті құжаттар мыналар:

  • зерттеу жүргізу туралы бұйрық;

  • зерттеуді даярлау мен жүргізудің күнтізбелік жоспары;

Нысан АҚ бастығының бұйрығында көрсетілгендер:

  • алдағы жұмыстың мазмұны мен оны жүргізу негіздемесі;

  • зерттеу мақсаты;

  • топ бойынша зерттеу жұмысына қатысушылар құрамы;

  • зерттеу жүргізу тәртібі;

  • есеп құжаттамасын даярлау мерзімі.

Бұйрықпен жауапты мамандар қатарынан, әдеттегідей, мына тәжірибе-зерттеу топтары құрылады:

  • ғимаратпен құрылыстың беріктігін зерттеу тобы (топ басшысы – күрделі құрылыс бөлімінің бастығы);

  • өндіріс қондырғысының берііктігін зерттеу тобы (топ басшысы – бас механик немесе бас конструктор);

  • энергиямен жабдықтау тұрақтылығын зерттеу тобы (топ басшысы-бас энергетик);

  • материалдық-техникалық жабдықтау мен көлік-зерттеу тобы (топ басшысы – директордың жабдықтау және өткізу жөніндегі орынбасары);

  • өндірісті басқарудың тұрақтылығын зерттеу тобы (топ басшысы- директордың орынбасары немесе өндіріс жоспар бөлімінің бастығы):

  • кооперация бойынша сыртқы байланыстарды зерттеу тобы (топ басшысы – директордың орынбасары немесе сыртқы кооперация бөлімінің бастығы).

Ірі өнеркәсіп орында өндіріс сипатының өз ерекшелігі бас құрылымдық бөлімшілірде кәсіпорын өндірісінің жалпы сипаты бойынша өндірістің тиісті түрі бойынща есептеме-талдау зерттеу топтары құрылуы мүмкін.

Сонымен қаар тұрақтылық мәселесін зерттеу басшысышһның жанынан нысан АҚ жоспарлық, жоспар-өндіріс, экономика бөлімдері мен штабы есебінен нысан жұмысының тұрақтылығын бағалау нәтижесін қорыту және тұрақтылықты кешенді зерттеу тобы құрылады.

Нысан өндірісінің құрылымы және басқару аппаратының ұйымдастыруына байланысты топ тізбесі мен құрамы өзгеріу мүмкін.

Шағын нысандарда оның жеке даярлаған мамандарын өз құрамына кіргізе отыра кешенді зерттеу тобы ғана құрылады.

Өндіріс құрылымы мен нысан басқару аппаратының ұйымдастыруға байланысты топ құрамы мен тізбесі өзгеруі мүмкін.

Шағын нысандарда өз құрамына мығым даярлаған мамандарды тарата отыра кешенді зерттеу тобы құрылуы мүмкін.

Шарууашылық нысандарында зерттеу топтары өндіріс кәсіпорындарына орай, алайда ауылшаруашылық нысанын басқару аппараты мен шаруашылық құрылымын ескере отырып құрылады. Бұл жағдайда өндірістік қондырғылар ментехнологиялық процесстер тұрақтылығын зерттеу тобының орнына ауылшаруашылық техникасы мен қондырғысының, өсімдік пен мал шаруашылығының құрған жөн, оны осы сала бойынша бас маман басқару қажет.

Зерттеудің даярлау және өткізудің күнтізбелік жоспары АҚ бастығының бұйрығына сәйкес жасалады және негізігі шаралар мен олардың орындалу мерзімін, мәселелерді пысықтау немесе жалпы жұмыс үшін тартылған адамдар құрамын қарастырады.

Күнтізбелік жоспарға мыналар қосылуы мүмкін:

  • мамандармен нұсқамалық кеңес өткізу;

  • мамандар мен ықтимал тосын жағдайды және оның ғимарат пен адамдарға ықпалын зерттеу;

  • ғимарат құрылымсының жабдықтау сипаттамасын беру және олардың төтенше жағдайға төзімділінгін бағалау;

  • зақымдаудың қайталама фаторлардың ықпалынан, оның ішінде таяу орналасқан өте қауіпті нысандардың (өндірістің) бұзылуынан ықтимал шығын мен қирау ауқымын анықтау;

  • электр, су, жылумен жабдықтау жүйесі және өндірістік байланыстар бұзылған жағдайдағы ТЖ-да нысан жұмысының тұрақтылығын бағалау;

  • алынған материалдарды қорыту және нысан төзімділігінің деңгейін анықтау.

Зерттеу басталғанға дейін оны өткізуге тартылған адамдарға жұмысты орындау туралы бұйрық, күнтізбелік жоспар, есептемелік тоа бойынша жоспар және зерттеу жүргізукезінде басшылыққа алынуға тиіс өзге құжаттар мен материалдар беріледі, сондай-ақ есептеме мен есеп беру құжаттарының түрлері даярланады.

Күнтізбелік жоспарда көрсетілген шаралар 2 кезеңге бөлінеді.

I зерттеу кезеңі - негізгі созымдылығы біріншіден бастап екі айға дейін – нысан тұрақтылығының зерттелуін жүргізу, оның барысында бірінші кезекте төтенше жағдайлардағы тұрақтылық бағаланады.

Бұл кезеңде зерттеудің төмендегі мәселелері қарастырылады:

  • төтенше жағдайлардағы нысанның барлық элементтердің қисындылығын бағалау;

  • қайталана факторлардан ықтимал зақымдану мен қирау сипатын және дәрежесін анықтау;

  • ықтимал ахууалды болжау нәтижесі бойынша нысан жағдайын талдау;

  • жабдықтау және өндірістік байланыстар жүйесіінң сенімділігін бағалау;

  • ТЖ-да өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін барлық жұмылған өндірісті бағалау.

Мамандардың әрбір тобы өз қызметінің саласында қажетті есептеме жүргізеді және оны жүргізгізілген талдау негізінде қорытындылайды.

Бұл кезеңде мына міндеттер шешіледі:

  • төтенше жағдайлардағы өндіріс қызметшісінің қорғалуын бағалау;

  • өндірістің барлық буындарындағы ғимарат пен құрылыстың, станок, лаборатория, технология қондырғысының, электр, газ, бу, жылу, отынмен жабдықтаудыың тұрақтылығын анықтау;

  • жабдықтау мен кооперативтік байланыс жүйесіндегі аралас кәсіпорындармен – жеткізімшілермен тұрақтыланатын және жолмен тасымалдау әдістерін , қор көлемдері мен оларды сақтау шарттарын зерттеу;

  • осал участкелерді және төтенше жағдайларындағы нысан төзімділігінің жалпы бағамен анықиау;

Зерттеу (жұмыс) топтар жүргізілген зерттеулердің жекелеген нәтижесі таблицаға , схемаға, графикаға, диаграммаға енгізіледі. Зерттеудің бірінші кезеңнің нәтижесінде мына мәселелерге жауап алынуға тиіс:

  • әр түрлі төтенше жағдайда нысан қандай бүліншілікке ұшырады;

  • қандай бүліншілкте нысан жұмысын жалғастыра алдаы және қандай бүліншілік оны тоқтану с ебебі бола алады;

  • қандай бүліншілік кезінде нысан қираған өндірісті өз күшімен қалпына келтіре алады;

  • сыртқы қайталама факторлардан ықтимал бүліншіліктің көлемі мен сипаты қандай.

Зерттеудің II кезеңі – созылымдылығы 10-15 күн – нысан жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар жоспарын әзірлеу және зерттеу материалын қорыту. Бұл кезеңде мына мәселелер шешіледі:

  • нысан аумағындағы жұмыс ауысымын қорғау бойынша шараларды анықтау, жұмыс ауысымының кестесіне, қауіпсіз аймақтағы демалушы ауысымды қорғауға қатысты мәселелерді шешу;

  • жұмыс көлемін, материал, күш және құралдар, қаржыландыру көзін қамтитын нысан күштерімен бейбіт уақытта өткізілетін тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды анықтау;

  • жоғары тұрған органдар шешуші талап ететін және олардың көмегімен немесе күштерімен іске асырылатын шараларды, сондай-ақ ғылыми зерттеу, жобалау конструкторлық, технологиялық және өзге ұйымдық күштермен қосымша пысықтауға мұқтаж шараларды анықтау;

  • ТЖ аумақтық органдарының келісімін талап ететін шешімдерді даярлау;

  • бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайдағы нысан тұрақтылығын көтеру бойынша шараларды анықтау;

  • әлсіз және орташа қирау, зақымдау кезінде қалпына келтіру жұмыстарын жылдам жүргізуді қамсыздандыратын шараларды анықтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]