Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 2015.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361 Кб
Скачать
☆

Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

Сайлау жүйесі мемлекеттік құрылыстың негізгі элементі болып табылады. Қазақстан Республикасында сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір белгісі ретінде көрінеді, соған байланысты Президент сайлауы, Мәжіліс депутаттары мен жергілікті Мәслихат – сайлауы жүргізіледі.

Республиканың сайлау құқығының көзі құқықтық актілерді, конституциялық құқықтық нормаларды, қоғамдық қатынастарды бағыттаушы, елдегі сайлау органдарының бағытын құрастыру болып табылды.

1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы Республика Президентінің, Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде пайда болатын қатынастарды реттейді, сондай-ақ Республика азаматтарының ерік білдіру бостандығын қамтамасыз ететін кепілдіктерді белгілейді.

(Ағдарбеков Т., Әлайдар А., Алайдаров А.

Құқық негіздері. - Алматы, 2008. - 44 б.)

4-тапсырма. Мәтін бойынша дайындаған сұрақтарыңызды көршіңізге қойып, өзара сұхбаттасыңыздар.

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына төменде берілген қажетті сөздерді қойып, мәтінді оқыңыз.

Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары

Саяси ................. ең негізгісі өкілді органдарды (аудандық, қалалық, облыстық маслихаттар, парламент) қалыптастыруда азаматтардың тікелей қатысуы. Азаматтар мемлекеттік ................ мен жергілікті ............... органдарын .............. және оларға сайлануға, сондай-ақ ................ референдумға қатысуға ............... бар.

Конституция бойынша азаматтар .............. әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен ..............., шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға ................ Мемлекет органдары .................... заңды мұндай әрекеттеріне .............. жасамауға тиіс.

Азаматтар коғамның саяси өміріне белсенді қатысу мақсатында қоғамдық бірлестіктер ........... құқығынан пайдаланады. Олардың ............... мен бағдарламалары Конституция көлемінде түзілу керек.

Азаматтардың ............... қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызмет ................. кандидатқа қойылатын ......... лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және олар заңмен белгіленеді.

(Ағдарбеков Т., Әлайдар А., Алайдаров А.

Құқық негіздері. - Алматы, 2008, - 38-39 б.)

Қажетті сөздер: лауазымына, бейбіт, өзін-өзі басқару, құру, құқығы, демонстрациялар, ережелері, азаматтардың, органдар, сайлауға, республикалық, кедергі, құқықтардың, хақылы, мемлекеттік, талаптар.

6-тапсырма. а) Мәтінді мұқият оқыңыз да, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз; ә) мәтінде кездесетін сын есімдерді тауып, түбір сын есімдерді бір бағанға, туынды сын есімдерді бір бағанға жазыңыз.

Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жаттады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.

Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.

Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру міндеттері ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келісімі бойынша шешілетінін белгілейді.

Жалпы тәртіп бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.

Алимент алушы жұбайдың еңбекке жарамсыздығы зейнетақы жөніндегі заңдарға сәйкес анықталады. Бұл заң бойынша зейнет жасына жеткен азаматтар еңбекке жарамсыз деп танылады. Алимент алушы жұбайдың материалдық жағдайы да дәл осылайша анықталуы керек, өйткені, алынатын көмектің мөлшері де материалдық және отбасылық жағдайларға байланысты болмақ. Оның мөлшері алиментті төлеу кезінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің еселік қатынасымен бекітіледі.

(Баянов Е. Қазақстан Республикасының

мемлекеті мен құқығының негіздері.2-ші кітап.

- Алматы, 2009. – 368 б. (-143-148 б.))

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына нелер жатады?

  2. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі неден көрінеді?

  3. Отбасы мүшелері отбасының өмірлік мәселелерін қалай шешулері керек?

  4. Ерлі-зайыптылар қандай да бір жағдайларға байланысты ажырасатындай жағдайға тап болса, жылжымайтын мүлік, отбасы заттары және отбасы қаражаты қалай бөлінеді?

7-тапсырма. «Отбасың мықты болсын десең» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

8-тапсырма. Мәтінді оқып, ондағы негізгі идеяны анықтаңыз. Мәтінді бірнеше бөліктерге бөліп, оларға ат қойыңыз. Әр бөлікте не туралы айтылғанын өз сөзіңізбен айтып беріңіз.