8. Қолданылатын әдебиеттер:
Ішкі аурулар: оқулық/Маколкин В.И. 2014ж.
Жаманкұлов, Қ. А. Ішкі аурулар: учебник /- Астана-Ақтөбе : 2010ж
Ішкі аурулар, Қалимұрзина Б.С., 2005 жыл
Мухин Н.А. Внутренние болезни, 2010
Маколкин В.И., Овчаренко С. Внутренние болезни, 2005
Моисеев В С и др. Внутренние болезни с основами доказательной.-медицины и клинической фармакологии,2008.
9. Білімдерін тексеру:
Тесттер
1. Бауырдың қандай дәріден зақымдануы жиі болады?
аспирин
изоланид
метотрексат
фурадонин
парацетамол
2. Төмендегі гипотензиялық дәрілердің қайсысынан бауыр жиі зақымданады?
допегит
эналаприл
нифедипин
резерпин
пропронолол
3. Бауырдың алкоголдық зақымдануына қай белгі тән емес?
Сарғаюдың ерте байқалуы
Орталық жүйке жүйесінің ерте зақымдануы
Спленомегалияның ерте анықталуы
Антимитохондриялық антидененің болуы
Тері пигментациясы
4. Қайсысынан басқасы бауырдың алкоголдық майлы дистрофиясы туралы дұрыс ұғым?
Алкоголды ішпесе бұл толық қайтымды процесс
Холеретиктермен емдеу қажет
Бауырдың ұлғаюымен сипатталады
Алкоголды субъективті жағымдылығын нашарлатады
Трансаминаз белсенділігі артпайды
5. 38 жасар ер адам алкоголдық ішімдікке салынған. Осыдан 5 күн бұрын сарғаю белгілері күшейген, ақыл-есі тежелген. Эпигастрий мен оң жақ қабырға астында ауырсынуы бар және жүрегі айныйды. Тексергенде: жүдеген, қолының треморы бар, көз ақтығы сарғайған, телеангиоэктазиялар; бауыры 7 см ұлғайған, қыры тығыздалған қатты, көкбауыры ұлғаймаған. Сіздің болжама диагнозыңыз?
жіті вирусты гепатит
калькулезды холецистит
алкоголдық гепатит
медикаменттік гепатит
холангит
6. Бауыр ауруларындағы цитолиз синдромын қандай биохимиялық анализдер сипаттайды?
1. сілтілі фосфатаза белсенділігі
2. трансаминазалар белсенділігі
3. бромсульфалеин сынамасы
4. холестерин деңгейін анықтау
5. альбуминдер деңгейін анықтау
7. Бауыр ауруларындағы холестаз синдромының индикаторы?
1. АлАТ (аланинаминотрансфераза)
2. тимол сынамасы
3. лактатдегидрогеназа
4. қандағы глобулиндер
5. сілтілі фосфатаза
8. Сүлелі гепатит диагнозын анықтауда қайсысы шешуші орын алады?
Анамнезіндегі вирусты гепатит
Бауырдың гистологиялық зерттеу нәтижелері
Қандағы австралиялық антигеннің анықталуы
Кезеңді субфебрилитет, сарғаю, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну
Қанда α – фетопротеиннің анықталуы
9. Бауыр ауруларындағы мезенхималық-қабыну синдромының индикаторларына қайсылары жатады?
Тимол сынамасы
Антипирин сынамасы
Бромсульфалеин сынамасы
Билирубин мөлшері
Холестерин мөлшері
10. 58 жастағы ер адам порталы гипертензия (асцит) көріністерімен сипатталатын циррозды кезеңдегі төменгі белсенділіктегі алькоголдық сүлелі гепатитпен сырқат. Ауруханаға түскеннен соң 2 күннен кейін мелена белгісі, өңінің бозарғаны, тахикардия мен артериялық гипотония анықталған. Қандай асқыну туралы ойлайсыз?
1. жіті панкреатит
2. ұлтабардың перфорациясы
3. холангит
4. өңештің варикозды веналарынан қан кету
5. ішек өткізгіштігінің жіті бұзылуы
