Жағдайяттық есептер:
Таңғы 6-да палатаға Медбике жарықты жағып кіріп келіп,- «тез-тез тұрыңдар, неменеге жатырсыңдар, қайда жатқандарыңды білемісіңдер?» - деп таңғы емшараға ойата бастады. Медбикенің бойынан не байқайсыз. Іс-әрекетте қателік бар ма?
Жұмыс арасында палаталық Медбике емшара Медбикесінің жұмысының бастан асып жатқандығына қарамастан, жасы үлкендігін пайдаланып өз міндетін тапсырп қойып, өзі шай ішуге кетті. Қарым-қатынас пен этика-деонтологиялық талаптар бұзылды ма?
Екі Медбике пациенттердің көзінше бір- бірімен ұрысып, дөрекі сөздер айтты, қатты ашуланды. Бөлімшенің аға Медбикесі екуінен түсінік жазыдып алып қана қойды, шқандай шара қолданбады.
Медбике пациентпен сырласып отырып оған ауыруының жағдайын қаншалықты ауыр екенін айтып, пациентті жылауға дейін әкелді. Осындай пациент пен Медбикенің арасындағы қатынастар дұрыс па?
Жас Медбике жұмысының алғашқы күнінде тырнағы бойалған, қысқа халатты, шашы әдімі жасалған, макиажы өте ашық, басында қалпағы жоқ келді. Жұмысқа келгені дұрыс па?
Медбике құжатты қате жазып қойды, бірақ ол өзінің іс-әрекетін жабу үшін құжаттың жоғалып кеткендігін айтып өтірік мүләйірімсіреп тұрды. Құжатта пацинттің барлық медициналық нұсқаулары бар еді. Енді пацинтке барлық манандардың алдынан қайта өтуге тура келіп тұр.
Тест түріндегі тапсырмалар Бір дұрыс жауабын таңдаңыз
«Биоэтика» терминін енгізген ғалым
А. Поттер
Б. Вич
В. Петров
Г. Бентам
Адамдардың арасындағы іскерлік қарым-қатынасты зерттейтін ғылым
А. Этика
Б. Деонтология
В. Биоэтика
Г. Философия
Ертедегі іскерлік медицналық этиканың негізін қалаған
А. Гиппократ
Б. Авиценна
В. Перикл
Г. Асклепий
«Деонтология» терминін алғаш ұсынған филосов
А. Поттер
Б. Вич
В. Сократ
Г. Бентам
Ресейде «деонтология» терминін енгізген
А. Поттер
Б. Пирогов
В. Петров
Г. Бентам
Биоэтика мәселелерінің бірі
А. Эвтаназия
Б. Гуманизм
В. Мейірімділік
Г. Эмпатия
Биоэтиканың негізгі принциптеріннің бірі
А. Дәрігерлік құпия
Б. Мамандыққа деген құрмет
В. Шыншыл болу
Г. Данышпандық
Хардидің ажырытуы бойынша эмоцианальді лабильді медбикенің түрі
А. «әртіс»
Б. «ашушаң»
В. «ескішілдікке негізделген»
Г. «гренадер»
Хардидің жіктеуі бойынша, өз міндетін ұқыпты, байсалды атқаратын медбикенің түрі –
А. «әртіс типтес»
Б. «ашушаң»
В. «рутинер»
Г. «гренадер»
Басқа адамның эмоцианальді жай күйін сезіне білу қабілеті
А. Жанашырлық
Б. Назар аудару
В. Түсіну
Г. Эмпатия
Тұлғаның моральді афтономиясын құрметтеу – принциптерініңбірінежатады
А. Этиканың
Б. Деонтологияның
В. Биоэтиканың
Г. Философияның
Негізгіэтикалық принцип
А. Зиян шектірмеу
Б. Шындық
В. Тәртіптілік
Г. Мейірімділік
Азаматтардың денсаулығын сақтауға ҚР заңында қарастырылған 30 - статьяда айтылады
А. Пациенттердің құқығын қорғауға арналған жалпы бөлім
Б. Пациенттің медициналық көмектен бас тарту құқығы
В. Жайылған медициналық құпыйалар
Г. Заң жүзінде «ақпарттың жайылуы» терминін талдау
Медициналық араласуларда өз құқығын қорғауға біздің мемлекетімізде _жастан бастап құқылы
А. 12
Б. 15
В. 16
Г. 18
«Ақылды кейіп танытушы» медбике, Хардидің жіктеуі бойынша -
А. «Әртіс»
Б. «Ашушаң »
В. «Рутинер»
Г. «Маман»
1992 жылы медбике мен пациенттің өз ара байланыстары туралы анықтаған дәрігер-биоэтик
А. Поттер
Б. Вич
В. Петров
Г. Бентам
Дәрігердің өз пациентіне ата-аналық қамқорлық көрсетудегі модельдің түрі
А. Келісімділік
Б. Инженер
В. Әріптестік
Г. Патернальисті
Стиль поведения подозрительного пациента отличает Өзін көрсетудегі күдікті пациенттің айырмашылығы
А. Жабырқаулы сақтақ
Б. Көтеріңкі уайымшыл
В. Басыңқы болуы
Г. Оқшаулануы
Пациенттерді күту – өмірілік ұстанымы, медбикенің типін анықтаңыз
А. Ақылды кейіп танытушы
Б. Аналық
В. Рутинер
Г. Маман
Қоршағандардан үнемі өзіне көңіл бөліуін талап етуші пациент
А. Мазасыз
Б. Күйзелістегі
В. Көтерілісшіл
Г. Күмәнді
Эгогенділік – әсерету
А. Пациент өз өзіне әсер ету
Б. Пациенттер бір біріне
В. Пациенттің өз туыстарына
Г. Медбикелердіңпациенттерге
Дәрігердің қандай бір іс –әрекеті арқылы пациенттің денсаулығына зианын тигізу –
А. Эгогендік
Б. Ятрогендік
В. Эгрогендік
Г. Соррогендік
Пациент жайлы ақпараттарды таратпау –
А. Эмпатиялық
Б. Медициналық құпыйа
В. Соррогендік
Г. Эгрогогендік
Пациенттердің бір- біріне әсер етуі
А. Этогендік
Б. Ятрогендік
В. Эгрогогендік
Г. Соррогендік
Заманауй биомедициналық этиканың мәселелері
А. Репродуктивті технология
Б. Мораль мен танымдылық
В. Медицинадағы борыштың түсінігі
Г. Медициналық құпыйа
Құпыйа ақпаратты пациенттің рұхсатынсыз жарыйаламау жайлы ҚР азаматтардың құқықтарын сақтау туралы статьияның номері
А. 30
Б. 31
В. 49
Г. 61
Заң жүзіндегі жауапкершіліктің медицина қызметкерлеріне қатысы жоқ жауабын көрсетіңіз
А. Тәртіптік
Б. Әкімшілік
В. Азаматтық
Г. Моральді
Өмірге және денсаулыққа қарсы қылмыс үшін – медицина қызметкерлерінің жауапкершілікке тартылуы.
А. Тәртіптік
Б. Әкімшілік
В. Азаматтық
Г. Құқықтық
Этиканы алғаш енгізген
А. Сократ
Б. Аристотель
В. Гиппократ
Г. Бентам
Қазақстанда медбиклерге арналған этикалық кодекстің құрылған жылы.
А. 1991
Б. 1992
В. 1994
Г. 1997
Тестті түріндегі тапсырманың жауабы;
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
А |
Б |
А |
Г |
В |
А |
Г |
Б |
В |
Г |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
В |
А |
А |
Б |
А |
Б |
Г |
А |
Б |
В |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
А |
Б |
Б |
В |
А |
Г |
Г |
Г |
Б |
Г |
Этика (Аристотель) - адамгершіліктік мораль мен құлықтылық туралы ғылым. Парызтану (деонтология - грек тілінен Deontos - парыз, logos - ғылым) (ағылшын Бентам) – науқас пен дәрігердің, медициналық қызметкерлердің өзара (субординация, сабақтастық, тыңғылықтылық) қарым - қатынастарындағы және ғылыми-техникалық жетістіктердің тәжірибелік медицинаға енгізілуіне байланысты парыз туралы ғылым. Медицина қызметкерлерінен сезімталдық, ықыластылық, қайырымдылық, ақ пейілділік, мейірімділік, қамқоршылық және жоғары кәсіпкерлік сияқты адамгершілік қасиет талап етіледі. Сыртқы бейнеге қойылатын нақты талаптарды орындау: ауыстыратын аяқ киімнің болуы, халат таза және үтіктелген, тырнақтар - қысқа қырқылған, шаш калпақтың ішіне тығылған болуы керек. Науқаспен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтау: науқасқа көбірек көңіл бөлу, оны сабырландыра білу, тәртіпті сактаудың, дәрілерді үнемі қабылдаудың қажеттігін ұғындыра білу, сауығуының немесе жағдайының жақсаруының мумкіндігіне сендіру, кейбір науқастарға нақты диагнозын айтуға болмайды.
Науқасты емдеуде сөздің ролі әрдайым жоғары, кей кезде сырқат көзінше медициналық қызметкерлер көбірек сөйлеп қояды. Ол ятрогенияға әкеліп соқтырады. Науқасқа әр түрлі психикалық сөз әсерлерінен болатын жағдай эгротогения деп аталады. Ал науқастың өзіне әсері /жақсы, жаман ойлауы / эгогения деп аталады. Эго дегеніміз : - ішкі мәдениеттің ережелерін сақтау, тәртіпті сақтау, қоғамдық жағдайларға үнемділікпен қарау, татулық, әріптестік сезім; - сыртқы мәдениет ережелерін, тәртіпті сақтау, сыпайылық, әдептілік, жақсы сөз, сәйкес келетін киім /сыртқы жинақылық, денесінің, киімінің, аяқ киімінің тазалығын сақтау т.б./
Парызтанулық қағидаларды бұзу науқастарда ятрогендік аурулардың (грек тілінде Jatros- дәрігер, gеnеs - туғызылған) дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл аурулар науқастың психикасына және сауығуына жағымсыз әсер еткен медициналық қызметкерлердің абайсызда айтылған сөздерінің немесе іс-әрекеттерінің салдарынан болуы ықтимал. Дәрігерлік құпияны сақтау қажет (қоршағандарға қауіп төндірмейтін кезде). Сырқатнамаға енгізілген зертханалық, аспаптық тексерулердің мамандар кеңесінің нәтижелерін білу науқас үшін онай болуы керек. Мейірбикеге тексерулердің деректерін науқаспен талқылауға болмайды.
Ятрогенді ауру – медицина қызметкерінің сөзінен, ісінен пайда болатын ауру. Ол медициналық қызметкерлердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез - құлқынан шығады. Кіші мейіркеш немесе техникалық қызметкерлердің сырқатқа зерттеу нәтижесін қате болжап, айтып берген жағдайда да кездеседі. Сөз науқасты емдеп қана қоймайды, оны жаралауы да мүмкін екендігін мейірбике жанында ұстап, науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек. Ятрогенді аурулардың себептеріне: жалпы және медициналық мәдениетінің жетіспейтіндігі, асығысты, науқастың ыңғайсыз диагнозын болжау, зерттеу нәтижесін дұрыс түсіндірмеу жатады. Кез келген ауру жағдайында мейірбике науқастың психикасын бұзбауға тиіс. Медицина қызметкерлерініің өзара қарым-қатынасының негізін субординация құрайды - қызметі бойынша кішінің үлкенге бағыну жүйесі, бұл дәрігермен немесе әкімшілік өкілімен кездескенде тұру дәрігерлік тағайындауларды ұқыпты орындау ғана емес, сондай-ақ, кейде шиеленіскен қатынаста көрінеді. Әріптестер арасында бір-біріне көмекке, бірін-бірі құтқаруға даярлық қағидалары.
Науқастар мен келушілердің көзінше өз әріптестерін ешқашан міндемеген жөн (олар жіберілген қатенің мәнін үлкейтіп, сенім беделін түсіруі мүмкін), кіші медицина қызметкерлерімен қатынаста да тәкәппар болуға болмайды. Қатынаста әдепті, сабырлы болған жөн, мүмкіндігінше мәселенің жөнін қысқаша баяндаған дұрыс. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің өз жұмысында әдептіліктің ролін зерттейтін ілім. Этика мен мораль – қоғамдағы адамдардың мінез – құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым – қатынасын реттейтін ережелерге қажеттіліктен туған қоғамдық сананың формасы болып табылады. Медициналық этика біздің дәуірге дейінгі 1500 жыл бұрын қолданылып келеді. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні дүниежүзіндегі барлық елдерде қабылдайтын анттардың бірі «Гиппократ анты», ол 2400 жыл бойы әйгілі. ҚОЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕҢГЕЙДЕ ӨҢДЕУ
Мақсаты: науқастармен және қоршаған орта объектілерімен жанасу нәтижесінде медицнналық қызметкерлердің қол терісі ластанғанда, транзиторлы микрофлора мен ласты жою, науқас пен қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздіктен сақтану.
Қолдану көрсетілімдері: тамақты үлестіру алдында, науқасты тамақтандырғанда, әжетханаға барғаннан кейін, науқасқа күтім жүргізер алдында және жүргізгеннен кейін, (егерқолдары науқастың биологиялық сұйықтықтарымен жанасбаса), қарау, тексеру іс-әрекеттері алдында.
Қажеттілерді дайындау:дозатырлы сұйық сабынды, секундтық тілі бар сағатты, қағаз орамалдарды, ҚЖАК.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Саусақтардан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шешіңіз, қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.
2.Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.
3. Су шүмегін шынтақпен ашып, судың температурасын (35-40°С) реттеңіз,
4.Ағынды судың астында қолыңызды жуыңыз.
5.Сабынды алып,келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:
- алақанды алақанмен сабындап;
- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;
- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;
- саусақ бас-қыртыстарын бір-біріне ысқылай, құлып тәрізді,
- тырнақ астын алақанға ысқылай,
-айналмалы қозғалыспен бас бармақты,
- соңында білекті айналдыра жуыңыз,
қол терісінің бетін мұқият білектің 2/3 бөлігіне дейін 30 секунд бойы 2 рет сабындап жуыңыз.
5.Сабынды көбікті кетіру үшін ағынды судың астында қолыңызды жуыңыз, содан кейін қолыңызды саусақ басын жоғары қаратып ұстай суды шынтаққа қарай жібере шайыңыз, жуғышқа ағуы қажет, қолдың саусақтары таза болу қажет.
6.Шүмекті шынтақ қимылымен жабыңыз.
8.Қолыңызды қағаз сүлгімен кептіріңіз, тастаңыз.
Естерту:Егер шынтақ шүмегі болмаса, онда суды ағызу кезінде сабындап алу қажет, ал қолды жуып болған соң, шүмектің үстіне су құю арқылы шайып тастау қажет.
