- •Дәрілік заттарды жазу, сақтау және қолдану:
- •Дәрілік заттарды дұрыс жазу ережесі.
- •Дәрілік заттарды бөлімшеде сақтау.
- •Сақталу мерзімі өткен белгілері:
- •Наркотикалық дәрілік заттарды тіркеу және сақтау ережелері:
- •Көзге дәрілік затты тамызу.
- •Алгоритм әрекеті:
- •Құлаққа дәрі тамызу.
- •Алгоритм әрекеті:
- •Дәрілік затты мұрынға енгізу.
- •Дәріні мұрынға тамызудағы мейірбикенің алгоритым әрекеті:
- •Көз майын қабақ астына жағу.
- •Алгоритм әрекет:
- •Алгоритым әрекеті:
- •Мазь жағу.
- •Мейірбикенің алгоритм іс-әрекеті.
- •Майлы таңу салу.
- •Мейірбикенің алгоритм іс-әрекеті.
- •Ингаляциялық әдіспен дәрілік затты енгізу
- •Мейірбикенің алгоритм іс-әрекеті.
Сақталу мерзімі өткен белгілері:
залалсызданған ерітінділердің түсі, мөлдірлігі өзгерсе, тұнбалар пайда болса;
таблеткалармен ұнтақтардың түсі өзгерсе;
мазьдердің түсі өзгерсе;
тұнба, қайнатпалар лайланса, түсі өзгерсе.
Ескерту: Мейірбикенің құқы жоқ:
дәрілік заттардың қорабын ауыстыруға;
әр түрлі қорапшалардағы дәрілерді бір қорапшаға жинауға;
дәрілік заттардың жолдамасын ауыстыруға, өзгертуге;
этикеткасыз дәрілерді сақтауға.
Наркотикалық дәрілік заттарды тіркеу және сақтау ережелері:
Наркотикалық дәрілерді дәріханадан жазып алуға, арнайы талап қағазын 3 дана етіп толтырып, онда мөр және бас дәрігердің қолы тұрады.
Наркотикалық дәрілер сейфте сақталады, ішкі жағында дәрілердің мөлшері жазылған журнал болады.
Сейфтің кілті кезекші дәрігерде немесе мейірбикеде сақталады.
Наркотикалық дәрілердің тізімі арнайы журналда жазылады. Бұл журнал арнайы тігілген және әр беті саналған (нөмері қойылған) болады. Журналдың соңғы бетінде журнал бетінің саны көрсетілген жеріне жібтің соңы қағазбен жабыстырылады. Осы бетте бас дәрігердің қолы және мөр тұрады.
Наркотикалық дәрілерді тек дәрігердің қатысуымен және аурудың даму тарихына тағайындағаннан кейін ғана енгізеді.
Қолданған бос ампулаларды тастамай, қолданбаған ампулалармен бірге өткізеді.
Кезекшілікті өткізер алдында журналдағы жазылған тізім бойынша қолданған ампула мен қолданбаған ампулалардың саны тексеріледі.
Көзге дәрілік затты тамызу.
Мақсаты: Жергілікті емдік әсермен қамтамасыз ету.
Көрсеткіші: Дәрігер нұсқауы.
Керек заттар: дәрілік зат, пипеткалар, залалсызданған мақта шариктер, зарарсыздандыру ертіндісі мен ыдыс.
Алгоритм әрекеті:
Сатылары: |
Негізделуі: |
ЕСКЕРТУ: әр көзге пипеткалар жеке болу қажет. |
Инфекциялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.
Ақпарат алу құқын қамтамасыз етеді. Пациенттің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Дәрілік затты енгізуге бастың ыңғайлы жағдайын қамтылады.
Конъюктивті қалтаға тек 1 тамшы ғана сияды.
Инфекциялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. |
