Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН 1 болим 1111111_2.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61 Мб
Скачать
☆

Экспериментті орындау тәртібі:

3.5 Сурет–Параллель қосылған конденсаторлардың электр схемасы

Конденсаторлары параллель қосылған тізбекті жинап, жиілігі f=1кГц және амплитудалық кернеу мәні Um=10В тең реттелетін синусоидалы кернеу көзіне жалғаймыз. Амперметрлерді ретімен перемычкалардың орнына қоя отырып, әр тармақтағы IC, IC1, IC2, IC3 тоқтарды, сонымен қатар, конденсатордағы кернеуді UС өлшеп, 3.5-ші кестеге түсіреміз.

ХС=U/I формуласы бойынша ХЭ, ХС1, ХС2, ХС3 реактивті кедергілерді есептеп, жеке конденсаторлардың сыйымдылығы мен тізбектің эквивалентті сыйымдылығын анықтау:

3.6 Сурет–Тізбектей қосылған конденсаторлардың электр схемасы

Конденсаторлары тізбектеліп қосылған тізбекті жинап, мультиметрдің көмегімен тізбектегі тоқтың әсер етуші мәнін, тізбекке берілген кернеуді және әр конденсатордағы кернеуді өлшейміз және нәтижелерін 3.5-ші кестеге түсіреміз.

Параллель және тізбектей қосқан кезде, эксперименттік жолмен табылған СЭ эквивалентті сыйымдылықтың шамасын есептеп тексереміз.

3.5 кесте -Коненсаторлары параллель және тізбектей қосылған тізбектің өлшенген параметрлері

Параллель қосылғанда

U=….., В

ХС, Ом

С, мкФ

Тексеру

IС, мА

, мкФ

СЭ=

IС1, мА

IС2, мА

IС3, мА

Тізбектей қосылғанда

I=....., мА

СЭ=С1+С2+С3, мкФ

СЭ=

UС, В

UС1, В

UС2, В

UС3, В

«Конденсаторы бар синусоидалы тоқтың тізбегі» тақырыбын ашу үшін жасалған эксперименткге жалпы тұжырым ______________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Индуктивті орауышы (катушка) бар синусоидалы тоқтың тізбегін зерттеу Индуктивті орауыштағы кернеу, тоқ, кедергі мен қуат мәндерінің өзгерісі

4-ші А эксперименті

Жұмыстың мақсаты: Осциллограф экранына индуктивті орауыштың тоқ және кернеу қисығын шығарып, uL(t) және iL(t) синусоидтары арасындағы фазалық ығысуды анықтау. Қуаттың уақытқа тәуелді өзгеру графигін тұрғызып, түрлі индуктивтілікті орауыштың реактивті кедергісін анықтау.

Экспериментті орындау тәртібі:

Схемаға (4.2-ші сурет) сәйкес тізбекті жинап, реттелетін синусоидтты кернеу көзі арқылы жиілігі 1кГц максималды кернеу амплитудасы 10 В тізбекке беріледі. Схемадағы RК –катушканың активті кедергісі. Орауыштағы кернеу осциллографтың бірінші каналына беріледі, ал тоққа пропорционал кедергімен түрленген (инвертированное) кернеу екіншісіне беріледі.