Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МШТ.doc-548029210МШТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2 Тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Өндірістің типін анықтау

Оқытудың мақсаты: тәжірибелік жұмыстың мақсаты студенттерді өндірістің типін анықтаудың әдістемесімен таныстыру болып табылады.

Әдістемелік нұсқаулар: сабақ аудиторияда өткізіледі. Оқытушы берілген сызбалар мен технологиялық құжаттамаларға сәйкес студенттерге өндіріс типін анықтауды үйретеді.

Оқытудың мазмұны: Өндірістік бағдарламаның мөлшеріне, өнімнің сипатына, сондай-ақ өндірістік үрдісті жүзеге асырудың технологиялық және экономикалық шарттарына байланысты барлық сан алуан өндірістер үш негізгі типке: жеке, сериялық және жаппай-мол өндіріс болып бөлінеді. Олардың әрқайсысында өндірістік және технологиялық үрдістердің өзіне тән ерекшелігі бар, әрі олардың әрқайсысына жұмысты ұйымдастырудың белгілі бір формасы сәйкес келеді. Өндірістің типі және оған сәйкес келетін жұмысты ұйымдастыру формасы технологиялық үрдістің сипатын және оның құрылымын анықтайды.

Өндірістің типі шығарылатын өнімнің тактысымен және операцияларды бекіту коэффициентімен сипатталады. Шығару тактісінің өлшемі мына формуламен есептеледі:

[мин/дана]

Мұнда:

Fд – станоктар жұмысының сағатпен берілген уақытының жылдық қоры;

N – бұйымды немесе тетікті өндірудің (шығарудың) жылдық бағдарламасы.

Операцияларды бекіту коэффициенті әрбір станокқа немесе әрбір жұмыс орнына бекітілген түрлі құрастыру операциялары санын сипаттайды

Мұнда:

∑По – қолданылатын неше түрлі технологиялық операциялардың қосындысы;

Ря – цехтағы неше түрлі технологиялық операцияларды жасайтын жұмысшылардың саны;

Кв – норма орындау коэффициенті;

Ф – жұмысшының бір сменадағы айлық уақытының қоры, сағат;

Ni – ай ішіндегі жұмыс күндері;

Ti – жұмыс сменасының ұзақтығы, сағат.

Жаппай-мол өндірісте – Ко.б.≤1; ірі сериялық өндірісте – 1<Ко.б.≤10; орташа сериялық өндірісте – 10<Ко.б.≤20; шағын сериялы өндірісте – 20<Ко.б.≤40; жеке өндірісте Ко.б.>40.

Бақылау сұрақтары:

  1. Операцияларды бекіту коэффициенті.

  2. Өндірістік бағдарлама.

  3. Жаппай-мол өндіріс.

  4. Сериялық өндіріс.

  5. Жеке өндіріс.

3 Тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Механикалық өңдеуге қажетті әдіптер. Операциялық өлшемдер және олардың шақтамалары.

Оқудың мақсаты: аралық әдіптердің мөлшерін тәжірибелік-статистикалық (кестелік) және есептеу-аналитикалық әдістермен анықтау, операция аралық өлшемдерді шақтамаларымен бірге есептеу және кедір-бұдырлық параметрлерін белгілеу.

Әдістемелік нұсқаулар: тапсырма аудиторияда және үйде орындалады. Оқытушы бастапқы материал ретінде алдыңғы сабақтарда орындалған әртүрлі тетіктердің сызбасын таратады, негізгі ұғымдар, ережелер мен терминдер талқыланады. Студенттер жұмысты есеп ретінде жасап, қорғауы қажет.

Оқудың мазмұны: Механикалық өңдеуге қажетті әдіптерді санау есептеу-аналитикалық және тәжірибелік-статистикалық әдістермен жүргізіледі. Бір немесе екі бетке әдіптер жіберуді профессор, техника ғылымының докторы В.М. Кован ұсынған есептеу-аналитикалық әдіспен жүргізіледі.

Өңдеу әдіптерінің мөлшерін анықтауға арналған есептеу формулалары 1 кестеде келтірілген.

Zimax=Zimin+[δi-1–δi] (1)

2Zimax=2[Zimin+δдi-1–δдi] (2)

Zomax=Zomin+δд–δд (3)

2Zomax=2[Zomin+δд–δд] (4)

Мұнда:

Rzi-1 – берілген бетті өңдеудің алдындағы аралас өтуде алынған микро кедір-бұдырлығының биіктігі, мкм;

Ti-1 – алдындағы аралас технологиялық өтуде алынған ақаулы беттік қабаттыңы тереңдігі, мкм;

ρi-1 – базалық беттердің өңделетін бетінің қосындылық кеңістіктік ауытқулары, мкм;

εyi – орындалатын өтуде пайда болатын қондырғылар кемшілігі, мкм;

Zimin – берілген өтудің ең аз әдібі;

Zomin – берілген беттің ең аз жалпы әдібі;

Zimax – берілген өтудің ең көп әдібі;

Zomax – берілген беттің ең көп жалпы әдібі;

δi – берілген өтуде алынатын мөлшердің айырымы;

δi-1 – бұның алдындағы өтуде алынған мөлшердің айырымы.

1 кесте

Өңдеу түрі

Есептеу формулалары

1. Қарама-қарсы немесе жеке орналасқан беттерді бірізділікті өңдеу.

Zimin=Rzi-1+Ti-1+ρi-1+εyi

2. Қарама-қарсы беттерді қосарлап өңдеу.

2Zimin=2[Rzi-1+Ti-1+ρi-1+εyi]

3. Сыртқы немесе ішкі айналу беттерін өңдеу.

2Zimin=2[Rzi-1+Ti-1]+√ρi-12+εyi2

4. Орталыққа орнықтырылған дайындаманың цилиндрлік бетін жону.

2Zimin=2[Rzi-1+Ti-1+ρi-1]

5. Кең ұңғылау, тесіктерді тарта жону.

2Zimin=2[Rzi-1+Ti-1]

6. Суперфиниш, хонингтеу (тесікті тегістеу), жылтырату, таптау.

2Zimin=2Rzi-1

7. Элементтерді мөлшерін сақтамай мүмкіндігінше таза, жүзді немесе түрпілі өңдеу.

Zд=Rzi-1+Ti-1+0,25δi-1

8. Термикалық өңдеуден соң ажарлау:

а) εyi бар кезде

б) εyi жоқ кезде

Zimin=Rzi-1+ρi-1+εyi

2Zimin=2[Rzi-1+ρi-1+εyi]

Zimin=Rzi-1+ρi-1

2Zimin=2[Rzi-1+ρi-1]

Ескерту:

болған кезде ;

болған кезде ;

болған кезде ;

болған кезде .

Өңдеудің аралық әдіптерін және технологиялық өтулердің шегіне жеткен мөлшерін есептеу әдістемесі 2 кестеде келтірілген.

Rzi-1, Ti-1, ρi-1, εyi мәндерін [] әдебиетінің III тарауларынан табамыз. Ыңғайлы болу үшін есепті кесте түрінде жүргізу керек. Қалған өңделетін тетік беттерінің әдіптері, айырымдары анықтамалар кестелері бойынша қойылады.

Құю дайындамаларына МемСТ 2009-55 бойынша, ал штампталынған дайындамалар МемСТ 7505-55 немесе [] әдебиеті бойынша қойылады.

Мұнда аралық айырымдардың айырмасы әдіптердің аралық мөлшерлердің айырмасына, ал жалпы айырымдардың айырмасы өңделмеген дайындама мен дайын тетіктің айырымдар өлшемдерінің айырмасына тең болуы тиіс.

2 кесте

Сыртқы беттер үшін

Ішкі беттер үшін

1. Өңделетін дайындамалар үшін орнату базалары мен өңдеудің технологиялық маршрутын белгілеу.

2. Есептеу картасына өңделетін қарапайым беттер мен қарапайым беттер бойынша өңдеудің технологиялық өтулерінің тізбектелген тәртібін түсіру.

3. Rzi-1, Ti-1, ρi-1, εyi, δi мәндерін жазу.

4. Барлық технологиялық өтулер бойынша өңдеу әдіптерінің өлшемін анықтау.

5. Соңғы өту үшін «Есептеу мөлшері» деген графаны жазу тетіктің сызбасы бойынша ең кіші шегіне жеткен өлшемі.

5. Соңғы өту үшін «Есептеу мөлшері» деген графаны жазу тетіктің сызбасы бойынша ең үлкен шегіне жеткен өлшемі.

6. Соңғының алдындағы өту үшін сызба бойынша ең кіші шегіне жеткен мөлшерге есепті әдіп Zimin қосу жолымен есепті өлшемін анықтау.

6. Соңғының алдындағы өту үшін сызба бойынша ең үлкен шегіне жеткен мөлшерден есепті әдіпті Zimin шегеру жолымен есептеу өлшемін анықтау.

7. Әрбір алда тұрған өтулердің есепті өлшемін оның артындағы аралас өтудің есепті Zimin әдібін қосу жолымен анықтау.

7. Әрбір алда тұрған өтулердің есепті өлшемінен оның артындағы аралас өтудің есепті Zimin әдібін шегеру жолымен анықтау.

8. Барлық технологиялық өтулерде алынатын кіші шектегі өлшемдерді жоғары мәніне толықтыра отырып жазу. Толықтыру әрбір өтуде алынатын өлшем айырымының ондық бөлшегіне дейін жүргізіледі.

8. Барлық технологиялық өтулерде алынатын жоғары шектегі өлшемнен төменгі мәнін шегере отырып жазу. Шегеру әрбір өтуде алынатын өлшем айырымының ондық бөлшегіне дейін жүргізіледі.

9. Өтуде алынатын жоғары шектегі өлшемнің мәнін, толықтырылған кіші шектегі өлшемдерге айырымды қосу арқылы табу.

9. Өтуде алынатын кіші шектегі өлшемнің мәнін, шегерілген жоғары шектегі өлшемнен айырымды алу арқылы табу.

10. Өтулерде жонылатын әдіптердің шегіне жеткен мәндерін табу:

Zimax – орындалған және орындалатын өтулердегі жоғары шегіне жеткен мөлшердің айырмасы ретінде, сондай-ақ

Zimin – төменгі шегіне жеткен мөлшерлердің айырмасы ретінде.

10. Өтуде жонылатын әдіптердің шегіне жеткен мәндерін табу:

Zimax – орындалатын және орындалған өтулердегі төменгі шектегі мөлшердің айырмасы ретінде, сондай-ақ

Zimin – жоғары щектегі мөлшерлердің айырмасы ретінде.

11. Әдіптердің аралық мәндерін қоса отырып жалпы Zomax және Zomin әдіптерді анықтау.

12. Жасалған есептеудің дұрыстығы айырымдар мен әдіптердің айырмасын салыстыру арқылы мына формулалар бойынша тексеріледі:

Zimax – Zimin=δi-1 – δi;

2Zimax – 2Zimin=δDi-1 – δDi;

Zomax – Zomin= δдай – δтет:

2Zomax – 2Z=δDдай – δDтет

13. Жалпы номиналды әдіптерді келесі формулалар бойынша анықтау:

Zoном=Zomin+ Ндай – Нтет

2Zоном=2Zomin + НDдай – НDтет

13. Жалпы номиналды әдіптерді келесі формулалар бойынша анықтау:

Zoном=Zomin+ Вдай – Втет

2Zоном=2Zomin + BDдай – BDтет

Ескерту:

1. Сыртқы және ішкі беттердің өлшемдерін есептеуде қате жібермеу үшін іс-әрекеттің түрлі сипатына байланысты есептеу кезінде сыртқы және ішкі беттерді араластыра жазбай, оларды біркелкі етіп есеп картасына топтау ұсынылады.

2. Ауыспалы базаларға өзара байланысқан жазық беттерді өңдеуде өлшеу базасы бар өңделетін беттердің өзара байланысын анықтайтын өлшемді тізбектер тұрғызу ұсынылады.

3. Қарсы жатқан жазық беттерді қосарлап өңдеуде, өңдеу сапасын көтеру мақсатымен әдіптің үлкенін екі еселеп әдіптерді теңестіру ұсынылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Әдіп туралы ұғым.

2. Әдіпті анықтау әдістері.

3. Минималды әдіп.

4. Максималды әдіп.