Емдік шаралар
Эпилепсияны емдеу кешенді (құрама), дербес, үзіліссіз жэне үзақ жүргізілуі қажет. Белгілі дәрежеде жалпы жэне тамақтану режимін сақтау керек. Эпилепсиямен ауырған адам шаршамауы қажет, үйқыға жеткілікті мөлшерде уақыт бөлінуге тиісті, жазда күннің ыстығынан сақтанган жөн. Таңертеңгілік жеңіл жаттыгулар жасауга болады. Спирттік ішімдіктерді қолдануға мүлде тыйым салынады. Сүйық тамақты қабылдау шектелуге тиісті. Ащы, түздалған тағамдарды қабыл- дауга болмайды.
Кешендік емнің негізі дәрі-дәрмектерді қолдану арқылы емдеуге саяды. Ол мынадай багыттарда жүргізілуге тиісті:
мидың пароксизмальдық белсенділігіне (қүрысуға);
психикалық бүзылымдарға;
эпилепсиялық ошақтың белсенділігін сақтайтын (қабынуга қарсы, сіңіре таратушы, ылгалдандыратын ем) этиологиялық жэне патогенез- дік ықпалдарға қарсы ем.
Эпилегісияға қарсы ем қолдану мынадай кезеңдерді көздейді:
адекваттық ем таңдау - препараттарды үйлестіре қолдану жэне мөлшерін лайықтау;
дэрІ-дэрмектер арқылы қол жеткен ремиссияны қолдау;
эпилепсияға қарсы емді тоқтату;
инкурабельдік жагдайларда хирургиялық ем қажеттігін анықтау.
Негізгі жэне қосымша эпилепсияга қарсы дэрі-дэрмектер қолдану
қажеттігі толық диагноз қойылғаннан кейін шешіледі.
Жекелеген жагдайларда, егер үстамалар сирек және қатты шарша- ганда, үйқыдан ада болганда, психоэмоционалдық күйзеліске байла- нысты, т.б. үшықтыратын факторлар әсерінен пайда болса, олардың ықпалын болдырмауға тырысып, эпилепсияға қарсы дэрілер қолданбай, бақылау жүргізу керек.
Кейінгі жыддары эпилепсияға қарсы емді монотерапия қолданудан бастау қажеттігіне ерекше мэн беріліп отыр. Мұндайда қолайсыз нэти- желер сирек болады. Монотерапия ретінде қолданылатын дэрі-дэрмек- терге назар аударайық.
Фенобарбитал (люминал). Бұл препараттың құрысуға қарсы әсері- мен бірге, седативтік жэне ұйықтататын қасиеті бар. Үстамалар жиілі- гіне сәйкес 0,05-0,1 г-нан тәулігіне 1-ден 3 ретке дейін тагайыңдалады.
Гексамидин 0,125 және 0,25 г-нан тәулігіне 1-3 рет эпилеспиялық ұстамалардың жиі болатын абсанстардан басқа барлық түрінде қолданылады.
Бензонал 0,1-0,3 г-нан тәулігіне 2-3 рет фокальдық және клоника- лық ұстамаларда тағайындалады. Сирек болатын ұстамаларда (жылына бірнеше реттен айына 3-4 ретке дейін) бензоналдың тәуліктік мөл- шерін (0,1-0,8 г, бір ретге 0,1-0,2 г) пайдаланып, оларды тоқгатуға болады.
Дифенин 0,05-0,1 г-нан абсанстар мен миоклониялық ұстамалардан басқа ұстамалардың бәрінде тэулігіне 2-3 рет қолданылады,
Триметин 0,1 -0,3 г-нан абсанстарда тэулігіне 2-3 рет қолданылады.
Метиндион 10 мг-нан (таблетка түрінде) дүркінді ұстамаларда жиі (айына 4 реттен артық) қолданылады, ал аралас ұстамаларда құрамы күрделі дәрілер (Воробьев пен Серейский қоспалары) тағайындау керек.
Құрыспалы ұстамалар абсанстармен қосарланған жағдайда № 2 қоспа қолайлырақ. Психикалық бұзылулармен қосарланатын ауыр құрыспалы ұстамаларда № 3 қоспаны пайдаланған жөн.
Жабайы немесе күрделі сенсопатиялық бұзылулармен білінетін сенсорлық ұстамаларда, сонымен қатар ұстамалар есеңгіреумен, автома- тизмдармен, дисфориялармен және басқа да психопатологиялық жағдайлармен қосарланатын болса, жоғарыда аталган қоспаларды пайдалану қажет.
Емдеу тиімді нәтиже бермеген жағдайда аталмыш қоспаларға қосымша карбамазепин тағайындалады. Дисфориялар немесе озіндік өрескел өзгерістер байқалғанда, оқтын-оқтын фенотиазин туыңдысы - левопропсизинді (тизерцинді) күніне 1-3 рет 0,025-0,05 г-нан немесе аминазинді 0,025-0,05 г-нан 1-7 күн және одан да ұзақ мерзімде қүніне 3 рет пайдалануға болады.
Құрысуға қарсы емдік шаралар ұзақ (бірнеше жыл бойы) жүргізіледі. Эпилепсияға қарсы емдік дәрі-дәрмекгердің мөлшерін азайту мәселесі соңғы ұстамадан кейін (ЭЭГ-лік бақылаумен) 3 жыл өткенше шешіл- мейді. Емдік шаралар ұстамалы эпилепсияға тән электроэнцефало- графиялық белгілер жойылғанда ғана тоқтатылады.
Күрделі абсанстарды емдеу үшін тікелей әсер ететін қосымша дәрі ретінде карбамазепин (тегретол, финлепсин, стазепин) таблетка түрінде (бір реттік мөлшері 0,2 г, тәуліктік мөлшері 1,2 г-ға дейін) ұсыны- лады. Жабайы абсанстарды емдеуде этасуксимед (суксилеп, пикнолеп- син, бір реттік мөлшері 0,125 г, тәуліктік мөлшері 1,5 г) және пуфемид (бір реттік мөлшері 0,125 г) әлдеқайда тиімді.
Миоклониялық құрыспалары бар кіші ұстамаларды емдеуде Воробьевтың № 1 қоспасы тиімді, ал № 2 қоспаны нитразепам (эуноктин, радедорм, бір реттік мөлшері 0,01 г) және диазепаммен (седуксен, реланиум, бір реттік мөлшері 0,005 г) қоса сирегірек пайдаланады. Олар ми түпкірі құрылымдарындагы патологиялық импульсацияны тежеуге ықпал жасайды.
Эпилепсиялық жағдайды емдеу дереу ауру басталған жерде іске асырыла бастайды. Алғашқы шаралар асфиксияның алдын алуға (тілді ұстау, ауыз қуысына қасық салу), жүрек қызметін реттейтін дэрі- дәрмектер қолдануға бағытталған, мүмкіндік болған жағдайда 0,5 %-дық 2-4 мл седуксен ерітіндісі 40 %-дық 20 мл глюкоза ерітіндісімен бірге венаға баяу жіберілді.
Жедел жәрдем машинасыңда дем алу мен жүрек қызметін реттейтін шаралар жалғаса береді. Қажёт болған жағдайда интубация жасалады және алғашқы инъекция нәтиже бермегенде седуксенді қайта қолданады.Седуксен немесе реланиум болмағанда тиопентал натрийдің 1 %-дық 10 мл ерітіндісі немесе гексанал тағайындалады.
Реанимация бөлімінде венаға тамшымен диазепам (100 мг- 100 мл глюкозаның 5% ерітіндісіне қосып сағатына 40 мл) жіберіледі, құрыс- палы синдромды мүлде тоқтатуға, комалық жағдайдан шығаруға және гомеостазды қалыптастыруға бағытталған шаралар қодданылады.
Эпилепсиялық жағдайдан шыққаннан кейін тамақтану мәселесін реттеу қажет. Сүт, жеміс-жидектер қолайлы, көмірсутегілер, тұздар, сұйық, ащы тағамдар шектеледі.
Қүрысуға қарсы дәрі-дәрмектердің мөлшері үстамалар тоқтағаннан кейін 6 ай өткенде ғана біршама азайтылып, соңғы үстамадан 5 жыл өткенде электроэнцефалограммада эпилепсияға бейімділік байқалмаған жағдайда толық тоқтатылады.
Хирургиялық ем қолдану мүмкіңдігі (стереотаксис әдісімен ошақты декортикациялау) полкморфты үстамалар мен эпилепсиялық үстама- лардың парциалдық (фокалъдық) түрлерімен зардаптанған науқастарда резистенттік қалыптасқан жағдайда қарастырылады.
Бас сүйек-ми жарақаттарынан кейін бір жыл бойы эпилепсияның алдын алу үшін аз мөлшерде эпилепсияға қарсы дэрілер, инфек- циялардан, психикалық күйзелістерден сақтану, биіктікте, қозғал- ғыш механизмдер маңында, химиялық өндірісте жүмыс істеуді шектеу үсынылады.
