- •Лексика
- •2.Сөз мағынасы және оның түрлері
- •3.Сөз мағыналарының түрлері
- •Синтаксистік шартты мағына
- •4.Сөздің көп мағыналылығы (полисемия)
- •Сөз мағыналарының метафоралық қолданылуы.
- •Сөз мағынасының метонимиялық өзгеруі.
- •Синекдоха
- •15.Көнерген сөздер
- •Тарихи сөздер
- •Архаизмдер
- •16.Неологизмдер
- •17.Фразеологизмдер
- •Лексикалық талдау үлгісі
- •14.Терминдер
Синтаксистік шартты мағына
Сөздердің жеке тұрып емес, сөйлем ішінде синтаксистік қызметіне қарай басқа мағынаға ие болуын синтаксистік шартты мағына дейміз. Мысалы: Осы баланың басы бар. Олар нағыз хайуан ғой. Оны адам деп жүрсек есек екен. Ол түлкілігін қоймай жүр.
4.Сөздің көп мағыналылығы (полисемия)
Көп мағыналық қазақ сөздерінің басым көпшілігіне тән құбылыс. Қазақ тілінде ежелден қолданып келе жатқан байырғы негізгі түбірлерден өрбіген сөздер, әдетте, көп мағыналы болып келеді. Мәселен, алу етістігі көптеген мағынада қолданылатын ұлы Абай поэзиясынан мысалдар келтіріп көрелік: 1. Бір затты қабылдау, ие болу (Қалбалақтап түн бойы, Алып бақты бұл сорлы) ; 2. Бір затты қолмен ұстау (орамалды қуанып қолына алды, сый алды деп халқына қайта барды) ;
Бірнеше мағынада қолданылатын сөздер- көп мағыналы сөздер.Олардың мағыналары бір біріне жақын. Мысалы:
Жал-
Адамның омырау түгі
Жылқының желке қылы
Таудың ұзынша қыры полисемия
Ақы алып, кісі жұмысын істеу
Жер айдағанда жыртылмай қалған жер
Сөз мағыналарының метафоралық қолданылуы.
Белгілерінің ұқсастығына қарай бір затың не құбылыстың басқа бір заттың аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі (Абай) деген сөйлемдегі «кілт» сөзі «шешуші» деген мағынаны білдіреді
Сөз мағынасының метонимиялық өзгеруі.
Метонимия – грек сөзі «атын өзгертіп қайта қою» деген мағынаны білдіреді.
Бір заттың не құбылыстың атауы екінші затқа не құбылысқа өзара іргелес, шектес болуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метонимия деп аталады. Мысаы, Үйі мәз боп, қой сойды. Сүйіншіге шапқанға (Абай) деген мысалдағы үй сөзінің негізгі мағынасы баспана дегенді емес, үй-ші, жанұя дегенді білдіреді.
Синекдоха
Бүтінің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны (дараны) үлкеннің орнына кішіні қолданудың немесе керісінше қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы – синекдоха деп аталады.
Мысалы, «Басында Қамажайдың бір тал үкі» - дегенде құстың бір түрі – үкі негізгі мағынасында емес, қауырсын (үкінің) дегенді білдіреді. Мұнда бөшектің орнында бүтін (үкі)тұр.
5.Омоним сөздер
Дыбысталуы, сыртқы тұлғасы бірдей, бірақ ешбір мағыналық байланысы жоқ сөздер омонимдер деп аталады. Мысалы,
Біз 1. Біз 21-ші жылы қысқа қарсы келдік (Ж.Айм.).
2. Етікші бізге жарымайды.
Аяқ 1. Ыдыстың бір түрі
2. Адамның дене мүшесі
Cыр 1. бояу
2. құпия
Жас 1.Адамның нешеге келгені
2. Көзден ағатын су
6.Омофондар дегеніміз – біркелкі айтылып, түрліше жазылатын сөздер. Мысалы, Асшы – ас даярлайтын адам. Ащы – қарсы мағынасы тұщы. Есікті ашшы
Сары ала қаз. Саралап түсіндіру.
Мағыналары бір біріне жақын мәндес сөздер.
1.Әдемі, сұлу, келбетті
2.Қысқа, шолақ, келте
3.Абырой, бедел, қадір
4.Күшті, берік, мықты
Синонимдік қатарлар дегеніміз – кемінде екі сөзден құралып, белгілі бір ұғымды білдіретін мәндес, мағыналас сөздердің топтары.
8.Антоним сөздер
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөзді антоним дейміз. Мысалы, жарық-қараңғы, қуаныш-реніш, жылдам-ақырын, жақсы-жаман, бас-аяқ.
9.Табу сөздер
Табу – полинезия тілінің тыйым салу деген мағынадағы сөзіне шыққан. Ескі наным бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер - табу сөздер.Қазақ дәстүрінде әсіресе әйелдер өздерінің жақын туыстарының, күйеулерінің атын атамаған. Міне, бұл жағдай тіл ғылымында табу деп аталады. Мысалы, қызға: қара көз, бикеш, шырайлым, еркежан десе, Ұлға: төрем, мырза, жігіт, тетелес, айдарлым, тұлымдым т.с.с қасқыр- ұлыма, ит құс; шешек ауруы –қорасан
Ертеде қайнаға саналатын ауыл адамдарының атын атай алмаған келін атасына былай депті: «Сылдыраманың арғы жағында, сарқыраманың бергі жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен. Жаныманы білемеге білеп білеп жіберіп бауыздап келдім» Кайнағаларының аттары: Қамысбай, Өзенбай, Қойшыбай, Қасқырбай, Бәкібай, Қайрақбай.
10.Эвфемизмдер (грекше сыпайылап сөйлеу)
Эвфемизмдер әдептілік, сыпайылыққа байланысты, жұмсартып айту мақсатында қолданылады. Мысалы, саңырау, керең дегеннің орнына құлағының мүкісі бар, құлағы ауыр естиді деп, семіз деудің орнына етжеңді, етті деп айту осындай мақсатқа лайық айтылған.
Мыс: мылжың -сөзуар; өтірік айту- қосып айту; ұрланды- қолды болды; өлді -о дүниелік болды
11. Дисфемизм (дөрекі сөйлеу)
Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөзбен ауыстырып қолдану. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама қарсы, кеміту, қорлау, іске жаратпау ұғымын тудырады.
Мыс; қырт, боқмұрын, қортық, қыртпа,оттама, мылқау, жынды, боғымен жасты баламен ойнау, топас.
12.Диалект сөздер
Әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір территорияда тұратын халық тілінде ғана кездесетін сөздер диалект деп аталады. Мысалы, жәкенші (Жамбыл, Мерке) жәрдемші, көмекші деген мағынада айтылады. Қанау (Ақтөбе, Ырғыз) үлкен арық, канал деген мағынада. Сектену (Қостанай) сезіктену деген мағынада айтылады. Шәугім –шайнек ;жұмыртқа -тұқым; көсеу- әтүшкір, шемішке -пісте
13.Кәсіби сөздер
Кәсіби сөздер деп белгілі бір кәсіпке байланысты қалыптасқан терминдерді айтады.
Мал шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: құлыншақ, тай, жабағы, бұзау, торпақ, тана, баспақ, қара мал, аусыл, лақ, теке, серке.
Бау-бақша шаруашылығына байланысты: алхоры, нәк, алмұрт, шабдалы, әнжір, мұсала, үсейін, кішміш, түршек, күләбі, торлама, қыртыс, көселеу.
Балық шаруашылығына байланысты: абақ, қаяз, алабұға, жұтпа, көтергі, шөктірме, таспай.
Тігіншілікке байланысты: қаю, көктеу, бастырып тігу, сырма, қатырма, бүрме, үшкіл, бидай, іш қалта, жан қалта, төс қалта, сабақтау.
Егіншілікке байланысты: қоныш, сірі, өкше, бас тарту, ұлтан, ұлтару, кеп, қалып, жетім ұлтан, белтір, мәсі, кебіс, пардоз, созан, ұштықтау, бірқозда.
Су шаруашылығына байланысты: өнер, бас арық, оқ арық, құлақ, жүйектеп суару, шақа арық, ақаба.
Мақта шаруашылығына байланысты: қос құлақ, қоза, шанақ, көсек, терім, терімші, шит, үш құлақ, сүдігер, ақ май (мақта майы).
