Қазақстан тарихы
1. Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық: A) Сібір хандығы B) Алтын Орда C) Моғолстан D) Әбілқайыр хандығы E) Ноғай хандығы |
2. 1718 жылы қазақ жерінде салынған бекініс: A) Семей B) Өскемен C) Жәміш D) Омбы E) Қызылжар |
3. 1916 ж. Шерубай-Нұра болысында хан сайланды: A) Н.Қияшев B) О.Шоңов C) Б.Әшекеев D) Ә.Жанбосынов E) А.Иманов |
4. 1917 жылы Уақытша үкіметтің қабылдаған заңдарының бірі: A) қара жұмысқа алынғандарды елге қайтарды B) патша үкіметі алған жерлерді қайтарды C) шетелге кеткен қазақтарды қайтарды D) мұсылман әскери бөлімдерін құрды E) Қазақстанға тәуелсіздік берді |
5. Рейхстаг терезесінің біріне ту тіккен қазақстандық жауынгерлер: A) К.Мәденов пен Т.Тоқтаров B) Х.Көбеков пен Н.Шелихов C) И.Сьянов пен Х.Қайдауов D) З.Тұрарбеков пен А.Еремеев E) Р.Қошқарбаев пен Г.Булатов |
6. «Қан мен тер» трилогиясының авторы: A) Ғ.Мүсірепов B) Ғ.Мұстафин C) Ж.Молдағалиев D) Ә.Нүрпейісов E) Т.Ахтанов |
7. Кейінгі темір дәуірінде Жетісу жерін мекендегендер: A) Аландар B) Қаңлылар C) Ғұндар D) Үйсіндер E) Сарматтар |
8. «Теле» сөзінің мағынасы: A) Ұйғыр B) Түрік C) Қимақ D) Оғыз E) Қарлұқ |
9. Әбілхайыр ханнан 1446 жылы Атбасар маңында тас-талқан болып ұтылған хан: A) Ералы B) Нұралы C) Мұхаммед D) Жәнібек E) Мұстафа |
10. XVI ғасырда Батыс Монғолияны мекендеген жоңғарлар тайпасы: A) қидан B) бөржігін C) буряттар D) ойраттар E) қият |
11. ХІХ ғасырда отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтерілісте старшындар тобы басшылық жасаған көтеріліс: A) Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс B) Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс C) ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы Сыр бойындағы көтеріліс D) Тентек төре бастаған көтеріліс E) 1836-1838 жылғы Бөкей Ордасындағы көтеріліс |
12. 1867-1868 жылғы «Ереженің» басты қағидасы: A) Хандық билікті жою B) Ескі шариғат қағидаларын сақтау C) Кедейленген шаруаларды өндіріске тарту D) Қазақтардың тіршілік деңгейін көтеру E) Әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы |
13. XIX ғасырда Ақмола өңіріндегі жәрмеңке: A) Ботов B) Константинов C) Әулиеата D) Шар E) Қарқара |
14. Әйгілі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының ең көркем нұсқасын таратқан эпик ақын: A) Сүйінбай ақын B) Шортанбай ақын C) Шернияз ақын D) Дулат ақын E) Шөже ақын |
15. 1847-1857 жылдары Қазақстанда айдауда болған украин ақыны: A) Овчаренко B) Василенко C) Коваленко D) Шевченко E) Гетман |
16. 1905 жылы Успен кенішінде құрылған алғашқы жұмысшы ұйымының атауы: A) «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» B) «Ынтымақ» C) «Социал-демократиялық ұйым» D) «Большевиктер партиясы» E) «Алашорда» |
17. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жойылды: A) Еңбек міндеткерлігі B) Жерді жалға беру C) Несие жүйесі D) Тұтыну кооперациясы E) Жалдама еңбек жүйесі |
18. 1960 жылы Қазақстан КП ОК Бірінші хатшысы болып сайланған: A) Ж.Шаяхметов B) Н.Ә.Назарбаев C) Д.А.Қонаев D) Н.С.Хрушев E) Л.И.Брежнев |
19. 1993 жылдың соңына қарай ресми тіркелген саяси партиялары: A) Асар, Қазақстан халық бірлігі, Нұр Отан B) Социалистік партия, Қазақстан Республикалық партия, Қазақстан халық конгресі партиясы C) Республикалық партия, Демократиялық партия, Социалистік партия D) Қазақстан халық конгресі, Нұр Отан, Коммунистік партия E) Коммунистік партия, Социалистік партия, Республикалық партия |
20. Орта тас ғасырындағы балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы: A) Бағыштау B) Дамыту C) Дағдыландыру D) Үйрету E) Жетілдіру |
21. Х-ХІІ ғасырларда Ұлытау етегінде орналасқан орта ғасырлық қалалар: A) Басқамыр, Аяққамыр B) Сығанақ, Созақ C) Тараз, Мерке D) Жент, Баршынкент E) Алмалық, Қойлық |
22. XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі: A) «Қобыланды батыр» B) «Жоямерген» C) «Жошы ханның жортуы» D) «Ақсақ құлан» E) «Ер Тарғын» |
23. Орта ғасырда қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын жазған саяхатшы: A) П.Карпини B) әл-Идриси C) М.Протектор D) Рашид-ад-Дин E) әл-Омари |
24. Верный бекінісі салынған жыл: A) 1849 ж. B) 1854 ж. C) 1839 ж. D) 1838 ж. E) 1832 ж. |
25. Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны шамамен: A) 300 мың B) 150 мың C) 100 мың D) 220 мың E) 200 мың
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
