Қазақстан тарихы
1. Керей мен Жәнібекті құшақ жайып қарсы алған Моғолстан ханы: A) Абд ар-Рашид B) Есен-бұға C) Тоғылық-Темір D) Ілияс-Қожа E) Жүніс |
2. 1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңына бас қосу себебі: A) Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру мәселесін шешу B) Хан сайлау C) Заңдар жинағын шығару D) Руаралық тартыстарды шешу E) «Жеті Жарғыны қабылдау» |
3. Верный бекінісі бой көтерген мерзім: A) 1843 жыл B) 1845 жыл C) 1849 жыл D) 1854 жыл E) 1848 жыл |
4. Верныйда «Қара жұмысшылар одағы» құрылған жыл: A) 1922 ж. B) 1918 ж. C) 1920 ж. D) 1921 ж. E) 1917 ж. |
5. Ұлы Отан соғысында жау отын өз кеудесімен жапқан қазақ батыры: A) Талғат Бигелдинов B) Рахымжан Қошқарбаев C) Нүркен Әбдіров D) Сұлтан Баймағанбетов E) Сағадат Нұрмағанбетов |
6. Е.Бекмаханов ақталып шыққан жыл: A) 1954 ж B) 1950 ж C) 1977 ж D) 1959 ж E) 1952 ж. |
7. Берел қорымынан табылған обалар саны: A) 20-дан астам B) 10-нан астам C) 40-тан астам D) 50-ден астам E) 30-дан астам |
8. Шығыс Түрік қағанаты Монғолияда өз мемлекетін қалпына келтірген жыл: A) 686 жыл B) 683 жыл C) 684 жыл D) 685 жыл E) 682 жыл |
9. Шыңғысхан әскери феодалдық Монғол мемлекетін құрды: A) ХІІІ ғасырдың басында B) XІІ ғасырдың аяғында C) VІІІ ғасырдың басында D) ІV ғасырдың ортасында E) ІХ ғасырдың аяғында |
10. Н.Г.Хлудовтың қазақ қоғамының тұрмысына байланысты салған суреті: A) «Қой қырқу» B) «Қыз ұзату» C) «Келін түсіру» D) «Көш» E) «Айт мерекесі» |
11. Махамбет Өтемісұлы шығармаларында жырлаған көтеріліс өткен уақыт: A) 1837-1847 жылдар B) 1821-1827 жылдар C) 1856-1860 жылдар D) 1782-1789 жылдар E) 1836-1838 жылдар |
12. 1855 жылы сұлтан Арыстан Жантөреұлы осы көтерілісшілер қолынан қаза тапты: A) Есет бастаған B) Кенесары бастаған C) Исатай бастаған D) Сырым бастаған E) Жанқожа бастаған |
13. 1886 жылғы «Түркістан өлкесін басқару туралы» жарлыққа қол қойған Ресей патшасы: A) II Александр B) III Александр C) II Николай D) I Александр E) I Павел |
14. 1812 жылғы Отан соғысында Веймар, Гангау және Майнадағы Франкфурт қалалары түбінде ерлікпен шайқасты: A) Хамитұлы, Я.Беляков B) Майлыбайұлы, Әубәкірұлы C) Жанжігітұлы, Байбатырұлы D) Шуашбайұлы, Зындағұлұлы E) Құлшоранұлы, Азаматұлы |
15. ХІХ ғасырдың І жартысында Каспий теңізінің жағалауын зерттеген ғалым: A) Г.Карелин B) М.Лаппа C) Н.Северцев D) С.Семенов E) П.Величко |
16. XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы: A) Түркістан-Сібір шойын жолының салынуы B) Алматы-Қызылорда шойын жолының салынуы C) Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы D) Қарағанды көмірін өндіру E) Нілді зауытының іске қосылуы |
17. Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет қабылдаған жыл: A) 1921 жыл B) 1923 жыл C) 1925 жыл D) 1924 жыл E) 1922 жыл |
18. 1960-1970 жылдары биология ғылымында белгісіз болып келген информосомаларды ашқан ғалым: A) М.Айтқожин B) Ә.Марғұлан C) У.Ахметсафин D) Е.Букетов E) Д.Сокольский |
19. 2001 жылы Қазақстанның саяси көкжиегінде пайда болған қоғамдық қозғалыс: A) «Қазақстанның демократиялық таңдауы» B) «Асар» партиясы C) «Нұр Отан» ХДП D) «Социалистік-демократиялық» партия E) «Азат» партиясы |
20. Арал төңірегіндегі неолиттік тұраќтың бірі: A) Сексеуіл B) Ќарғалы C) Ќараќұдыќ D) Темір E) Тоќсанбай |
21. VIII ғасырда Қарлұқ, Қимақ қағанаттары дәуірінде кең тараған, киіз үйге ұқсас діни құрылыс жүйесі: A) Керуен сарайлар B) Балбал тастар C) Сардобалар D) Дың ескерткіштері E) Жер асты кесенелері |
22. XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланған еңбектің аты: A) «Кодекс куманикус» B) «Хұсрау мен Шырын» C) «Мухаббатнама» D) «Жүсіп – Зылиха» E) «Оғызнама» |
23. 1643 ж. жоңғарларға қарсы ерлікпен шайқасқан хан: A) Тахир B) Есім C) Тәуекел D) Жәңгір E) Жолбарыс |
24. Патша жазалаушыларының қолынан қаза тапқан 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс басшылары: A) А.Иманов, Т.Бокин B) С.Сейфуллин, Ғ.Мұратбаев C) Б.Алманов, М.Дулатов D) Т.Рысқұлов, Ә.Жангелдин E) Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов |
25. 1922 жылы КСРО халықтары музыкасының Мәскеудегі концертіне қатысқан қазақ хоры: A) Алматыдағы қазақ өлкелік хоры B) Орынбор ТОЗ ұйымының хоры C) Орынбордағы алғашқы кәсіпқой қазақ хоры D) Петропавл педагогика училищесінің хоры E) Семей өнерпаздарының хоры
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
