Қазақ әдебиеті
1. Бұқар жыраудың: Қиядан қиқу төгілсе, Аттың басын тартпаған,- деген тармақтарындағы аттың басын тартпау тіркесінің қолданылу мағынасын анықтаңыз. A) Атты тежеме, ірікпей алға жіберу деген ұғымда, тура мағынада қолданылған. B) Асыра суреттеу, көтермелеу мағынасында бейнеленген. C) Ел кезбе, қыдырғыш деген ұғымда айтылған. D) Баукеспе ұры деген мағынаны білдіреді. E) Жаудан қаймықпаған, қайтпаған деген ұғымдағы ауыспалы мағынада суреттелген. |
2. Абай Қ±нанбай±лыныњ туѓан жерін белгілеңіз. A) Семей облысы. B) Қостанай болысы. C) Павлодар облысы. D) Қараѓанды облысы. E) Қызылорда облысы. |
3. Балуан Шолақтың туған ауылын белгілеңіз. A) Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қоскөл ауылы. B) Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданы, Бақты ауылы. C) Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қособа ауылы. D) Ақмола облысы, Көкшетау уезіне қарасты №5 ауыл, Сандыбай бұлағы. E) Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ақтөбе ауылы. |
4. М.Әуезовтің Н.В.Гогольден аудармасын белгілеңіз. A) "Асауға тұсау". B) "Любовь Яровая". C) "Отелло". D) "Қорқыныш". E) "Ревизор". |
5. «Қараш-Қараш оқиғасы» атты туындының авторын табыңыз. A) С.Мұқанов. B) Ғ.Мұстафин. C) Ғ.Мүсірепов. D) Б.Майлин. E) М.Әуезов. |
6. Аққулар, ана, ауру бала, жылқышы қарт қатысатын М.Мақатаев туындысын атаңыз. A) «Аққулар ұйықтағанда». B) «Арман». C) «Ару ана». D) «Қырандар, қош болыңдар». E) «Шолпан». |
7. ’’Қорқыт ата’’ кітабында неше жыр бар екенін анықтаңыз. A) 7 жыр. B) 10 жыр. C) 12 жыр. D) 16 жыр. E) 18 жыр. |
8. ’’Ер Төстік’’ ертегісіндегі жылан патшасын анықтаңыз. A) Бапы. B) Темір хан. C) Бекторы. D) Шойынқұлақ. E) Айдаһар. |
9. ’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’ жыры - адал достықты жырлайтын дастан. Мұнда халықтың дұрыстыққа деген тілеулестігі жырланады. Ұнамды мінездер, ұнамды кейіпкер арқылы бағаланады’’. Кім айтқанын көрсетіңіз. A) С.Мұқанов. B) Б.Кенжебаев. C) М.Әуезов. D) М.Ғабдуллин. E) М.Мағауин. |
10. С.Торайғыровтың 1918 жылдың аяғында жазылған поэмасын табыңыз. A) «Ендігі бет алыс». B) «Адасқан өмір». C) «Қамар сұлу». D) «Кім жазықты?» E) «Тұрмыс». |
11. Абайдың әйелмен достықты қадір тұтатын поэмасын атаңыз. A) «Ескендір». B) «Масғұт». C) «Дағыстан». D) «Медғат-Қасым». E) «Әзім әңгімесі». |
12. Шәкәрім шығармасын белгілеңіз. A) «Ақбөпе». B) «Жүсіп-Зылиха». C) «Сұлушаш». D) «Нартайлақ-Айсұлу». E) «Құралай сұлу». |
13. С.Сейфуллиннің өр, қайсар, әділ болып өсуіне ықпал еткен адам кім екенін анықтаңыз. A) Абылай. B) Адақ. C) Әділ. D) Сейфолла. E) Әлкей. |
14. Қ.Аманжоловтың туған жылын табыңыз. A) 1955 жыл. B) 1915 жыл. C) 1920 жыл. D) 1931 жыл. E) 1911 жыл. |
15. Жамбылдың 1916 жыл оқиғасына байланысты жазған шығармасын табыңыз. A) «Зілді бұйрық». B) «Жайлау». C) «Шағым». D) «Өстепкеде». E) «Туысқан ел». |
16. Ғ.Мүсірепов аралаған шетелдерді белгілеңіз. A) Англия, Франция, Испания. B) Ешқандай шетелге барған жоқ. C) Жапония, Египет, Алжир, Италия. D) Германия, Австралия. E) Түркия, Индия, Египет. |
17. «Солаң етіп жолықса қайтқан ізі, Сағадан сымпың қағып із шалғанда»,- деген жолдардағы (Абай) көркемдегіш құралды табыңыз. A) Аллитерация. B) Ассонанс. C) Теңеу. D) Кейіптеу. E) Басқы ұйқас. |
18. Түңлігімнің төрт бауы мақта, ата, Мен кеткен соң балаңды жоқта, ата. Жыл айналып сағынып мен келермін, Боз інгеннің ботасын сақта, ата («Қайым айту»),- өлең тармақтарының буын санын анықтаңыз. A) 6 буынды. B) 11 буынды. C) 8 буынды. D) 18-19 буынды. E) 7-8 буынды. |
19. «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» шығармаларының авторын табыңыз. A) Ф.Оңғарсынова. B) Ж.Нәжімеденов. C) Ж.Молдағалиев. D) М.Мақатаев. E) С.Мәуленов. |
20. “Серке” газетіне “Арғын” деген бүркеншік атпен “Біздің мақсатымыз” атты мақала жазған жазушыны анықтаңыз. A) Ж.Аймауытов. B) С.Торайғыров. C) А.Байтұрсынов. D) М.Дулатов. E) М.Жұмабаев. |
21. І.Жансүгіров қандай тақырыпқа арналған өлеңдерінде монолог, диалог, шағын скетч, драмалық көрініс үлгілерін пайдаланғанын табыңыз. A) Табиғат туралы өлеңдерінде. B) Махаббат лирикасында. C) Өтірік белсенді, молда, НЭП заманындағы жағымсыз элементтерді шенегенде. D) Туған жер жырларында. E) Оқу-білім тақырыбына арналған шығармаларында. |
22. «Раушан - ел ішіндегі күң әйелдердің арасынан шыққан көсем» деген пікірдің иесін табыңыз. A) Мәриям. B) Демесін. C) Әбдіш. D) Ермақ. E) Бәкен. |
23. М.Әуезовтің ²Абай жолы² эпопеясын оқығандағы әсерінен өзінің қалай қазақ болып кеткенін білмей қалғанын жазған жазушыны белгілеңіз. A) Б.Матип. B) Л.Арагон. C) Г.Бельгер. D) Ш.Айтматов. E) К.Федин. |
24. С. Мұқановтың «роман» деп аталатын поэмасын табыңыз. A) «Ботагөз». B) «Сұлушаш». C) «Өмір мектебі». D) «Ақ аю». E) «Октябрь өткелдері». |
25. І.Есенберлиннің алғашқы тарихи романын есіңізге түсіріңіз. A) “Алтын орда”. B) “Алтын құс”. C) “Алмас қылыш”. D) “Ғашықтар”. E) “Қаһар”.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
