Дүние жүзі тарихы
1. Ассириялықтар соғыс кезінде, сауда керуендерінде жүк тасу үшін пайдаланды: A) сиырды B) пілді C) қойды D) ешкі E) түйені |
2. Эфталит мемлекетінің астанасы: A) Гандхар B) Кабул C) Бадиян D) Термез E) Сейстан |
3. XIII ғ. ІІ жартысында Қытайды басып алған: A) Ғұндар B) Монғолдар C) Маньчжурлар D) Жапондықтар E) Жоңғарлар |
4. Польшаның ұлы ғалымы Николай Коперниктің ашқан ірі ғылыми жаңалығы: A) Ұшу аппаратын жасады. B) Жердің тартылыс күшін ашты. C) Марс планетасын ашты. D) Жер және басқа планеталардың Күнді айналуын ашты. E) Телескопты ойлап тапты. |
5. ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы АҚШ-ғы нәсілшілдікке қарсы күрестің колбасшысы, қара түсті халықтың өкілі: A) Рональд Рейган. B) Джон Кеннеди. C) Джеймс Бонд. D) Мартин Лютер Кинг. E) Джозеф Маккартни. |
6. Солтүстік Корея аймағы Корей Халық-Демократиялық Республикасы болып жарияланды: A) 1942 ж. 10 ақпанда B) 1946 ж. 7 сәуірде C) 1948 ж. 9 қыркүйекте D) 1945 ж. 3 желтоқсанда E) 1944 ж. 6 мамырда |
7. Этнография ғылымы зерттейді: A) Халықтардың нәсілдік ерекшелігін. B) Қоршаған ортаны. C) Халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасын. D) Халықтардың тіл ерекшеліктерін. E) Адамдардың шығу тегін. |
8. «Орыс жерінің опат болуы туралы сөз» поэмасында сипатталған жағдай: A) мұз қырғыны оқиғасы B) монғол-татар шапқыншылығы C) поляк басқыншылығы D) орыс кінәздерінің өзара қырқысуы E) орыс шаруаларының өмірі |
9. 1609 жылы Испаниядан тәуелсіздігін алған ел: A) Кастилия B) Мавритания C) Мексика D) Нидерланды E) Аргентина |
10. 1789 ж. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға: A) Францияның Австрияға соғыс жариялауы B) Бастилияның алынуы C) Варенн дағдарысы D) Ұлттық Конвенттің шақырылуы E) Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы әскери одақ құруы |
11. 1756-1763 жж. соғыста Франция мен Англияның таласына түскен аймақ A) Палестина жері B) Иран жері C) Солтүстік Америка құрлығы D) Үндістан елдері E) Солтүстік Африка елдері |
12. 1871 жылғы Франкфурт бітіміне сәйкес Франция айырылып қалған аймақтар: A) Эльзас пен Лотарингия B) Лион мен Тулуза C) Марсель мен Тулон D) Монтро мен Страсбург E) Рубе мен Аизен |
13. Маньчжурлар Қытайды жаулап алды. A) 1644 ж. B) 1649 ж. C) 1653 ж. D) 1659 ж. E) 1671 ж. |
14. 1918 ж. Германиядағы революциялық үкіметті басқарған қайраткер: A) О. Бисмарк. B) Ф. Эберт. C) В. Пик. D) К. Либкнехт. E) Р. Люксембург. |
15. 1923 жылдың басында Рур аймағын басып алған мемлекет: A) АҚШ B) Франция C) Англия D) Италия E) Германия |
16. Түркия Республикасы Ұлттар Лигасына мүше болған жыл: A) 1929 ж. B) 1931 ж. C) 1932 ж. D) 1935 ж. E) 1933 ж. |
17. Кеңес –Герман «Өзара шабуыл жасаспау» туралы пактісіне қол қойылды: A) 1936 ж. 23 тамызда B) 1937 ж. 23 тамызда C) 1938 ж. 23 тамызда D) 1940 ж. 23 тамызда E) 1939 ж. 23 тамызда |
18. 1954-1962 жж. Франция отаршыларына қарсы күрес жүргізген ел: A) Алжир. B) Корея. C) Марокко. D) Египет. E) Вьетнам. |
19. Ұзақ жылдар бойы Н.Чаушеску үстемдігі орнаған Шығыс Еуропадағы социалистік мемлекет: A) Румыния. B) Венгрия. C) Албания. D) Польша. E) Болгария. |
20. Ежелгі Грекияда театрдың пайда болу себебі: A) өзара соғысты тоқтату үшін ынтымақ мерекесін өткізу B) теңіз сапарына шығар кезде Посейдон құдайының көңілін көтеру C) Зевс құдайының құрметіне олимпиялық ойындарды өткізу D) Дионис құдайдың құрметіне арналған ойын-сауықпен өткізу E) ойын-сауық кезінде жазушылар мен ақындардың өз шығармаларын халыққа оқып беру |
21. Томас Джефферсонның есептеуінше АҚШ-тың гүлденуіне негіз болатын экономикалық саясат: A) Ауыл шаруашылығын барынша қолдау B) Ғылым-техникалық прогресті күшейту C) Материалдық игіліктерді көп өндіру D) Ішкі айырбас саудасын дамыту E) Қоғамдық еңбек бөлінісін ретке келтіру |
22. 1796 ж. Тегеранға француз елшілерінің келу себебі: A) Тегеранда есеп-несие банкін салу үшін B) Гулистан келісіміне қол қою үшін C) Иран мен Ресей арасында бітімгершілік саясатын жүргізу үшін D) Иран шахын Ресей мен Англияға қарсы айдап салу үшін E) 70 жыл мерзімге мұнай игеруге концессия алу үшін |
23. XIX ғасырдағы неміс лирик ақыны: A) О.Бальзак B) В.Гюго C) И.Кант D) Г.Гейне E) Д.Байрон |
24. КСРО-ны Ұлттар Лигасынан шығару себебі: A) Финляндияға қарсы соғысы. B) Балтық елдерін қосып алуы. C) Кеңес әскерлерінің Польшаға кіруі. D) Германиямен келісімі. E) Белоруссияның бір бөлігін қосып алуы. |
25. Қоғамдық ғимараттарды ел тарихы фрескаларымен безендірген мексикалық суретшілер мектебі A) авангардистер B) реалистер C) муралистер D) модернистер E) абстракционистер
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
