Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ересектер ебегіні бейнеленуі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
704 Кб
Скачать
☆

1 Бейнелеу өнерінің түрлері

1.1. Бейнелеу өнерінің түрлеріне сипаттама

Сурет салу. Балабақшада сурет сабағы балаларды бейнелеу өнеріне үйретуде жетекші орын алады. Ол сурет салудың: жекелеген заттарды бейне-леу, сюжетті (оқиғалы),декоративті сурет деп аталатын үш түрін қамтиды. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән міндеттері болады, мұның өзі тақырыптық материал мен жүргізілетін жұмыстың мазмұнын айқындайды. Сурет салуға үйретудің негізгі мақсаты — балалардың айнала қоршаған тіршілікті тануына көмектесу, олардың аңғарымпаздығын дамыту, сұлулықты сезінуге тәрбиелеу және бейнелеу тәсілдеріне үйрету.Сонымен бірге балалардың бейнелеу іс-әрекетінің басты міндеті — олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін бейнелеу қүралдарының көмегімен әр түрлі заттардың анық, айқын бейнесін жасау үстіндегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру да жүзеге асады.

Жекелегсн заттардың суретін салуга үйрету әр түрлі жастағы топтардың бәріне ортақ жалпы міндеттер төмендегідей болып келеді:

- заттың пішіні мен құрылысын бейнелеуге, бөліктердің өзара қарым қатысын және жай қозғалғандағы өзгерістерді бере білуге үйрету керек;

- суреттің айкындылығын, бейнелілігін көрсететіндей сол зат­тың тек өзіне ғана тән кейбір даралаушы детальдарын бейнелей білуге үйрету керек;

- заттың түсін өзінің мазмұнына және мінезіне лайық етіп беру қажет;

- сурет салу үстінде қаламмен, бояумен, өзге материалдармен жұмыс істей алатын техиикалық дағдыны дамыту керек.

Бұл міндеттер жас мөлшері әр түрлі топтарға лайықталған программа материалдарында анықталып, нақтылана түседі.Тақырыптағы материал тоқсан бойынша бөлініп қамтылған материалды түгел өтуге және қажетті жаңа міндеттерді шешуге, бекітуге бөлінген уақытты ұтымды, тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады [8].

Аппликация (латынша applicatio — үстіне қою, салу)—негізгі түске декоративтік немесе тақырыптық пішіндердегі қиындыларды жапсыру аркылы әр түрлі заттарды (киім, мебель, ыдыс-аяқ т.с.с.) көркем безендіру үшін колданылатын қолөнерінің бір түрі.

Апиликацияның өзгешелігі оның бейнелеу сипатына, сондай-ақ орындалу техникасына байланысты.

Сурет, живопись сияқты бейнелеу өнерінің түрлеріне карағанда аппликациялық бейнелер бірыңғай шартты суреттерге құралады. Аппликацияға ешқандай детальдарсыз жалпылама пішіндер тән. Көбіне дақсыз бір түсті бояулар қолданылады, сонымен бірге бір түс екінші түстеп өзгеше ерекшеленеді [9].

Аппликацияны орындау процесі екі кезеңнсн тұрады: жеке пішіндерді кесу және оларды негізгі түске жапсыру.

Аппликация көркем безендіру құралы сияқты ерекше декоративтік тиім-ділігін тудырады. Кесілген пішіндер кейде әp түрлі үй-жай орындарын безендіруге қолданылады (мысалы, кағаз салфеткалар мен шілтерлер сөрелерді безендіруге, ал, әр түрлі түсті қиындыларды терезе әйнектеріне жапсырып, мерекелік безендіруге қолданылады). Мата, жүн және теріден кесілген аппликациялық қиындылар киімдерді сәндеуге, паннолар жасауга қолданылады.

Кейде кесілген бөлшектер түске толық, жапсырылмайды, сондықтан, аппликация жарым-жартылай аумақты болып шығады. Мысалы, тек гүл жапырақшаларын ғана ортаға жапсырып, олар­дың соңғы ұштары негізгі түстен қалып кояды. Бұл бейнеге үлкен мәнерлілік берді.

Аппликацияның орындалуы қарапайым әрі оңай болғандықтан оны балалар шығармашылығы үшін қолдану өте қолайлы. Балалардың белгілі бір түстерге боялған дайын пішіндерді қолдануларына, сондай-ақ ою-өрнек элементтерін, сюжеттік бейнелер т.с.с.кесу арқылы композициялар құруларына болады. Сонымен, аппликациямен айналысу бір жағынан, бейнелеудің шеберлігі мен дағдының қалыптасуына, екінші жағынан шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді [3].

Конструкциялау іс-әрскеті сөзінің мағынасы латынша conslrnctio құру деген сөзден шыққан.

Балаларды конструкциялау іс-әрекетіне олардың әр түрлі материалдар дан (қағаздан, картоннан, ағаштан, арнайы құрылысқа арналган конструк торлық жапырақтардан) түрлі ойындық ұсақ-түйектер (ойыншық тар, құрылыстар) жасауы жатады.

Конструкциялау балалар үшін әрекеттердің аса қиын түрлерінің бірі болып табылады. Одан біз ересектердің көркемөнер, конструкторлық техиикалық әрекеттерімен байланысты екенін байқаймыз.

Ересектердің конструкциялық-техникалык, іс-әрекеттері үшін конс трукциялауды, құрылыстарды іс жүзінде қолдану тән нәрсе. Конструкциялау ды орындағанда ересек адам алдын ала ойланады, жоспар жасайды, қолдану шараларын, жұмыс техникасын, сыртқы безендірулерді ескере отырып материал таңдайды, әрекеттің орындалуы жүйелілігін белгілейді.

Бұл бөлшектердің барлығы балалар конструкциясында көзделінеді. Осы жерде сонымен қатар конструкциялық міндеттер шешіледі.Балалар конструкциясының нәтижелері, әдетте, ойында іске асырылуы үшін пайдаланылады.

А.С.Макаренко баланың ойыншық матерналдары мен ойындары «бәрінен бұрын адамның қалыпты іс-әрекетіне жақын тұра­ды, материалдардан адам құндылық пен мәдениетті туғызады»— деп атап көрсетті.

Сөйтіп, балалардың конструкциялық іс-әрекеті ересектердің конструкциялык-техиикалык, іс-әрекетіне ұқсас болады. Бала іс-әрекеті нәтижесінің әлі қоғамдық мәні болмайды, бала қоғамға материалдық, не мәдениет байлықтарынан жаңа ешнәрсе қоса коймайды. Дегенмен ересектердің балалар іс-әрекетіне басшылық етуі мектеп жасына дейінгі балалардың ең бек тәрбиесіне ең игілікті әсерін тигізеді.

Балалар конструкциясы бейнелеу және техиикалық болып бөлінуі мүмкін. Егер ересектердің конструкциялық-техиикалык әрекеттерінің өнімі негізінен әркашанда іс жүзінде колданатын болса (театр, ма­газин және т. б. үшін үйлер тұрғызу), ал балалар құрастырулары іс жүзінде пайдалнуға әрқашанда қолданыла бермейді. Мәселен балалар алғашқыда ынталылықпен зоопарк тұрғызады, бірақ қалай ол жасалып бітісімен-ақ құрылыстың олар үшін ешқандай кызығы болмайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың конструкциялык іс-әрекеті ойында басты сипат алады: құрылысты немесе конструкциялауды жасау барысында балалар ойын катынастарына түседі — әркімнің міндеттерін жай ғана белгілеп қоймай, әр түрлі рольдерді, мыса­лы бригадир, құрылысшы, шебер және т. с. с. рольдерін орындай­ды. Сол себептен балалардың конструкциялық іс-әрекетін кейде құрылыс ойыны деп те атайды [6].

Мүсіндеу. Мүсіндеу—бейнелеу өнерінің бір түрі. Өнердің өзге салаларындағы тәрізді суреткер мұнда да өзінің дүниетанымын, дәуірдің асқақ мұраттарын, өзгеше пішіндегі бейнелер жасау арқылы білдіреді. Мүсіндеу туындылары үнемі көлемді кеңістікті береді және ол өзінің осынау ерекше сипаты мен болмысын саз балшық, пластилин тәрізді жұмсақ материалдар немесе ағаш, тас тәрізді қатты материалдар бойынша да көрсете алады. Мүсіндеудің жұмсақ материалдардан жасалуын жалпы мүсіндеу, пластика деп, ал қатты материалдардап жасалуып қашау деп атайды:

Мүсіндеудің өзіндік ерекшелігі оның мазмұнынан және айтар ойын жеткізу құралдарынан айкын көрінеді.

Оның негізгі мазмұны ең алдымен адамды бейнелеу болып табылады. Жануарлар әлемі де мүсіндеудің объектісі болуы мүмкін. Мысалы, мүсінші аннмалист В.А.Ватагин өз шығармашылығын жануарлар дүниесін бейнелеуге арнады.

Мүсіндеудің мазмұнының ерекшелігі неліктен бұлай болған? Осынау тірі организмдер пішіні көлемімен, мәнерімен, үйлесімділігімен, сондай-ақ сан алуап түрлі қозғалыс-қимылымен сипатталады. Сондықтан да мүсіндеудің өзгешелігі сол пішіннің барлық ерекшеліктерін әр алуан кырынан көрсету мүмкіндігі болып табылады. Адамды қоршаған ортаны, жансыз табғатты мүсіндеуде, пластикада өте сирек ұшырасады. Өсімдіктер, әр түрлі заттар кейде мүсіндегі негізгі бейнені толықтыратын деталь немесе декоративті элемент ретінде пайдаланылады. Жансыз заттарды, әсіресе, тетігі қозғалмайтын, белдігі айналмайтын машиналарды мүсідеу үнемі тиімсіз болып келеді. Мүсіндеу өнері үшін, керісінше осы машиналарды басқаратын адамдардың ішкі жан дүниесін бейнелеу маңызды.

Мүсінші де, суретші де заттардың көлемін бейнелейді. Сурет­те бұл екі өлшемі бар жазықтықта жүзеге асады. Суретші осының арқасында ғана көлемді беру үшін шартты құралдарды пайдаланады. Үш өлшемді иллюзия оған жарық пеп көлеңкені дұрыс пайдалануға көмектеседі.

Мүсіндеу туындылары тек кеңістікте орналасатыпдықтан нақты көлемге ие болып келеді. Оның осы ерекшелігі көрерменнің қабылдауына да әсер етеді. Мүсінді әр қырынан қарап шыққан ол, сол өнер туындысын әр түрлі позициядан қабылдай алады; немесе сол мүсінді тек бір түрғыдан қарап шығар болса, онда ол өзі өнер туындысын тұтастай қабылдай алмас еді. Мүсіндеу бейненің жан-жақты ашыла түсуі үшін дина­мика үлкен роль атқарады. Мұның өзі қаһарманның психологиялык, көңіл күйін бере білуге көп септігін тигізеді. Қимыл-әрекет ка­рапайым болуға тиіс, бірақ ол өзінің өң бойында терең ішкі мазмұнға ие болуға тиіс. Мүсіндеудегі бейненің мәнерлігі үшін киімнің бейнеленуі үлкен мән алады.