- •Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар
- •1.Тақырыбы: Қозғалтқыштарды реттеу қызметіндегі жүйке құрылымдарының маңызы.
- •№3 Тәжірибелік жұмыс. Адамның қимыл үйлесіндегі кері афферентацияның маңызы
- •№4 Тәжірибелік жұмыс. Ми бағанының тоникалық рефлекстері. Біржақты лабиринттің бұзылуының бұлшықет тонусына әсері.
- •№5 Тәжірибелік жұмыс. Өзіндік бағалау әдісімен вегетативтік статусты бағалау.
- •6. Әдебиет.
- •7. Бақылау:
№3 Тәжірибелік жұмыс. Адамның қимыл үйлесіндегі кері афферентацияның маңызы
Мақсаты: адамның қимыл үйлесіндегі әр-түрлі кері афферентацияның маңызын оқып білу.
Әдісі. Қағаз бетіне ұзындығы 10 см болатын кесінді сызу. Қаламмен қолды кесіндінің басталатын жерінен 1-2 см төмен орналастырып, көз жұмылған күйде бірінші кесіндінің бағытына және ұзындығына барынша ұқсас етіп екінші кесінді сызу. Бірінші кесінді екінші кесіндіден ұзындығы мен бағыты бойынша қаншалықты адыратылатынын және екінші кесінді бірінші кесіндеден қандай бұрышта орнасасқанын анықтау.
Нәтижелерді қорытындылау.
№4 Тәжірибелік жұмыс. Ми бағанының тоникалық рефлекстері. Біржақты лабиринттің бұзылуының бұлшықет тонусына әсері.
Жұмыс мақсаты: ми бағанының тоникалық рефлекстерінің бұлшықет жиырылуындағы рөлін анықтау.
Әдісі. Дәкеге оралған интакті бақаны арқасына жатқызып сол қолға алу. Төменгі жағын ашып, ауыз қуысының сірлі қабатын негізгі сүйекті бойлай кесу және бас сүйегінің кейбір шығыңқысынан төменгі жақ бұрышына қарсы теріні сыпырып алу. Бір төмпешіктің маңында скальпель қырымен сүйек тініне ойық жасау. Скальпельді айналдыра отырып, сүйек түбінде орналасқан лабиринтті бұзу. Операция барысында бағаның жатысының өзгеруін, операция нәтижесінде секіру және жүзу кезіндегі өзгерісін белгілеу.
Егер операция дұрыс өткізілген болса, бақа үстелде басы мен денесін операция жасалған жаққа қисайтып, қолын қарама- қарсы жаққа операция жасалған жердің тұсында созып отырады. Секіру және жүзу кезінде бұзылған лабиринт жағына қисаяды, яғни шеңбер бойы секіріп жүзеді. Координацияның байқалған бұзылыстарына түсінік беріңіз
Нәтижелерді қорытындылау.
№5 Тәжірибелік жұмыс. Өзіндік бағалау әдісімен вегетативтік статусты бағалау.
Жұмыс мақсаты: Адамның вегетативті өзгеріске бейімділігін сұрақнама көмегімен анықтау
Әдісі. Вегетативті өзгерістердің мүмкіндігін анықтау үшін 11 сұрақтан тұратын А.М.Вейер сұрақнамасы қолданылады.
Мәтінен «иә» немесе «жоқ» жауабын сызыңыз.
сұрақтар |
иә |
Баллдары |
жоқ |
1.сізде байқалады ма (кез келген толқу кезінде) келесі құбылыстарға бейімділік: |
|
|
|
а) бетіңіздің қызаруы? |
иә |
3 |
жоқ |
б) бетіңіздің бозаруы? |
иә |
3 |
жоқ |
2.Сезбей қалатын кезіңіз болады ма: |
иә |
|
жоқ |
А) білезік, табан саусақтары? |
иә |
3 |
жоқ |
б) білезік, табаныңыз толығымен? |
иә |
4 |
жоқ |
3.түс өзгерісі болады ма (бозару, қызару, көгеру): |
иә |
|
жоқ |
а) білезік табан, саусақтарыңыз? |
иә |
5 |
жоқ |
б) білезік, табаныңыз толығымен? |
иә |
5 |
жоқ |
4. тершеңдігіңізді байқайсыз ба? |
иә |
4 |
жоқ |
5. Жұрегіңіздің соққысы тоқтаған сезім болады ма? |
иә |
7 |
жоқ |
6.Тыныс алу кезінде қиналған кезіңіз болды ма(ауа жетіспеушілік сезімі, дем алу жиіленуі)? |
иә |
7 |
жоқ |
7. асқазан- ішек жолдарының қызметінің бұзылуы сіздің ағзаңызға тән бе (ішіңіздің қатып қалуы, ішіңіздің өтуі, «ішіңіздің желденуі», аурулар)? |
иә |
7 |
жоқ |
8. Есіңізден танитын кездер болады ма (кенес есіңізден тану)? |
иә |
7 |
жоқ |
9. Сізде приступ тәрізбі бас аурулары болады ма(диффузды, локальді, қысқыш немесе пульстегіш)? |
иә |
7 |
жоқ |
10. Қазір сізде бұмыс белсенділігіңіз төмендеп, тез шаршауыңыз байқалады ма? |
иә |
5 |
жоқ |
11. Сіздің ұқыңыз бұзылған кездер болады ма? (ұйқыға кету қиыншылықтары, құс ұйқы, қайта- қайта ояну; ұйқыңыздың қанбауы, таңертең тұрғанда шаршап ояну) |
иә |
5 |
жоқ |
Нәтижені бағалау. Егер жауап саны 15-ке тең немесе асатын болса («иә» жауабы), онда вегетативті өзгерістің болуы болжамдалады.
Нәтижелерді қорытындылау.
№ 6-жұмыс. Тамырлы рефлекстер. Жергілікті дермографизм.
Жұмыс барысы: шыны таяқшаның өткірсіз ұшыменневрологиялық балғаның ұстағымен немесе шпательмен тудырылады. Дені сау адам терісін әлсін тітіркендіргенде, ақ сызық- жергілікті ақ дермографизм білінеді. Дені сау адам терісін қатты және баяу тітіркендіргенде, тар ақ шеңбермен қоршалған қызыл сызық көрінеді. Бұл жергілікті қызыл дермографизм.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда не көргеніңізді белгілеңіз.
№ 7-жұмыс. Адамның тері бөлінісін зерттеу
Жұмыс барысы: адамның терібөлінісін зерттеу бөлме температурасында 15-30 мин ішінде өткізіледі. Ол үшін адам салмағын анықтау керек және дененің түрі аймақтарын сүртетін иодтың спиртті ерітіндісі кепкеннен кейін олардың үстіне крахмал ерітіндісімен ылғалдаған мақталы- қағазды матаның бөліктерін орналастырады.15-30 минуттан кейін дене массасын қайта өлшеп, мата бөлшектерінің түсінің өзгеруі бойынша тері бөлінісінің интенсивтілігін анықтайды. Содан соң зерттелінушіні термокамераға кіргізіп, зерттейді.
Қортынды:
