Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Юв.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62 Кб
Скачать
☆

2 Тақырып.

Шет елдердегі ювеналдық юстиция

Дәрістің мақсаты: теориялық білімді тереңдете кеңейту, сондай-ақ әртүрлі құқық жүйесіндегі ювеналдық юстицияға байланысты дағдыларды қалыптастырып бекіту.

Маңызды сөздер:шет елдердегі ювеналдық құқық, шет елдердегі ювеналдық юстиция, шет елдердегі ювеналдық саясат, шет елдерде кәмелетке толмағандарды қорғау, шет елдерде кәмелетке толмағандардың субъективтік құқығы мен міндеттері.

Дәріс жоспары (1 сағат)

  1. Әртүрлі құқық жүйесіндегі ювеналдық юстицияның жалпы сипаттамасы.

  2. Кейбір шетелдердегі кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігі.

Өзінің пайда болғанына көп уақыт өтпесе де ювеналдық юстиция көптеген елдерде бедел мен мәртебеге ие болып үлгерді. Кәмелетке толмаған жастардың қылмыстық жауапкершіліктерін реттеу әр түрлі мемлекеттердің теориялық және құқықтық пайда-лану қызметтерінде маңызды орын алады. Кәмелетке толмағандар елдің ертеңі болып табылады, сондықтан мемлекет қамқорлығы, сол сияқты кәмелеттік жасқа толмағандардың девиантты мінез-құлықтарын реттейтін мөлшерлері және қылмыс жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту процестері оның маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Осыған байланысты көптеген мемлекеттер кәмелеттік жасқа толмағандарды жауапкершілікке тартумен айналысатын арнайы органдар жүйесін құрды.

Жастар арасындағы қылмыс жасаудың өсуіне қарсы тұру мәселелері маңызды сипатқа ие болып келеді. Көптеген халықаралық ұйымдардың, оның ішінде БҰҰ Балалар орталығының, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және көптеген басқаларының зерттеулері де осы тақырыпқа арналған. 1955 жылдан 2005 жылдар аралығында 12 конференция өткізіліп, қылмыстың алдын алу жағдайы, кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасау мәселелері кеңінен талқыланды.

Арнайы құқық органдарын құру мемлекет пен жалпы халықаралық қауымдастықтың арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайта түсті. Әлемнің әр түрлі аймақтарында ювеналды юстиция саласындағы даму тәжірибелері мен істерді зерттеу келе жатқан халықаралық байланыстар бұған айқын дәлел бола алады. Әлемде бұл мәселе туындатқан өзгешелік ретінде төмендегідей халықаралық ұйымдар санының өсіп келе жатқанын айтуға болады: 1928 жылы пайда болып және 1930 жылы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі магистрлердің Халықаралық қауымдастығы (МАМН) болып қайта құрылған балалар үшін соттардың Халықаралық ассоциациясы, заң мамандығы саласындағы әйелдердің Халықаралық қоғамы (МФЖЮ), әлеуметтік қорғаудың Халықаралық қоғамы (МОСЗ), Халықаралық қылмыстық істер жөніндегі қоғам (МКО), қылмыстық құқықтардың Халықаралық қауымдастығы (МАУП). 1928 жылы құрылып, бүгінгі күнге дейін қызмет істеп келе жатқан бұл ұйымдардың барлығы кәмелеттік жасқа толмағандарды жауапкершілікке тарту мәселелерімен айналысады.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты заң тұрғысынан ықпал етудің тұжырымдамасын қалыптастыру негізі болып балалар құқығы Декларациясы (1959 ж.), балалар құқығы туралы БҰҰ Конвенциясы (1989 ж.), кәмелеттік жасқа толмағандарға құқықтық шаралар қолдануға қатысты, БҰҰ шағын стандартты ережелері («Пекин шындығы», 1995 ж.), кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істердің алдын алуға арналған БҰҰ жетекші ұстанымдары (Әр-Риядтық жетекші принциптер, 1990ж.), бостандығынан айырылған кәмелеттік жасқа толмағандарға қорғауға қатысты БҰҰ Ережелері (1990 ж.) сияқты халықаралық құқықтық базалар қызмет етеді.

Барлық әлемде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық істерінің көлемі ұлғайып келе жатқандығы аландаушылық тудыруына байланысты, қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасын анықтау мәселесін талқылау да маңызды істердің біріне айналуда. Жас мөлшері және жас мөлшерінің ерекшеліктері құқық үшін тек қана адамның биологиялық өзгешелігі ғана емес, әлеуметтік-психологиялық санатын анықтайтын өзгешелікке де ие болады. Қылмыстық жауапкершіліктің жас мөлшерлік ерекшеліктерін айқындай отырып, заң шығарушылар мынандай бірқатар жағдайларды назарға алады: кәмелеттік жасқа толмаған адам жасаған қылмыстық істі саралау, кәмелеттік жасқа толмаған жастың даму ерекшеліктерін есепке алу және осыған байланысты, олардың істеген қылмысты істерінің қоғамдық маңызын және ол үшін жауапқа тартылу өздерінің міндеті екенін түсінулері.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық істерінің өсуі, көптеген елдерде жергілікті тұрғындардың саны өсуінен біршама асып түсетіндігін атап өтуіміз керек. Бұнымен қоса, құқық қолдану тәжірибесі кәмелеттік жасқа толмағандардың ауыр және өте ауыр қылмыс жасауының үлкен мөлшерде болып отырғандығын дәлелдейді (бұл жерде «қылмыстық» термині қолданылмайды, өйткені кәмелеттік жасқа толмағандардың бірқатар санаты, қылмыстық құқықтардың қазіргі теориясына сәйкес, қылмыстық істің субъектісі болып табылмайды).

Сонымен қоса, қылмыстық заңдылықтардың салыстырмалы-құқықтық актілері, қылмыстық жауапкершілікке тартудың жастық мөлшерін айқындау, әр түрлі елдерде бірдей емес, әр түрлі маңызға ие екендігін көрсетеді және бұл осылайша кейбір жекелеген елдердің кәмелеттік жасқа толмағандардың жауалкершілігін құқықтық реттеу мәселелерін әлі де болса қарастыра түсу қажеттігін білдіреді.

АҚШ-тағы кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігі

Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша қылмыстық құқық қолданудың арнайыландырылған жүйесін құруға алғашқы қадам АҚШ-та жасалды. 1899 жылы Иллинойс штатының Чикаго қаласында тарихта түңғыш рет балалар үшін арнайыландырылған сот құрылды. Бұл бастама басқа штаттарда қолдау тапқаны сияқты, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Испания, Германия, Австрия, Ресей сияқты көптеген елдерге де таралып кетті. Чикаго соты ұлттық құқық жүйесінің ерекшеліктерін назарға ала отырып, осындай сот институттарын құру үшін үлгіге айналды.

АҚШ-тағы қылмыстық құқықтың позициясының өзгешелігі, онда заңдылықтар бойынша 14 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған жас та толық қылмыстық жауап-кершілікте болатындығын және 7 жасқа толмаған тұлғалар ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылмау мүмкіндігіне ие екендігін айқындайды. Сонымен қоса, тұлға өзінің не істегенін және өзінің істегені «дұрыс еместігін» түсінген жағдайда, 7-ден 14 жасқа дейінгі тұлғаның өзін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе сот шешіміне қалдырылады. Кәмелеттік жасқа толмаған жастың жас мөлшері 14 жасқа таялуы нақты бір тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкіндіктерін дәлелдеу процестерін біршама жеңілдетеді. Сонымен қоса, әрбір штаттың қылмыстық завдылықтары 7 мен 14 жастың аралығында болатын кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың жас мөлшерлерін өз беттерінше айқындау мүмкіндіктеріне ие екендігін де ескертіп өту керек.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі америкалық қылмыстық процесс тиянақты әрі жедел болып саналады. Оның басты мақсаты - тәртіп бұзушылықты анықтау және оған жаза тағайындау. Сот тарапынан қандай да болмасын кешеуілдету жүргізу кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі үшін өте қауіпті болады және тәртіп бұзушылықтың ұлғаюына сөзсіз бастап барады.

АҚШ-тағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі сот процедурасы мынадай үш кезеңнен тұрады:

1) Сотқа шақыру, оның кәмелеттік жасқа толмаған жаспен әңгімелесуі, істің алдағы қозғалысына және тоқтатылуына қатысты соттардың шешім қабылдауы және жасөспірімді сот немесе соттық емес процедуралардан босату. Бұл кезеңдегі соттың қимылдары метриалдарды тексеру, іріктеу (тазалау) немесе оларды сот құзырына жатқызу, тұтқынға алу туралы немесе алдын ала қамау (тұтқындау) мәселелерін шешу, айқындаушы мәжіліске дейін «оқиғамен» танысу барысында көрініс береді;

  1. қорытындысында үкім шығарылатын, жалғыз ғана сот немесе соттар қоллегиясы жүргізетін, соттық іс талқылаулары (істі тыңдау туралы өтініш, тиісті құжаттарды тіркеу, іс бойынша шешім шығару мәселесі жөнінде тыңдау, сот өкімі бойынша тыңдаулар).

  2. соттың рөлі соттық бақылау жүргізуді жүзеге асыру болып табылатын үкімнің орындалуы (бұл кезеңде де соттың жетекшілік рөлі, белсенділігі сақталады).

Кәмелеттік жасқа толмағандардың істерін жалпы қылмыстық соттар да қарай алады. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға жалпы қылмыстық сотқа тиесілі әрекет жасаған болса, кәмелеттік жасқа толмағандардың соты оны кері қайтару ретінде тыңдау үшін арнайы процедура жолдарымен кәмелетке толмағандардың сотының құзырына жіберу және жасөспірімді жалпы соттың қарауына беру туралы шешім қабылдай алады.

АҚШ-тағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі сот процестері, оның тұлғасын және оның болашағын сот шешімі қаперіне алып, оны америкалық қоғамның белсенді мүшелерінің қатарынан шығарып тастамауына көмектесуі үшін кәмелеттік жасқа толмағандарды қоғамның алдында қылмыскер ретінде сигматизациядан («клеймения») барынша шектеуге бағытталған.

Оның үстіне, сот жасөспірімді пробация агентінің қарауы мен қамқорлығына сеніп бере алады, аталған пробациялық агенттердің достық қадағалауда ұстауымен лайықты отбасыларына немесе отбасылық пансиондарға орналастырады және пансион шығындары ерікті қаржы төлемдерінің есебінен немесе пансионға тиісті шығындарсыз төленеді деп кепілдік береді. Кәмелеттік жасқа толмаған жасты, сот оның жынысына қарай жас делинквенттер мектебіне, жас тәртіп бұзушыларға арналған кәсіби мектептерге орналас-тыра алады. Егер жасөспірім кінәлі деп танылса, сот өзінің шешімін ең тиімді деп санаса, ол жасөспірімді штаттың заңдылықтарына сәйкес, арнайы осындай жасөспірімдер үшін жасалған немесе осы мақсаттар үшін ұйымдастырылған жабық мекемелерге орналастырады.

Дәстүрлі емес соттық құрылымдар жас тәртіп бұзушыларды барынша қорғауға, олардың арасында қылмыстық істердің алдын алуға, жас тәртіп бұзушылардың қоғамға қайтып оралуына ықпал етуге мамандандырылады.