- •Астана, 2015
- •Астана, 2015
- •Мазмұны
- •6.2. Семинар сабақтарының тізбесі
- •7.Пән бойынша сөж орындау және тапсыру кестесі
- •Емтиханда білімін бағалау сызба нұсқасы
- •Студенттердің білімін бағалау шкаласы
- •Дәріс материалдары
- •Ортодоксалды мектептер (астика)
- •Көне Үнді философиясының категориялық жүйесі
- •Ортодоксалды емес мектептер (настикалық)
- •Көне Қытай философиясы
- •3 Тақырып. Антикалық мәдениеттегі философия
- •XviiIғ. Батыс Еуропадағы ағартушылық философия
- •Семинар сабақтарының тапсырмалары
- •Тема 4. Ортағасыр мәдениетіндегі философия феномені
- •1 Әдебиеттер:
- •Соөж тапсырмалары
- •Көне Қытай философиясы
- •Тест тапсырмалары
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
3 Тақырып. Антикалық мәдениеттегі философия
Антикалық деген термин латынның «antiquus»-«ежелгі» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Грек философиясы деп қазіргі Грекия территориясындағы, Кіші Азия полистеріндегі мемлекеттер мен Рим империясында өмір сүрген грек ойшылдарының ілімдерін айтады.
Антикалық философияның кезеңдері әртүрлі классификацияланады. Солардың ішінде ең кең тарағаны келесілері болып табылады.
I кезең (б.э. дейінгі VI ғ.) – Сократқа дейінгі (иондық философия Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Гераклит, италийлық философия Пифагор, Парменид, Зенон).
II кезең (б.э. дейінгі V-IV ғ.) – классикалық (софисттер, Сократ, Платон, Аристотель).
III кезең эллинизм заманына келеді, Александр Македонскийдің жорығының арқасында грек мәдениеті Солтүстік Африка мен Батыс Азияға тарады.
IV кезең – Рим империясындағы антикалық философия.
Антикалық философияның алғашқы мектебі Миллет мектебі болып саналады. Милеттіктердің басты қарастырған мәселесі – алғашқы негіз, субстанция, архе. Бұл мектептің басты өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен.
Гераклит (шамамен б.д.д.540ж.). Оның есімі философия тарихында өшпес із қалдырған. Сонымен қатар, Гераклит тарихта Қараңғы деген қосымша атпен белгілі. Мұндай теңеу оның шығармаларының ерекшелігіне: ойлау машығының сипатына, тіліне, стиліне қарай айтылады. Гераклиттің ойлары өте қысқа әрі жинақты келеді. Ол түсініксіз сөздер арқылы терең ой жүйесін ширатып, әрбір құбылыс пен заттың мәнін ашуға тырысады.
Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр» дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір - бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.
Гераклит сол кездегі басқа ойшылдар сияқты жаратылыстану саласымен айналысып, дүниенің негізін материалдық біртұтастықтан іздеді. Сондықтан да ол дүниенің негізін отта деп есептеді.
Гераклит – көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман тұңғиығына, оның қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз жүгірткен ғұлама философ. Гераклиттің диалектикасы көптеген келелі мәселелерді көтерді.
Самостық Пифагор (шамамен б.з.д.580–500ж.ж.) – ежелгі грек ойшылы, математик, діни және саяси қайраткер. Пифагоршылдар мектебінің негізін салушы. Математика ғылымын терең зерттеп, пропорция теориясының негізін қалады. Ол санға және санның мәніне көп көңіл бөлді және табиғаттың жаратылысын зерттеп түсінуге тырысты. Пифагор тіпті сан арқылы әділеттіліктің, ажалдың, болмыс пен танымның, тұрақтылықтың, ер мен әйелдің және өзгешелік сияқты категориялардың мәнің түсіндіруге тырысты.
Сонымен Пифагор мектебі табиғаттың жұмбақ сырларын, құбылыстардың мазмұны мен мәнін сандар мен математикалық қатынастардан іздестіреді. Бұл түсінік ежелгі грек мәдениетінде пропорция категорияларының, симметрияның, дәлдіктің орнығуына ықпал етті.
Үндестікті сандық сәйкестік ретінде қабылдады. Әлемнің үйлесімі сандық пропорциямен, өлшеммен анықталды.
Элей философилық мектебінің негізгі мәселесі онтология немесе болмыс ілімі болып табылды. Бұл мектептің өкілдері Парменид және Зенон.
Демокрит (Абдерлік, шамамен б.з.д. 460 – 370ж.ж. ) – ежелгі грек философы, атомизмнің негізін қалаушы. Оның пікірінше, барлық материалдық дүние атомдардан тұрады. Атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең. Атомдар өзгеріске түспейді, мәңгілік, олардың саны шексіз, олар көлемі, пішіні, реті мен орналасуы жағынан ерекшеленеді. Олар үнемі қозғалыста болады.
Софистер б.д.д. V-IVғ. өмір сүрген. Софистік философия, шын мәнісінде, антропалогиялық ілім болып қалыптасқан еді. Оның негізін қалаушы аға буынның өкілі — Протагор болатын. Протагордың «Адам - барлық дүниедегі заттардың мөлшері» деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және соған қатысты процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады.
Софистердің шәкірті – Сократ (б.з.д.469–399ж.ж.) –философиялық антропологияның негізін салушы. Сократ әдісі «майевтика» деп аталады, грек тілінен «кіндік шеше өнері» деген мағынаны білдіреді. Осы әдіс арқылы Сократ, диалог үрдісінде ақиқат туындайды. Сократтың атақты қағидасы – «Сен алдымен өзіңді өзің таны» және «Менің білмейтінді білемін…». Сократтың басты қарастырған мәселесі – этикалық. Адам - бұл жан, жан дегеніміз - парасат, ақыл, ойлау белсенділігі мен адамгершілік, қылық. Адамның материалдық денесін терістемейді, бірақ, ең бастысы – «психея» (жан), оны жетілдіріп ізгілендіру керек. Ізгілік барлық байлықтың бастауы, жекелеген адамдардың, мемлекеттің игілігіне жеткізеді деген байлам жасайды.
«Өмірде және іс-әрекетте ізгілікті болу үшін не істеу керек?», - деген сұраққа алдымен ізгілікті түсіну керек, содан соң, түсіністік негізінде жадыда әрекеттеу керек деген жауап қайтарады. Ол ізгіліктің үш түрін бөліп көрсетеді: өзін-өзі ұстай білу; батылдық; әділдік.
Сократ классикалық кезеңнің үш атақты философтарының бірі болып табылады. Оның ілімін жалғастырушы, атақты шәкірттерінің Платон болды. Ол Сократтың ілімін жоғарғы деңгейге көтергендердің бірі.
Платон (б.з.д. 427–347ж.ж.) – ежелгі грек философы, объективті идеализмнің негізін салушы. Платон ілімі Гераклит, Пифагор және Сократ ілімдерін біріктіруші ілім болып табылады. Платонның философиялық мектебі – Академия – антикалық идеализмнің орталығы. Ол философиялық мағынасы жағынан кең көлемде «Сократ апологиясы», «Заңдар» еңбегінен басқа, 34 диалогтық үлгідегі хаттар мен эпиграммалық шығармалар жазған.
Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де - сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон. Сөйтіп, ол идеяны алға тартады.
Бұл ілім Платонды материалдық әлемді, физикалық, сезімдік, сонымен қатар материалдық емес, физикалықтан жоғары, метаэмпирикалық әлем жайлы сөз қозғауға жетеледі.
Табиғаттан тыс ақыл мен пайымдалушы шындықты идея деп атады. Идея - заттардың мәні, парадигма, әрбір заттың моделі. Идеялар тұрақты, өзгермейді. Олардың жиынтығын гиперурания деп атайды. Атының өзі айтып тұрғандай, ақыл ойдың жетістігіндегі бұл мифтік көрініс. Ол жанның ең жоғарғы бөлігіне ғана танылады. «Ғажайып – біріншіден, мәңгілік, яғни, туылмайтын, құлдырау мен дамуды білмейді. Екіншіден, бірдеңеден ерекше, бір жерден немесе бір кезде, біреумен салыстырғандай ғажайып емес, басқа уақытта, басқа жерде, басқалар үшін әр алуандығында. Ғажайып дегеніміз – алдымыздағы бет-бейне, қол немесе аяқ тіпті, басқа да дене бөліктері, сол сияқты сөйлеу мәнері, жан-жануарлар кейпінен тыс көрініс береді. Жер, аспан немесе басқа да бір нәрсе емес әрқашан өз-өзімен бірлік дәрежеде болуы... Ғажаптықтық бір бөлігінен бастау алып, әркез баспалдақпен жүріп келе жатқандай ең ғажайып әлемнің шыңына шығуды мақсат тұту қажет. Бір ғажап денеден екіншіге, екіншіден – барлығына, ғажайып денеден – ғажайып адамгершілікке, ал, ғажайып адамгершіліктен – ғажайып ілімге, міне, осы ілімдерден ғажаптықтың шыңына жетіп, мәнін түсінгенге дейін жету алға қойылған міндет», - деп жазады Платон .
Идеялар әлемі – көпшілдіктің, адамгершіліктің, эстетикалық, математикалық және басқа да идеялар. Парменидтің түсінігіндегі ақыл жететін әлем болып Тұтастық саналады. Тұтастық сияқты көбісі бір-бірімен байланыста болады ма?
Идеялар дүниесін иерархиялық жүйе ретінде түсіндіреді. Төмендегі идеялар жоғарғыдағыларға бағынады, жоғарғы идея абсолютті, басқалардың шарты болып табылады. Осынау шырқау шыңдағы идея Игілік, ол-тұтастық. Игілік - тұтастықтың функциясы. Тұтастыққа қарама-қайшы бастапқы - сансыз көптік, ол да шексіз.
Шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды. Платон жастарды философиямен айналысуға шақырды. Философ болу үшін, таңдана білу керек, — дейді.
Платонның шәкірті әрі антикалық ұлы философ Аристотель (б.з.д. 384-322ж.ж.). Аристотель философиясы тек қарым қатынасты анықтаушы ғана емес, сонымен қатар барлық грек философиясын аяқтаушы әрі логиканы қайта өңдеуші болып табылады.
Бізге жеткен Аристотель шығармалары мазмұны жағынан 7 топқа бөлінеді:
Логикалық еңбектері ( негізгі кітап «Органон», «Категориялар» т.с.с.
Табиғат философиясына арналған еңбектері: «Физика» 8 кітап, «Аспан жайлы» 4 кітап « Аспандағы құбылыстар жайлы»т.с.с.)
Жан дүниесі философиясына арналған : «Жан дүниесі жөнінде», «Өмір мен өлім туралы», «Тыныс алу туралы»т.с.с.
Тіршілік философиясына арналған: «Жануарлардың дене мүшелері жайлы», « Жануарлардың дүниеге келуі жайлы».
Бірінші физика 14 кітаптан тұратын. Соңына «Метафизика» деген атаққа ие болды.
Моральдық философияға арналған: «Никомахтық этикасы», « Үлкен этика»
Саясат пен экономикаға арналған: «Саясат», «Экономика», «Африканын саяси өмірі».
Көркем сөйлеу мен көркем сөзге арналған: «Риторика өнері», «Өлең сөз жөнінде».
Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі - болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Материалдық және формалдық себептерден басқа Аристотель әрекеттік және мақсатқа лайықтылық себептерді көрсетеді. Расында, белгілі бір нәрсенің Дүниеге келуі басқа нәрсенің әрекеті арқылы іске асады. Ал Дүниеге келген зат не үшін келді деген сұрақ заттың мақсатқа лайықтылық себебін көрсетеді. Оны Аристотель энтелехия (entelechia - бітімге келген, кемеліне келген, грек сөзі) деген ұғым арқылы көрсетеді.
Енді Аристотельдің метафизикалық көзқарастарын нақтылай «ай астындағы Дүниеге», яғни оның натурфилософиялық көзқарастарына келер болсақ, онда бұл Дүниенің бұрынғы философтар айтқан төрт стихиясына қайтадан ораламыз.
Аристотель алғашқы материя қанша енжар, сапасыз,сансыз т.с.с. болғанымен, дегенмен оның жылылық, суықтық, құрғақтық пен дымқылдығы бар. Ал олардың бір-бірімен жұп-жұп болып қосылуы Дүниенің негізінде жатқан төрт стихияны тудырады: жылы мен құрғақ-отты, жылы мен дымқыл-ауаны, суық пен дымқыл-суды, суық пен құрғақ-жерді.
Уақыт –қозғалыстың саны. Санды есептейтін адамның жан дүниесі ғана. Олай болса, ол-жан дүниенің қасиеті ғана. Шын дүниеде тек қозғалыс ғана бар.
Енді тіршілік әлеміне келер болсақ, Аристотель оған материя және форма тұрғысынан қарайды. Тірінің денесі материядан тұрса, жаны формадан тұрады. Тіршіліктің жаны оның ішкі энтелехиясынан құрайды да, белгілі бір мақсатқа лайықты етіп қозғалтып дамытады.
Әңгіме біржақтылықтан аулақ болып, әр нәрсе, іс-әрекет, жүріс-тұрыстың ортаңғы жолын табуда. Оған ақыл-оймен тоқу арқылы жетуге болады. Мысалы, кеңпейілдік-даңғойлық пен жан сауғалаудың екі ортасында:ерлік-ессіз батылдық пен қорқақтықтың ортасында: мырзалық-шашып-төгу мен сараңдықтың ортасында т.с.с. Сонымен еш нәрсе «өте» болмауы керек.
Аристотель ізгіліктің екі түрін көрсетеді: біріншісі-дианоэтикалық, екіншісі- этикалық.
Осы екі тұрғыдан Аристотель басқарудың үш дұрыс түрін, үш бұрыс формаларын ашады
Дұрыс түрлері: монархия ( monos - бір , arche –билік )-бір адамның билігі, аристократия ( ariston – ең жақсы,асыл ) - аз ақсүйектердің бірігіп басқарған билігі , полатия (polis – қала) – ерікті адамдардың байлығына қарай байланысты құрылатын үкімет билігі.
Бұрыс биліктерге келер болсақ , монархия, қандай жақсы билеу түрлі болса да бірте-бірте тиранияға –бір адамның зорлығына, заңсыз басқаруына әкелуі мүмкін.
Аристократия да жүре келе бір-бірімен сыбайлас болып қыз алысып-берісіп, халыққа қызмет етпей , олигархияға ауысуы ғажап емес.
Полития да бірте –бірте демократияға ауысып (Аристотель демократия ұғымы қазіргі мағынасынан гөрі басқаша қарайды), кез келген надан адамның кеудесін қағып «мен басқамын» деген пиғылын туғызып, мемлекеттің билігіне олардың келуін тудырады (қазіргі өтпелі қоғамдағы кейбір сайлаулар кезіндегі үрдістерге ұқсас.
Сонымен Аристотельдің біршама әлеуметтік-саяси көзқарастары бүгінгі таңға дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Оның көтерген көп мәселелері болашақ дәуірлердегі ғалымдарға рухани азық болып, олардың шығармашылық шабытын оятты.
4–тақырып. Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені
Ортағасырдағы батыс-европалық философия V-XIII ғ. қамтиды. Ортағасырлық батысеуропалық философиясында үстемдік етуші дүниетаным христиандық болды. Осы аталған дәуір философиясы «құдайдың қызметшісіне» айналды. Христиандылықтың қасиетті кітабы – Інжіл. Грек тілінен «кітап» деген мағынаны білдіреді. Христиандық дүниеге көзқарас монотеистік сипатта болды. Олар құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Әке - құдай, ұл – құдайы және қасиетті рух.
Орта ғасырдағы негізгі идея теоцентрлік сипатта болды, яғни жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы.
Христиандық теологияда екі жағдай негізделген – жарату (креационизм, лат. creatio – жарату) және шындықтың алдын ала белгілігі идеясы (ревеляционизм, от лат. revelatio – ашылу).
Жарату идеясы ортағасырлық онтологияда, ал алдын ала белгілігі идеясы таным туралы ілімнің негізінде жатыр.
Орта ғасырлық философия сонымен қатар, провиденциализм идеясын жариялайды – (лат. Providentia – құдірет, құдіретті күш) барлық дүниежүзілік оқиғаларды, соның ішінде тарихты және жеке адамдар мінез құлықты құдіретті күш басқаруы туралы көзқарастар жүйесі, персонализм (лат. persona – тұлға) жеке адамды алғашқы шығармашылық күш, ал бүкіл дүние Құдайдың жаратушылық пәрменділігінің көрінісі деп таниды.
Орта ғасырлық батысеуропалық философиясын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
Патристика (латынша - әке) – ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.
Апологетика ( грекше - қорғаймын, ақтаймын ) – ІІ – ІІІ ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім;
Классикалық патристика - (ІV-Vғғ.) - тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Христостағы екіұдайлық, яғни құдайлық және адамдық екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәһарлық табиғаты жөніндегі ілім;
Соңғы кезең (VІ-V ІІІ ғғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.
Схоластика (латынша мектеп) - ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды: 1.Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ.); 2.Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.); 3.Құлдырау кезеңі (ХІV-ХVғғ.).
Патристиканың көрнекті өкілі, белгілі христиан ойшылы Аврелий Августин (Блаженый) (354-430жж.). Оның атақты еңбектері - «Тәубеге келу», «Құдай қаласы туралы». Августин этикасы жақсылыққа қарағанда жамандықтың шығу тегіне көп көңіл бөлді. Жамандық адамнан шығады, ал жақсылықты құдай жаратты деп есептейді. Адам жақсылыққа емес, жамандыққа жауап береді. Августин ілімі уақытқа ерекше көңіл бөлді. Өз еңбектерінде парадокс ретінде қарайды. Уақыт әдетте өткен, қазіргі және болашақтың жиынтығы ретінде қарастырды. Бұрынғы кезең жоқ, болашақ та жоқ, ал қазіргі шақ өткен және болашақтың арасындағы қысқа сәт және ол қандай да бір ұзақтықты білдіреді. Осы тақырыпты талқылай отырып, Августин уақытты психологиялық қабылдау концепциясын тұжырымдады.
Бұрынғы және болашақ әліде бар, бірақ адамдардың санасында: өткен нәрсе - ол естелік, қазіргі- пайымдау, ал болашақ –күту. Августин ес пен уақыт арасындағы фундаментальдық байланысты айқындады: біз уақыт туралы білеміз, себебі өткен нарсе есімізде. Осыған орай, барлық адам өткенді есінде, ал кейбіреу нәрсе болашақты есте сақтауға қабілетті, көрген нәрсеге қарағанда.
Осыған орай уақыт бар, себебі бәрін есте сақтайды, олардың өмір сүруіне заттар керек, ал әлем жаралғанға дейін, ештеңе болмаған кезде, уақытта болмаған.
Аврелий Августин рухани биліктің зайырлы биліктен жоғары болғанын дәлелдеген. Мемлекет адамның күнәһарлық және діни жолына өздігінен шыға алмау қабілетсіздігі үшін қажет. Августин ілімін қабылдай отырып, шіркеу жер бетіндегі мәселелерді шешетін, жоғары арбитр түрінде көрсетіп, өзінің болуын жер бетіндегі құдайдың құдыреттілігі деп жариялады. Августиннің тағдыр туралы ілімі адамның еркіндігі мен іс әрекеті мәселелесімен тығыз байланысты. Августин пікірінше, тағдыр бұл-адамдық рухы түскен әулетке қатысты рақымшылық пен құдайдың махаббаты.
Рух пен материя арасындағы философиялық дау реалистер мен номиналистер арасында туды.
• Құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;
• Жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе «универсалий», яғни жалпылық ұғым мәселесі.
Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:
Номиналаизм (лат.nomo- ат, атау) бойынша алдымен қандай да бір зат пайда болса, оған ат беріледі. Олар құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Әке - құдай, ұл - құдайы, рух - құдай. Номинализм өкілдері - П.Абеляр, Росцелин, Дунс Скот, Жан Буридан, Роджер Бэкон.
Реализм бағыты бойынша алдымен заттың өзі емес, оның жалпы атауы «универсалийлер» пайда болады, яғни сөз, соған сәйкес зат болады. Құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Құдай туралы сөз бар, яғни құдайдың заты да, өзі де бар. Реализм өкілдері: А.Кентерберийский, Шампо.
Пьер Абеляр (1079–1142 жж.) –француз философы, теолог, реалистер мен номиналистер арасындағы делдал болды. Оның концепциясы «концептуализм» деген атау алды.
Христиан философиясының дәстүрлі тақырыбы – Құдай кемелін және оны жаратқанның жамандық әлемі алдында қорғау мәселелері ортағасырлық батысевропалық көрнекті схоласт философ Фомы Аквинскийдің (1225–1274 жж.) еңбектерінде қарастырылған.
Фома әулие Аристотельдің рационалды философиясын христиан дінімен сәйкестендіруге тырысқан. Ф. Аквинский ойынша, дін мен білімнің қарым-қатынасы гармонияға, бейбіт жарасымға құрылуға тиіс. Философия қарама-қайшылыққа ұрынған шағында (мысалы, уақыт шеңберіндегі жарату мәселесі), оның көмекке дінді шақыруы қажет. Ф. Аквинский - теоретикалық теологияның негізін салушы. Негізгі еңбектері: «Теология жиынтығы», «Философия жиынтығы». Ол Құдайдың барына 5 дәлелді келтіреді:
1. қозғалыс: барлық заттың алғашқы қозғаушысы – құдай;
2. себеп: барлық нәрсенің бір себебі болады: ол – құдай;
3. кездейсоқтық пен қажеттілік;
4. сапа дәрежесі: заттардың сапасы әр түрлі, ең жоғарғысы құдай;
5. мақсат: қоршаған заттың белгілі бір мақсаты болады, құдай - мәңгі. Ф. Аквинский томизм бағытының негізін қалаушы. Томизм – Ф.Аквинский іліміне негізделген католиктік философияның бағыты.
5-тақырып. Ислам мәдениеті контекстіндегі араб-мұсұлман философиясы
VII ғасырдан бастап Түркістаннан Испанияға дейінгі орасан зор аумақты арабтардың жаулап алу әсерінен көпұлтты теократтық мемлекет -Араб халифаты пайда болды. Бұл мемлекеттегі үлкен жетістік философияның негізі көне грек философиялық ойларын игеру барысында дамыды. Мұнда схоластикамен қатар V-ХII ғасырларда араб философиясыда дамыды, бірақ батысевропалық схоластикамен салыстырғанда мүлде басқа бағытта дамыды.
Араб философиясы исламға негізделген. Исламның қасиетті кітабы- Құран. Құран араб тілінен аударғанда «оқу» деген сөзді білдіреді. Ол 114 сүреден тұрады. Сүре-Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметі жайында хадис жинақтарынан тұрады.
Араб-мұсылман философиясының бағыттары: шығыстық перипатетизм, қалам, суфизм.
Шығыстық перипатетизм – араб философиясының бағыты, яғни Аристотель ілімін жалғастырушы бағыт.
Шығыстық перипатетизм өкілдері – Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд және т.б.
Әл-Кинди (800-879 жж.) – көрнекті шығыс перипатетизм өкілі, «араб философы» деген құрметті атаққа ие болған. Әл-кинди 200-дей шығарма жазған, «Алғашқы философия туралы», «Бес мән туралы». Әл-Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыстырды және философиямен айналысқысы келетін адам міндетті түрде математиканы білуі керек деп санады. Ол философияға рационалды түсіндірме берді. Аристотельдің ілімін жалғастыра отырып, философия - барлығы жайында білім деп айтты. Ол –Аристотельдің шығармаларын аударушы және оның ілімін жалғастырушы. Әл-Кинди Аристотельдің материя мен форма ілімін жалғастыра отырып, оны басты түпнегіз ретінде қарастырды. «Материя егер жоғалып кетсе ,онда басқаларда жоғалады, егер басқалар жоғалса, онда материя өзі жоғалмайды»[5, 110].
Әл-Фараби Әбу Наср ибн Мұхаммед (870-950жж.) философ, ғалым-энциклопедист, белгілі шығыс аристотелизмінің өкілдерінің бірі, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз». Ол Бағдатта, Алеппода, Дамаскте тұрған.
Әл-Фарабидің шығармашылығындағы басты маңызды бағыттырының бірі антикалық мұраны тарихи-философиялық талдауы. Платон мен Аристотельдің іліміне ерекше қызығушылық көрсетті, ол олардың іліміндегі айырмашылықты емес, керісінше ортақ ақиқатқа деген ұмтылысты яғни, ұқсастықты атап көрсетті.
Әл-Фараби алғашқы шығыс перипатиктерінің бірі, Аристотельдің шығармаларына логика, диалектика, риторика, поэтика және де т.б трактаттарына философиялық білімнің басқа ілімдерден басымдылығы жайында өзінің пікірін қалдырды. Риторика мен поэзияға негізделген діни түсінік өте тиімді білім және қарапайым халыққа негізделген. Рационалды түсінікке, логикаға байланысты философия негізінен ақиқатты тануға, болмыстың бастамасы және ақылды, қабілетті санаға бақытқа жол ашады, оның жанын мәңгілік етеді. Осы жағдайлар қоғамды, мемлекетті басқаратын философ-билеуші болуы қажет екенін анықтайды, сонда ол қоғам «қайырымды қалаға» айналады, «надан қала тұрғындарына» қарағанда әділетті заңмен өмір сүреді, әркім өзіне жүктелген қызмет атқарады сол үшінде ол қоғам мен тұрғындар бақытты деп санаған.
Әл-Фараби бейнелеген мемлекет құрылымы жалпы әлем құрылымына талданылған. Болмыстың шекті негізі бастама, біртұтастық болып табылады. Бұл бірінші себеп, әлем туындайтын алғашқы бастамадан және эманация үрдісінен шығады, әлемдік санадан, әлемдік жаннан, алғашқы материядан және заттар әлемінен аяқталады. Өз кезегінде, заттар әлемі өлі табиғаттан басталып, минералдар, эволюциялық деңгейлерден дамудың шыңына адамның саналы жанымен жетеді. Әл-Фараби ілімінде Құдай (Алғашқы бастама) және әлем шешілместей байланған. Әл-Фараби Құдай бар және ол әлем сияқты түпнегіз, бірақ іске асырушы біртұтастық, әлем де құдай сияқты түпнегіз, бірақ көпше түрде байқалады.
Әл-Фараби іліміндегі маңызды бөлім жан мен сананың концепциясы болып табылады, жан мен сананың біртұтастығын, тәннің жансыз өмір сүре алмайтындығын пайымдады. Сонымен қатар, сананың өзгешелігін материалды емес бастама ретінде белгілеп, Әл-Фараби адам санасының тынбай еңбек етуімен өзін-өзі жетілдіруі тәннің билігінен және тұтқынынан бостандықта болатындығын айтқан: «Адам жаны болмыстың жоғары сатысына көтеріледі, сол себепті өзінің материяда өмір сүруін қажет етпейді... ол бастамалармен байланысып, материядан алыстайды, осылайша мәңгілік өмір сүреді»
Әл-Фараби ілімі арабтілді перипатетизімнің дамуына үлкен әсерін тигізді, Ибн Синаны философ ретінде, Ибн Бадж, Ибн Туфейл, Ибн Рушд, сонымен қатар Маймонд теориясының қалыптасуына өз үлесін қосты.
Ибн Сина (латын тілінде – Авиценна, Avicenna) философ, энциклопедист, дәрігер, поэт, математик. Ибн Синаның атақты және ерекше маңызға ие шығармалары «Емдеу кітабы», «Құтқару кітабы», «Білім кітабы», өлең кітабы «Медицина жайындағы поэма». Оның негізгі еңбектері латын тіліне аударылған, ХIIғ. Еуропада кеңінен таралған «Медицина каноны». 30-дан аса баспаханаларда басылып шыққан, бірнеше ғасырлар бойы Батыс дәрігерлерінің басты кітабы болды.
Ибн Сина философия ғылымының классификациялауда және метафизика пәнін түсіндіруде Аристотельге сүйенді. Әл-Фарабидің ілімінің негізінде, ол мәннің басқаның арқасында өмір сүруін және міндетті түрде қажет мәннің арқасында өмір сүруін ажыратты.
Абсолютті қажет мән - Ибн Сина үшін Құдай, барлық нәрсенің шекті мәні ғана емес, сонымен бірге теологиялық ислам дүниетанымы бойынша тұлға болып табылады. Ибн Сина креационизм доктаринасымен келіседі, әлемнің жаратушыға бағынуын айтты. Жаратылыстың мәңгілігін Ибн Сина эманацияны неоплатондық ұғым арқылы түсіндіреді, алғашқы біртұтас бастамадан көптік жаратылыс әлеміне логикалық өтуге сүйене отырып дәлелдейді. Алайда неоплатонизмнен ерекшелігі ол эманация үрдісін аспан сфераларымен шектеді, материя мәнін соңғы бәсең біртұтастық ретінде емес, болмыстың кез-келген керек элементі ретінде қарастырды.
«Кеудесінде жаны бар, сергектік баласы» философиялық шығармасында білімді аллерголиялық формада белсенді сана жайында баяндайды, ол адамды таным жолында жоғары абстрактілі шындыққа апарады. Физика және метафизика пәні мұнда кғарыш тұрғысынан қарастырылған, осылай ойша саяхат жасауға болады. Ғарыш үш әлемге бөлінеді: материалды әлем (Батыс), мәңгілік жаратылмаған формалар әлемі (Шығыс) және жер, физикалық әлем оның нақты барлық көптүрлілігінде. Жекеленген жан тәнмен біртұтас субстанцияны құрайды, бұл адамның біртұтас тірілуін қамтамасыз етеді, нақты философиялық ойлауды қолдаушы, яғни саналы жанға бейімделеді. Абсолютті шындық интуитивті бастауға жетуі мүмкін, ойлаудың кульминациялық үрдісіне әкеледі.
Ибн Рушд ( латын тілінде Аверроэс) Averroes) Абу-л-Валид Мухаммед ибн Ахмед (1126-1198) - философ, ғалым, дәрігер, шығыс перипатетизмнің көрнекті өкілі, ұлы комментатор құрметті атағына ие, Аристотель шығармаларына түсіндірме ретіде шағын және кең көлемде талдау жазған. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды».
Оның идеяларын жалғастырушы еуропалық өкілдер-аверроисттер өз жұмыстарына кең қолданды. Ибн-Рушд «Екі жақты ақиқат» туралы әйгілі ілімнің негізін салушы. Ақиқат біреу, бірақ оған жету жолы екеу-білім жолы немесе ғылыми, сенім жолы.
Қалам - «спекулятивті теология» - араб-мұсылман философиясы бағытының бірі, IХ ғасырдың басында пайда болған силлогизм және аналогиядан туындаған, негізінде діни беделге емес, философиялық жағдайға байланысты.
Исламдағы діни-саяси ағымдардың пайда болуымен қатар дамыған дискуссиялар, мұсылмандардың басқа сенім өкілдерімен, христиан өкілдерімен пікірталасы. Бұл пікірталаста құдайдың мәні, құранның негізі, құдайдың жазуы, бостандық мәселесі қаралды.
Суфизм («суф»-жүн, шаш) - исламдағы мистикалық аскеттік ағым. Адам үшін жоғарғы игілік адамның қоршаған ортадан, барлық қызықтан бас тартуы. Суфизм - дегеніміз адамның дүниеге деген рухани-теоретикалық, рецептурлық-пәндік қатынасының органикалық тұтастығы болып келетін рухани-тәжірибелік ерекше іс-әрекеті және бұл қатынастар адамдардан мүлдем аулақтау, өмірден баз кешу дегенді емес, адамның бойы Суфизмнің теоретиктері мистикалық экстазға жетудің төрт жолын көрсетеді:шариғат, тариқат, мағрипат, хақиқат.
6–тақырып. Ренессанс және Реформация мәдениетіндегі философия.
Қайта Өрлеу философиясы (Ренессанс) XIV - XVI ғ.ғ. қамтиды. Ренессанс философиясы ортағасырлық теоцентрлік сипаттың орнына атропоцентрлік принципті қояды. Ренессанс философиясын анықтайтын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Олар: гуманистік, утопиялық, реформаторлық, натурфилософиялық және әлеуметтік-саяси көзқарастар. Қайта Өрлеу дәуірі философиясы антикалық философия дәстүрін қайта жаңғыртып, адам мәселесін зерттеуге талпынды. Гуманизм, адамның шығармашылық дербестігі принципі, оның өмірдегі барлық жақсылықтарды иеленуге құқығы бар сияқты идеялары кең тарады.
Гуманистік бағыт XIVғ.-XVғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизм бағытының негізін салушы Ф. Петрарка. Шығармалары: «Өлеңдер кітабы», «Менің құпиям». Ол бірінші болып жеке бастың өзіндік санасының қалыптасуының негізін салды. Гуманистік антропоцентризмнің басты сипаттамасы - адам басты құндылық болып есептелінеді. Гуманистер не еретиктер, не атеистер болған емес, керісінше олардың көпшілігі құдайға сенді, бірақ олар ең бірінші орынға адамды қойса, одан кейін құдай туралы сөз қозғайды.
Оның шығармаларынан тіл мәдениетінің өзгерісін, құндылықтардың жаңаша межелін көреміз. Беделге жүгіну, бір дәстүрге бас июшілік мәдениет байлығын зерттеумен алмасады. Гуманизм адамдарға көзқарастардың кеңдігін, жаңа идеяларға ашылу, діни қауымдардың шырмауынан босанып дәстүрді таңдаудағы еркіндік берді.
Гуманизм адамға кең көзқарас, жаңа идеяларға ашықтық, дәстүрді таңдау еркіндігін берді. [6, 131]. Франческо Петрарка киелі Августиннің «Насихаттар» үлгісіне қарап, киелі Августин мен Петрарканың Ақиқат сотының алдындағы үш диалог форматында «Менің құпиям» атты кітабын жазды. «Триумф любви» және «Триумф Целомудрия» атты дидактикалық поэмалар; итальян тілінде жазылған – «Канцоньере» лирикалық өлеңдер кітабы алғаш жарыққа шықты. Мысалы, олар әр түрлі аңыз бен әңгімелер, өлең мен жинақтар, анекдоттар мен каламбурлар және дидактикалық поэмалар арқылы жүзеге асады.
Петрарка антикалық жазушылардың мәтіндерін мұқият талдап және оларды бастапқы қалпына келтіріп, антикалықтың мәдени мұрасын ревизияға тартқан. Ол өзін екі кезеңнің тоғысында тұрғандай сезінген. Ол өз ғасырын бүлінген және торыққан деп санаған, бірақ оның кейбір құлшынысы игермей қоюға мұрша бермеді.
Пико делла Мирандоланың (1463-1494жж.) атақты «Адамның абыройы жайында сөзінде» (1496 ж.) гуманистердің антропоцентристік идеялары жинақталған. Ол қазіргі антропологиялық философиясын негіздеудегі адамның еркіндігін анықтамасына керемет түсініктемелер береді: әлемдегі барлық мән өзінің табиғатына ие, өмір сүруінің мәні, мағынасын, өз өмірін басынан аяғына дейін алдын ала белгілейді, тек адам ғана мүмкіндіктерін шектейтін нақты табиғатқа ие емес. Адам «табиғаты» - еркін болу, яғни өз - өзін жасаушы, өз «мәнін» анықтаушы, өзін іс - әрекетте тудыру.
Адам «табиғаты» - еркін болу, яғни өз өзін қалыптастыру, өзінің «мәнін» өзі анықтау, өзін іс-әрекетте көрсету. Көптеген гуманисттер артынан Пико: «Адам – ең ғажап!» деп қайталай берген. Ал содан Құдай адамды әлемнің ортасына қойған: «Мен сені өмірдегі барлығын ыңғайлы бақылау үшін әлемнің ортасына қоямын» деп сендіреді. Құдайлық Жаратылыс актысы тарапынан Пико делла Мирандола Құдай адамды «барлық жаратылыстың арасындағы делдал» ретінде жаратты.
Адамның өзіндік ештеңесі жоқ, бірақ Құдай жаратқанның барлығымен, әрбір Құдайлық жаратылыспен ортағы бар. Пико делла Мирандоланың шығармалары өз замандастарына қатты әсер тигізді. Ал «Адамның абыройы жайында сөзінде» алғаш толық көлемде 1496 ж. жарияланған және итальяндық ойшылдың өлімінен кейін Қайта жаңғыру кезеңінде ең жарқын шығармалардың бірі болды.
Қайта Жаңғыру кезеңі әлеуметтік – утопиялық көзқарастармен танымал. Томас Мор (1478-1535 жж.) – утопиялық коммунизмнің негізін қалаушы. «Утопия...» (1516) - оның қоғамдық өмірге көзқарасын баяндайды. Мұнда «Утопия» - «Нигдея». Еңбекте утопияшыл – аралдықтардың тамаша өмірлері сипатталады. Оның басты ерекшеліктері – антииндивидуализм, ұжымшылдық, жеке меншікті жою, тұтынудағы теңдік. Мор алғаш христиандыққа және Платонның идеалды мемлекет теориясына сүйенеді. Мор утопияшылдарды Қайта Жаңғыру ойшылдарын рухтандырған үйлесімді жетілген тұлға идеалымен толық сәйкестікпен сипаттайды. Барлық утопияшылдар – жоғары білімді, мәдениетті, еңбекқор адамдар. Жеке меншік, ақша айналымы және т.б. таратылған утопиялық мемлекет кейпі өз түрінде «идеалды мемлекетті» гуманистік армандау кульминациясы болды.
Томмазо Кампанелла (1568- 1639 жж.) 27 жыл инквизиция құрбаны болып, түрмеде отырып, әйгілі «Күн қаласы» атты екінші «утопиялық социализмге» арналған классикалық трактатын жазды. Мораға қарағанда Кампанелла адамның намысына тиетін әлеуметтік тәртіптерді өзгертуге белсенді қатысты. Ол «Утопия» авторы секілді тек қана мүлдем басқа қоғамды тілемеген және қоғамдық қатынастарды қайта құруға ұмтылған. «Күн қаласы» шығармасында Метафизик басшы болып, үш басты көмекшіге сүйенеді – Қуат, Даналық және Махаббат. Қуат әскери жұмыстармен, Даналық – ғылымдармен, ал Махаббат – тамақтанумен, бала туумен, асыраумен жетекшілік етеді. Олардың әрқайсысы тар мамандықтарға сүйенеді (грамматика, логика, физика, саясатк, этика, экономист, астролог, астроном, геометрик және т.б.). Солярийлердің заңдар мен рухани ережелері жай және қысқаша, ғибадатхананың кіреберісіндегі жез тақтада жазылған. Шындығында олар евангелистік ережеге тіреледі: өзіне не тілемесен, соны басқаларына істеме және нені тілесең, соны басқалары сізге жасасын және сіз де жасаңыз. Солярийлердің діншілдігі де қарапайым және рационалданған. Күн дәстүрі неоплатондық дәстүрлердің әсерін растайды және Кампанелланың натурфилософиялық түсініктеріне сәйкес келеді.
XVI ғасыр – Реформация ғасыры. Гуманизм интеллектуалды этиканы қозғаса, Реформация көпшіліктің ойын қамтыды. Ол католик шіркеуіне қатты соққы тигізіп, христиандықтағы үшінші бағыт – протестантизмнің тууына себепші болды. Католик шіркеуін екіжүзділік және сатқындығы үшін сынаған Мартин Лютер (1483-1546) Виттенберг шіркеуінің есігіне бірнеше тезистерді қағып, 1517 ж. Реформацияның негізін салды. Оның басты тезисі: ешбір «іс-әрекетсіз» (ғибадат) тек жалғыз сенім арқылы құтқарылу. Осылайша, клирдың рухани жетекшісі жойылып, барлық «қасиетті аңыздың» (папалық декреттер, жолдаулар, қаулылар, соборлар) мағынасы айырылады. Адамның құтқарылуы үшін тек жалғыз Інжіл керек. Протестантизмнің екінші басты принципі – жалпы дін жолы. Барлығы Құдай алдында тең. Осылайша, руханилық жойылмаса да, сандар және құқықтары жағынан мәнді шектелді. Протестантизм моралында ерте буржуазиялық қайырымдылық, протестанттық этика көрінді: «сиын және жұмыс жаса», әрекетшіл бол, үнемшіл және өмірде қарапайым бол. Ісіңдегі сәттілік, байлық және мансап – осы іске Құдайдың «қабілеттілігінің» және «таңдаулысының» белгісі.
Қайта өрлеу дәуірінің диалектикасы даму проблемасына деген жаңа көзқараспен сипаттайды, ол шексіздік пен ақырғының бірлігі ретінде түсіндіріледі. Бұл диалектика Николай Кузанскийдің (1901-1964 жж.) есімімен байланысты. Кузанец деп атауларына оңтүстік Германияда орналасқан туған ауылының есімімен байланысты еді. Шын аты – Кребс немесе Круфтс. 1426 жылы ол дін қызметкері болады да, 20 жыл өткен соң кардиналдық дәрежеге жетеді. Діни қызметтерін үнемі философиямен байланыстырып отырған. Кузанецтің туындыларының ішіндегі ең көрнектілері «Ғалымдардың білмейтіні жайлы» (1438-1440 жж.), «Құдайды іздеу жайында» (1445 ж.) атап көрсетуге болады. Николай Кузанецтің діни-философиялық жүйесінің негізін диалектика алып жатыр. Өз диалектикасын құру жолында болмыстың жаңа қырынан шығады. Ол болмысты жаңаша түсіндіреді.
Н. Кузанскийдің пайымы бойынша «ғарыштың ортасы мен айналасы - Құдай. Сондықтан да әлем ақырғы, әрі шексіз. Ол - тәжірбиелік, эксперименттік танымның жақтаушысы. Ғылымда математикадан өзге дәйекті ештеңе жоқ» - дейді ол. Оның әдістемесінің жеке даралығы да «білімсіз ғалымдар» деген атпен берілген, толыққанды математикаға негізделген болатын. Бұл әдістің негізі мынада жатыр еді: шеткі дүние жайлы сөз болғанда шешім шығару қиын емес, ал мәңгілік жайлы айтар болсақ, әрине, бұл жағдай өте ауыр және шешім шығару мүмкін емес. Біздің білімсіздігіміздің кесірі – «біткен іске қатысты пропорцияның жоқтығы». Оның философиясы пантеистік сипаттамада, оның «Құдайда барлық заттар, олардың барлығы соның бойында».
Дүниені танудың негізі - пантеистік көзқараста еді. Ол өз бойына материализм мен идеализм элементтерін қоса сіңірді. Алайда, руханилыққа қарағанда материализм басым болды. Бұл дүниетанымның онтологиясы- гелиоцентризм болып табылады.
Николай Коперник – поляк астрономы. Әлемнің гелиоцентристік жүйесін жасаушы. Коперник ілімі шын мәнінде революциялық іс болды.
1543 жылы Николай Коперник «Аспан денелерінің айналуы туралы» деген еңбегін жариялады. Осы еңбек Ренессанс дәуіріндегі адамның дүниетанымына, дүниеге деген көзқарасына түпкілікті төңкеріс жасады.
Оның мәнісі мынада еді: антикалық дәуірде Птолемей Клавдий айтқан геоорталық жүйесіне гелиоорталық жүйесін қарама-қарсы қояды. Птолемей ғаламшар жүйесінің орталығы жер, оны айнала Күн және басқа планеталар айналып жүреді деген болжау айтса, Н. Коперник барлығының орталығы - Күн дегенді дәлелдейді.
Сөйтіп, Птолемейдің жүйесіндегі тәрізділік пен шындықты ажыратпағандықтан болған қателікті ашып көрсетеді. «Күннің қозғалысы болып көрінетін, оның қозғалысынан емес, Жердің және оның сферасының қозғалысынан туындайды, олармен бірге біз барлық басқа планеталар тәрізді Күнді айналамыз», - деп жазады Коперник. Сонымен, дүниенің ортасы Жер емес, Күн. Осылайша, Н. Коперник діни дүниетанымның іргетасы болып табылатын геоцентристік жүйеге соққы берді. Ол инквизицияның қатал жазасынан өзі ажал арқылы ғана қашып құтылды.
Коперниктің төңкерісін кейінірек Джордано Бруно (1548-1600 жж.) жалғастырды Н. Коперниктің осы ілімін "Түпкі себеп, түпкі ие және бірлік туралы", "Мәңгілік және әлем мен жер беті", "Өлшенбейтін, саналмайтындар жайлы" т.б. өзінің негізгі еңбегінде одан әрі дамытты. Күн галактикасынан басқа толып жатқан әлемнің бар екендігін, ал дүние сол шексіз әлемді түзететінін дәлелдейді. "Мәңгілік және әлем мен жер беті" еңбегінде Джордано Бруно "Біздің мекеніміз - Жер, сол шексіз мұхиттың бір тамшысындай, құмның бір түйіршігіндей ғана," - деп жазды. Осы идеясы үшін Джордано Бруноны инквизиция соты отқа қақтап өлтірді.
Галилео Галилей Дж. Бруно мен Н. Коперниктің пікірлерін математикалық тұрғыдан дәлелдейді. Ол да өзінің ғылыми ойы үшін инквизиция сотына тартылды. (Олар алдында оған қойылған соңғы сұрақ "Жер айналып тұр ма?", - деген екен.)
Демек, бұл философия болмыс дегенді материалдық, яғни табиғи болмыс деп ұғынады. Оның даму көзі - өзінде. „Табиғат - заттағы Құдай" (Дж. Бруно). Ол - барлық заттардың басы мен түпкі себебі. Материалдық субстанция табиғат құбылыстарының көптүрлігімен ашылады, - дейді Дж. Бруно.
Қайта өрлеу дәуірінің саяси ілімдері Николо Макиавеллидің (1469-1527 жж.) атымен тығыз байланысты. Тарихтың даму көзі ретінде ол материалдық қызығушылық пен жеке меншікті санаған. «Адамдар жеке мүлігіне қарағанда, әкесінің өлімін тезірек ұмытады», - дейді Макиавелли. Ол негізінен діннің алар орны аз болатын, бірыңғай мемлекеттің құрылымын жақтады. Саяси ілімінің негізіне ол мынадай ұстанымдарды кіргізеді: зорлық пен қорқытуларға позитивтік көзқараста болу деген сияқты.
Бұл дәуірге алғаш рет қоғам жайлы әлеуметтік әділдік деген утопиялық ойларымен социализм деген атқа ие болған идеялар қосыла бастайды.
7–тақырып. Жаңа Дәуір мәдениетіндегі Батысевропалық философия
XVIIғ. философиялық ойдың даму тарихындағы Қайта Өрлеу кезеңінен кейінгі келесі парақты ашады. Ол кезең «Жаңа дәуір философиясы» атауына ие болды. Жаңа буржуазиялық қоғамның дамуы шіркеулердің рухани әміршілдігінің әлсіздеуіне алып келді. Жаңа әлемді тану Еуропалық өркениеттің тарихи жолының даму мәселесін ерекше қаталдықпен алға қойды: рухани немесе ғылыми техникалық прогресс? Осыдан барып ғылым және философияның міндеттерін «Ғылымдар үшін ғылым» емес, ал табиғат үстінен адам билігінің өсуі үшін ғылым деген жаңа түсінік пайда болады. Ғылымның жаңа мақсаттары мен міндеттері нақты мәліметтердің айтарлықтай жиналуына, эксперименталды математикалық жаратылыстанудың қалыптасуына алып келеді. Философияда ол табиғатты зерттеудегі тәжірибелі және абстрактілі тәсілдермен байланысты мәселе ретінде көрінді.
Көптеген факторлардың жүйелеуіндегі ғылымның қажеттілігі, әлемнің толық бейнесін жасаудағы табиғат құбылыстары арасындағы себеп салдарлы байланыстарды бекіту танымның жаңа әдістерін қарастыруды белсендірді. Осы арқылы философияда бірінші жоспарға таным теориясының (гносеология) мәселелері алға шығады, жекелегенде: білудеген не? Ақиқатқа жолды не көрсетеді – сезіну немесе ақыл, интуиция немесе логика? Таным аналитикалық немесе синтетикалық болу керек па? және тағы басқалар.
Жаңа Еуропалық философияның бастамасы ағылшын ойшылы, саяси қызметкер Френсис Бэконмен (1561-1626жж.) байланысты. Ол философиядағы бағыт эмпиризмнің негізін салушы, оның негізінде сезімдік тәжірибе жатыр.
Негізгі шығармалары: «Ұлы ғылымның қалыптасуы», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида», «Бастамалар мен қағидалар жайлы» (аяқталмаған зерттеулер) және басқалар.
Философияның негізі ретінде Бэкон танымның жаңа әдісін құрастыру, ал ғылымның мақсаты адамзатқа пайда әкелу деп санады. Беконның пікірі бойынша ғылымды «Өзінің рухы үшін емес, кейбір ғылыми таластар үшін емес, атақ пен пайда үшін емес, билікке жету үшін емес, одан өмір өзі пайда табу мен жетістікке жету керек» деп санады. Білімнің тәжірибелік бағыты Бэконның белгілі «Білім-күш» афоризмында көрініс тапты. Бэконның бағалауы бойынша барлық танымның негізі болып, анықталған мақсатқа бағынатын және соған сәйкес ұйымдастырылған тәжірибе болып табылады. Арнайы осы үшін ол индукция деп аталатын логикалық әдістің негізін салды. Индукция – ой қорытындысының формасы, яғни таным процесі білім жеке факторлардан жалпы теоретикалық жағдайларға қарай қозғалады (жекеден жалпыға).
Джон Локк (1632-1704жж.) - филосфиядағы сенсуализм бағытының негізін салушы, ағылшын философы, таным үрдісіндегі ақиқаттың негізгі көзі мен белгілері сезім болып табылады.
Негізгішығармалары: «Адам ақыл ойы жайындағы тәжірибе», «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат», «Сенім төзімділігі туралы хат», «Тәрбие жайындағы ойлар».
Оның «Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы» деген еңбегінде философия тарихында бірінші рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Адамның ақылы, зердесі - зерттеудің негізгі нысаны. Сондықтан ақылдың мүмкіндігін, оның қабілетін зерттей отырып, оны қалай пайдалану керектігін білуіміз қажет. Білім қандай жолмен пайда болады? Ақыл білімге қалай келді? Локк осы мәселелерді шешуде жалаң рационалистік көзқарасқа сүйенген Декарттың дүниетанымын қатты сынға алды. Ол ең алдымен Декарттың білім «туа пайда болады» деген идеясын сынай отырып, сезімде жоқ нәрсе ақылда да болуы мүмкін емес деп, эмпирикалық таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза («tabula raza»), оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Ал сыртқы дүние сезім мүшелеріміз арқылы бізге әсер етіп, білім береді. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр. Мұндай көзқарас сонау Бэконның философиясынан басталатын белгілі бір эмпирикалық бағыттың сара жолы болатын.
Локк материалистік сенсуализмнің принципін негіздеді. Оның басты тезисі: «алдын ала түйсікте болмаған нәрсе ақыл-ойда болмайды». Түйсіктер сыртқы дүниедегі заттардың біздің сезім мүшелерімізге әсер етуінен туындайды. Дж.Локк сапаны алғашқылық және соңғылық деп екіге бөлді. Кейін бұл субъективтік идеализмге негіз болды. Метафизикалық тәсілді жасауда Локк көрнекті роль атқарды. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарды тәжірибе жүзінде танып-білу үшін оларды жеке-дара, байланыссыз қарастыру қажет деді.
Томас Гоббс (1588-1679жж.) – сенсуализм өкілі, ағылшын философы. Негізгі шығармалары: «Левиафан», «Философиялық трилогия», «Философия негіздері», «Тән жайында», «Адам жайында», «Азамат жайында».
Гоббстың философиялық ойлауының орталық мәселесі мемелекет пен қоғам болды.
Бұл шығарма қоғамның пайда болуын, оның даму жолдарын жан-жақты талдауға әрекет жасайды. Ұлы ойшыл қоғамды екі дәуірге бөледі. Алғашқы дәуір табиғи деп аталады. Мұндағы адамдардың барлығы тең құқылы, олар барлығына, яғни заттарға толық иелік етеді. Бірақ, бұл тең құқылық адамдардың арасындағы өзара қақтығысқа, соғысқа, бірін-бірі қырып-жоюға, сөйтіп адамзаттың жер бетінен кұрып кетуіне әкеліп соғатын еді. Осыған байланысты «адам адамға қасқыр» принципі шықты. Сондықтан адамдар өзара келісе отырып, «мынау менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырады. Мұның өзі әркімнің жеке меншігінің пайда болуына әкелді. Ал жеке меншікті қорғау керек. Ол үшін белгілі бір күш, әкімшілік орын, яғни мемлекет қажет. Ендігі жерде адам баласы екінші дәуірге аяқ басты, яғни бұлардың шығуы қоғамның тууына әкеліп соқты. Сөйтіп, Гоббстың ойынша, қоғамның шығуы заңды түрде жеке меншік пен мемлекеттің тууына әкеліп соғады. Олай болса, жеке меншік, мемлекет әрі заңды, әрі қажетті, әрі объективті, әрі қасиетті. Ендеше, заңды түрде пайда болған бұл процеске қарсы шығуға болмайды. Осыған орай, «қоғамдық келісім» теориясы орнайды.
Рене Декарт (1596–1650 жж.) – француз философы, филосфиядағы рационализм бағытының негізін салушы, таным үрдісінің негізі ақылда деп қарастырды.
Негізгі шығармалары: «Әдіс туралы ойлар» «Бірінші философия туралы ойлау», «Философия бастамасы», «Ақылды басқару ережелері»және т.б. Бұл шығармаларда онтология мен таным теориясының сұрақтары қаралды және ғылыми әдістер құрылды.
Декарттың шығармашылығында болмыс туралы ілім маңызды орынға ие болды.
Бұл ілімнің басты ұғымы «субстанция» болып табылады. Оның философиясы зерделі ойдың негізінде дүниені екі субстанциядан (латын тілінде - негіз деген мағынада), яғни материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Бұл екі субстанцияның мәнісі-басқа заттың бар болуынан тәуелсіз өмір сүріп тұрған зат бір-біріне бағынышты емес, бір-бірінен келіп шықпайды. Айталық, материалдық субстанция рухтан немесе санадан пайда болмайды. Сондай-ақ, идеалдық субстанция да алғашқы болып саналады, ол да өз алдына тәуелсіз, дербес. Бұл екеуінің өзіне тән ажырамас қасиеттері, атрибуттары бар. Материалдық субстанцияның атрибуты - тұрақ немесе өріс, ал идеалдық субстанцияның атрибуты - ойлау.
Философиямен айналысқан Декарт математикалық принциптер сияқты философияны да абсолюттік негізде тудыру керек деп санады. Сондықтан да ол философияның негізгі бір тапжылмайтын, нақты принцип арқылы дамытуды көздеді. Философия тарихында әйгілі болған бұл принцип «күмәндану» деп аталады. Ұлы философ өзінің күмәндану принципін былай деп негіздеді: «Егер мен күмәндансам, онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен ойлайтын болсам, онда менің өмір сүргенім».
Бұл принциптің маңызы, ең алдымен, орта ғасырлық схоластикалық, қатып-семіп қалған ұғымдарға қарсы соққы берді. Сөйтіп, Декарттың күмәндану принципі ғылым мен философияның ескі көзқарастардан арылып, жаңалыққа бой ұруына мүмкіндік туғызды. Өз принципі арқылы Декарт ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қиюы қашқан қағидаларды теріске шығарды.
Р. Декарт есімі рефлекс түсінігіне кіріспемен байланысты. Рухани түсінігі бойынша ол діни көзқарасты ұстанды. Оның Құдайы - әлемді жаратушы. Ол табиғаттан кеңістікті, ал Құдайдан - ойлау атрибутын мойындайды. Көріп отырғанымыздай Р. Декарт екі субстанцияны, әрқайсысы бір атрибуттан тұратынын мойындайды.
Декартың философиясы қайда толық көрсетілген? Құдайды білуде. Философия арнайы дуалистік сипатамада философияның негізі соған арналған. Бұл, әрине, күмән келтіреді, мұның астарында шындық жатыр. Р. Декарт көңіл аударғаны субъектінің санасы, адамның ішкі дүниесі. Р. Декарт Августиннен кейінгі екінші философ, оның көңіл аударғаны, сана бай жасырын дүние, оны тани білу керек.
Декарт «Әдіс туралы ойлар» атты еңбегінде дедуктивті әдісті жасады. Дедукция – бұл ой қорытындысың формасы, яғни таным үрдісінде жалпы теориялық жағдайдан, (аксиома) нақты құбылыстар мен фактілерге ауысады (жалпыдан жекеге).
Бенедикт Спиноза (1632-1677 жж.) – голланд философы, рационализм мен пантеизм өкілі.
Негізгі шығармалары: «Саяси-құдайлық трактат», «Этика», «Ақылды жетілдіру туралы трактат», «Саяси трактат»және т.б.
Спиноза Декарттың субстанция туралы дуализмін одан әрі жетілдірді.
Спиноза бір ғана субстанция, табиғат немесе Құдайды мойындайды. Ол Құдайды табиғатпен алмастырды. Бұл пантеистік көзқараста. Пантеизм қайта өрлеу дәуірінде жаңғырды. Табиғатқа немесе құдайға екі негізгі атрибут тән - өмір тарту және ойлау бар. Қазіргі таңда «субстанция жайлы түсінік әлемнің негізінде не жатыр деген сұраққа филососфияның жауап беруге тырысуының төңірегіндегі онтологияны жасаудағы алғышарт ретінде қарастырылады. Субстанция дегеніміз – құбылыстар мен заттардың әртүрлі түрдегі пайда болулары мен нақтылы әлемнің шынайы негізі ретінде түсіндіріледі».
Субстанция (табиғат немесе Құдай) - барлық тіршіліктің алғашқысы. Субстанция - шексіз табиғаттың синонимі, оның атрибуттарының саны шексіз, бірақ олар осы екі атрибутқа саяды. Бұл жерде философияда жаңалықтың ізі көрінеді. Б. Спиноза біріншіден, ойлау - материя атрибуты екендігін анық көрсетеді. Бірақ, ойлау Б. Спиноза бойынша барлық материядан биік. Мұндай ілім гилозоизм деп атайды. Гилозоизм - ойлауға барлық материядан биік деп санаушылар, түсінушілер. Ол адамды басқа модустар арасындағы модус деп санайды, ол «мемлекеттегі мемлекетті» құрамайды. Соған қарамастан, адам негізі модус, онда ойлау атрибуттарының біраз деңгейі кіреді.
Вильгельм Фридрих Готфрид Лейбниц (1646–1716 жж.) – неміс философы, рационализм өкілі.
Негізгі шығармалары: «Метафизика туралы ойлар», «Табиғаттың жаңа жүйесі», «Адам ақыл ойының жаңа тәжірибелері», «Теодицея», «Монадология».
Г. Лейбництің рационализмі өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Декарт пен Спинозаға қарсы бағытталды. Ол өзінің рационалистік көзқарасында осы ойшылдардың дүниетанымындағы негізгі кемшіліктерге тоқталды. Егер Декарт өзінің философиясында дүние екі субстанциядан тұрады деп, ал Спиноза ол субстанция - табиғатты жалғыз деп есептесе, Г. Лейбниц мұндай ойлардың ағат екендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, субстанция ұшы-қиыры жоқ дүние заттары болып есептеледі және ол өте көп. Философ әрбір субстанция болмыстың «біреу», яғни жалғыз екендігін, монада (дара, қарапайым деген сөз) екендігін анықтады. Монада материалдық емес, ол рухани атом. Кез келген монада әрі жан, әрі дене, сол екеуінің бірлігі. Монадалар арқылы материя мәңгі қозғалыс қабілетіне ие болды. Сөйтіп, ол материя мен қозғалыстың бір-бірінен ажыраспайтынын және өзара бірлікте екендігін анықтап берді.
Джордж Беркли (1685–1753жж.) – ағылшын философы және субъективного идеализм өкілі.
Негізгі шығармалары: «Көру теориясының жаңа тәжірбиелері», «Адам білімінің принциптері туралы трактаты».
Локктың бастапқы және кейінгі қасиеттерге бөлуіне қарсылық білдіре келе, Беркли олардың екеуі де бізге тең дәрежеде сезіну ретінде берілген деп санады. Сонымен бірге, сезініп қабылдаулардың комбинациялары, Берклидің айтуынша, бізді қоршаушы заттар болып табылады. Ойшыл «Тіршілік ету, бар болу - сезіну, қабылдану» деген принципті ұсынды.
Дэвид Юм (1711–1776жж.) – ағылшын философы, субъективті идеализмнің соңғы формасының (солипсизм) және философиядағы агностицизм бағытының өкілі.
Негізгі шығармалары: «Адам табиғаты туралы трактат», «Адам ақылын зерттеу».
Берклидің көзқарасы бойынша, сыртқы әлем менің сезінуім болса, Юм сыртқы әлемнің тіршілік етуі туралы мәселе шешілмес мәселе деп сенді. Оның пікірінше, шындық — себептері белгісіз және тануға жатпайтын әсерлердің ағымы. Сонымен бірге, біздің қабылдап-сезінулеріміз сыртқы әлемнің тіршілік етуіне, оның сол сияқты тіршілік етпеуіне де аз дәлелдер береді.
Сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.
