Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП процесс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68 Кб
Скачать
☆
  1. Студент жұмыстың маңызды жалпы оқытулық тәсілдеріне ие болуы тиіс:

Пәнді оқыту мақсаты: азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың маңызын, азаматтық іс жүргізу құқығы басшылыққа алынатын құқықтық ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру.

Пәннің міндеттері: Құқықтың қажетті қайнар көздерімен, азаматтық іс жүргізуқұқығының концептуалды мәселелерімен таныстыру, соттың және азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы пікір қалыптастыру

Студент алған білімін тәжірибеде қолдана білуі керек, сонымен қатар:

  • заңи кеңес беру;

  • азаматтық процесте сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) мүддесін білдіру;

  • әр түрлі процессуалдық нысандағы құжаттарды сауатты құрай білуі керек;

  • азаматтық дербес қарап шешу;

  • азаматтық іс жүргізу құқық саласында ғылыми зерттеуді жүргізу;

  • қолданыстағы заңдарды жетік білу шарт.

Оқу қызметін жоспарлау шеберлігі мен дағдылары

- оқу міндеттерін сезіну;

- мақсат қою;

- оларға жетудің оңтайлы жолдарын таңдау;

- қызмет кезеңдерінің сабақтастығы мен жалғастығын анықтау;

- қызмет үлгілерін/алгоритмін/ құра білу;

- сабақта және үйде өздік жұмыстарын жоспарлау;

- бір күнге, бір аптаға, бір айға жоспарлау.

Өзінің оқу қызметін ұйымдастыру шеберлігі мен дағдылары:

- жұмыс орнын ұйымдастыру - оқу құралдарының болуы мен оның жағдайы, оларды тиімді орналастыру, қолайлы гигиеналық жағдайлар жасау;

- жұмыс режимін ұйымдастыру;

- өздік үй жұмыстарын ұйымдастыру;

- ойлау қызметінің тәртібі мен тәсілдерін анықтау.

Ақпараттарды қабылдау шеберлігі мен дағдылары, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс (коммуникативті):

- оқулықпен жұмыс жасау, оқу, конспектілеу;

- библиографиялық іздеу жұмыстары, анықтамалықтармен, сөздіктермен жұмыс жасау;

- сөзді тыңдау, тыңдалғанды жазып алу;

- ақпараттарды назар қойып қабылдау, назар аударуды басқару.

- бақылау;

- есте сақтау.

Ерекше топты компьютермен жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары құрайды, оның ішінде:

- интернетте жұмыс жасау;

- электронды оқулықтармен жұмыс жасау;

- оқытушы бағдарламамен жұмыс жасау;

- дистанциондық оқыту жағдайында жұмыс жасау;

- электронды пошта (off-line) бойынша және жедел режим (on-line)

бойынша телеконференциялар;

- электронды хабарландыру тақталары;

- электронды кітапханалар

- электронды пошта (off-line) немесе жедел режим (on-line) арқылы

деректер базасына шығуға мүмкіндік;

- телебейне конференциялары.

Студенттер өздері еркін оқу және арнайы сипаттағы әдебиеттермен жұмыс жасай білуі қажет, сонымен қатар оларды қызықтыратын мәселелерді іздеп тауып және оларды ашып қарастыра білуі тиіс.

2. Пәннің күнтізбелік тақырыптық жоспары

« ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы» ‑ барлығы 2 кредит (90 сағат)

№

Тақырыптың атауы

сағаттар

СОӨЖ

аудитор

СОӨЖ

ауд. тыс

1

Азаматтық іс жүргізу құқығы саласының пәні, әдісі, жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылымы.

-

1

2

Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері

1

-

3

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері.

-

1

4

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар

1

-

5

Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар

1

-

6

Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы

-

-

7

Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін‑өзі басқару органдарының, ұйымдар мен жекелеген азаматтардың азаматтық іс жүргізуге қатысуы

-

1

8

Сотта өкілдік ету

1

-

9

Іс жүргізу мерзімдері.

-

-

10

Сот шығындары.

1

-

11

Мәжбүрлеу шаралары.

-

-

12

Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы.

1

1

13

Азаматтық істердің соттылығы.

1

1

14

Дәлелдемелер мен дәлелдеу

-

1

15

Талап

1

1

16

Сотта азаматтық істі қозғау

1

1

17

Істі сотта қарауға әзірлеу

-

1

18

Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау

1

1

19

Бірінші сатыдағы соттың актілері.

1

1

20

Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім.

-

1

21

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

1

1

22

Соттардың ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарауы

1

1

23

Бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығы

1

1

24

Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу

1

1

25

Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу

1

1

26

Соттық қадағалау тәртібімен іс жүргізу.

1

1

27

Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау

-

1

28

Соттың жойылған сот ісін және атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды қарау

1

1

29

Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу

1

-

30

Сот актілерінің және өзге де органдар актілерінің орындалуы

1

-

Барлығы: 20

10

10