- •Энергетикалық қондырғылар түрлері.
- •Жылулық қозғалтқыштардың даму тарихы.
- •Піспекті қозғалтқыштар
- •4.Сурет. Піспекті іштей жану қозғалтқышының сұлбасы. Газшығыр қозғалтқыштар
- •Энергетикалық қондырғылыр сараптамасы.
- •Энергетикалық қондырғылыр маркировкасы.
- •Лекция.4.
- •Состав продуктов сгорания
- •Теоретический необходимое количество воздуха для сгорания топлива
- •Действительное количество воздуха для сгорания топлива (l)
- •Жанармай жүйелері.
- •Қозғалтқыштардың жанармай жүйелерінің түрлері
- •Майлау жүйелері.
- •Майлау жүйесінің түрлері.
- •Толтыру үрдісі.
- •- Толтыру үрдісінің соңында цилиндрдегі ауа қысымы (сығылу басы).
- •- Толтыру үрдісінің соңында цилиндрдегі ауа температурасы (сығылу басы).
- •Толтыру коэффициенті
- •Төртырғақты үшін
- •Сығымдау үрдісі. Сығымдау көрсеткіштерін есептеу
- •6 Сурет. Сығымдау үрдісінің диаграммасы.
- •Сығымдау үрдісінің көрсеткіштерін есептеу
- •Дизельдерде қоспа түзу тәсілдері
- •Жану үрдісі. Жанармайдың термохимиялық сипаттамалары.
- •Жану үрдісінің соңындағы көрсеткіштерді есептеу
- •Кеңею үрдісінің көрсеткіштерін есептеу.
- •Индикаторлық көрсеткіштер.
- •Индикаторлық қуат
- •Тиімді көрсеткіштер
- •Қозғалтқыштың жылулық тепетеңдігі.
- •Жылудың қалған мөлшері
- •Піспекті қозғалтқыштың тиімді қуатының теңдеу келесідей жазылады:
- •Қатарлы (орталық) қшм кинематикасы
- •Қшм динамикалық есебі.
- •Динамикалық күштерді есептеу.
- •Сынақ жүргізу құралдары және тәсілдері.
Дизельдерде қоспа түзу тәсілдері
Дизельдерде
қоспа түзу жану камерасында өте аз уақыт
(0,04
)
сек. аралығында жүреді,
сондықтан тезжүрістілігіне және
пайдаланатын жанармайға байланысты
қоспа түзудің келесі түрлері бар.
Бір жағынан Ж.К. формасы мен өлшемдерінің өзара сәйкестігі және екінші жағынан жанармай жалынының орналасуы мен сандық өлшемдерінің конфигурациясы.
Ауамен жанармайдың қозғалысы үшін Ж.К.‑да құйынды ағындар туғызу.
Бұл тәсілдерді жүзеге асыру үшін әртүрлі Ж.К.‑лары жасалған:
Бөлінбеген Ж.К., яғни бір көлем.
Бөлінген Ж.К. (бір бірімен байланысқан 2 кеңістік).
Бөлінген Ж.К. қазіргі уақытта 2 түрде жасалады:
а) ауыздық камералы, б) құйынды камералы
Бөлінбеген Ж.К.(біркамералы)
Ауа зарядының құйынды қозғалысы келесі жолмен алынуы мүмкін:
Ж.К. формасымен (қақпақта, піспекте, ЦНИДИ ‑лік, Гесельмандық және т.б.)
Тазарту терезелерінің арналарының бағытын таңдау.
Цилиндр қақпағында тангенсиальды кіру арналарын қолдану.
Артықшылықтары
а) Ж.К. қабырғаларына жылу берудің аз шығыны б) гидравликалық кедергілерге кететін энергия шығынының жоқтығы
|
Кемшіліктері
|
Сонымен бірге біркамералы қоспа түзу келесі түрлерге бөлінеді:
а) көлемдік, б) қабаттық в) көлемді-қабаттық (М-үрдіс)
М-үрдістің артықшылықтары: а) жоғарғы бетте булану, б) әртүрлі жанармайлар қолдану мүмкіндігі, в) жану үрдісінің жеңілдігі.
Жану үрдісі. Жанармайдың термохимиялық сипаттамалары.
Жану - бұл жанармайдың жылу бөле жүретін жанғыш элементтерінің химиялық тотығу үрдіс. Ауа оттегісі тотықтырғыш болып табылады. Дизельдің Ж.К.‑да жанудың пайда болуы өздігінен тұтану есебінен жүреді, бұған сығымдалған ауаның жоғары температурасымен қысымы әсер етеді.
Өздігінен тұтану температурасы - Тсв. деп, тұтанудың және тұрақты жанудың (тұтатудан кейін 5 сек. артық жану) пайда болу температурасын атайды.
Жанармайдың тұтануы ЦЧ цетандық санмен бағаланады.
Жанармайдың ЦЧ цетандық саны – бұл берілген жанармайдың өздігінен тұтану қасиетіне сәйкес қасиеті бар қоспадағы жеңіл тұтанатын цетанның (С16 Н34 , ЦЧ=100) және ауыр тұтанатын альфаметилнафталиннің (С11Н10 , ЦЧ=0) пайыздық құрамына тең.
Жану үшін қажетті оттегі мөлшері, жану өнімдерінің мөлшері жанармай құрамының элементтерінің жану реакциясымен анықталады.
Жанармайдың элементтік құрамы – жанармай құрамының әр‑бір элементтерінің масса бойынша пайыздық құрамын көрсетеді.
1 кг жанармайдың толық жануында бөлінетін жылу оның энергетикалық көрсеткіші болып есептеледі. Жанармайдың төменгі және жоғарғы жану жылулары болады.
Жоғарғы жану жылуы QВ - жанармайдың массалық немесе көлемдік бірлігінің экзотермиялық жану реакциясында бөлінетін толық жылу мөлшерін сипаттайды. Жанармай құрамындағы сутегі жану үрдісінде ауа оттегісімен эндотермиялық реакцияға түсіп, су буын түзеді. Бұл реакция бөлінген толық жылу мөлшерінің бір бөлігін сіңірумен жүреді.
ІЖҚ‑да өңделген газдар сыртқа су буының конденсациялық температурасынан біршама жоғары температурамен шығарылады. Сондықтан су буының пайда болуына сіңірілген толық жылудың бір бөлігі өңделген газдармен бірге кетеді және есептеуде ескерілмейді.
Жұмыстық үрдістің тәжірибелік есебінде жанармайдың төменгі жану жылуы қолданылады.
Төменгі жану жылуы QН - өңделген газдар құрамында су буымен кететін жылуды есептемегендегі, жанармайдың жануында бөлінетін жылу мөлшерін сипаттайды.
Егер элеметтік құрам белгілі болса, онда жанармайдың төменгі жану жылуын жуықтап анықтау үшін Д.И.Менделеев теңдеуін пайдалануға болады.
QН = 33900·С + 103000·Н - 10900·О кДж/кг
