- •Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультеті «Профилактикалық медицина мен медициналық білім және ғылым әдістемесі» кафедрасы
- •Оқытушылар туралы мәлімет
- •Пәннің саясаты.
- •2.2. Пәннің мақсаты:
- •2.3. Оқыту мақсаттары:
- •2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері.
- •2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:
- •2.6. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспарлары Дәрістердің тақырыптық жоспары.
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары.
- •2.7.Суммативті бағалау әдісінің дизайны: Оқытудың соңғы нәтижелері және тақырыптық блоктар бойынша бағалау әдістерінің үйлестірілуі.
- •2.8. Әдебиеттер.
- •Оқыту әдістері.
- •2.10. Білімдерін бағалау белгілері және ережелері.
Пәннің саясаты.
Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
2.1. Кіріспе.
Қоғамдық денсаулық сақтау – халық денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлардың тигізетін әсерлер заңдылығын зерттейтін және азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік, қоғамдық және медициналық шаралар жүйесін негіздейтін интегралдық теориялық-қолданбалы ғылым болып табылады.
Қоғамдық денсаулықты кең ауқымды әлеуметтік тұрғыдан қарастыруымыз қажет, ал денсаулықты нығайту және сақтау мәселелері денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарының жауапкершілігі шегінен шығуда және азаматтардаң, жұмыс берушілерден, мемлекеттен жауапкершілікті талап етуде.
Барша дәрігерлер тең шамада, клиникалық дайындығының жоғарғы деңгейіне қарамастан, саланың барлық сыртқы және ішкі тиімділігінің тасымалдаушысы болып табылатындықтан, денсаулық сақтаудың мемлекеттік мақсаттары мен міндеттерін айқын көрулері тиіс.
Ресурстық қорлар инвестициясын арттыру ұстанымымен қазақстандық қоғамды тұрақты контекстінде, денсаулық сақтау жүйесін дамыту әдістері мен стратегиясының бір тұтас және жүйелік ұғымы қажет. Сонымен қатар, ұлт денсаулығын жоғарғы деңгейге жеткізу мақсатында ресурстарды тиімді пайдалану.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.
Білім алу деңгейі |
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер |
Салыстырмалы үлестірілімі |
Б1.1. |
ҒАЛЫМ ЗЕРТТЕУШІ(1) БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибелік жүзінде қолданады. |
0.4 |
Б4.3. |
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ(1) ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА: жекелеген адамдардың, топтардың және қауымдардың денсаулығына әр түрлі факторлардың әсер етуін түсінеді. |
0.3
|
Б4.4. |
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ(1) ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕНЕДЖМЕНТІ: денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі мен құрылымын, олардың өзара байланысын, статистикалық есеп – қисаптың. Экономиканың және денсаулық сақтау саласындағы заңдылықтарды біледі. |
0.3
|
