Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ситуац.зад. рус, каз. Татыкаева У.Б..docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

2014 – 2015 Оқу жылының 051301– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

5 Курс студенттеріне «Сот медицинасы» пәнінен дифференциалдық сынақ қабылдауға арналған ситуациалық есептер

№ 1 - есеп.

2008 жылдың 12-ші маусымында 12 сағат 30 минутта Шымкент қаласының Аль- Фараби АІІБ-не Ф.К.Каримовадан Шымкент қаласының мазар ішіндегі төмпешіктер арасында одеялоға оралған баланың мәйітін тауып алғаны турасындағы хабар келіп түсті. Каримованың айтуынша, ол 2008 жылдың 11-ші маусымында сағат 19. 00 шамасында мазарда болған, бірақ баланың мәйітін көрмеген.

Оқулық мәліметтер.

Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі. Мойынды қолмен буындыру. Сәби әйел жынысты, мерзіміне жетіп туылған. Сәбидің өлімі 10 маусым күні сағат 12- лер шамасында болған. 11- маусымның 20.00 сағатқа дейін одеялоға оралған мәйіт + 22 ْ температурада

үйдің ішінде болған, содан кейін мазарға алып барылып, көрлер арасына қойылған. 12- маусымдағы түнгі температура - +10 - 12ْ , 12- маусым күні таң ертең - + 15-16

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерде мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу керек;

б) мәйітті сыртынан көргенде анықталатын механикалық асфиксия белгілерін көрсету керек, қолмен буындырғанға тән мойындағы зақымданулардың объективті суреттемесін беру керек;

в) сәбиді жаңа туылғандығының және мерзіміне жетіп туылғандығының белгілерін суреттеу керек.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 2 - есеп.

2008 жылдың 20-шы маусымында сағат 11. 00-де Шымкент қаласының Аль- Фараби АІІБ-не А.Б. Волгинадан, Шымкент қаласының ескі мазар ішіндегі төмпешіктер арасында баланың мәйітін тауып алғаны турасындағы хабар келіп түсті.

Оқулық мәліметтер

Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі. Мойынның кесілген жарақаты. Бала мерзіміне жетпей туылған, жатырішілік даму мерзімі 9 ай. Баланың өлімі 20- маусым күні сағат 4-те болды. 20- маусымға қарағандағы ауа температурасы - +10- 12ْ , таң ертең 20-маусым күні - + 16-18.

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу керек;

б) мәйіттің мойнындағы зақымдануды объективті суреттеу керек;

в) жаңа туылған сәбидің 9 айлық екендігін куәлендіруші белгілерін, сонымен қатар жаңадан туылғандығы белгілерін көрсету керек.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 3 - есеп.

2008 жылдың 20-шы желтоқсанында 22 сағат 15 минутте Абай АІІБ-не М.Қ. Төлеповтен хабар түсті. Оның айтуынша, 22 сағат шамасында ол өзінің көршісі 55 жастағы Н.И. Михайлованың өзінің пәтерінде диван үстінде жатқан өлігін тауып алғаны туралы хабарлады. Төлеповтің айтуына қарағанда, ол Михайловаменен 2008 жылдың 19 желтоқсанында кешке сөйлескен, 20 желтоқсан күні күндіз өзі де, басқа көршілерде оны көрмеген.

Оқулық мәліметтер

Улануға күдік бар. Жоғарғы ернінің үстінде, иегінде, және де үй халатының жағасында кеуіп қалған құсық массаларының іздерінің алдында- ақ түсті ұсақ түйіршіктер. Дәл осындай түйіршіктер столдың үстінде тұрған стаканның жиектерінде табылған. Стаканның ішінде 20 мл-дей тынық сұйықтық бар. Өліктің денесінде зақымдар бар: сол иығының сыртқы жағында екі жаңадан пайда болған қанталаулар, оң білектің иілетін бетінде үш көлемі кіші жаңадан пайда болған сыдырылулар, оң балтырдың алдынғы жағында 3-4 күн аралығында болған қанталау. Мәйіт табылған бөлмедегі температура +17- 19ْ .

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйітте табылған зақымдануларды объективті суреттеу ;

в) айғақты дәлелдер ретінде оқиға болған жерден алынған объектілерді белгілеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 4 - есеп.

2008 жылдың 20-шы қарашасында 10 сағат 10 минутта Абай ауданының прокуратурасына Пресс автомат зауытының цехының бастығы Ф.И. Сухановтан дайын өнім цехында көпірлік краннан құлап өлген 45 жастағы жұмысшы Никоноров А.С. туралы хабар түсті.

Оқулық мәліметтер

Техникалық электрдің әсерінен 6 метр биіктіктен құлап темірден жасалған арбаның бұрышына баспен соғылған. Ток тасымалдаушы өткізгішпен контакт орны-оң қолдың алақан беткейі. «Электртаңбадан» және төбе сүйектерінің ашық сынықтарынан басқа мәйітте анықталғаны: Тұлғаның артқы жағында қанталаулармен сыдырулар, сол иықтың жабық сынықтары. Токтың қуаты 380 В., токтың 20 Ампер. Өлім 20-шы қарашада сағат 9-да болды. Цехтағы температура - +22ْ .

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйітте табылған зақымдануларды объективті суреттеу ;

в) айғақты дәлелдер ретінде оқиға болған жерден алынған объектілерді белгілеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 5 - есеп.

2008 жылдың 23-ші маусымында 23 сағат 20 минутта АІІБ-не учаскелік полицей С.И.Мусаевтан Рәметов көшесіндегі № 5 үйде зорлықтан өлген белгілері бар, белгісіз еркек мәйіті табылғаны жөнінде хабар келіп түсті. Мусаевтың айтуынша, ол осы көшеден 2 сағат бұрын № 5 үйдің жанынан өткенде мәйітті көрмеген.

Оқулық мәліметтер

Адам өлтіру. Зақым басының желке тұсына доғал затпен (күйген қыштың жартысымен) келтірілген. Басындағы зақымдардан басқа, мәйітте екі иықтың сыртқы жақтарында көптеген жаңадан пайда болған қанталаулар және түсі өзгере бастаған, 3-4 күн алдын болған оң балтырдың алдыңғы жағында қанталау анықталған.23-нен 24- маусымға қараған түнде ауа температурасы - +19-20ْ .

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйіттің басындағы және аяқ-қолдарындағы зақымданулардың объективті суреттемесін беру;

в) белгісіз адамның мәйітін қарап тексеру ерекшеліктерін көрсетіңіз;

г) оқиға болған жерде табылған болжамды жарақаттау қаруын және оның айғақты зат ретінде алынуын суреттеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 6 есеп.

2008 жылдың 14-ші маусымында 3 сағат 30 минутта Ордабасы АІІБ-не азамат Қ.Т. Тәжиевтен Әлиев көшесіндегі № 5 үйдің маңында зорлықтан өлген белгілері бар 29 жастағы азамат А.С. Васильевтің мәйіті табылғаны жөнінде хабар келіп түсті.

Оқулық мәліметтер

Адам өлтіру. Комбинацияланған жарақат. Кеуденің алдының сол жағына пышақпен, бастың желке тұсына доғал затпен (қыштың бөлігімен) зақым келтірілген. Өлім 2008 жылдың 13-маусымында сағат 23-те болған. Ауа температурасы 14-маусымға қараған түні - +12-15ْ .

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйітте табылған зақымдануларды объективті суреттеу ;

в) оқиға болған жерде табылған болжамды жарақаттау қаруын және оның айғақты зат ретінде алынуын суреттеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 7 - есеп.

2008 жылдың 21-ші қазанында сағат 7-де ОҚО-ның Арыс АІІБ-не ауыл тұрғыны П.З.Сәрсеновтен ОҚО-ның Арыс ауданы «Көкарал» ауылының сиыр фермасы құрылысында зорлықтан өлген белгілері бар көрші ауылдың тұрғыны 54 жастағы М.М. Қамбаров-тың мәйіті табылғаны жөнінде хабар келіп түсті.

Оқулық мәліметтер

Адам өлтіру. Мәйіттің басының желке тұсында темір күректің қырымен келтірілген 2 жарақат. Бетінде, екі иықтарының сыртқы жақтарында – көптеген жаңадан пайда болған орта көлемдегі қанталаулар. Сыртқы киімінде – зақымдарды келтірген сәтте дене вертикалды болғанын куәлендіретін қанның іздері. Оқиға болған жерде болжамды жарақат қаруынан басқа, есіктің кілті мен темекі қорабы табылған. Өлім 20-қазанда

22 сағатта болған. Ауа температурасы 21-қазанға қараған түні - +0-2ْ .

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйітте анықталған зақымданулардың объективті суреттемесін беру;

в) киімдегі қанның іздерінің сипатын суреттеу;

г) айғақты зат ретінде алынған объектілерді суреттеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 8 есеп.

2008 жылдың 2-ші желтоқсанында сағат17-де Шымкент қаласының Еңбекші АІІБ-не азамат Н.С. Павловтан жекеменшікті жиһаз ұстаханасының егесі 57 жастағы Вихров Ю.А.-ның 2-желтоқсан күні 16.00 сағат шамасында өзінің кабинетінде өлігі табылғаны туралы хабар келіп түсті. Павлов-тың айтуына қарағанда, Вихровты оның қызметкерлері 2-желтоқсан күні 14.00 сағат шамасында өз кабинетіне кіріп бара жатқанын көрген.

Оқулық мәліметтер

Кенеттен болған өлім. Өлім 2008-жылдың 2-желтоқсанында 13.00 сағат шамасында болған. Мәйітте оң қолының сыртқы жағында 4-5 күн алдын болған орташа көлемдегі қанталау анықталған. Іштің алдыңғы қабырғасының орта сызығы бойынша – ескі операциядан кейінгі (лапаротомия) тыртық. Температура - +22ْ .

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйітте табылған зақымдануларды объективті суреттеу ;

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуіге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 9 - есеп.

2008 жылдың 12-ші тамызында 12 сағат 20 мин. АІІБ-не азамат С.Т. Дербесовтен

Шымкент қаласы Демеуов көшесі № 49 үйде тұратын 55 жастағы азаматша Сидорова А.Н. өзінің моншасында өлі күйінде табылғандығы туралы хабар келіп түсті. Азаматша Сидорова А.Н. 2008-жылдың 11-тамызында өз моншасын жаққан және 20.00 сағат шамасында шомылуға кіргені белгілі, ал таңертең 10.00 сағат шамасында көршілері оны өлі күйінде тауып алған.

Оқулық мәліметтер

Көміртегі тотығынан улану. Мәйіттің денесінде зақымданулар бар: оң қолының сыртқы жағынад 3-4 күн алдын пайда болған 2 орта көлемдегі сыдырулар, оң иығының алдыңғы жағында жаңадан пайда болған шектелген қанталаулар.

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) мәйіттік құбылыстардың айқындылығын суреттеу;

б) мәйітті сыртқы қарап тексеруде анықталатын көміртегі тотығымен уланғандағы белгілерін суреттеу;

в) мәйітте табылған зақымданулардың объектілерді суреттемесін беру.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 10 есеп.

2008 жылдың 20-ыі тамызында сағат 8-де АІІБ-не азамат Т.Б.Төлегеновтен Спатаев ауылынан 3 шақырым қашықтықта Арыс-Түркістан каналының бойында қойшы үйіне жақындау жерде Спатаев ауылының 38 жастағы тұрғыны азаматша С.Қ.Жайынованың мәйіті табылған туралы хабар келіп түсті.

Оқулық мәліметтер

Адам өлтіру. Кеуденің соқыр қару-жарақ жарақаты. Оқ 1метр қашықтықтан кеуденің алдыңғы жағына қарай бытырамен ататын мылтықтан атылған. Өлім болған уақыт 19-тамызда сағат 22.00-де. 20 - тамызға қараған түні ауа температурасы - +12-14ْ , 20-тамыз таңертең - +17ْْ . Оқ-қару жарақатынан басқа мәйітте табылғаны: оң жақ аймағында жаңадан пайда болған орташа көлемдегі қанталау, иек астында жаңадан пайдан болған майда сыдырулар.

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәселенің шартына сүйене отырып, қарап тексеруде анықталған бытырадан оқ-қару жарақатын мәйіттің киіміндегі және денесіндегі көріністерді объективті суреттеу;

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 11 есеп.

2008 жылдың 2-ші қаңтарында 9 сағат 30 мин. темір жол полиция бөліміне жолды бақылаушы С.Т. Махмутовтан Шымкент қаласынан 112 шақырым қашықтықта темір жол бойынан белгісіз еркектің мәйітін тауып алғандығы туралы хабар келіп түсті.

Оқулық мәліметтер

Адам өлтіру. Қолмен буындыру. Мойнындағы зақымданулардан басқа бетінде және қолдарында көптеген майда жаңадан пайда болған сыдырулар анықталған. Өлім болған уақыт 2-қаңтар сағат 4.00-де. 2-қаңтарға қараған түні ауа температурасы - -19-22ْ

Азанға қарай жел тұру байқалған.

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) белгісіз адамның мәйітін зерттеу ерекшеліктерін көрсету;

б) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

в) мәйітте табылған зақымдарды объективті суреттеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 12 есеп.

2008 жылдың 20-шы сәуірінде 6 сағат 30 мин. АІІБ-не азамат Н.А.Высоцкийден

№ 5 үйдің жанындағы бауда автобус бекетінің маңында мойнындағы тұзағымен 48 жастағы азамат И.А. Семено-ның мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түсті.

Оқулық мәліметтер

Адам өлтіру. Тұзақпен буындыру. Тұзақ шалбар белдігінен жасалған. Странгуляциялық жүлгеден басқа, мәйіттің бетінде көптеген майда жаңадан пайда болған сыдырулар бар, төменгі ернінің аймағы ісіңкі. Оқиға болған жерде табылған: 2 темекі тұқылы, тістелген шұжық бөлігі, баудың шарбағында-сары текстиль матасының бөлігі. Өлім 20-сәуірде сағат 2.00-де болған. 20-сәуірге қараған түнде ауа температурасы - +3-4ْ

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйіттегі странгуляциялық жүлгені және басқа зақымдарыд суреттеу;

в) мәйітті сыртынан қарап тексергенде анықталған механикалық асфиксия белгілерін көрсету;

г) мәйтті қарап тексеру және айғақты заттарды алу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 13 есеп.

2008 жылдың 20-шы тамызында 13 сағат 10 минутта Шымкент қаласының Абай АІІБ-не азамат Р.О. Жарасовтан М.Мәметова көшесіндегі № 65 үйдің маңында 37 жастағы азамат С.Т. Тиминнің мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түсті. Жарасовтың айтуына қарағанда, Тимин қатты алкоголдік мастық жағдайында 3-қабаттағы өз пәтерінің терезесінен құлап түскен.

Оқулық мәліметтер

Биіктіктен құлау. Қарақұс сүйегінің ашық сынығы. Тұлғасының артқы жағында көптеген жаңадан пайда болған қанталаулар мен терінің сызаттары. Сол жамбас сүйектің жоғарғы 1/3 бөлігінің ашық сынығы. Өлім болған уақыт 20-тамыз сағат 12.00. 20-тамыздағы күндізгі ауа температурасы - +24ْ

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйітте табылған зақымдарды объективті суреттеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 14 есеп.

2008 жылдың 29-шы тамызында 13 сағат 20 минутта АІІБ-не азамат П.Т. Жароковтан осыдан шамамен 1 сағат алдын Ташкент бағытындағы жолдың 87 шақырымында автокөлікпен белгісіз әйел қағылып кеткені туралы хабар келіп түсті.

Соққан автокөлік оқиға болған жерде тұр.

Оқулық мәліметтер

Автокөлік жарақаты. Алдыңғы бампермен соғу, дене құлағаннан кейін дөңгелектің көкірек үстінен басып өтуі. Мәйітте (киімінде және денесінде) автокөлік бөлшектерімен контакт болған жерлерде зақымданулар бар.

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) автожарақатқа тән оқиға болған жердің ерекшеліктерін көрсету;

б) белгісіз адам мәйітін қарап тексеру ерекшелікерін көрсету;

в) мәселенің шартын ескере отырып мәйіттік құбылыстардың айқындылығын көрсету;

г) автокөлікте және жолда анықталған жарақаттың айғақтық іздерін суреттеу, осыған қарасты объектілердің алынуын көрсету.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 15 есеп.

2008 жылдың 22-шы тамызында 5 сағат 20 минутта АІІБ-не азамат Е.Д. Тастановтан № 5 үйдің ауласында зорлықтан өлген белгілері бар белгісіз еркектің мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түсті. Азамат Тастановтың айтуына қарағанда, 22-тамызда 4-тер шамасында № 7 үйдегі өзінің пәтерінде болған кезінде мылтықтың атылғанына ұқсайтын дыбыс есіткен.

Оқулық мәліметтер.

Адам өлтіру. Кеуденің тесіп өткен оқ-қару жарақаты. Оқтың кірген жері – кеуденің алды, оқтың шыққан жері – кеуденің арты. Кеудеден шыққан оқ гараждың есігіне барып қадалған. Оқ ату Макаров жүйесінің пистолетінен біраз қашықтық жерден атылған. Оқиға болған жерде атылған оқтың гильзасы табылған. 22-тамызға қараған түні ауа температурасы +10-12ْ

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) мәйітте табылған зақымдарды объективті суреттеу.

в) жәбірленушінің денесіндегі және киіміндегі оқ кірген және шыққан тесіктерді суреттеу;

г) белгісіз еркектің мәйітін қарап тексеру ерекшеліктерін атап өту;

д) айғақты заттар ретінде объектілерді суреттеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 16 есеп.

2008 жылдың 26-шы шілдесінде 7 сағат 20 минутта АІІБ-не азамат Ж.Е. Досовтан № 8 үйдің ауласында зорлықтан өлген белгілері бар белгісіз еркектің мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түсті.

Оқулық мәліметтер.

Адам өлтіру. Кеуденің тесіп өткен оқ-қару жарақаты. Оқтың кірген жері – кеуденің алды, оқтың шыққан жері – кеуденің арты Оқ 10 см қашықтықтан «ТТ» жүйесіндегі пистолеттен атылған. Оқиға болған жерде атылған оқтың гильзасы табылған. Өлімнің болған уақыты 22-шілдеде 23.00 сағатта. 26-шілдеге қараған түні ауа температурасы - +18-20ْ

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) оқ-қару жарақаты жағдайларындағы оқиға болған жердің ерекшеліктерін суреттеу;

б) мәйіттік құбылыстардың айқындылығын көрсету;

в) жәбірленушінің денесіндегі және киіміндегі оқ кірген және шыққан тесіктерді суреттеу;

г) белгісіз еркектің мәйітін қарап тексеру ерекшеліктерін атап өту;

д) айғақты заттар ретінде объектілерді суреттеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

№ 17 есеп.

2008 жылдың 25-ші қарашасында сағат 15-те ОҚО-ның Сарыағаш АІІБ-не азаматша Қ.З. Шаметовадан Дархан ауылында өз үйінде 39 жастағы П.Қ. Хасанованың мәйіті табылғандығы туралы хабар келіп түсті. Шәметованың айтуына қарағанда, Хасанова жалғыз тұрған, оны 2008-жылдың 24-қарашасында кешке көрген сөйлескен, ал 25-қарашада сағат 13.00-де оны өлі күйінде тауып алған.

Оқулық мәліметтер.

Криминалдық аборт. Өлім 24-қарашада сағат 23.00-де ауа эмболиясынан болған. Оқиға болған жерде аборт жүргізілгенін дәлелдейтін айғақты заттар табылған. Бөлмедегі температура - +22-24ْ

Тапсырма

  1. Оқиға болған жерді және мәйітті қарап тексеру хаттамасын толтыру, онда:

а) өлім болған уақытын және ауа температурасын ескере отырып, мәйіттік құбылыстарды суреттеу;

б) айғақты заттар ретінде оқиға болған жерден алынуға жататын объектілерді суреттеу.

2. Оқиға болған жердің схемалық сызбасын жасау.

3. Мәйітті сот-медициналық зерттеу барысында шешілуге тиісті сұрақтар тізімін түзу.

Білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2014 ж.

Комитет төрайымы______________б.ғ.к., аға оқытушы Б.У. Байзақова

Оқыту және бағалау комитетінде қаралған.

Хаттама №____"____" _____________ 2014 ж.

Комитет төрағайымы___________ магистр оқытушы А.А. Кушкарова

«Адам патологиясы» кафедрасы мәжілісінде талқыланған.

Хаттама № ____ «____» ______________2014ж.

Кафедра меңгерушісі _____________ м.ғ.к., доцент Н.А.Жуманазаров