- •Педагогика және психология факультеті Жасерекшеліктер педагогикасы мен психология кафедрасы
- •Педагогика және психология факультеті Жас ерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасы
- •Бағалау саясаты
- •Баға қоюдың критерийлері
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістер кешені
- •3 Дәріс. Психодиагностиканың ғылыми - теориялық негіздері.
- •4 Дәріс. Психодиагностиканың әдістемелік негіздері.
- •5 Дәріс. Психодиагностиканың пайда болу тарихы.
- •6 Дәріс. Психодиагностиканың қазіргі жағдайы.
- •7 Дәріс. Психодиагностикалық құралдардың топтастырылуы.
- •8 Дәріс. Психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптар.
- •9 Дәріс. Тесттердің сәйкестілігі ( валидтығы) мен сенімділігі.
- •10 Дәріс. Тесттердің бейімделуі мен құрылу технологиясы.
- •11 Дәріс. Жалпы және арнайы қабілеттердің психодиагностикасы.
- •12 Дәріс. Ақыл - ойдың дамуының психологиялық - педагогикалық диагностикасы.
- •13 Дәріс. Ақыл – ой деңгейіне әсер етуші факторлар.
- •14 Дәріс. Тұлғалық психодиагностиканың қасиеттері.
- •2.Тұлғаның өзін-өзі бағалау шкаласы.
- •14 Дәріс. Тумалық қасиеттердің кең тараған әдістемелері .
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №1
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №1
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №2
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №2
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №3
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №3
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •1 Тапсырма
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №4
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Үлестіріліп берілетін материал өж №4
- •1 Тапсырма Курс-2 Семестр-4
- •Білімгердің білімін бақылау және бағалау материалдары Дифференциалды сынақ сұрақтары
- •«Тұлғаның психологиялық- педагогикалық диагностикасы» пәнінен тест тапсырмалары
- •«Тұлғаның психологиялық- педагогикалық диагностикасы» пәнінен негізгі әдебиеттер тізімі:
7 Дәріс. Психодиагностикалық құралдардың топтастырылуы.
Жоспары: 1. Психодиагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы.
2.Психодиагностика әдістерінің анықтамасы туралы түсінік.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге психодиагностика әдістерінің анықтамасы туралы түсінік беру және психодиагностика әдістерінің өлшемдерін анықтау.
1. Психодиагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы.
Қазіргі заманда ғылымға белгілі барлық психологиялық процестерін, адамның қасиеттерін және жағдайларын қамтитын психодиагностикалық әдістер пайда болып,іс жүзінде қолданылып жүр.Жаңа ғылыми ұғымдар мен олардың құбылыстарын қолдануға, ғылыми құқығының пайда болуы мен оны сипаттау, экспериментальдық зерттеуге жарайтын психодиагностика құралдарымен қатар жүреді. Ғылым ретінде психологиядағы жұмыс ХХ ғасырдың басында бір себептермен пайда болып, зерттеулер анықтағандай әдістеріне басқа ғылымдарда қолданылатын (мысалыға физикада) талаптар кең қолданылады. Олар операционализация және верификация.
Операционализация дегеніміз ұғымдағы сипатталатын құбылыс шынымен бар екеніне көз жеткізетін процедуралармен әдістерге сілтеу жасайтын талап. Операционализация кезкелген зерттеуші істей алатын практикалық іс әрекеттермен тәсілдерді көздейді, зерттеуші ұғымдағы құбылыс өзіне қажетті ғана қасиеттерге ие болып тұрғанына көз жеткізу үшін керек.
Верификация дегеніміз кез келген жаңа үғым ғылыми деген статус алу үшін тексеруден өту керек. «Верификация» «тексеру» дегенді білдіреді. Мұндай тексеру психодиагностика қабылдауының көмегімен өткізіледі. Мысалы ғылымға «мотив» (себеп) ұғымын кіргізер кезде біріншіден, басқа ұғымдар арқылы нақты анықтама беру керек. Мысалы анықтамамыз мынандай түрде болсын.
«Мотив- белсенділікпен мақсатқа жету құштарлығын беретін адамның іс әрекетінің ішкі, психологиялық ақыл оймен сезілетін және сезілмейтін түрткі болатын бұлақ»
Мотив ұғымын операционализациялаудың келесі кезеңінде біз ерекше психодиагностикалық әдісті ұсынуымыз керек еді. Бұл әдістің көмегімен берілген ұғымның негізгі бөлігінде айтылатын құбылыстар іс жүзінде бар екеніне көз жеткізетін едік. Соңғы кезеңде біз мотив құбылысының барын оны сипаттайтын қасиеттері барысында практикалық тексеру жүргізу керек еді. Бұл ұғымның верификациясы болып табылады. Сонымен операционализация-теориялық, ал верификация-практикалық болып бөлінеді.
Психодиагностикалық әдістерінің көбісі бланк әдісі болып келеді. Бұл әдісте зерттелетін адамға бір қатар сұрақтар ұсынылып, оларға ауызша немесе жазбаша жауап беруі керек. Алынған жауаптарына қарап сол адамның психологиясы туралы мәлімет алуға болады. Бланк әдісі өте кең қолданылады, өйткені олардың қоданылуы оңай және алынған мәліметтерді, нәтижелерді өңдеу жағыда қолайлы. Екінші орында сұрақ әдісі қолданылады. Ауызша сұрақ қойып психолог зерттелетін адамның берген жауаптарын өңдейді. Бұл әдістің оңайлығы бланктердің дайындаудың қажеттігі жоқтығында. Бірақ бұл әдісиің кемшілігі де бар сұрақтардың таңдауда субъективті бастама бірінші орында тұрады. Бұл әдістемені стандартқа келтіру қиын. Үшінші орында психодиагностикалық суреттер әдісі қолданылады. Мұнда психологтар белгілі бір тақырыпта немесе бос тақырыпқа зерттелетін адамға сурет салдырады. Кейде зерттелетін адамға интерпретациялауға стандарттық дайын суреттер беріледі. Бұл суреттердің кейбіреулерінің мазмұнында жасырылған есептерді шешу керек.(мысалы, матрицалық Равен тесті). Бірінші мен үшінші түрлерінің екі варианты бар:
компьютерлік және қолдық. Қолдық вариантта бүл әдіс басынан аяғына дейін электрондық-есептеу техника құралдарынсыз эксперименттік материалды презентациялау және өңдеуді өткізеді. Компьютерлік вариантта психодиагностиканың келесі кезеңінде ЭВМ қолданылады. Мысалыға, мәтінді немесе суретті дисплей арқылы ұсынуға болады, ал процессорды сандық есептеулер үшін қолданады. Психодиогностикалық әдістердің ішінде жобалық әдістер бірінші орын алады. Бұл әдістер бланктық, сұраулы және суретті болады. Жылдан жылға олардың қолданылуы жиелеп келеді, осы топтың әдісі валидтік және информативтік болып бөлінеді. Келесі әдістің тобы-обьективтік-манипуляциалық. Мұндағы есептер нақты заттар түрінде беріледі, оларды жинау, жасау немесе бұзу керек. 2. Психодиагностикалық әдістердің топтарға бөлінуіне сүйеніп, негізгі өлшемдерді анықтап, кең түрде топтастыруға болады.
Өлщемдер төмендегідей болады:
Әдістемеде қолданылатын тест есептердің түрлері.
Әдістемеде қолданылатын тест материалының жайы.
Зерттелетін адамның тест материалын ұсыну формасы.
Психодиагностика нәтижелерінің қорытындылау үшін қолданылатын мәліметтердің сипаттамасы.
Әдістемедегі тест нормасының бар болуы.
Әдістеменің ішкі құрылысы.
Тест тапсырмаларын қолдану типі бойынша психодиагностикалық әдістемелер сұраулы (зерттелетін адамдарға арналған сұрақтар қолданылады ), мақұлдайтын (зерттелетін адам бір ой – пікірлерді мақұлдау немесе мақұлдамау), өнімділік (зерттелетін адамның өзінің шығармашылық өнімінің түрі қолданылады), әсерлі (зерттелетін адам өзінің психологиясы туралы сипаттайтын белгілі бір кешенді практикалық іс - әрекетті жасау туралы есепті орындайды), физиологиялық (бұл жағдайда психодиагностика адам организмінің физиологиялық реакция немесе еркін емес физикалық анализдің негізінде өткізіледі), Мысалы, бір адамның психологиясын бағалау үшін тікелей немесе жанама сұрақтарды, бір пікірді мақұлдату немесе мақұлдатпау, ауызша, жазбаша, бейнелі, техникалық т.б. іс - әрекет, оның еркін немесе еркін емес қимылдарын және жауаптарға реакциясын және т.б. қолдануға болады. Электроэнцефалограмма, электрокардиограмма, электромиограмма, тері – гальваникалық реакция және басқа рефлекстер де қолданылады.
Тест материалдың жағдайы бойынша психодиагностика әдістемелері сана – сезімдік және сана – сезімсіздерге бөлінеді.
Бірінші типке сұраулы , ал екіншісіне жобалау әдістемесі жатады. Зерттелетін адамға ұсынылатын тест материалының психодиагностикалық әдістемелері бланктік (тест жазбаша түрінде немесе сурет, схема түрінде болады), техникалық (зерттелетін адамға тест материалы аудио – видио немесе кино түрінде болады), сенсорлық (тест материалы физикалық стимул түрінде болады).
Психодиагностикалық қорытындыларда қолданылатын мәліметтердің сипаттамасы бойынша әдістемелер объективтік (зерттелетін адамның немесе экспериментатордың сана – сезімінен немесе еркінен тәуелсіз көрсеткіштер қолданылады) және субъективтік (зерттелетін адамның немесе экспериментатордың сана – сезімдерімен еріктеріне тәуелді мәліметтер қолданылады). Объективтік түрге мысал ретінде қолданғанда бағалаудағы субъективтік минимумға келтірілген физиологиялық , рефлексивтік нәтижелері бар тесттерді айтуға болады.
Субъективтік түріне мысал ретінде интуиция мен ішкі тәжірибеге негізделіп жасалынған интроспекция мен қорытындыларды айтуға болады. Тест мөлшерлерінің бәрінің өлшемі бойынша психодиагностикалық әдістемелер ұқсас мөлшерлерге және ұқсас еместерге бөлінеді. Ішкі құрылысына қарай психодиагностикалық әдістемелер мономерлік және многомерлік деп бөлінеді. Біріншісінде бір ғана қасиет бағаланып диагностика жүргізіледі, екіншісінде бірнеше психологиялық қасиеттер бағаланып олардың психодиагностикасы жүргізіледі. Ал соңғысында психодиагностикалық әдістеме бірнеше жеке әдістерге бөлінеді. Олар подшкалалар деп аталып жеке бір психологиялық қасиеттерді бағалайды. Мысалыға белгілі бір Спилбергер – Ханен тесті адамның үрейленуін бағалау үшін жасалынған. Бұл мономерлік әдістеме , ал Кеттелдің тұлғалық тесті многомерлік әдістемеге жатады.
Психодиагностикалық әдістеме жан – жақты қарастырылып топтастырылады. Сондықтан кез – келген әдістемені жалғыз емес бірнеше топтарға топтастырып жатқызуға болады. Осыған байланысты жоғарыда аталған топтастырылған өлшемдер әртүрлі әдістемелердің сипаттамасында бірін-бірі толықтыратын етіп бағалануы керек. Бөлек топқа эксперименталдық мәліметтердің сапалық және сандық талдауына негізделетін психодиагностикалық әдістемелер кіреді. Бірінші жағдайда диагностикадан өтетін қасиет белгілі ғылыми ұғымдарда сипатталады, ал екінші жағдайда белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда ұнамды дәрежеде сипатталады. Кейде сапалық және сандық сипаттамалар бір-бірімен үйлеседі соңында зерттелетін қасиет сапалық және сандық сипат алады. Мысалы А.Е.Личко тестінде (жасөспірімдер мінезінің диагностикасы) мінезінің әр қасиеті сапалық және сандық сипаттамада болады.
Психодиагностиканың әдістемелері ғылыми және практикалық болып бөлінеді. Мұндай бөлінуі шартты түрде:белгілі психодиагностикалық әдістемелердің көбісі практикалық психодиагностикада да , ғылыми – зерттеу эксперименттерінде де қолданылады. Олардың айырмашылығы төмендегіде: ғылыми – зерттеу әдістемелері анықтауға және әрі қарай зерттеуге бағытталған , ал практикалық – практикалық мақсаттарда қолданылып және оның дамуының дәрежесінің бағалауына бағытталған. Және ғылыми әдістеме тек ғылыми зерттеулерде қолданылып , кең практикалық психодиагностика үшін тиімді емес. Практикалық әдістеме , керісінше , жан-жақты , қарапайым және арзанға түсу керек.
Психодиагностика әдістемелерінің көптігі қолданылуда шектеулер бар болғандығымен түсіндіріледі. Сондықтан шектеулері жоқ әдістемелерді шығарып , қолдану керек.
