- •Соөж №1. Мемлекеттік аймақтық электр стансалары (маэс)
- •Жылу электр орталықтары /жэо/
- •Атом электр стансалары /аэс/
- •Су электр станциялары /сэс/
- •Теңіз тасқыны мен қайтуының энергиясын және толқын энергиясын пайдаланатын электр станциялары /тэс/
- •Су аккумуляциялық электр станциялары /саэс/
- •1. Жоғарғы бассейін. 2. Су торабы. 3. Станция үйі. 4. Төменгі бассейін. Т- турбина; г- генератор; н- насос; д- двигатель.
- •Жер астындағы энергия көздерін пайдаланатын электр станциялары /жаээс/
- •Күн сәулесі энергиясын пайдаланатын электр станциялары /ксэс/
- •Жел электр станциялары /жэс/
- •Дизель электр станциялары /дэс/
- •Газ турбиналы электр станциясы /гтэс/
- •Жылу электр станциялары- конденсациялық электр станциялар /кэс/ және жылу электр орталықтары /жэо/
- •1.8 Суретте қазіргі қуатты жылу электр станциясының бас корпусының көлденең қимасы көрсетілген.
- •Атом электр станциялары. Жалпы мәліметтер. Технологиялық процессі
- •Су электр станциялары. Электр энергияны өндірудің технологиялық процессі
Су аккумуляциялық электр станциялары /саэс/
Су аккумуляциялық электр станциялары /орысша- ГАЭС/ -әдейі салынған кем дегенде екі бассейінді су қоймасының су энергиясын пайдаланатын станция /1,3,4,5,6/.
Су аккумуляциялық электр станцияларының /ГАЭС/ жұмыс істеу принциптік схемасы 1.2.10 суретте көрсетілген.
Электр энергетика жүйе жұмысында қарбалас кезеңі болғанда, ГАЭС-ның электр машинасы генератор режимінде жұмыс істейді де, осы жүйедегі қарбаласты тез уақыттың ішінде /шамамен 1-2 мин./ азайтады. Ал егерде электр системасында жүк аз болса, бұл электр станцияның электр машиналары насос режимінде істейді. Сөйтіп жоғары бассейінді /1/ сумен толтырады да, келесі генератор режимінде жұмыс істеуге дайын тұрады. Ақырғы нәтижесінде жылу электр станциясы мен атом электр станциясының энономикалық тиімділігін арттырады.
С
урет
1.2.10. Су аккумуляциялық
электр станциялардың
жұмыс істеу
принциптік схемасы. а/
Станция схемасы. б/
Төрт машиналы станция
агрегаттары, в/
Үш машиналы
станция агрегаттары. г/ Екі машиналы
станция агрегаттары.
1. Жоғарғы бассейін. 2. Су торабы. 3. Станция үйі. 4. Төменгі бассейін. Т- турбина; г- генератор; н- насос; д- двигатель.
Дүние жүзінде барлығы 150 ГАЭС жұмыс істейді. Су аккумуляциялық электр станцияларын Австралияда, Швейцарияда, Ағылшын елінде, Жапонияда, АҚШ -да, Бразилияда, Чилиде, Колумбияда, Испанияда, Францияда, Швецияда, ФРГ-де және Канада да тиімді қолданады.
ТЕД-да қуаты 225 МВт Киев ГАЭС-ы, Ленинград ГАЭС-ы және Жигулевск ГАЭС-ы тиянақты жұмыс істейді.
Су аккумуляциялық электр станциялардың пайдалы әсер коэффициенті η=0,7-0,75 тең және станциялардың осындай түрін салуға жұмсалатын қаржы шартты түрде төмен /6/.
Міне, осы көрсетілген артықшылықтары су аккумуляциялық электр станцияларын салуды көбейту керек екендігін анықтайды.
Жер астындағы энергия көздерін пайдаланатын электр станциялары /жаээс/
Жерастындағы энергия көздерін /орысша- геотермия/ - ыссы су, гейзерлер және т.б. электр энергиясын өндіру үшін пайдаланады /2,3,4,5,6/. Мамандардың зерттеуі бойынша таяу арада адамдар жер астындағы энергия көздерін жер шарының түкпір-түкпірінде көптеп пайдалана бастайтын болады. 3-5 километр тереңдіктегі бір шаршы километр жер қойнауына суық су жіберген кезде оның 1 градусқа сууынан 10 миллиард джоуль жылу энергиясын алуға болатындығы есептеліп отыр. /5,6/. Бұл мың тонна мазутты жаққанмен бірдей келеді. Жер қойнауының температурасы, әрбір 30 метр тереңдеген сайын бір градусқа өсіп отырады. Бұл аса көп емес сияқты, бірақ 3 километр тереңдіктегі температурада /100°С/ су қайнатуға болатындығы, ал он бір километр тереңдікте /327°С/ қорғасын балқитындығы, 60 километр тереңдікте температура 1800°С-қа жететіндігі және онда платина /1773°С/ балқитындығы мәлім. Осыған орай, кез келген жерде, тіпті мәңгі тоң аймақтарында да жердің ішкі жылуын пайдалануға болады деген тұжырым жасауға болады /3,6/.
Геотермия электр көздерінің едәуір болашағы бар екендігі соңғы жылдарда анықталып отыр. Жер астындағы жылы суда электр энергиясын өндіруге де, жылумен жабдықтауға да және жасанды суық су алу үшін қолдануға болады.
Қазірдің өзінде жер шарында тұрақты жұмыс істеп тұрған бірнеше геотермия станциялары бар: Италияда жалпы қуаты 420 МВт төрт станция, Жаңа Зеландияда- 200 МВт екі станция, жапонияда- 168 МВт, АҚШ-та -500 МВт, Мексикада-80 МВт энергетика көздері пайдалануда /2,3,6/.
1966 жылы, Камчаткада Паужетск геометриялық станциясы іске қосылды. Оның алғашқы қуаты 5 МВт болса, қазір 25 МВт агрегаттар іске қосылмақ. 1.2.11 суретте геотермальдық электр станция құрылым схемасы берілген.
Сурет 1.2.11. Геотермальдық электр станция құрылымы схемасы. 1. Скважина. 2. Буды түрлендіретін құрылғы. 3. Турбина. 4. Салқындатқыш /конденсатор/. 5. Насос. 6. Су жылу алмастырғыш.
Қазір Махачкала маңында әрі өндіріске зор пайдасын тигізіп отырған, әрі құбырлы жүйе арқылы жылу тарататын геотермия қондырғысы жұмыс істейді.
Сонымен қатар жер астындағы энергия көздерін Қазақстанда, Грузияда, Шығыс Сібірде, Дағыстанда, Курил аралдарында және т.б. жерлерде пайдалануда.
Алайда, өкінішке орай, техниканың қазіргі дамуы сатысында жер астындағы энергия көздерін толық пайдалану мардымсыз.
