Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShETMEM_1178__1178__1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Заң факультеті

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

С И Л Л А Б У С

Шетелдердің қылмыстық құқығы

5В030100 «Құқықтану»

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 3

Кредит саны: 3

Барлық дәрісханалық сағат саны: 135, соның ішінде:

дәрістер: 30

Практикалық сабақтар: 15

СӨЖ (ӨСӨЖ): 90

Аралық бақылау: 2

Емтихан: 3-семестр

Талдықорған 2015 ж.

Оқытушы туралы мәлімет:

Нұрбек Дана Тәсібекқызы - қылмыстық- құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

Байланыс телефоны: 87714046027, rufat.dana@mail.ru

Оқыту уақыты: сабақ кестесі бойынша

Консультация уақыты: кафедра кестесі бойынша

Пән: Шетелдердің қылмыстық құқығы

Уақыт: бекітілген бойынша

Кредит: 3

Пән пререквизиттері. Бұл пәнді оқу үшін студенттер мына төмендегі пәндерді меңгерулері тиіс: Конституциялық құқық, Мемлекет және құқық теориясы, Әкімшілік құқық.

Пән постреквизиттері: Бұл пәнді оқып үйрену келесі пәндерді оқу үшін қажет: Криминология, Қылмыстарды саралау, Қылмыстық атқару құқығы.

Пәннің қысқаша сипаттамасы. Осы курс пәні таңдау компоненттің халықаралық құқықтық қатынастар модулі болып табылады.

Қылмыстылық проблемасы бүгінгі таңға дейін әрбір мемлекеттің ішкі ісі деп есептеліп келді. Бірақ ұлттық қылмыстылықпен күресу жағдайы қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін қылмыстардың өсуімен күрделеніп, мемлекеттердің бірлесіп күресуін және күнделікті өзара ынтымақтасуын талап етеді.

Біріншіден, халықаралық қылмыстылықтың тұрақты өсуі, халықаралық терроризм, әуе көлігіндегі қылмыстар, заңсыз есірткі айналымы, қару-жарақ контрабандасы және басқа қылмыстар кеңінен қанат жайып келеді.

Екіншіден, қылмыстар жетік әрі шебер тәсілдермен жасалатындықтан, олардың бір мемлекеттің күшімен ашу қиындық туғызып отыр.

Үшіншіден, шекарамен шектелмейтін ұлтаралық қылмыстық қауымдастықтар пайда болды. Олар өте жақсы ұйымдасқан, әрі әртүрлі елдерде өз «өкілдерін» орнықтырып, қомақты қаржы және техникалық мүмкіндіктерді иеленіп, құқық қорғау ұйымдарымен қылмыстық байланыстар орнатады.

Қылмыстардың жекелеген түрлерімен күресуде мемлекеттердің күштерін үйлестіру тарихта ежелгі уақыттан бері белгілі. Ынтымақтасудың негізгі түрі – халықаралық келісімдер бекіту. Олар: қылмыскерлерді беру туралы екіжақты шарттар, тергеу және сот тапсырмаларын өзара екіжақты орындау, кейбір қылмыстар мен қылмыскерлер туралы өзара мәліметтер алмасу, оларды іздеу және ұстау, қылмыстылықтың өсуіне байланысты ынтымақтасудың жаңа түрлерін іздеу. Арнайы үкіметаралық және үкіметаралық емес халықаралық ұйымдар пайда бола бастады. Мемлекеттер мезгіл-мезгіл халықаралық конгрестер, конференциялар шақырып, онда қылмыстылықпен күресу проблемасын талқылаумен қатар, халықаралық сипаттағы нақты ескерту іс-шараларын жасайтын болды.

Оқытудың мақсаты:

Қазақсан Республикасының және әртүрлі құқықтық жүйелергге жататын алдыңғы қатарлы шет елдердің қылмыстық құқығының жағдайымен және дамуымен таныстыру, қажеті тәжірибелік машықтарды жинауға көмектесу болып табылады.

Оқытудың міндеті: Қазақсан Республикасының және әртүрлі құқықтық жүйелергге жататын алдыңғы қатарлы шет елдердің қылмыстық құқығының жағдайымен және дамуымен таныстыру, қажеті тәжірибелік машықтарды жинауға көмектесу болып табылады.

Қалыптасатын құзіреттіліктер:

  • коммуникативті: қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

  • технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

  • бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:

а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)

- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;

- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;

- үнемі ізденісте болу.

б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)

- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;

- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;

- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;

в) арнайы құзіреттілік (АҚ)

- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;

- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;

- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;

- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]