Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОРС на каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4 Дәріс. Ғимарат пен конструкцияның диагностика түрі

Ғимарат пен имараттың деформациясын анықтау. Тексеру кезінде анықталған деформацияларды (орын ауыстыру) жалпы және жергілікті деп бөлеміз. Жалпы конструкциялар мен имараттар толық орын ауыстыратын және деформацияланатын кезде, ал жергілікті орын ауыстыру, иілу, бұралу 1 конструкция шегінде, түйіндерде қосылғыштар, тірелу болады.

Ғимараттар мен имараттарда негіздің бірқалыпсыз отыруы жалпы деформацияның пайда болуының негізгі себебі болып табылады. Соңғыларының шамадан тыс орын ауыстыруы жобалау процесі кезінде олардың көтергіш қабілетін қате анықтаумен, немесе жобада алдын ала қарастырылған қалыпты эксплуатация шартын бұзумен түсіндіріледі. Көбінесе бұл гидрогеологиялық шарттардың бұзылуы, отыратын топырақтардың сулануы, мұзды қабатшаның еруі, су және жылу жабдықтау жүйесінің апаттары және т.б.

Отыруды, қисаюды, ғимараттың, имараттың және олардың конструкцияларының жылжуын есептеу үшін инженерлік геодезия әдістерді қолданады.

Ғимарат пен имараттың отыруын өлшеуді реперлердің белгілерін және отыру маркасын (1 сурет) салыстыру әдісімен жүргізеді. Тіреуіш реперлерді олар үшін негіз ретінде сығылмайтын топырақ (құмдақ, тығыз мергельдер, ескі бөлініс саздар және т.б.) қолданатын есебі ретінде тереңдікке бітейді. Репер ғимарат айналасына 30…120 м орналастырылады.

Тірек реперлерді және маркаларды нивелирлеу H1, Н3, «КОН-007» және т.б. типті прецизионды нивелирлеу көмегімен жасайды.

Бір уақытта бір жазықтықтағы немесе кеңістіктегі ғимараттың немесе имараттың бірнеше орнын анықтау үшін, орындалу түсімі және имараттың құрылыстық өлшемін, СМР дәлдігін тексеру жасау үшін, динамикалық және статикалық жүктеме кезінде үлкен өлшемді конструкция деформациясында фотограмметриялық и стереограмметриялық әдістерге бөлетін инженерлік фотограмметрия әдісі қолданылады.

1-сурет. Нивелирлеу сызбасы.

а) – тірек реперлер; б) – отыратын маркалар.

1-…-10-бекет нөмірлері; Срп1…Срп4-дәнекерлеу реперлері; ▲- отырушы маркалар; Rp-қабырғалы репер; l1…l20 – бекеттер арасындағы қашықтық.

Жеке конструкцияның деформациясын бағалау. Жеке конструкцияның және оның бөлігінің жергілікті деформациясына (орын ауыстыру) әртүрлі жазықтықта бұрылу бұрышы мен иілуді жатқызамыз. Сондықтан, мұндай деформация барлық уақытта болатынын айта кету керек, бірақ олар темірбетон және болат конструкциясын жобалау нормасында көрсетілген шектік күйінен асып кетпеуі керек.

Конструкцияның иілуін әдетте базалық нүктелерін геометриялық және гидростатикалық нивелирлеу әдісімен анықтайды.

Геометриялық нивелирлеуде өлшеуді тексерілетін конструкция нүктесіне шарнирлі асып қоятын немесе конструкцияға тік орнататын білте тақтайша және нивелир көмегімен анықтайды. Өлшеу нәтижесінде әр түрлі нүктелерде иілу графигін тұрғызамыз

Гидравликалық (гидростатикалық нивелир) бөлшектеліп шығарылатын иілген жерін өлшеуіш өзара ірзеңкелі шлангамен жалғанған өлшеуіштен және базалық құбырдан тұрады.

Гидростатикалық нивелирлеу хабарлау жолдарының принципіне негізделеді. Базалық және өлшеу бағаналарының әртүрлілігі бір нүктеден екінші нүктеге өтуді жоғарылатады. Гидравликалық геометриялық нивелирлеумен салыстырғанда: әлдеқайда жоғары дәлдікті көрсетеді, пайдалануға оңай, үлкен кеңістікті қажет етпейді, көрші бөлме нүктелерімен салыстыруға рұқсат етіледі.

Конструкцияның берілген иілуі механикалық иілуді өлшегіштің көмегімен көлденең планкаға немесе планканың еңіс бұрышы жөніндегі штанганың орын ауыстыру көлемі бойынша орналасады.

Температуралық отыру жігіндегі үймереттің байланысатын бөлігінің берілген тік және көлденең орын ауыстыруын әртүрлі конструкцияның саңылау өлшегішімен есептейді. Жіктер рұқсат етілмеген жағдайда өлшеу үшін оптикалық приборлар пайдаланады, мысалы теодолит.

Бетондағы және болаттағы ақауларды іздеу үшін ақаудың ультрадыбыстық (импульсты және үздіксіз сәуле шығару) әдісін қолданады, сонымен қатар әртүрлі тығыздықтағы материал шегінен ультрадыбыстық толқынның берілу қабілеттілігін пайдаланады. ультрадыбыстық толқынның берілуіне негізделген және дыбыстық тесіп өту (көлеңкелі ақаулар) әдістерін бөліп көрсетуге болады. Бұл әдістердің бірігуі жеткілікті дәлдіктегі ақаулардың болуын және орналасуын анықтауға көмектеседі.Ультрадыбыстық ақаулардың орын алуы ГОСТ 17624—87 және УКБ-1 сияқты басқа да белгілі аспаптардың көмегімен жүзеге асырылады.

Құрылыс конструкциясында жарықтың ашылу енін әдетте бөліну құны 0,02 мм, шектік өлшемі 6,5 мм МПБ-2 микроскобының және шектік өлшемі 0,015 тен 0,6 мм аралығындағы МИР-2 аспабының көмегімен анықтайды.

7,5 м дейінгі қашықтықтағы қиын алынатын жерлердегі құрылыс конструкциясының үстіңгі жағдайының бағасы РВП-451 оптикалық приборының көмегімен жүзеге асады.

Арматураның және темірбетон конструкциясындағы бетонның қорғау қабатының қалыңдығының диаметрін және конструкцияның металл элементтерінің қимасын анықтау үшін ВИМ, ИЗС, ТЗС, ИСМ аспаптарын қолданады.

Дәнекерлеу кезінде және жарықты анықтауда пайда болған металдағы механикалық кернеуді анықтау үшін ИНТ-М2 аспабын ВД-1 және ВД-2 көтергіш датчиктермен қоса қолдануға болады.

Негізгі әдебиет: [1], 42-59; [2], 50-60.

Қосымша: [8], 50-56

Бақылау сұрақтары:

1. Жалпы деформацияның пайда болуының негізгі себептері

2. Отыру, қисаю және жылжу қандай әдістермен өлшенеді?

3. Ультрадыбыстық ақаудың әдістері.