Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M071800 EE kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122 Кб
Скачать
☆

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Костенко М.П., Пиотровский Л.М. «Электрические машины», ч.1,2 М.: Энергия, 1972.1973

  2. Вольдек А.И. Электрические машины. Л.: Энергия, 1978

  3. Электротехнический справочник. В трех томах. М.: Энергия, 1980

  4. Тихомиров П.М. Расчет трансформатора. М.: Энергия, 1970

  5. Жерве Г.К. Расчет асинхронного двигателя при перемотке. Л.: Энергия, 1967

  6. Сергеев П.С., Виноградов Н.В., Горяинов Ф.А. Проектирование электрических машин. М.: Энергия, 1969

  1. Калыков Б.Р., Омирзаков Ш.О., Сылкин М.И., Электрмашиналары Алматы 2005г.

3.2 Электрмеханика, технологиялық кешендердің автоматизациясы және электр жетегі.

Энергияның электрмеханикалық және электрлік түрленуі. Электр энергетикасының негізі электрлік машиналар. Тұрақты және айнымалы ток электр машиналарының пайдаланылу аумағы. Техникалық прогресстегі электрлікмашина құрастырудың атқаратын маңызды ролі.

Энергияның түрлену үрдісінің математикалық жазылуы. Жалпыланған электрмеханикалық түрлендіргіш. Тұрақты және айнымалы ток электр қозғалтқыштарының электрмеханикалық қасиеттері. Энергияның түрлену режимдері. Электрмеханотроника – электрмеханикалық, электрондық және компьютерлік құрылғылардың бір жүйеге қосылуы. Электромеханотронды жүйелердің құрылғысы және құру принциптері, түрлері, пайдалану аумағы. Энергияның электрмеханикалық түрлену процесстерін басқару.

3.3. Электрлік оқшаулама және кабелді техника.

Электрлік оқшаулама. Электрмеханикалық бұйымдар мен құрылыстарды өндірудегі электрлік оқшаулама материалдардың мәні. Диэлектриктер мен басқарылатын диэлектриктер, электрфизикалық сипаттамалары бойынша классификациялануы. Электрлік оқшауламаның жұмыс істеу жағдайы. Оқшауламаға әсер ететін жүктемелердің классификациялануы – электрлік, температуралық, механикалық және т.б.

Жоғары вольтты оқшауламалы конструкциялар. Жоғары вольтты изоляторлардың, электр машиналардың, трансформаторлардың, конденсаторлардың классификациялары және оларға қойылатын талаптар.

Электрмагниттік энергияны тасымалдаудағы - кабелдік бұйымдар. Конструктивтік элементтер құрамы бойынша, оқшаулама материалы мен тағайындалуы бойынша және пайдалану аумағы бойынша кабелдердің классификациялануы. Кабелдердегі электрлік, жылулық және электрмагниттік өрістер. Кабелдерге пайдаланылатын материалдар.

3.4 Электртехникалық қондырғылар және жүйелер

Электртермиялық құрылғылардағы жылу тасымалдау теорияла-рының негіздері. Жылу техникалық материалдар. Физика – техникалық негіздері және кедергілердің электртер-миялық құрылғылаының классификациясы. Индукциялық қызудың физикалық негізі, индукциялық қондыр-ғылар классификациясы. Индукциялық қондырғылардың қорек көзі. Индук-циялық қондырғылардың автоматты басқару жүйесі. Диэлектриктерді жоға-ры жиілікпен қыздырудың физикалық негізі. Диэлектрикті қыздыру қондырғысы және сұлбасын тұрғызудың принципі. Электрдоғалық разрядтың қасиеті және теориялық негізі. Электр доғаның тұрақтылығы және параметрлерін реттеу. Доғалық пеш-тердің классификациясы. Доға пештерінің негізгі электржабдықтары. Доға пештерінің сипаттамалары және жұмыс режимдері. Электрлік доғамен балқытып біріктіру қондырғысы. Доғалық қондырғыларды автоматты басқару. Электролиздің физикалық және энергетикалық негіздері. Элек-тролизді өндірістік қондырғылар. Металдарды электрхимиялық және элек-трофизикалық өңдеу тәсілдері. Электргидравликалық өңдеу қондырғылары. Ультрадыбысты электртехнологиялық қондырғылар. Магнитті және магнитті импульсті өңдеу құралдары. Төмен температуралы плазма алу үшін қондырғы және олардың қолдану аумағы. Плазмалық өндірістік қондырғылар. Элетронды-сәулелі қыздыру қондырғылары. Оптикалық кванттық генераторлар (лазерлер). Электронды-ионды технология. Электрстатикалық өндірістік қондырғылар.

Электрлік жетектің жұмысы және оған қойылатын талаптар. Автоматтандырылған электр жетектің өндірістегі алатын орны. Автоматтандырылған электр жетектің құрылымдық сұлбасы. Электр жетектердің классификациялануы. Электр жетегіне әсер ететін моменттер мен күштер.Электр жетектегі қозғалтқыштар және өндірістік механизмдердің сипаттамалары.Электр жетегінің механикалық бөлігінің кеңейтілген есептік сұлбасы. Электр жетегінің қозғалыс теңдеуі. Электрмеханикалық жүйелердің статикалық және динамикалық қасиеттері. Электр жетектің координаттарын реттеу. Реттелетін электр жетектің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері. Тұрақты және айнымалы ток қозғалтқыштарын реттеудің тәсілдері. Өндірістік механиздер үшін электр жетек жүйесін таңдау. Электрмеханикалық жүйелерді автоматты түрде басқару. Басқарудың релелік-түйіспелік сұлбасы. Автоматты басқарудың тұйықталған және ажыратылған жүйелері. Электрмеханикалық жүйелердің энергетикасы. Энергия шығыны және реактивтік қуатты түтыну. Шығынды төмендету әдістері. Электр жетегінің жұмыс режимдері. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және қайталанбалы-қысқа мерзімді жұмыс режимдеріне қозғалтқыштардың қуатын таңдау. Автоматтандырылған электр жетектің жетілдірілген жүйелері және олардың келешектегі дамуы. Тұрақты және айнымалы ток машиналарын күштік түрлендіргіштік басқарудың құрылысы. Электр жетектерін элекиронды және компьютерлік басқару. Электрлік көлік. Қалалық электрлік көлік, метрополитен. Өндірістік электрлік көлік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]