- •Пән бағдарламасы
- •Астана 2015
- •Оқытушы жайлы мәлімет:
- •5. Курсқа қысқаша шолу:
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж орындау және тапсыру кестесі
- •10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11. Бағалау саясаты:
- •Пән бойынша студенттің білімін бағалау кестесі
- •8. Әдебиет тізімі
- •9. Курстың саясаты
- •Студенттің білімін бағалау шкаласы
5. Курсқа қысқаша шолу:
«Физика» курсы 5B080600 «Аграрлық техника және технологиялар» мамандығы бойынша бакалаврлардың кәсіби іс-әрекетінің іргелі базасын құрайды, олардың ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ: студенттердің классикалық және қазіргі заманғы физика теорияларын, іргелі заңдарын, сондай-ақ физикалық зерттеу әдістерін пайдалану дағдылары мен біліктілігін қалыптастыру; шығармашылық ойлауы мен ғылыми дүниетанымын, компьютер қолдана отырып, физикалық жағдайларды модельдей білуді қалыптастыру; студенттердің дүниенің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыс болмысы туралы тұтастық түсінігін қалыптастыру.
ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ: Физиканың негізгі тараулары бойынша теориялық білімді меңгеру. Биотехнология мамандығы бойынша бакалаврлардың кәсіби іс-әрекетінің іргелі базасын құрау, олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Физика пәнін оқуда студент табиғаттың негізгі заңдары мен заңдылықтарын, оны қолдану аясын, қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, табиғи физиканың негізгі заңдары мен ережелерін білуі керек
Пәнді оқу нәтижесінде студент:
А. Негізгі табиғаттағы құбылыстардың өту заңдылықтарды, физикалық теориялары мен қағидаларды, зерттеудің физикалық әдістерін, олардың практикада қолданысын білу керек;
В.Теориялық білімді нақты физикалық тапсырмалар мен жағдайларды шешу үшін қолдана білу керек, физикалық эксперимент нәтижелеріне жүйелі ғылыми талдауға машықтанып, компьютер арқылы физикалық процестерді модельдеп үйренуі керек;
C. Классикалық және қазіргі физиканың негізгі түсініктерінің, заңдарының, теорияларының ішкі өзара байланыстарының мағынасын ашу; студенттің кәсіби міндеттерін шешу және одан әрі өз білімін жетілдірудің өзіндік тәсілдерін табу біліктіліктеріне, шығармашылық ой және өзіндік танымдық іс дағдыларына қолдау жасау.
D. жаратылыстық ғылым заңдарын жаңа ғылым жетістіктері тұрғысынан бағалап, ғылымның жалпы маңызын, бірегейлігін, даму заңдарының ортақтығын, зертеулердің қандай материалдық шығындарды, кәсіби біліктілікті қажет ететінін білу керек, алған білімді кәсіптік есептерді шешуде кең көлемде пайдалануға үйренуі қажет
E. физикалық эксперимент жүргізу, өлшеуіш аспаптармен жұмыс істеу және өлшеу нәтижелері мен өңдеу дағдыларын игеру қажет;
6. Курстың мазмұны
6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
Тақырыптың аты |
Көлем,сағат |
Әдебиет |
Ағымдық бақылау, ұпай |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Вакуумдағы және заттардағы магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савара-Лаплас заңы. Қарапайым жүйенің магнит өрісін есептеу. Лоренц күші. Зарядталған бөлшектердің манит өрісіндегі қозғалысы. Холл эффектісі Ампер күші. Магнит өрісіндегі тоқ пен тоғы бар орам. Рамаға әсер ететін күш моменттері. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Магнит өрісіндегі тоғы бар өткізгіштің орын ауыстыру жұмысы. Магнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Екі орта шекарасындағы шектік шарттар. Заттардағы магнит өрісі үшін толық ток заңы. |
1
|
Н.Ә.:1-7 Қ.Ә.:1-4 |
0,33
|
2. Электрмагниттік индукция құбылысы. Электромагнит индукциясының негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара және өздік индукция. Индуктивтілік. Өздік индукция коэффициенті. Энергия және магнит өрісінің энергиясының тығыздығы. Максвелл теңдеулері. Ығысу тогы. Электрмагниттік өріс үшін Максвелл теңдеулерінің жүйесі. |
1 |
Н.Ә:1-7 Қ.Ә.:1-4 |
0,33 |
3. Электрмагниттік өріс үшін толқындық теңдеу Толқындық теңдеу. Электромагниттік ұйытқудың таралу жылдамдығы. Электромагниттік еркіндік қасиеттері. Электромагниттңк энергияның ағынының тығыздығы. Умов-Пойнтинг векторы |
1
|
Н.Ә.:1-7 Қ.Ә.:1-4 |
0,33 |
4. Тербелмелі контур. Еркін, өшетін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер және тоқтар резонансы. |
1 |
Н.Ә.:1-8 Қ.Ә.:1-4 |
0,33 |
5. Сәулелік (геометриялық) оптиканың негізгі заңдары. Шағылу және сыну заңдары. Толық шағылу құбылысы. |
1 |
Н.Ә.:1-8 Қ.Ә.:1-4 |
0,33 |
6. Жарық толқындарының қасиеттері. Толқындық пакет (түйдек). Топтық жылдамдық. Жарық толқындарының интерференциясы. Когеренттілік. |
1
|
Н.Ә.:1-8 Қ.Ә.:1-4
|
0,33
|
7. Толқындар дифракциясы. Гюйгенс–Френель принципі. Френельдің аймақтық әдісі. Френель дифракциясы. Фраунгофер дифракциясы. |
1 |
Н.Ә.:1-7 Қ.Ә.:1-4 |
0,33 |
8. Заттардағы электрмагниттік толқындар. Жарықтың заттарда таралуы. Жарық қымысы. Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы. Жарық полярлануы. |
1 |
Н.Ә.:1-8 Қ.Ә.:1-4
|
0,33 |
9. Жылулық сәуле шығару. Абсолют қара дененің сәулеленуінің проблемалары. Кванттық гипотеза және Планк формуласы. Стефан-Болцман заңы. Ығысу заңы. Оптикалық пирометрия. Фотондар. |
1 |
Н.Ә.:1-7 Қ.Ә.:1-4 |
0,33 |
10. Кванттық теориялардың негізгі идеяларын тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Фотоэффект. Рентген сәулесін шығару. Комптон эффектсі. Атомның сызықтық спектрі. Бор постулаттары. |
1 |
Н.Ә.:1-8 Қ.Ә.:1-4 |
0,33 |
11. Жарықтың корпускулалық-толқындық екі жақтылығы. Де Бройль гипотезасы. Электрондар дифракциясы. Анықталмағандықтардың арақатынасы. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері және анықталмағандықтар ара қатынасы. Сәйкестік принципі. Толқындық функцияның статистикалық мағынасы. |
1 |
Н.Ә.:1-7 Қ.Ә.:1-4 |
0,33 |
12. Кванттық теориядағы атом және молекула. Сутегі атомы үшін Шредингер теңдеуі. Сутегіге ұқсас атомдар. Энергетикалық деңгейлер. Деңгейлердің ені. Кеңістіктік кванттау. |
1 |
Н.Ә.:1-7 Қ.Ә.:1-4 |
0,33 |
13. Конденсацияланған күй. Құрылымдық кристаллография элементтері. Кристалл құрылымдарды зерттеу әдістері. Кристалл тордың жылу сиымдылығы. Фотондық газ. |
1 |
Н.Ә.:1-7 Қ.Ә.:1-4 |
0,33 |
14. Металдардың электр өткізгіштігі. Тоқты тасығыштар квазибөлшектер ретінде. Кристалдардағы энергетикалық аймақтар. Төмен өлшемді жүйелер. Ферми деңгейі. Аймақтық теориядағы металдар, диэлектриктер және жартылай өткізгіштер. Электрондық және тесікті өткізгіштік ұғымы. Меншікті және қоспалы өткізгіштік. |
1 |
Н.Ә.:1-7 Қ.Ә.:1-4 |
0,33 |
15. Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы. Ядролық күштер. Ядролық күштердің алмасу сипаты. Альфа-бетта және гамма-сәулеленулер заңдылықтары. Ядролық реакциялар. Атом ядроларының радиоактивті түрленулері. Ядролық бөлінудің реакциясы. Бөлінудің тізбекті реакциясы. Синтез реакциясы. |
1 |
Н.Ә.:1-7 Қ.Ә.:1-4 |
0,33 |
6.2. Практикалық сабақтарының тізбесі
Тақырыптың аты |
Көлем,сағат |
Әдебиет |
Ағымдық бақылау, ұпай |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Вакуумдағы магнит өріс. Заттағы магнит өріс. 2. Электромагниттік индукция. Максвелл теңдеулері. 3. Электромагниттік толқындар. Айнымалы тоқ. 4. Геометриялық оптика. 5. Толқындар интерференциясы. 6. Толқындар дифракциясы. 7. Жарықтың полярлануы. Заттағы жарықтың дисперсиясы мен таралуы. Бугер заңы және жарықтың жұтылуы. 8. Кванттық физика. Жылу сәулесін шығару. Фотондар энергиясы және импульсы. 9. Фотоэффект. Комптон эффектісі. 10. Корпускулярлы-толқындық екі жақтылық. Де Бройль толқындары 11. Кваннтық теориядағы сутек атомы және молекуласы. Сериялық заңдылықтар. 12. Рентген сәулесін шығару. Мозли формуласы. Лазерлер. 13. Конденсацияланған күй. 14. Қатты дене физикасы. Аймақтық теория элементтері. Қатты денелердің жылулық, электрлік және магниттік қасиеттері. 15. Атом ядросы. |
1
1
1 1 1 1
1
1 1
1
1
1 1
1 1 |
Н:3 Н:4 Н:5 Қ:4 Қ:5 |
0,67
0,67
0,67 0,67 0,67 0,67
0,67
0,67 0,67
0,67
0,67
0,67 0,67
0,67 0,67 |
6.3. Зертханалық сабақтарының тізбесі
Тақырыптың аты |
Кө-лем сағат |
Әдебиет |
Ағым-дық бақылау, ұпай |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Кіріспе сабақ. Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу. 2. Жердің магнит өрісінің горизонталь құраушысын анықтау. 3. Кедергі арқылы конденсатордың разрядталуын зерттеу 4.Айнымалы ток тізбегін зерттеу. 5. Неон шамы бар тізбектегі тербелісті зерттеу 6. Жинағыш және шашыратқыш линзалардың фокус аралығын анықтау 7. Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау. 8. Жарық поляризациясын зерттеу |
1
2 2 2 2
2
2 2
|
Н.Ә.:5(№28л.ж.) Н.Ә.:5(№30л.ж.)
Н.Ә.:5(№39л.ж.) Н.Ә.:5(№40л.ж.)
Н.Ә.:5(№7.1.1л.ж.)
Н.Ә.:5(№41л.ж.) Н.Ә.:5(№44л.ж.)
|
1
2 2
2 2
2
2 2
|
