- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың дамуы
- •Оглавление
- •1 Елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін сипаттайтын ақпараттық қоғамның индикаторлары
- •1.2 Пошта байланысы
- •2 Ақпараттық технологиялардың нарығы
- •3 Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына саланың әсер етуі
- •3.1 Тиісті саланы дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері және алғышарттары
- •4 Саланың дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
1 Елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін сипаттайтын ақпараттық қоғамның индикаторлары
Ақпараттық қоғамды сипаттайтын индикаторларды төрт негізгі топқа бөлуге болады:
АКТ инфрақұрылымы және оған қатынау жүйесі;
үй шаруашылықтарының АКТ-ны пайдалануы;
кәсіпорындардың АКТ-ны пайдалануы;
АКТ секторы және электронды сауда.
Инфрақұрылым және АКТ қолжетімділігі бойынша негізгі индикаторлар келесіден тұрады:
100 тұрғынға шаққандағы белгіленген телефон желілері; |
100 тұрғынға шаққандағы ұтқыр байланыс абоненттері; |
100 тұрғынға шаққандағы компьютерлер; |
100 тұрғынға шаққандағы Интернет абоненттері; |
100 тұрғынға шаққандағы кең жолақты Интернет абоненттері; |
100 тұрғынға шаққандағы халықаралық Интернетке қатынау; |
Ұялы ұтқыр телефон желілерін пайдаланатын халық үлесі; |
Интернетке қатынау тарифтері; |
Ұтқыр байланыс тарифтері; |
Интернетке қатынаудың қоғамдық орталықтарын пайдаланатын халық (ауылдық/қалалық) үлесі; |
100 тұрғынға шаққандағы радио нүктелер; |
100 тұрғынға шаққандағы теледидарлар. |
Үй шаруашылықтарының АКТ қолжетімділігі және пайдалануы бойынша негізгі индикаторлар:
Радиосы бар үй шаруашылықтарының үлесі; |
Теледидары бар үй шаруашылықтарының үлесі; |
Ұтқыр телефоны бар үй шаруашылықтарының үлесі; |
Компьютері бар үй шаруашылықтарының үлесі; |
Соңғы 12 ай ішінде компьютер қолданатын (орналасқан орнына қарамастан) халық үлесі; |
Интернетке үйден қолжетімділігі бар үй шаруашылықтарының үлесі; |
Соңғы 12 ай ішінде Интернет қолданатын (орналасқан орнына қарамастан) халық үлесі болып табылады. |
Кәсіпорындардың АКТ пайдалануы бойынша негізгі индикаторларына:
Компьютер пайдаланатын жұмысшылар үлесі; |
Интернет пайдаланатын кәсіпорындар үлесі; |
Интернет пайдаланатын жұмысшылар үлесі; |
Интернет - ресурстары бар кәсіпорындар үлесі; |
Интранет бар кәсіпорындар үлесі; |
Интернет бойынша тапсырыстар алатын кәсіпорындар үлесі; |
Интернет бойынша тапсырыстар орналастыратын кәсіпорындар үлесі; |
Қолжетімділік арқылы Интернетті пайдаланатын кәсіпорындардың ара салмағы: санаттар тар жолақты және кең жолақты желілер қолжетімділікті қамтамасыз етуі керек; |
Жергілікті желісі бар кәсіпорындар үлесі (ЖЕЖ); |
Экстранеті бар кәсіпорындар үлесі; |
Қызмет түрлері бойынша Интернетті пайдаланатын кәсіпорындар үлесі: |
Электрондық почтаны жіберу және алу; |
Ақпарат алу; |
Банкілік Интернет – операциялар немесе басқа қаржылық қызметтерге қолжетімділікті алу; |
Үкіметтік органдармен байланыс; |
Өнімдерді онлайндық жеткізу және т.б. кіреді. |
АКТ қолдана отырып тауарлар саудасындағы АКТ секторының негізгі индикаторларына:
АКТ секторына тартылған жұмысшылар үлесі; |
АКТ тауарларының импорттың жалпы көлеміндегі үлесі; |
АКТ тауарларының экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі кіреді. АКТ дамуын сипаттайтын көрсеткіштерді қалыптастыру ерекшеліктері төменде келтірілген. Компютерлерге ДК портативті компютерлер жатады. 100 тұрғынға, 100 отбасына халықты компютермен қамтамасыз етуді есептеу кезінде белгіленген кезеңге бар компютерлер туралы ақпарат қолданады. Компютерлердің модификациясының тез өзгеруіне байланысты олардың қызмет ету мерзімі 4 жылды құрайды. 100 тұрғынға, 100 отбасыға халықты компютермен қамтамасыз етуді есептеу кезінде орташажылдық халық саны, отбасының орташа көлемі туралы деректер (халық санағы деректерінен шығатын) қолданылады. Компютерлердің бары, соңғы 4 жылда бөлшек саудада сатылған компютерлер санын қосу жолымен есептеледі. 100 тұрғынға компютерлерді белгіленген кезеңге компютерлер санын орташажылдық халық санына бөліп, 100 көбейту жолымен есептеледі. 100 отбасыға компьютерлерді белгіленген кезеңге компютерлер саны отбасы санына бөліп, 100-ге көбейту арқылы алады. |
Кәсіпорындардағы дербес компьютерлер саны ретінде есепті кезеңдегі кәсіпорындағы дербес компьютерлер (бұдан әрі – ДК) саны алынады. Мұнда кәсіпорын теңгеріміндегі жалға, қолдануға алынған, өтеусіз келген, сондай-ақ басқа да шарттарда жұмыс өндірісі үшін алынған компьютерлер кіреді.
Интернетке қолжетімділік мүмкіндігі бар ДК санына интернетке және ғаламдық ақпараттық желілерге тікелей де, жергілікті желінің шлюзі арқылы да қатынауға мүмкіндігі болған дербес компьютерлердің жалпы саны кіреді. Осылайша алыс байланыстың электронды арналарын қолдана отырып басқа сіздің кәсіпорыннан аулақ жерде, басқа кәсіпорындарда немесе жеке пайдаланушыларда орнатылған ДК ақпарат ала алған немесе осындай ДК ақпарат жібере алған компьютерлердің жалпы саны көрсетіледі.
IT мамандардың санын анықтаған кезде жұмыскерлердің тізімдік құрамын жалпы санынан ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша мамандар ерекшеленеді, ал олардың ішінен – жеке мамандықтар бойынша біліктілігі жоғары және орта мамандар бөлінеді.
100 тұрғынға шаққандағы белгіленген телефон желілеріне клиенттің жабдығын (мысалы, телефон аппараты) телефон желісіне қосатын телефон желісіне жатады. 100 тұрғынға шаққандағы белгіленген телефон желілері белгілі кезеңдегі белгіленген телефон желілерінің санын ұқсас кезеңдегі халық санына бөлу және оны 100-ге көбейту арқылы анықталады.
Ұтқыр байланыс абоненттеріне қатысты статистикасына алдын ала төлеммен қатар кейінгі төлемдерді де қолданатын абоненттерді қосуы тиіс. 100 тұрғынға шаққандағы мобильді байланыс абоненттері белгілі кезеңдегі мобильді байланыс абоненттері санын ұқсас кезеңдегі халық санына бөлу және оны 100-ге көбейту арқылы анықталады.
АКТ шығындарына АКТ – ны қолдану және енгізу, сатып алу, әзірлеу, күрделі және ағымдағы кіретін жалпы шығындарға жатады. Шығындар туралы деректер есепті кезеңге ұсынылады. Бұл ретте АКТ-ты енгізу немесе жетілдіру үдерісі қандай кезеңде: қорытынды, техникалық құралдар орнатылған, бағдарламалық қамтамасыз ету жетілдірілген, қызметкерлер оқытылған және бұл ақпараттық технологияны өздерінің қызметтік міндеттерін орындаған кезде қолдана бастаған аяқтауышы немесе мысалы, кейбір техникалық және стандарттық бағдарламалық құралдар сатып алынған, бірақ орнатылған не қолданбалы бағдарламалық құралдарды жетілдіру жүргізіліп жатқан, бірақ пайдалануға берілмеген аралық деңгейде болуының маңызы жоқ.
Интернет абоненттері – бұл қоғамдық Интернетке (TCP/IP байланыс) қолжетімділікке ақша төлегендер. Статистикалық өлшеу Интернет қолжетімділігін алу арқылы құрылғы түрі, қолжетімділік жылдамдығы немесе түріне төлеу әдісіне жатады. 100 тұрғынға шаққандағы Интернет абоненттерін белгіленген кезеңдегі интернет-жазылушылары (абоненттері) санын ұқсас кезеңдегі халық санына бөлу және оны 100-ге көбейту арқылы анықталады.
Интернеттің кең жолақты желісі – Интернет, ЖЕЖ Ethernet және т.б. жоғары жылдамдық қолжетімділікті етуші технология. Кең жолақты Интернет абоненттері - қоғамдық Интернетке (TCP/IP байланысы) тез әрекет етуші қолжетімділік үшін ақша төлегендер. Кең жолақты Интернет абоненттері белгілі кезеңдегі кең жолақты Интернет абоненттері санын ұқсас кезеңдегі халық санына бөлу және оны 100-ге көбейту арқылы алады. Кең жолақты Интернет желісіне төмендегілер жатады:
DSL (Digital Subscriber Line – Цифрлық абоненттік желі) –дәстүрлі (мыс) телефон желілер бойынша жоғары жылдамдықта деректерді беру үшін кең жолақты желі. DSL цифрлық абоненттік желілерінің негізгі технологияларына ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line – бұл жай телефон нөмірімен Интернетке жоғары жылдамдықта қолжетімділікті ұйымдастыратын технология, сонымен қатар телефон желісі бос болады) және HDSL (High Rate Digital Subscriber Line – жоғары жылдамдықты цифрлық абоненттік байланыс желісі) жатады. DSL – қосылуы ең жоғары жылдамдықты тұрақтандырылған Интернет қосылуларының біріне жатады.
ISDN (Integrated Services Digital Network — қызметтер бірлесуімен цифрлық желі) – арналар коммутацияланған байланыстың телефондық жүйесін қолданып Интернетке уақытша қосылу. ISDN желісі телефонның қарапайым мыс сымы арқылы дауыс пен мәліметтерді цифрлық (ұқсас жеткізулерден ерекше) жеткізуге мүмкіндік береді, ұқсас жүйелерге қарағанда жеткізу сапасы мен жылдамдығы жоғары. ISDN желісі бойынша байланыс төменгі жылдамдықты (тар жолақты) қатынауға жатады.
UMTS, Ұтқыр байланыстың әмбебап жүйесі (Universal Mobile Telecommunications System) — 3G буынына жататын ұялы байланыс технологиясы. Әуе кеңістігі бойынша мәліметтерді тарату әдісі ретінде W-CDMA (кең жолақты CDMA) технологиясы қолданылады.
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласы қазақстандық экономиканың, кәсіпорындардың жиынтық табысы 2009 жылы 438,4 млрд. теңгеге жеткен, өскелең сегменті болып табылады, бұл 2008 жылға қарағанда 8,3 %-ға көп. Сала табыстарының өсуі тұрғындар мен бизнестің ұсынылатын қызметтерге артушы қажеттілігін айқындайды.
Сала табыстарының құрылымындағы негізгі үлес ұялы байланыс қызметтеріне тиесілі – 244,8 млрд. теңге (55,8%). Сала табыстарының жалпы көлеміндегі басқа қызметтердің үлесі былайша бөлінген: қалааралық және халықаралық байланыс қызметтері - 51,5 млрд. теңге (11,7 %); жергілікті телефон байланысы – 31,3 млрд. теңге (7,1%); Интернет қызметтері - 43,6 млрд. теңге (10 %) және басқа да байланыс қызметтері - 67,2 млрд. теңге (15,4 %). Сала қызметтерінің 2009 жылдағы негізгі тұтынушысы корпоративті сектор болып табылады – 246,6 млрд. теңге (56,3%); тұрғындарға байланыс қызметтерін сатудан түсетін кірістер 191,8 млрд. теңгені құрады (43,7%), бұл 2008 жылға қарағанда 5,6%-ға көп.
Соңғы жылдар бойы телекоммуникация саласының өсуінің негізгі катализаторы ұтқыр байланыс сегменті болды. 2010 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында әлемдегі неғұрлым кең таралған GSM 900/1800 және CDMA стандарттарын қолданумен төрт ұтқыр байланыс желісі құрылды. Сонымен қатар ұтқыр байланыс нарығының жоғары шоғырланған болып табылатындығын айта кеткен жөн: нарықтың 90 %-ы екі ірі оператор өзара бөлісіп отыр, нарықтың қалған қатысушыларының үлесіне кемінде 10 % тиеді.
2009 жылы ұтқыр байланыс абоненттерінің саны 14,9 млн. абонентті құрады, бұл әрбір 100 тұрғынға 95 абонент тығыздығына сәйкес келеді. 2005 жылдан бастап абоненттер өсімінің қарқыны біртіндеп төмендеуде (2005 жылы – 121 %, 2006 жылы – 45 %, 2007 жылы – 60,8 % және 2008 жылы – 16,9 %) және абоненттік базаның өсуі белсенді өсу сатысынан баяу өсу сатысына өтті. Осыған байланысты осы сегменттің ішінде бәсекелестік құрылымның өзгеруі: тарифтер негізіндегі бәсекеден ұтқыр байланыстың ұсынылатын қосымша қызметтерінің спектрі бойынша бәсекеге қарай өзгеруі байқалады.
2009 жылы бекітілген байланыс нарығы абоненттерінің саны 3,9 млн. абонентті құрады. 2009 жылы нарықтың жалпы көлемі 82,7 млрд. теңге мәніне жетті, бұл нарық көлемі 82,3 млрд. теңгені құраған 2008 жылмен салыстырғанда 0,5 % өсімді көрсетті.
Телекоммуникациялық нарықтың жалпы құрылымында Интернет және деректер тарату қызметтерінің үлесі соңғы 4 жылда азын-аулақ өзгерді және 2009 жылы 10 % шамасын құрады. Абсолютті көрсеткіштерде нарық көлемі 2009 жылы 43,6 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, берілген сектор ішіндегі табыстар құрылымы елеулі өзгерді. Интернет және IP-телефония қызметтері табыстарының үлесі елеулі өсті; арналарды жалға алу табыстарының үлесі төмендеді.
2009 жылы Интернет желісін тұтынушылардың саны, байланыс операторларының есептеріне сәйкес, 3,15 млн. тұтынушы мөлшерінен артты, бұл 100 тұрғынға 19,8 тұтынушы тығыздығына сәйкес келеді.
Соңғы жылдар ағымында құрамына ақылы теледидар, веб-хостинг, IP-телефония, телерадио бағдарламаларын тарату және телекоммуникациялардың басқа қызметтері кіретін телекоммуникациялардың қосымша қызметтері үдемелі дамып келеді. Байланыстың басқа қызметтері сегментінің жалпы көлемі 2009 жылы 67,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3,8 %-ға көбірек.
«Қазақтелеком» АҚ-ның экономикалық шоғырлануын төмендету мақсатында соңғы жылдары «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен аффилиирленген байланыс операторларында үлестерді (акцияларды) өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2010 жылы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «NEO» сауда маркасы бар «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұялы байланыс операторының жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51 %-ын сату аяқталды және қалааралық және халықаралық телефон байланысының, сонымен қатар Интернет желісіне қол жетімділік қызметінің операторы болып табылатын «Нұрсат» акционерлік қоғамына үлесті өткізу жоспарланып жатыр.
Телерадио бағдарламаларды тарату қызметінің табысы 2009 жылы 13,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 9,8 %-ға артқанын көрсетеді. Телерадио бағдарламаларын қалыптастыру тракты 215 электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) ұсынылған. Орталық Азия, Орта Шығыс, Еуропа мен Солтүстік Африка елдерінің аумағында хабар таратуды жүзеге асыратын «Caspionet» спутниктік арнасы жұмыс істейді. Кәбелді хабар таратудың 67 операторы және спутниктік хабар таратудың 2 операторы жұмыс істейді. Республикалық хабар таратумен ірі елді мекендердің – облыс және аудан орталықтарының тұрғындары ғана толық көлемде қамтылған. Ауылдық аумақтардың көпшілігі мемлекеттік телевизиялық арналардың (Қазақстан, Хабар, Ел арна) ғана хабар таратуымен қамтылған.
Телевизиялық және радио бағдарламаның республикалық желісінің жұмысын «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы – республиканың эфирлік хабарлар тарату операторы іске асырады, ол барлық телевизиялық және радио бағдарламаларды таратуды іске асырады және республиканың халқын мынадай аса ірі жалпы ұлттық телевизиялық және радио бағдарламалармен қамтамасыз етеді: «Хабар» - 98,6 %; «Қазақстан» – 98,3 %; «Ел арна» - 87,4 %; «Бірінші арна Еуразия» – 86,8 %; Қазақ радиосы – 87,8 %; «Шалқар» радиосы - 46,2 %. Қалған жалпы республикалық телевизия және радио арналары халықты қамтудың төменірек көрсеткіштеріне ие.
