Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций по матем каз.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
298 Кб
Скачать
☆

I. Санның құрылуы. Екі жолы қарастырылады:

  1. Алдыңғы санға бірді қосу

  2. Артқы саннан бірді алу.

Барлық жұмыс заттық тәжірибелік іс-әрекетте ұйымдастырылады. Мұғалім балаларға бірнеше затты ұсынып, тағы бір затты қосады, сөйтіп 5 саны пайда болғанын көрсетеді. Мысалы:

  • Бізде бірнеше алма бар?

  • Санаңдар, қанша?

  • Дұрыс 4?

  • Енді оған тағы алма қосамын?

  • Қанша алма болды?

Осындай жұмысты бірнеше көрнекліктерде көрсеткен жөн:

  • Алматта бірнеше дәптер бар. Қанша?

  • Оған Сания бір дәптер сыйлады.

  • Енді Алматта дәптердің саны қанша?

Содан кейін балалардың заттық тәжірибелік іс-әрекетін ұйымдастыру керек:

  • Партаға 4 қызыл шеңбер қойып шық, тағы бір шеңбер қос. Саны қанша болды?

Қорытынды:

  • 5 саны қалай пайда болды?

  • Қай санға бірді қостық?

Бекіту тапсырмалары тәжірибелік болу керек. Келесі сабақта тура осындай жағдайда бестен бірді алу арқылы төрт санының құрылуын қарастырамыз: бірнеше алма бар:

  • Сана қанша?

  • Бір санды алдық. Қанша қалды?

Алдындағы сияқты төрт санының құрылуын бірнеше көрнекіліктерде бекітемізде нәтиже шығарамыз.

  • Төрт саны қалай пайда болды?

II. Санды цифрмен белгілеу. Цифрды жазуды үйрету

Санды жазуды үйрету бірнеше кезеңнен құрылады:

1. Санның жазбаша үлгісін көрсету.

2. Мұғалім тақтада санның жазуын көрсетеді. Орындаған ісін сөзбен айтып тұрады.

3. Әр балаға цифрдың моделі таратылып, балалар мұғалімнің басшылығымен бірге моделін саусақпен айналдырады.

4. Цифрды ауада жазу.

5. Жеке тақтаға жазу.

6. Дәптерде үлгі бойынша, пункттер бойынша жазу.

III. Санды және көптіктерді сәйкестендіру

Сандарды және көптіктерді сәйкестендіру келесі тапсырмалар арқылы жүргізіледі: санға бірнеше затты таңдап алу, керісінше бірнеше затқа соған сәйкес санды таңдау. Мысалы: мен қандай санды көрсетемін, сендер соншалықты шапалақтайсыңдар. Немесе, мен бірнеше затты қойып шығамын, сендер соған сәйкес санды таңдайсыңдар.

IV. Сан қатарындағы санның орны

Сан қатарындағы санның орны екі негізгі сұрақ арқылы бекітіледі:

  • 5 саны қай санның алдында орналасқан?

  • 5 саны қай санның артында орналасқан?

Бекіту тапсырмалары:

  • 1-ден 4-ке дейін сандарды ретімен қойып шық.

  • 1...3...5 сан қатарын толтыр.

  • ...2... көршілерін тап.

V. Берілген санға дейін санау

Санау дегеніміз қанша деген сұраққа жауап беру. Санауға балаларға алғаш бірдей заттар, содан кейін әр түрлі заттар ұсынуға болады.

Санау түрлері: тура, теріс, берілген саннан берілген санға дейін (2-ден 5-ке дейін).

Санауға үйрету кезеңдері:

1. Заттарды қолымен ұстап дауыстап санау;

2. Саусақпен көрсетіп сыбырлап санау;

3. Көзбен іштей санау.

Міндетті түрде балаларды сандық санау мен реттік санауды ажыратуға үйрету керек.

VI. Сандарды салыстыру.

Алғаш салыстыруға көрші сандарды ұсынады, одан кейін басқа, әр түрлі сандарды береді. Салыстыруға үйрету шартты түрде үш кезеңнен тұрады:

1-ші кезеңде салыстыру көрнекіліктерге сүйеніп балалардың заттық-тәжірибелік іс-әрекетінде жүргізіледі.

2-ші кезеңде көрнекіліксіз тек сандарға сүйеніп.

3-ші кезеңде ойша салыстыру.