- •5В050900 «Қаржы» мамандығына арналған
- •Силлабус
- •Дәрістемелік сабақтардың тақырыптары мен оныңмазмұны
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және олардыңмазмұны
- •1.7.2 Қосымша әдебиеттер
- •3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау жәнетапсыру кестесі
- •7. Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Саясат және процедура.
- •9. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзінді жұмысы(соөж) мен студенттердің өзіндік жұмысының (сөж) орындауға берілген тапсырмалар
Саясат және процедура.
Жұмыс көрсетiлген мерзiмдерде тапсырылуы керек. Емтихандық сессияның басына дейiн барлық тапсырмаларды өткiзудiң ақырғы мерзiмi 3 күн. Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер, емтихан тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
Әрбiр жіберген оқу жұмысы үшін тақырыпты қайталау және пысықтау жұмыспен өтеуi міндетті. Оқу материалын игерудiң дәрежесi тестеумен тексередi.
Үйге берген сабақты және СӨЖ тапсырмасын белгiленген мерзiмде, орындамау жағдайында қорытынды баға төмендейдi.
Барлық аудиториялық жұмыстарға қатысуы міндетті. Егер сабақты белгісіз жағдайларға байланысты босатса, онда оқытушының белгiлi бiр белгіленген уақыттарына сәйкес жұмыспен өтеледi, және де дәрiстердiң тақырыбына сәйкес әрбiр жіберілген жұмысына 5 қосымша есептер тапсырылады.
9. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзінді жұмысы(соөж) мен студенттердің өзіндік жұмысының (сөж) орындауға берілген тапсырмалар
№ |
Тақырыптың атауы |
Тақырыптың мазмұны |
Тапсыру түрі |
Тапсыру мерзімі |
||
1 |
Банк маркетингінің негіздері. |
1) Банк қызметін мемлекеттік реттеудің қажеттігін түсіндіріңіз 2) Қаржылық қадағалау агенттігінің банк қызметін реттеудегі ролі мен міндетін ашыңыз 3) ҚР Ұлттық банкінің банктік қызметті реттеудегі алатын орны мен ролі немен сипатталатын қарастырыңыз 4) Шет елдердегі банк қызметін реттеу тәжірибелерін баяндаңыз |
Ауызша,эссе |
1 апта |
||
2 |
Маркетингтік зерттеулер. |
Банктің маркетингтік зерттеулер жүргізу жоспарының мысалы:
|
Ауызша кесте түрінде |
2 апта |
||
3 |
Бәсекелестікті талдау. |
Банк қызметтер рыногындағы ірі банктердің бәсекегеқабілеттілігін бағалау: 1.Бәсекеге қабілеттілік факторлары |
Ауызша |
3апта |
||
4 |
Банк өнімінің саясаты. |
Банктің электрондық қызметі:
|
Ауызша |
4апта |
||
5 |
Клиенттермен өзара қатынасты басқару. |
ҚР банктеріндегі клиенттермен өзара қатынасты басқару түрлері мен шарттары |
Салыстыру арқылы |
5 апта |
||
6 |
Коммуникациялық саясат. |
Ынталандыру шаралары. Коммуникациялық іс-әрекет бағыты.
|
Мәлімет жинау |
6 апта |
||
7 |
Брендинг банктің маркетингтік коммуникациясын құру негізі ретінде. |
Қай банк алдыңғы қатарлы Қазақстандық бренді бола алады. |
Ойын түрінде |
7 апта |
||
8 |
Банк қызметіндегі стратегиялық жоспарлау. |
Коммерциялық банкте стратегиялық жоспарлау проблемасы. |
Ауызша |
8апта |
||
9 |
Банк дамуындағы стратегияны таңдау. |
Shell/DРМ моделі. |
ауызша |
9 апта |
||
10 |
Маркетингтік аудит және реинжиниринг. |
Инновация және диверсификация. Тұтынушылар психологиясы қандай? |
Ауызша |
10 апта |
||
11 |
Банктік логистика. |
Банктік логистика тарихы. |
Ауызша |
11 апта |
||
12 |
Банк қызметін ұйымдастыру және реттеу. |
Банкті басқару және ұйымдастыру құрылымының жобасын жасаңыз
|
График құрастыру |
12 апта |
||
13 |
Корпоративтік клиенттерді несиелеу. |
Корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету |
Ауызша,эссе |
13 апта |
||
14 |
Жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру. |
Несиелік процесс. Несиенің түрлері.ҚР банктеріндегі тұтыну несиесінің түрлері мен шарттары |
Ойын түрінде,ситуация талдау |
14 апта |
||
15 |
Банктің өтімділігі және төлем қабілеттігі |
Банктің өтімділігін басқару және бағалау |
Ойын түрінде,ситуация талдау |
15 апта |
||
10.Аралық және қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары және емтихан сұрақтары
Бірінші межелік бақылауға арналған сұрақтар
1. Қазақстандағы банк қызметін мемлекеттік реттеу.
2. Банктің депозиттік операциялары
3. Банктің депозиттік саясаты
4. ҚР-ғы депозиттерді сақтандыру
5. Банкаралық несиенің дамуы
6. Банктің меншікті капиталы және оның жеткіліктігі
7. Банктік қадағалаудың түрлері
8. Банк қызметін рейтингтік бағалау
9. Банк активтерін басқару
10. Банктің кассалық операциялары
11. Банктің есеп айырысу қызметі
12. Пластикаслық карточкалармен есеп айырысулар
13. ҚР-ғ төлем жүйесі
14. Қазақстандағы ипотекалық несиелеудің дамуы
15. Тұтынушылық несиелеудің дамуы
16. Овердравт несиесі
17. Факторингтік операциялар
18. Форфейтингтік операциялар
19. Банктің лизингтік операциялары
20. Аккредитивпен есеп айырысу
21. Инкассомен есеп айырысу
22. Банктік кепіл-хат түрлері
23. Несиелеу процессін ұйымдастыру
24. Несиелік мониторниг түрлері
25. Банктің проблемалық несиелермен жұмысы
26. Несиелік тәуекел-менеджменті
27. Банктің пайыздық саясаты
28. Банктік несиелік қоржынын басқару
29. Қарыз алушылардың несиелік рейтингін бағалау
30. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау
31. Несиені қамтамасыз ету формалары
32. Банктің несиелік саясаты
33. Банктік инвестициялар түрлері
34. Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялары
35. РЕПО операциясы
36. Банктің корпоративтік бағалы қағаздармен операциялары
37. Банктердің бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтері
38. Банктің инвестициялық сасясаты
39. Банктік инвестициялық қоржынынын басқару
40. Инвестициялық тәуекелді басқару
Екінші межелік бақылауға арналған сұрақтар
1. Банктің трасталық операциясы
2. ҚР-ғы шағын және орта бизнесті несиелеудің дамуы
4. Халықты несиелеу түрлері
5. Корпоративтік несиелеудің дамуы
6. Жобалық несиелеу ерекшеліктері
7. Интернет банкинг қызметінің дамуы
8. Номе-банкинг қызметі
9. Мемлекеттік даму банкінің қызметі
10. Тұрғын үй құрылыс банкінің қызметі
11. Қазақстан Ипотекалық компаниясының қызметі
12. Ипотекалық несиелерді сақтандыру қорының қызметі
13. Банктің валюталық операциялары
14. Банктің валюталық позициясын есептеу
15. Мерзімді валюталық операциялар
16. Валюталық тәуекелді басқару
17. Валюталық реттеу және валюталық бақылау
18. Пайыздық тәуекелді басқару
19. Банктің табыстарының түрлері
20. Банктің шығыстары
21. Банк өтімділігін бағалау
22. Банк өтімділігін басқару
23 Өтімділік тәуекелін басқару
24. Банктегі маркетинг қызметі
25. Банк пассивтін басқару теориялары
26. Несиелік желі бойынша несиелеу
27. Банктік тәуекел түрлері
28. Пайыздық тәуекелді ГЭП-тік талдау
29. Банктік менеджменттің мәні мен қызметтері
30. Банктің қаржылық нәтижелерін басқару
31. Банктегі қаржылық менеджмент
32. Банктің капиталын басқару
33. Банктің депозиттік қоржынын басқару
34. Банк балансының өтімділігін талдау
35. Банк қызметіндегі тәуекел-менеджменті
36. Банк қызметін тарату
37. Банк қызметін қайта ұйымдастыру
38. Банк қызметін жиынтық қадағалау
39. Банкаралық корреспонденттік қатынастар
40. Банкаралық клиринг
Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. Банк қызметінің экономикалық негізі
2. Банк қызметінің құқықтық негізі
3. Банк қызметін ұйымдастыру тәртібі
4. Банк қызметін реттеу әдістері
5. Банк ресурстарыныың қалыптасуы
6. Банктік капитал, оның жеткіліктігі
7. Банктік капиталдың көздері
8. Депозит, оның түрлері
9. Депозиттік емес ресурстар
10. Депозиттік саясат
11. Банк активтерінің құрамы
12. Банк активтерінің жіктелуі
13. Есеп айырысу операцияларының жіктелуі
14. Қолма-қолсыз есеп айрысу формалары
15. Банктік шот ашу тәртібі
16. Төлем құжаттарын толтыру тәртібі
17. Кассалық операцияларды ұйымдастыру
18. Инвестициялық операциялардың сипаты
19. Инвестициялық қоржынның қалыптасу прициптері
20. Банктің инвестициялық саясаты
21. Банктің несиелік саясаты
22. Несиелік процесс
23. Жеке тұлғаны несиелеу
24. Заңды тұлғаларды несиелеу
25. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау
26. Несиелік скоринг
27. Несиелік қоржынды басқару
28. Несиелік мониторинг
29. Проблемалық несиелермен банктің жұмысы
30. Несиелік тәуекелді бағалау және басқару
31. Банктік лизингтік операциялары
32. Лизинг мәмілесінің қытысушылары
33. Факторинг операциясының мазмұны
34. Факторинг мәмілесіне қатысушылар
35. .Факторингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
36.Форфейтинг операциясының мазұны
37. Форфейтинг мәмілесінің қатысушылары
38.Форфейтингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
39.Траст операциясының сипаты
40.Траст операциясының жіктелуі
41.Агенттік қызмет көрсету
42.Электрондық қызмет көрсету сипаты
44.Интернет банкинг қызметінің сипаты
45.Номе-банкинг қызметінің ерекшеліктері
46.Пластикалық карточкалармен есеп айрысу
47.Валюталық құныдылықтар түрлері
48.Валюталық операциялардың жіктелуі
49.Кассалық валюталық операциялар
50.Мерзімді валюталық операциялар түрлері
51.Аккредитивпен есеп айырысу операциялары
52.Инкассомен есеп айырысу
53.Банктік кепіл-хатты пайдалану тәртібі
54.Банктің өтіміділігінің ұғымы
55.Банк өтімділігіне ықпал етуші факторлар
56.Банк өтімділігін басқару әдістері
57.Банк өтімділігін бағалау көрсеткіштері
58.Банктің табыстарының түрлері
59.Банктің пайыздық табыстары
60.Банктің шығыстарының түрлері
61.Банктің шығыстарын азайту
62. Валюталық тәуекелді басқару
63. Валюталық тәуекелді сақтандыру
64. Өтімділік тәуекелін басқару
65. Пайыздық тәуекелді басқару
66. Инвестициялық тәуекелді басқару
67. Банктегі маркетингі қызметінің мәні
68. Банктік маркетингтің тәсілдері
69. Банктегі маркетинг түрлері және тәсілдері
70. Банктік менджменттің сипаты
71. Тәуекел-менджментінің түрлері
ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР
1) ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банктерге шектелгенықпал ету шараларының қайсысын қолдануы мүмкін:
А) міндеттеме-хатты талап ету;
Ә) банкпен жазбаша келісім жасау;
Б) ескерту жасау;
В) орындауға міндетті бұйрық хат беру.
Г) барлық жауап дұрыс.
2) Банк қандай жағдайларға байланысты консервациялауға жатуы мүмкін:
А) меншікті капиталдың жеткіліктігі коэффициентін жүйелі түрде (соңғы үш ай ішінде) орындамауы;
Ә) банкротқа ұшырауы;
Б) ерікті түрде таратылуы;
В) мәжбүрлі түрде таратылуы;
Д) ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес соттың шешімі бойынша
3) Өтімділігі жоғары активтерге қайсысы жатпайды:
А) қолма-қол ақшалар;
Ә) мемлекеттің бағалы қағаздары;
Б) Қазақстан ипотекалық компаниясының боырыштық бағалы қағаздары;
В) құйма қымбат бағалы металдар;
Г) талап етуге дейінгі депозиттер;
4) Талап етілуге дейінгі міндеттемелерге мыналардың қайсысы есептелінбейді:
А) клиенттердің талап етуге дейінгі депозиттері;
Ә) “овернайт” банкаралық несиелері;
Б) есеп айырысу мерзімі көрсетілмеген басқа да талап етуге дейінгі міндеттемелер.
В) банк-корреспонденттердің талап етуге дейінгі депозиттері;
Г) мемлекеттің бағалы қағаздары.
5) ҚР Ұлттық банктiң ЕДБ-ге беретiн несиесi қандай?
А) бланктік
Ә) ивпотекалық
Б) овернайт
В) дисконттық
Г) тұтыну
6) … – банктiк операцияларды жүзеге асырмайтын, тек қана банктiң берген тапсырмасымен және соның атынан қызмет көрсететiн, банктiң орналасқан жерiнен тыс жерде орналасқан, заңңды тұлға болып табылмайтын банктiң құрылымдық бөлiмшесi.
А) банктiң департаменттерi
Ә) еншiлес банк
Б) банк өкiлеттiгi
В) банктiң филиалы
Г) басқарма
7………. – клиенттiң өз шотынан белгiлi бiр соманы аудару туралы қызмет көрсетушi банкке берген тапсырмасы.
А) төлем талабы
Ә) банктiк аударым
Б) аккредитив
В) төлем тапсырмасы
Г) вексель
8. ………. – бүл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшiн және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие.
А) инвестициялық несие
Ә) лизингтiк несие
Б) ипотекалық несие
В) тұтыну несиесi
Г) коммерциялық несие
9 ……… - бұл ақшалай қаражаттарды төлеушiлер мен алушылардың шоттары бойынша жазбаша түрде жасалатын есеп айырысу болып табылады.
А) банктiк депозиттер
Ә) банкаралық несиелер
Б) қолма-қолсыз есеп айырысулар
В) корреспондентiк қатынастар
Г) аударымдар
10..Қазақстан Республикасының банк жүйесi неше деңгейден тұрады?
А) акционерлiк, жеке меншiк, бiрiккен
Ә) ұлттық, коммерциялық, эмиссиялық
Б) жеке меншiк, мемлекеттiк, бiрiккен
В) акционерлiк, жеке меншiк,…
Г) 1- деңгейлi және 2- деңгейлi банктер
11. Меншікті қаражат жеткіліктігі қалай анықталады?
А) Депозитер/Активтер;
Ә) Меншікті капитал/ Активтер
Б) Меншікті капитал / Тәуекелі өлшенген активтер – Арнайы провизиялар
В) Меншікті капитал – Активтер
Г) Активтер – Міндеттемелер
12. Банктің активнің шамасы қалай анықталады?
А) Депозитер/Активтер;
Ә) Меншікті капитал/ Активтер
Б) Меншікті капитал / Тәуекелі өлшенген активтер
В) Меншікті капитал + Міндеттемелер
Г) Меншікті капитал – Міндеттемелер
13) Жарғылық капиталды мынадай көздердің есебінен қалыптастыруға болмайды:
А) ақшалай қаражат
Ә) бюджет қаражаты
Б) депозиттік қаражаттар
В) құрылтайшылық жарна
Г) шетелдік капитал
14. Банк ресурсының негізгі бөлігін қандай қаражат құрайды?
А) тартылған қаржаттар
Ә) Сатып алынған ресурстар
Б) меншікті қаражаттар
В) акционерлік капитал
Г) несиелік қаражаттар
15. Банк ресурсының құрылымына мыналардың қайсысы кірмейді?
А) Талап етілетін депозиттер
Ә) Мерзімді депозиттер
Б) Жинақ салымдары
В) Берілген займдар
Г) Депозиттік серитифкаттар
16. Банк ресурсының құрылымына нелер жатады?
А) несиелер мен депозиттер
Ә) инвестициялар мен несиелер
Б) меншікті және тартылған қаражаттар
В) баланстан тыс талапатар
Г) барлық активтік қаражаттар
17. Банктің активтеріне мыналардың қайсысы жатпайды?
А) несиелер
Ә) Инвестициялар
Б) Факторинг
В) форфейтинг
Г) депозиттер
18. Банк өтімділігі дегеніміз не?
А) Қолма-қол ақшаларының көп болуы
Ә) ҚҰБ-гі шоттағы қаражаттардың жеткіліктігі
Б) клиенттер алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындау қабілеті
В) Меншікті капиталдың жеткіліктігі
Г) Банктің нарықтағы ұстанымының жоғары болуы
19. Банктің инвестициялық операциялары нені білдіреді?
А) несие беру
Ә) бағалы қағаз шығару
Б) Бағалы қағазға қаражат салу
В) жобалық қаржыландыру
Г) кепілге алып несие беру
20. Банк үшін тәуекелі төмен бағалы қағазға нелер жатады?
А) акция
Ә) облигация
Б) вексель
В) мемлекеттік бағалы қағаздар
Г) мемлекетттік емес бағалы қағаздар
21. Факторинг нені білдіреді?
А) ұзақ мерзімді несиелеу
Ә) тұтынушының төлем құжатын несиелеу
Б) жабдықтаушының дебиторлық қарызын сатып алу
В) клиенттің кредиторлық қарызын төлеу
Г) банктік клиенттер алдындағы міндеттемесі
22. Форфейтинг операциясы сипаттайды?
А) импортердің атынан төлемді төлеу
Ә) экспортерге төлеуге тиісті импортердің төлем құжаты сатып алу
Б) қаржы тартуды
В) есеп айрысуды
Г) төлемге кепілдік беруді
23. Валюталық позицияның неше түрі болады?
А) екі: ашық және жабық
Ә) екі: қысқа және ұзын
Б) бір: жабық
В) бір: ашық
Г) төрт: ашық, жабық, қысқа, ұзын
24. Сапасына қарай несиелер неше топқа жіктеледі?
А) Үш: қысқа, орта, ұзақ
Ә) Үш: стандартты, субстандартты, күмәнді
Б)Үш: стандартты, күмәнді, үмітсіз
В) Үш: тұрақты, тұрақсыз, қанағаттанарлықсыз
Г) үш: сенімді, қауіпті, қанағаттанарлықсыз
25. Үмітсіз несиелер бойынша қанша провизия құру көзделеді?
А) 5%
Ә) 50%
Б) 15%
В) 25%
Г) 100%
26. Мыналардың қайсысы конверсиондық валюталық мәмілеге жатпайды?
А) Своп
Ә) Спот
Б)Форвард
В) Спрэд
Г) аутрайт
27. Мыналардың қайсысы несиелік тәуекелді басқару жүйесінің элементіне жатпайды?
А) несиелік лимит берлігілеу
Ә) несиелік қабілетті бағалау
Б) несиелік мониторинг
В) несиелік қоржынды басқару
Г) ГЭП-тік талдау
28.Банктік тәуекел түрлеріне мыналардың қайсысы кірмейді?
А) пайыздық тәуекел
Ә) несиелік тәуекел
Б) өтімділік тәуекелі
В) кәсіпкерлік тәуекел
Г) валюталық тәуекел
29. Банктегі маркетинг қызметі немен сипатталады?
А) банк қызметін басқару
Ә) банктің жаңа өнімдерін жасау және өтікізу
Б) банк қызметіне байланысты басқарушылық шешемдер қабылдау
Г) банк қызметіне байланысты тәуекелді басқару
30. Банктік тәуекел-менеджменті нені білдіреді
А) банк қызметін басқару
Ә) банктің жаңа өнімдерін жасау және өтікізу
Б) банк қызметіне байланысты шығыстарды жабу
Г) банк қызметіне байланысты тәуекелді басқару
