Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-дәріс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53 Кб
Скачать
☆

Абстракциялау

Абстракциялау деп объектінің көптеген қасиеттері мен белгілерінің ішінен қарастырлып отырған жағдайда ең маңыздыларын ойша бөліп алып, объекті таным түрлерінің біреуін түсінеді.

Модельдеу

Модельдеу деп нақты объектілер мен құбылыстарды олардың модельдерін құрастыру және зерттеу арқылы тану процесін түсінеді. Объекті модельі нақты объектінінің орнын басатын материалды немесе ойша объекті болады және ол нақты объектінің қасиеттерін (геометриялық, физикалық, динамикалық, функционалды) бейнелейді немесе қайталайды. Модельдеудің екі түрі белгілі: материалды және идеалды модельдеу. Инженерлік іс-әрекетте материалды модельдеу және математикалық модельдеу кеңінен пайдаланады.

Математикалық модельдеу идеалды модельдеудің бір түрі болады, сонда модель нақты объектінің қасиеттерін, қоршаған ортамен ара қатынасы мен әрекеттесуін математика тілінде баяндау арқылы жасалады, ал модельді зерттеу математикалық әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі.

Ұқсастық. Ұқсас және қарсы үлгі

Ұқсастық деп нәрселердің, процестердің немесе құбылыстардың қайсы бір қасиеттерде немесе басқа арақатынастарда (физикалық әсер, жұмыс істеу принципі, функционалды қажеттігі бойынша) сәйкес болуын түсінеді. Ұқсастық эвристикалық амал бола тұра, жаңа техникалық шешім іздеудің әртүрлі әдістерінде кеңінен пайдаланады: бақылау сұрақтары әдісі, синектика, эмпатия және басқалары. Сонда төрт түрдегі ұқсастық қолданады: тікелей, жеке, символикалық және фантастикалық.

Тіеклей ұқсастықта жетілдірілетін объекті оған жақындаутехниканың басқа саласындағы немесе табиғаттағы ұқсас объектімен салыстырады және дайын шешімді қолданыға тырысады.

Жеке ұқсастықта шешім іздеген тұлға өзін жасалатын объектімен теңдестіреді. Мәселе шешуші объекті кейпіне кіріп, объекті функциясын орындағанда қандай қиындықтарға душар болатындығын өзінің сезімі арқылы анықтайды.

Символикалық ұқсастық объектінің мәнін парадокстық түрде (екі-үш сөзбен) бейнелейтін кейбір қорытындыланған, абстракциялы ұқсастық болады. Мысалы, мрамордың символикалық ұқсастығын «құбылмалы тұрақтық» деп тұжырымдауға болады, ал тіреуіш механизмді «берік тоқтату» деуге болады.

Фантастикалық ұқсастықта мәселенің шарттары бойынша керектіні орындауға қандай да болмасын фантастикалық құралдар немесе кейіпкерлер енгізіледі. Фантастикалық ұқсастық амалына өнертабыс мәселелерін шешу теориясында (ТРИЗ) өте үлкен көңіл аударады.

Өнертапқыштық іс-әрекетте жасалатын объектілердің жаңалығы мен өнертабыстық деңгейін дәлелдеу үшін оларды осы кезде әлемде белгілі ұқсастармен және қарсы үлгілермен салыстырады.

Ұқсас деп өзінің кейбір белгілерінің жинағында басқа объектіге сәкес келетін объектіні түсінеді.

Қарсы үлгі деп ұқсастардың көпшілігінің арасындағы қарастырылатын объектімен ең көп жалпы белгілері иемденетін жалғыз ұқсасты түсінеді.