Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сабақ жоспары-3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
17 Мб
Скачать
☆

Сурет бойынша әңгіме құрастыр

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сурет бойынша әңгіме құрастыр

_________________________________________________________________________________________ Сурет бойынша әңгіме құрастыр

______________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________

Аты-жөні

Бос орынға тәуелдік жалғауды жаз

І Менің қала І Біздің қала

ІІ Сенің қала ІІ Сендердің қала

Сіздің қала Сіздердің қала

ІІІ Оның қала ІІІ Олардың қала

Аты-жөні

Бос орынға жіктік жалғауды жаз

І Мен оқушы І Біз оқушы

ІІ Сен оқушы ІІ Сен оқушы

Сіз оқушы Сіздер оқушы

ІІІ Ол оқушы ІІІ Олар оқушы

Аты-жөні

Бос орынға жіктік жалғауды жаз

І Мен оқушы І Біз оқушы

ІІ Сен оқушы ІІ Сен оқушы

Сіз оқушы Сіздер оқушы

ІІІ Ол оқушы ІІІ лар оқушы

Тапсырма №2

Аты-жөні

Бос орынға қай жақта тұрғандығын анықтап, жаз

І оқушымын І оқушымыз

ІІ оқушысың ІІ оқушысыңдар

оқушысыз оқушысыздар

ІІІ оқушы ІІІ оқушылар


Ана тілі, 3 сынып

І бөлім. Талаптан да, білім мен өнер үйрен.

№1. Сабақтың тақырыбы:Әліппенің атасы. (А. Байтұрсынов жинағынан)

Мақсаты: Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлы өмірі жайлы түсінік бере отырып, сабақтың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау. Ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; Зиялы адамдар өмірімен таныстыра отырып, білімге деген құштарлығын арттыру, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі : Кітап, Ахмет Байтұрсынұлы суреті, суреттер, сызба

Әдісі: іздену, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе: 1. Ана тілі оқулығымен, жазған, құрастырған адамдар жайлы, шығарған баспамен таныстыра кету. Кітапты күтіп ұстау, оған көп адамның еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету.

2. Кітаппен жұмыс: суретке зер салып «Білімді», «Білімсіз» сөздерінің мағынасын түсіндіру арқылы тақырыпты ашу.

3. « Кім жылдам?» ойыны арқылы шарларды ұстау арқылы мақал құрастыру.

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» (шардың түсіне мән бер, неліктен солай екенін түсіндір.)

Жаңа сабақты оқушы көмегімен талдау: 1. Білім көзі – «Әліппеде», осы пікірмен келісесің бе? Өз көзқарасыңды білдір. Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) 2. Берілген сурет топтамасымен жұмыс: Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) - ақын, ағартушы, ғалым. Қостанай облысында туған. «Әліппе» оқулығын жазған.

3. Мәтінді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұмыс

( Түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндір)

Сөздік жұмыс жүргізу: «жер аудару, сөз мұрасы».

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Ахмет Байтұрсынұлы туралы толығырақ әңгімеле. Он жаста деген сөз неге қарамен жазылған деп ойлайсың? Білім алу не үшін керек екен?

Ү. Қорыту: Білім туралы мақал-мәтелдер айту.

ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.

№2. Тақырыбы: Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы

Мақсаты: А.Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндіріп айта білуге ықпал жасау; оқуға, білімді алуға ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) Кітаптағы суреттер сыры неде?

ІІІ .Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгеніңді пайдаланып, « Пікір ағашын» толтыр. 2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, түсті бояумен жазылған сөздерге көңіл бөлу. 3. Дәптермен жұмыс (түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндір) 4.сөздік жұмыс жүргізу «Іздеп тауып алалық- бұл жерде: үйрену, оқу, іздену.»

ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Өлеңді бөлімге бөліп оқу. а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс- әрекеті. ә) Даналық. 2. Даналық сөзін басқаша қалай айтуға болады? Алмастырып көр. (өлеңді қайталап оқып көр.) 3. Ақын ойын енді түсіндің бе? Ахмет Байтұрсынұлы балаларды неге шақырады? Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.

Ү. Қорыту: Сызбамен жұмыс: зер сал, өз сөзіңмен түсіндір. 1.Даналық, оқу, білім, т.б. сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың? 2. « Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық » қалай түсінесің? Сызба арқылы көрсете аласың ба?

ҮІ.Үйге тапсырма: Жаттап ал, « Ахмет» сөзжұмбақ құрастырып көр. Бағалау.

№ 3. Тақырыбы: Дала жұлдызы . С Мәуленов

Мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы түсінік бере отырып, сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге дағдыландыру; зиялы адамдар өмірімен таныстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Ыбырай Алтынсариннің суреті, кітаптағы суреттер, кесте.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Өлеңді жатқа айту, өздері құрастырған сөзжұмбақты шешу.

ІІІ. Өткенді қорыту: Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің?. Он жаста деген сөз неге қарамен жазылған екен? Білім алу не үшін керек екен? Өз ойың?

ІY. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық .

Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Жұмбақты шешіп, ортақ тақырып ойлап табу.( Кітап, қалам, бор – оқу құрал саймандары). 2. Берілген сурет топтамасымен жұмыс істей отырып, қазақ даласына білім жарығын алып келген Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы әңгімелеу.(оқушы 1-2 сабақта алған білімі бойынша түсінігін баяндайды) 3. Мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап алу, сөздік жұмыс жүргізу.Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. Мәтінде кім туралы әңгімеленген? 2. Мәтіндегі оқиғаға қатысушыларды төмендегі үлгі бойынша ата.

Мәтін кейіпкерлері

Ол кім?

Ыбырай Алтынсарин

...

...

Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз.

...

...

3. Суретпен жұмыс: а). Суреттегі адамдарға ат қой. ә) Қай оқиғаға сәйкес келеді деп ойлайсың? б) әңгіме құр. 4. Мәтіндегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерге қарама-қарсы мағыналы тіркесті сөздер тап:

Жалғыз өскен емен- ... ( мыңдаған бұтақ, қалың орман,...)

Жалғыз жұлдыз - ... ( мыңдаған жұлдыз,топ жұлдыз,...)

ҮІІ. Қорыту: Осы сөздерді елестетіп, қиялдап, сурет салып көр.Әр жұлдызға ат қой.

ҮІІІ Үйге тапсырма 1.тақырыпты түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

№4. Тақырыбы: Өнер, білім бар жұрттар.

Мақсаты: Мәнерлеп түсініп оқуға, сурет бойынша ойын қорытып, түсінгенін еркін жеткізуге үйрету; дұрыс сөйлем құра отырып,өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру; өнер, білімнің қажеттілігін айта отырып, білімділікке, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ,

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Берілген сурет топтамасын пайдаланып, қазақ даласына білім жарығын алып келген Ыбырай Алтынсарин өмірі жайлы әңгімелеу. Дала жұлдызы деп кімді айтамыз? Ыбырайдан сабақ алған жазушы кім? (Спандияр Көбеев)

ІІІ. Өткенді пысықтау: Осы оқыған мәтіннің басты кейіпкері кім екен? Ыбырайдың үйінде жатып білім алған баланың аты кім?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен, міндеттерін түсіндіру.

Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе ретінде сөзжұмбақты шешу. (Сырбай. Көбеев. Жұлдызы. Ыбырай. Есжан.) Осы аталған адамдар туралы не білеміз?

Өлеңді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. Өлеңнен нені білдік? Не істеу керек екен? Қалай ойлайсың?

ҮІІ. Білімдерін тексеру:

1. Сергіту сәті. 2. Суретпен жұмыс: Суреттерді топқа бөл.

а). Ғылым мен техника дамымаған кездегі тұрмыстық заттар: ...

б) Қазіргі заманғы техника: ...

Саған қай топтағы суреттер ұнады? Неге? Жаңа техника жасап шығару үшін адамға не керек? Өлеңдегі ақын ойын өз сөзіңмен түсіндіріп көр.

ҮІІ. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Ата –анаң немесе айналаңдағы жақындарың істеп жүрген жұмыстарын есіңе түсір. Олардың еңбегін жеңілдету үшін не ойлап табар едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Түсініп оқу, мазмұнын білу. 2.Бағалау

№ 5. Тақырыбы: Әке арманы. Мұхтар Әуезов

Мақсаты: М. Әуезов жайлы айта келіп, түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету, тақырып дегеннің не екендігін түсіндіру; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлау, құрмет көрсетуге тәрбиелеу, сыпайылыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, сызба, мақал- мәтелдер.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деңдер. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау: Жаңа техника жасап шығару үшін адамға не керек? Өлеңдегі ақын ойын өз сөзіңмен түсіндіріп көр.

ІІІ. Өткенді қорыту: Қандай өнерді жақсы көресің? Қандай өнер адамдарын білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Сенің әкең қандай адам деп ойлайсың? (бала өз әкесі жайлы әңгімелейді). Көп нүктенің орнына қажетті дыбыстарды қойып, сөздерді дұрыс оқы.

. . . і . . . і

м ( білім, ғылым)

. . . і . . . і

2.Берілген мақал- мәтелдерді білім, ғылымға қатысының бар жоғына қарай екі тақырыпқа бөл. Білім, ғылымға жатпайтын нақыл сөздерге қандай тақырып берер едің?

3. Жазушы шығарманы жазбас бұрын қандай мәселені негізгі ой ретінде алуға болатынын көп ойланады. Сол ой шығарманың тақырыбы болып есептеледі.

4. Мәтінді түсініп, теріп оқу. Топпен:1. Жасыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқу. Кімнің сөзінен алынған? Осы сөздерді тірек етіп, Абайдың Әбішке не айтқысы келгені туралы әңгімеле. 2. Қызыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Олар неге қызыл түспен ерекшеленген деп ойлайсың? 3. Көкшіл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Осы сөздерді тірек етіп, Әбіштің алдына қойған мақсаты туралы әңгімеле.

ҮІ.Сергіту сәті

Мәтінді түсініп оқу. Суретпен жұмыс: Зер сал. Кімдерді көріп тұрсың? Осы суретті қалай атар едің? Абайдың арманы не? Ол қандай түспен белгіленген? Өзің қалай сурет салар едің? ҮІІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Мәтінге сүйеніп, сызбаны толтыр.

ІХ . Үйге тапсырма: Мәтінді бөліктерге бөл, ат қой, неге солай атағаныңды дәлелде. Бағалау.

№6. Тақырыбы: Адам болам десеңіз. Абай

Мақсаты: Абай Құнанбаев жайлы білетіндерін толықтыра отырып, тілін, ой өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға , түсінгенін әңгімелеуге,ойын жеткізе білуге үйрету. Білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әр оқушының мәтінді бөлімге бөліп, оны дәлелдеуін тыңдау. 2.Абайдың арманы не? Әбіштің алдына қойған мақсаты қандай еді?

ІІІ. Өткенді қорыту: Абайдың арманы саған қалай әсер береді?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Жаңа сабаққа даярлық

Кітаптағы №1 тапсырмамен жұмыс: Суретте нелер бейнеленген? Осы заттарды пайдаланып ребус құру. (аспан, ай, барыс - Абай сөзін құрастыру.)

Суреттер топтамасын пайдаланып, Абай туралы әңгімелеу. 2. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айту. 3. «Адам болам десеңіз.» Өлеңді мәнерлеп оқу, іштей оқу,тізбектей оқу,тауып оқу .

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Адам баласы білімді болу үшін не қажет? Ғылымға, білімді болуға кедергі болатын нелер? (Баланың өз тұжырымын тыңдау, қорытынды.)

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? 1. «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз ...» ақын ойын қалай түсінесің? 2. Ойланып жауап бер. Абай ата Сәулеге не дер еді? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу.2.Бағалау.

№7. Тақырыбы: Қырдан келген жас қазақ. М.Дулатов

Мақсаты: Оқушыларға Шоқан Уәлихановтың өмірі жайлы түсінік бере отырып, мәтінді түсініп оқуға үйрету; тілін, ой өрісін дамыту; білімділікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Адам болам десеңіз.» жатқа айту.

ІІІ. Өткенді қорыту: Қалай ойлайсың адам болу үшін не керек екен? Өз пікірің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ә/ Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа сабақ: Жаңа сабаққа даярлық

а/ Шоқан Уәлихановтың өмірін сурет топтамасын пайдалану арқылы таныстыру, өзінің білетіндерін әңгімелету. Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы. (1835 -1865). Шоқан Омбы қаласында кадет корпусында оқыған. Бала Шоқан бір ауыз орысша білмеген, оқуға тез жаттығады. Оның Патанин деген досы болды. Зерек, әрі ақылды бала Шоқанның білімін кадеттер өте жақсы пайдаланды. Бұл білімді баланы білімді адамдар Достаевский мен Дуровта үйіне қонаққа көп шақыратын. 2.Мәтінді түсініп, теріп оқу. Жасыл түспен ерекшеленген сөздерді дауыстап оқу. Шоқанның іс-әрекеті, қызметі туралы әңгімеле.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Дәптермен жұмыс. Күннің суретін сал, Шоқан деп жаз, қызылмен ерекшеленген сөздерді теріп жаз. Күнге тағы қандай сәуле қасар едің?

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Мәтін кім жайлы? Шоқан кім? Ол қандай адам деп ойлайсың? ҮІІІ .Үйге тапсырма:1.Мәтінді оқу, көкшіл түспен жазылған кісілер жайлы біліп келу. 2.Бағалау.

№8. Сабақтың тақырыбы:Ауылға келген мұғалім.(М. Жұмабаев шығармаларынан)

Сабақтың мақсаты: Мағжан Жұмабаев туралы білгенін тиянақтай отырып, түсініп оқуға ,түсінгенін әңгімелеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құрастырып , сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. зерек болуға,терең ойлауға тәрбиелеу

Көрнекілік: кітап,сурет топтамасы , кесте

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ.Өткенді сұрау: Мәтін кім жайлы? Шоқан кім? Ол қандай адам деп ойлайсың?

ІІІ. Өткенді қорыту: Көкшіл түспен жазылған кісілер ( Достоевский, Дуров, Потанин) кімдер?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. 2. Суреттер топтамасына сүйеніп, Мағжан Жұмабаев туралы әңгімеле. Оқыған орнын, қандай кітап жазғанын ата, қандай өсиет қалдырды? Оқы.

« Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!

Жасынан оқу оқып, өнер қуған

Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге.» жаттап ал.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Мәтінді түсініп , теріп оқу. 2. Жасыл түспен ерекшеленген сөздерді дауыстап оқы. 3. Сызбаны толтыр.

Мәтіндегі кісі аттары

Олар Мағжанға кім болады?

Бекен

. . .

әкесі

. . .

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Қызыл түспен ерекшеленген сөздерді пайдаланып бала Мағжан туралы әңгімеле. 2. Суретпен жұмыс:

  • Қазақ жеріндегі алғашқы оқу туралы әңгімеле.

  • Қазіргі мектептердегі оқу қалай жүреді?

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Бала Мағжан неше жасынан мектепке барды? Қандай өсиет қалдырды.

Үйге тапсырма: 1. оқу, түсінігін айту, сурет салу.2.Бағалау

№ 9. Сабақтың тақырыбы: Күмән. Машқар Гумеров,

Мұғалима Қадыр Мырза Әли

Мақсаты: Түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, «Мұғалима» өлеңін мәнерлеп оқуға,ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; адалдыққа, шыншылдыққа, мамандық таңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ауылға кім келді? Бала Мағжан неше жасынан мектепке барды? Қандай өсиет қалдырды.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әр оқушы өзінің суреті жайлы әңгімелеуі.

ІҮ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. 2. Жұмбақ шешу арқылы, сөзжұмбақты толтыру.(Білім, мектеп, карта, кітап, газет, компас)

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Әңгіме қалай аталған? « Күмән » сөзінің мағынасы ашылатындай жолдарды тауып оқы. Басқаша қалай атар едің? Сынып жиналысында не туралы айтылды? «Мұғалима» атты Қадыр Мырза Әлидің өлеңін мәнерлеп оқу, қызыл түспен ерекшеленген сөзді тауып оқып, неліктен олай жазылды деп ойлайсың? ә/ сөздік жұмыс: Бір тал шашы ағарған – бұл жерде: ренжіп, уайымдаған.б/ сұрақтарға жауап алу

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Дәуіт пен Рақиланың қылықтарына өз көзқарасыңды білдір. 2. Суретпен жұмыс: суретті қалай атар едің? Көбелекті терезені сындырмай ұстауға болама? Өткен сабақтағы суретпен салыстыр. Ұқсастығын, айырмашылығын айт.

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесің? Суретпен жұмыс: Суреттен кімдерді көріп тұрсың? Қызыл түспен ерекшеленген сөздердің қатысы бар ма? Суреттегі ұстазды сипатта. Өзіңнің ұстазың жайлы өлең құрастырып көр

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1мәтінді оқу,әңгімелеу, өлеңді жаттау.2.Бағалау

№ 10. Тақырыбы: Дос сөзі Нығмет Ғабдуллин

Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; достықты құрметтеуге, ынтымақшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі : аралас Көрнекілігі: Оқулық, сурет, сызба.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өлеңді жатқа айту. Өзіңнің ұстазың жайлы құрастырған өлеңіңді айтып көр. ІІІ. Өткенді пысықтау. Өзіңнің салған кірпіңде неше алма бос қалды? Қалай ойлайсың сенің жағымсыз мінезің көп пе екен?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. «Дос, достық» дегенді қалай түсінесің? Өзіңнің досың жайлы айт.

Ү. Жаңа сабақ. Мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап алу, сөздік жұмыс жүргізу

ҮІ. Білімдерін тексеру. 1. Әңгімені өзіңше жалғастырып әңгімеле. 2. Мәтін кейіпкерлерін сипатта. 3. Дәптермен жұмыс: Әсет бейнесіндегі күнді қандай түспен бояр едің? Неліктен? Нұрланның бейнесіндегі күнді қандай түспен бояр едің? Неліктен?

ҮІІ. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Кімдер жайлы? Әсет пен Нұрланды салыстыра сипатта. Балалардың бойынан қандай жағымсыз қылықтар байқадың? Суреттегі кірпінің инелеріндегі алмалардың орнына жаз.

ҮІІІ. Үйден: 1.мысалды мәнерлеп оқу. 2.бағалау.

№ 11. Тақырыбы: Кім жүйрік? Бүркіт Ысқақов

Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету; дұрыс ойлау, сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; тапқырлыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ. Көрнекілігі: Оқулық, суреттер топтамасы, сызба.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып табу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Мәтін кімдер жайлы? Әсет пен Нұрланды салыстыра сипатта. Балалардың бойынан қандай жағымсыз қылықтар байқадың?

ІІІ. Өткенді қорыту: Қалай ойлайсың сенің жағымсыз мінезің көп пе?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3. Сурет топтамасымен жұмыс істеу. Ұқсастығы, айырмашылығы неде? Жұмбақ құрастырып немесе білгеніңді айт.

Ү. Жаңа сабақ:Өлеңді оқу. Сызбадағы сөздерді әр бөлімге тақырып етіп қой. Өлеңдегі ақын сөзін қайталап оқы.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Сен осы пікірмен келісесің бе? Өз ойың?

ҮІІ .Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Өлеңдегі көліктердің қайсысының жолақысы қымбатырақ? Неліктен? ҮІІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Бағалау.

№ 13. Тақырыбы: Мамандық таңдау Т. Молдағалиев

Ұшқыш болғым келеді. Қасым Аманжолов

Мақсаты: Оқушыларға мамандықтар жайлы түсінік бере отырып, мәнерлеп түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеу тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, сызба

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Кіріспе әңгіме жүргізу.Мамандық жайлы суреттер топтамасымен жұмыс ІІІ.Жаңа сабақ: 1 . « Кім жылдам?» ойынын сызықтармен жүргізу. (өз бетінше орындау) Өзің кім болғың келетіні жайында әңгімеле. 2. Өлеңді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. Сызбаны толтыру.

Өлеңде аталған мамандықтың аты

Сол мамандықтарды сипаттап жаз

Инженер

. . .

Жерден алтын табады

. . .

ІҮ. Білімді тексеру. 1.Суретпен жұмыс: Кім бейнеленген? Ұшқышты сипатта. 2. Екі өлеңді салыстыр.

Т.Молдағалиев.

Мамандық таңдау

Екі өлеңнің ұқсастығы

Қ. Аманжолов.

Ұшқыш болғым келеді.

Ү. Қорыту. Қандай тарауды аяқтадық?

ҮІ. Үйге тапсырма:1. Мәнерлеп оқу, ұшақтың түрлері жайлы біліп кел.2.бағалау

№14. Тақырыбы: Жақсылардың жақсысы Р. Босилек (болгар жазушысы)

Мақсаты: Оқушыларға мамандықтар жайлы түсінік бере отырып, түсініп оқуға үйрету; тілін , сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; еңбекке баулу

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сызба, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жатқа айту. 2. Саған қандай мамандық ұнады? Неге? Суретте қандай мамандық иесінің суреті салынған? Өз сөзіңмен сипаттап бер.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен үлкейгенде кім болғың келеді?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Жұмбақ шешу. Ерекшеленген сөздерді дауыстап оқу, түсіндіру.

Ү. Жаңа сабақ: Өрмек, ұршық және кітап жайлы ертегіні оқу.Оқулықпен жұмыс.Іштей оқу.Тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Дәптермен жұмыс. Сызбаларды толтыру.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Жақсылардың жақсысы деп неге айтты? Қыз неге қуанды? Бөлмеден ол не көрді? Ол неге ренжіді? Әкесі қалай түсіндірді?

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не өттік? Құрылысшы маманы не істейді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр.2.Бағалау.

№ 15. Тақырыбы: Мазмұндама «Жалқау мысық»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау. Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қайда жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Жалқау мысық

Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұрғанына алты жылдай болып қалды. Бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ол сондай тынымсыз еді. Кішкене доп, оралған жіп көрсе, сонымен ойнайтын. Ал қәзір оны орнынан тұрғыза алмайсың. Күндіз де, түнде де пештің түбінде жатып алып ұйқыдан бас көтермейді. Сөйтіп, менің мысығым жалқау болып кетті. Маған мысығымның осы мінезі ұнамай жүр.

(«Балдырған» журналынан)

Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: сүйкімді, сондай тынымсыз, бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ұйқыдан бас көтермейді, оралған жіп көрсе, жалқау.

Жоспар:

  1. Сүйкімді мысық. 2.Ойынға құмарлық. 3.Ұнамсыз қылық.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мысық неге жалқау болды деп ойлайсың? Бұл мәтінен өзіңе қандай әсер алдың?

Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

№16.Сабақтың тақырыбы: Адамдық-борышың

Шәкәрім Құдайбердіұлы . Өз біліміңді тексер.

Мақсаты: 1. Оқушының білімін тиянақтап, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету; оқушылардың ой -қиялын дамыту; адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі : қорыту, білімін тиянақтау.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй жұмысын сұрау: Жақсылардың жақсысы деп неге айтты? Қыз неге қуанды? Бөлмеден ол не көрді? Ол неге ренжіді? Әкесі қалай түсіндірді?

ІІІ. Үй жұмысын пысықтау: Сен қалай ойлайсың, жақсылардың жақсысы деген не ? Саған не ұнайды? Сенің анаң, әкең саған қандай ақыл айтады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суреттер топтамасымен жұмыс: Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы әңгімелеу.

Ү.Жаңа сабақ. 1.Өлеңді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. 2.Сөздік жұмыс. 3. Теріп оқу: а) қызыл түспен ерекшеленген сөзді тауып оқы, ақын нені өсиет ететінін айт. ә) көкшіл түспен ерекшеленген сөзді тауып оқы, қарама-қарсы мағыналы сөздерді ата.

ҮІ. Сергіту сәті. ҮІІ. Түсінгендерін тексеру. Бөлім қалай аталады? Бөлімдегі тақырыптарды топқа бөл. Негізгі ой деген не? Бөлімдегі тақырыптарды топтастыр.

  1. Негізгі ойы білім, ғылымды үйренуге арналған шығармалар.

  2. Өнер үйренуге шақыратын мәтіндер.

ҮІІІ. Қорыту: Өз біліміңді тексер. Тест.

ІХ.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, жасыл түспен ерекшеленген сөзді тауып оқы, мағынасы жуық сөз тіркесін тауып кел.

ІІ бөлім. Маужырап барқыт қоңыр күз...

№17. Сабақтың тақырыбы: Ауыл күзі Тайыр Жароков

Мақсаты: 1.Жыл мезгілдері жайлы түсінік бере отырып, оқушыны өлеңді мәнерлеп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға,ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Көрнекілік: суреттер, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Жаңа сабақ: 1.Суретпен жұмыс: Неше жыл мезгілін білесің? Суретте қай мезгіл бейнеленген? Қандай бояуды көбірек қолданған? Саған күз несімен ұнайды? 2.Өлеңді мәнерлеп оқу. Теріп оқу. Неге сары бояумен ерекшеленген ? 3. Жазбаша жұмыс:Өлеңге сүйеніп, осы сөз тіркестерімен сөйлем құр. Үлгі:

Берілген сөз

немесе сөз тіркесі

Сөйлем

Сұрша бұлт

Мектеп

. . .

Күзгі аспанда сұрша бұлт жиі пайда болады

Күзде балалар мектепке оқуға барады.

. . .

ІІІ. Пысықтау: Өлеңде тағы қандай сөздерді сарғыш түспен бояр едің? Күз несімен қызық? Табиғатта қандай өзгерістер болады? Оқу қайсы айда басталады, ол қалай аталады?

ІҮ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы білдік? Сенің ауылыңдағы күз кереметі жайлы әңгімелеп бер. Ү. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.Бағалау

№ 18. Тақырыбы: Жеміс бағында И. Бази (татар жазушысы)

Мақсаты: Күз мезгілінің кереметін қайталай отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі : аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді жатқа айту, суретте қай мезгіл бейнеленген? Қандай бояуды көбірек қолданған? Саған күз несімен ұнайды ?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Күзде қысқа қалай дайындық жасайды сенің ата-анаң?

Сен оларға көмектесесің бе? Қалай?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 2. Жұмбақ шешу (апорт алма). Сөздік жұмыс. 3. Осы алма жайлы Т. Жароковтың өлеңінде не делінгенін айт.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. 2. Мәтінге сүйеніп берілген сөздерге қатыстырып тіркестер тап.

Сөз

Сөз тіркесі

алманың

моншақтай

хош

қып- қызыл

. . .

. . .

. . .

. . .

. . .

. . .

Осы сөздерді қандай түске бояр едің?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Суретпен жұмыс: мәтінге сүйеніп әңгіме құр.

ҮІІ. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы білдік?

ҮІІІ Үйге тапсырма:1. Оқу, салыстырып сипатта 2.бағалау.

№ 19. Сабақтың тақырыбы: Күздің кереметі. Әдібай Табылдиев

Сабақтың мақсаты: Күз мезгілінің кереметі жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға,ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Көрнекілік: суреттер, сөзжұмбақ, плакат

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап , іздену.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. « Жеміс бағында» тақырыбында не жайлы айтады? Т. Жароковтың « Ауыл күзі» өлеңімен салыстыр, сипаттап айт.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Саған күз мезгілі ұнай ма? Несімен?

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Дауыстап,жалғастырып,түсініп оқу. Теріп оқу.Сары түспен ерекшеленген сөзді табу, осы сөздердің күз мезгіліне қатысты екенін дәлелде. Сөздік жұмыс. Дәптермен жұмыс. №3 тапсырмадағы жемістердің атын жаз. Сұрақ қой.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс: Омар ата көрсеткен жемістердің пішіні неге ұқсайды? Тауып оқы. Суретін салып көр.

ҮІ.Сабақты қорыту. Суретке қарап әңгіме құр.

Үйге тапсырма беру: мәтінді оқы, сөзжұмбақ неліктен осылай аталған, ойлан.(7,8)

№ 20. Сабақтың тақырыбы:Күзгі орманның көріністері. Елемес Салықов

Мақсаты: Күз орман көріністері жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Сөзжұмбақ неліктен « Күз кереметі» деп аталған?

ІІІ. Өткенді қорыту. Жемістер мен көкөністер жайлы жұмбақ білесің бе?

ІҮ.Мақсат қою :1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суреттер топтамасымен жұмыс

Ү. Жаңа сабақ. Мәтінді түсініп рөлге бөліп оқу, суреттерді сөзбен алмастыру. Суреттерге мұқият зер салу. Мәтінді әрі қарай жалғастырып әңгімелеу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру. 1.Мәтінге сүйеніп тиінді, қоянды, борсықты сипатта. 2. Сөзжұмбақ шеш, жұмбақ тауып жаз. ҮІІ. Бекіту. Бүгін қандай тақырыпты өттік? «Орман – біздің байлығымыз» деп неліктен айтады? ҮІІІ. Үйге тапсырма.1. оқу. 2.бағалау.

№21. Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа. Абай

Мақсаты: Оқушыларды мысалды түсініп оқып, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету, тілін, сөздік қорын, сөйлеу қабілетін дамыту; адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру. Көрнекілік: суреттер, сызба. Түрі: аралас.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1.Мәтінді түсініп рөлге бөліп оқу, суреттерді сөзбен алмастыру. Сөз жұмбақтағы жануарларды топқа болу.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Орман – біздің байлығымыз» деп неліктен айтады?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ: 1.Суретпен жұмыс: Суреттен нелерді көріп тұрсың? Қай жыл мезгілі? Құмырсқаның киімі қандай? Шегірткенің ше? Шегіртке неге жылап тұр? Түсіндір.

2. Мысалды рөлге бөліп оқы. Мысалдағы жасыл бояумен ерекшеленген сөзді дауыстап оқы. Неге олай боялды деп ойлайсың?. 3.Дәптермен жұмыс жүргізу. Жасылмен бояумен ерекшеленген сөздерді екі топқа бөліп жаз.

а) жаз мезгіліндегі шегіртке:

б) қыс мезгіліндегі шегіртке:

ҮІ.Түсінгендерін тексеру. 1. Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстырып сипатта. Бұл күндерді қандай түске бояр едің?

ҮІІ. Қорыту. Құмырсқаның орнында сен болсаң не істер едің?

ҮІІІ Үйге тапсырма. 1.мысалды оқу, № 8,9,мазмұны 2.бағалау

№22 . Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр (Латвия ертегісі)

Мақсаты:1.Ертегіні рөлге бөліп түсініп оқу, оқушылардың танымдық білім,білік дағдысын дамыту; достыққа ,еңбекке тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызба.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстырып сипатта. Шегіртке жаздай не істеді? Құмырсқа ше? Саған қайсысы ұнайды? Неге?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өмірде шегірткеге ұқсас адамдар бола ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суретпен жұмыс.

Ү.Жаңа сабақ: 1.Ертегіні рөлге бөліп түсініп оқу. Адам не жеп отыр еді? Қасына не келді? Ол не жайлы сұрады? Нан дастарханға келгенше аз еңбек кетеді ме? Ретімен айтып көрші. Бұл айтылған жұмыстар қасқырға ұнады ма? 2. Сурет пен ертегідегі оқиғаның арасында байланыс бар ма? Қандай? 3. Сызбадағы сөздерді ретімен ата.

Сергіту сәті :

ҮІ. Қорыту: Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Пікіріңді дәлелде

ҮІІ.Үйге тапсырма. Оқу, әңгімелеу, №7 тапсырма. Бағалау

№23. Сабақтың тақырыбы: Комбайыншы. Қатқан нан

Мақсаты: Комбайыншы жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; Нанды қадірлеуге, кісі еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру. Көрнекілігі: суреттер. Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ертегіні әңгімелеу. Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Адам не жеп отыр еді? Қасына не келді? Ол не жайлы сұрады? Нан дастарханға келгенше аз еңбек кетеді ме? Ретімен айтып көрші. Бұл айтылған жұмыстар қасқырға ұнады ма?

ІІІ. Білімдерін тексеру. Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің? ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ. 1.Оқулықпен жұмыс,іштей оқу,тізбектей оқу. Комбайншы еңбегі жайлы әңгімелеу. 2. Мәтіннің соңғы азат жолын қайталап оқы. Балалар неге қатты нан жеді? Балалардың іс-әрекетіне баға бер.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Нан туралы тақырып осы бөлімде неге берілген деп ойлайсың? Нан қалай біздің дастарханға келеді, ретімен айтып көр.

ҮІІ. Бекіту. «Нансыз өмір жоқ» дегенді қалай түсінесің? Шығарма жаз.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. жаттау, түсініп оқы. 2.бағалау.

№24. Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Нансыз өмір жоқ»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша өздік жұмыс . Әдісі: қорыту Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Мазмұндау жоспары:

  1. Нан не үшін керек?

  2. Нансыз өмір сүруге болады ма?

  3. Нан қандай еңбекпен келеді?

  4. Нанды қадірлеу.

Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік?

Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

№ 25. Тақырыбы: Малта Ілияс Жансүгіров Өз біліміңді тексер.

Мақсаты: 1. Ілияс Жансүгіров өмірімен таныстыру, сүттен жасалған тағамдар жайлы айта келіп, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету, білімін тиянақтау; оқушылардың ой-өрісін дамыту; еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау. Көрнекілігі: суреттер топтамасы, суреттер.Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Комбайншы еңбегі жайлы әңгімелеу. Балалар неге қатты нан жеді? Балалардың іс-әрекетіне баға бер.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Нансыз өмір жоқ» дегенді қалай түсінесің? Таңдаулы шығармаларды оқу. ІҮ. Мақсат қою кезеңі.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ.1. Суреттер топтамасын пайдаланып, Ілияс Жансүгіров туралы әңгіме құру. 2. Өлеңді рөлмен мәнерлеп оқу.Сөздік жұмыс: (Жұмыршақ, сөре, өре, шым-шым су, сыбану) 3. Бала неге қуанды? Нені білгісі келді? Малта қалай жасалады екен?

ҮІ. Сабақты пысықтау: 1. Малтаның қалай жасалатынын пісті, қайнатты, сүзіп қойды, кептірді, құрттың жібіп бөккені сөздерін қатыстырып айтып бер. Тағы қандай сүттен жасалатын тағамдарды білесің? 2.Суретпен жұмыс. «Қыс азығын жаз жина» мақалы мәтінге қатысы бар ма?

ҮІІ.Қорыту: Тест ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.Өлеңді оқу.2. Бағалау

ІІІ бөлім. «Туған елім, туған жерім»

№ 26. Сабақтың тақырыбы: Астана- бас қала

Сабақтың мақсаты: 1.Қазақстан астанасы Астана қаласы жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; елін сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ. Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу,ойын

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Тақырыбын, мақсатын хабарлау. 1. Суретпен жұмыс. Өлеңді жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1.Мәтінді түсініп оқу. Ат қою, бөліктерге бөліп оқу. 2. Сөздік жұмыс. 3. Мәтінде не туралы айтылған? Жер-су, кісі аттары қалай жазылған? 3. Дәптермен жұмыс. Топтап жаз. Таулары:

Көлдері:

Ағаштары:

Кен байлықтары:

Атақты адамдары:

Сергіту сәті

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Қазақстанның тағы қандай байлықтары мен құрылыстарын білесің? Астана қаласында қандай көрнекі жерлер бар? Суреттер топтамасы бойынша әңгімелеп айт.

Ү. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. Қ.Р. орталығы қай қала? Сен Астана қаласына бардың ба? Барсаң онда не көрдің? Әңгімелеп көр.

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Мәтінді оқу, мағынасы жақын сөздерді тауып көр. 2.Бағалау

№. 27. Тақырыбы: Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту.Елтаңба.Әнұран

Мақсаты: 1.Қазақстан елінің рәміздері жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; елін сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, Ту.Елтаңба.Әнұран Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Астана қаласында қандай көрнекі жерлер бар? Сен Астана қаласына бардың ба? Барсаң онда не көрдің? Әңгімелеп көр. Таулары, көлдері, ағаштары, кен байлықтары, атақты адамдары жайлы не айтар едің?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Қазақстанның тағы қандай байлықтары мен құрылыстарын білесің? Астана қандай қала? Картадан көрсете аласың ба? Картаға неге түрлі суреттер салынған?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: 1.Қазақстан елінің рәміздері жайлы балалардың білетінін пысықтау. 2.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп, үш топқа бөлініп оқу 1. Ту. 2. Елтаңба.3. Әнұран. Рөлге бөліп оқу. 3. Қ.Р. мемлекетік тудың белгілерін ата, сипаттап бер.Елтаңбада нелердің бейнелері бейнеленген? 4. Дәптермен жұмыс. Сызбаны толтыр.

Тудың белгілері

Елтаңбаның белгілері

Ою-өрнек

Қыран құс

Күн

Қанатты ат

Шаңырақ

Күн. Жұлдыз

Басқа да белгілер

Сергіту сәті.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Әнұранды жатқа айту. ҮІІ. Бекіту: Мемілекетіміздің рәміздерін ата, ерекшелігін айт. ҮІІІ . Үйге тапсырма: 1. жаттау. 2.бағалау

№28. Тақырыбы: Бостандық таңы атты Ш. Құдайбердіұлы

Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік, бостандық жайлы айта келе, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; елін сүюге, тәуелсіздікті дәріптеуге, жақсы әдептерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, Ту.Елтаңба.Әнұран. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа әзірленуі

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1.Қ.Р. мемлекетік тудың белгілерін ата, сипаттап бер. Елтаңбада нелердің бейнелері бейнеленген? Жатқа әнұранды айту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақты мақсатымен таныстыру

ІҮ. Жаңа сабақ. Өлеңді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. 2.Сөздік жұмыс. 3. Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек дейді? Нелерден аулақ бол дейді?

Ү. Сабақты қорыту. 1.Жақсы-жаман әдеттерді екі бағанға бөліп жаз, үш сөйлем құр. 2.Түсініп оқы: «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» Шоқан Уәлиханов мәтінге қатысы бар ма? Бостандық деген не екен? Қалай ойлайсың?

ҮІ. Үйге тапсырма. Түсініп оқу. ҮІІ. Бағалау

№ 29. Тақырыбы: Үш бақытым Мұқағали Мақатаев

Мақсаты: Мұқағали Мақатаев жайлы айта келіп, өлеңді мәнерлеп оқуға, салыстыра білуге үйрету; есте сақтау,ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру; өзінің ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек дейді? Нелерден аулақ бол дейді? ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақты мақсатымен таныстыру. М.Мақатаевтың қандай өлеңін білесіңдер? Жатқа айту.

ІҮ.Жаңа сабақ: 1.Суретке зер сала отырып, М.Мақатаевтың өмірімен танысу. 2. Өлеңдерді тыныс белгілеріне мән беріп, дұрыс, түсініп оқы түсініп оқу. 3. Неліктен өлең «Үш бақытым» деп аталады? Д. Әбілевтің өлеңі не туралы? Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Ү. Сабақты қорыту. «Оты сөнген, от ал менен, жүрегімді суырып алыңдар» деген тіркестерді қалай түсінесің? ҮІ. Үйге тапсырма: жаттау ҮІІ. Бағалау

№ 30. Сабақтың тақырыбы: Туған ел. Сәкен Сейфуллин

Мақсаты: Сәкен Сейфуллин жайлы айта келіп, өлеңді мәнерлеп оқуға; салыстыра білуге үйрету; есте сақтау,ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру; туған жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу. Көрнекілік: суреттер топтамасы, мазмұнды суреттер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезең:1. Сабаққа дайындақтарын тексеру. «Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: М.Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталады? Д. Әбілевтің өлеңі не туралы? Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі. М.Мақатаевтың қандай өлеңдерін білесің?

ІҮ. Мақсатын қою кезеңі. Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ: 1. Суреттер топтамасын пайдаланып, С. Сейфуллин туралы әңгімелеу. 2. Өлеңді дұрыс, түсініп оқу. 3.Ақын туған даласын кімге теңейді? ( анаға) Суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр.

ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс: Зер сал. Табиғат адамға не береді?

ҮІІ.Бекіту кезеңі.«Табиғат-ана» деген сөз тіркесімен суреттің арасында байланыс бар ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Өлеңді жаттау.2.Бағалау

№ 31. Тақырыбы: Сен ұйықтап жатқанда Бердібек Соқпақбаев

Мақсаты: Оқушыларға Бердібек Соқпақбаев жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; дамылсыз жұмыс істейтін мамандықтармен таныстыра отырып еңбекке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау. Көрнекілігі: суреттер топтамасы, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өлеңді жатқа айту. Ақын туған даласын кімге теңейді?

( анаға) Суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр.

ІІІ. Өткенді қорыту. Неге Табиғат ана деп айтамыз?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбымен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Суреттер топтамасын пайдаланып, Бердібек Соқпақбаев туралы әңгімелеу. 2. Мәтінді түсініп оқу.Әр бөлімде не жайлы айтылғанын анықтау. 3. Суретпен жұмыс: суретте қандай жұмыс түрлері көрсетілген? Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құр.

Сергіту сәті:

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мәтіннің мазмұнын мына жоспар бойынша әңгімеле.

а) Арнаулы тұрақ; б) Баспахана;

ә) «Жедел жәрдем»; в) Байланыс бөлімдері.

ҮІІ. Бекіту. Бердібек Соқпақбаевтың қандай кітабын білесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын әңгімеле. 2.бағалау.

№ 32. Тақырыбы: Мазмұндама «Есті күшік»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Есті күшік

Кішкене күшігімді ертіп автобус аялдамасына келдім де, өзім қатарлы балалардың қатарына қосылдым. Осы кезде ауа райы бұзылып, қатты жел тұрды. Автобус келді. Автобустың алдыңғы есігінен бір қария жерге түсті. Гуілдеген жел қарияның қалпағын ұшырып әкетті. Қария не істерін білмей тұрып қалды. Міне , қызық. Менің кішкентай күшігім жүгіріп барып, қалпақты тістеп әкеп, иесіне ұсынды. Қария бұған риза болды. Ал аялдамада тұрған балалар болса бір түрлі ыңғайсызданып қалды.

( «Балдырған» журналынан)

Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: автобус аялдамасына, гуілдеген жел, бір түрлі ыңғайсызданып калды.

Жоспар:

  1. Автобус аялдамасында. 2.Қарияның қалпағы. 3.Ақылды күшік.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Балалар неге ыңғайсызданды? Бұл мәтіннен өзіңе қандай әсер алдың?

Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

№ 33. Тақырыбы: Мен елімді сүйемін. Сырбай Мәуленов.

Мақсаты: Оқушыларға Сырбай Мәуленов жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, алған білімін тиянақтау; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; туған еліне,жеріне деген сүйіспешілігін арттыру, мейрімділікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: суреттер, сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Бердібек Соқпақбаев кім? Қандай кітабын, әңгімелерін білесің? Қандай жұмыс түрлерімен таныстық? Сен ұйықтап жатқанда қандай жұмыс мамандары жұмыс істейді? Керек пе?

ІІІ. Өткенді қорыту: Сен үлкейгенде кім болғың келеді?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Суреттерге қарап Сырбай Мәуленов туралы әңгімеле.2.Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының көңіл күйін түсіну. Жазушы туған ел неден құралады дейді? Оның мағынасы неге тереңде жатыр дейді? Туған жерсіз адамның күні жоқ деп неге айтты? Туған елдің тілі баршаға жанға түсінікті дегенді қалай түсінесің?

г/ Сергіту сәті: ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Шығармадағы негізгі ойды анықта:

  • туған тіл;

  • туған ел;

  • туған жер;

ҮІІ. Бекіту: Сызбадағы сөздерді пайдаланып, мәтінді әңгімеле. Салыстырып сипатта дегенді қалай түсінесің? Астананың әсемдігі жайлы не айтар едің? Алматы қаласымен салыстырып көр? Тест. ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу, сурет салу. 2.бағалау

ІҮ бөлім. Ата - бабам тарихы - менің тарихым

№ 34. Тақырыбы: Халық қорғаны (ел аузынан)

Мақсаты: Оқушыларға ата-бабамыздың өмір тарихы жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, алған білімін тиянақтау; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; туған еліне, жеріне, салт-дәстүр, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, Отаншылдыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: суреттер,сызба Әдісі: сұрақ-жауап, іздену,әңгімелеу. Түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, ата-бабамыздың өмір тарихы жайлы, қандай ұлы адамдарды білетінін анықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Суретпен жұмыс: Суретте кімдер бейнеленген? Қазақ батырлары екенін неден білдіңдер? Ақ боз атқа мінген адамды кім дер едің? (Қабанбай батыр) Қаракерей Қабанбай шұбырынды болған жұрттың басын қосты. Суретке ат қой, әңгімеле. 2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының ойын түсіну. Жоңғар шапқыншылары қазақ халқына қалай шапқыншылық жасады? Қандай қасіретке ұшырадық? Қаракерей Қабанбай жұрттан не құрды? Бұқар жырау кім? Ол кімдер жайлы жырлады? Өлеңді мәнерлеп оқу.3.Сөздік жұмыс. (шұбырынды, жасақ, ақылгөй, жарақ, жарым, пырақ)

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: 1.Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Халықты жаудан қорғаған батырдың аты кім? 2. Сызбаны толтыр.Бұқар жырау Қабанбай батырды нелерге теңейді?(құлағым, пырағым, бұлағым) Өз сөзіңмен түсіндір. Ү. Бекіту. Берілген сурет пен мәтіннің арасында байланыс бар ма?

ҮІ Үйге тапсырма: 1. оқу, өлеңін жаттау.2. бағалау.

№ 35. Тақырыбы: Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)

Мақсаты: Оқушыларға Бөгенбай батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; туған еліне, жеріне, салт-дәстүр, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: Бөгенбай батыр суреті, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Халықты жаудан қорғаған батырдың аты кім? Ақ боз атқа мінген адамды кім дер едің? (Қабанбай батыр) Жоңғар шапқыншылығнан кейін қазақ халқы қандай қасіретке ұшырады? Қаракерей Қабанбай жұрттан не құрды?

ІІІ. Өткенді қорыту: Бұқар жырау кім? Ол кімдер жайлы жырлады? Бұқар жырау Қабанбай батыр жайлы қалай жырлады? Өлеңді жатқа айту.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Өткен сабақта оқылған мәтінді пайдаланып, сызбаны толтыр.

Ү. Жаңа сабақ: Суретпен жұмыс: Суретте кім бейнеленген? Оның батыр екенін қайдан білдіңдер? Атқа мінген адамды кім дер едің? (Бөгенбай батыр) Суретке ат қой, әңгімеле. 2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының ойын түсіну. Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болды? Халықты неге шақырды? Қалай ойлайсың батырлар буырқанып шықпаса не болар еді? 3.Сөздік жұмыс.(мәміле, тоқырау, уәж, ірігенді ширату, бурқану)

ҮІІІ. Сабақты қорыту: Халықты жауға қарсы үгіттеген, күш жинаған батырдың аты кім? 2. Сызбаны толтыр. Бұқар жырау Бөгенбай батыр туралы не деді ? Өз сөзіңмен түсіндір. (аттың басын тартпаған, жаудан қайтпаған, қорғасындай балқыған еңбек қылған, сарп қылған бар күшін) 3. Мәтінге сүйеніп, суреттегі батырды сипатта. Екі мәтінді салыстыр.

Халық қорғаны.

Екі мәтіннің ұқсастығы

Алмас қылышты ардагер

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Бұқар жырау жырын жаттау. 2.бағалау

№ 36 . Тақырыбы: Ақжолтай Ағыбай батыр. Марат Әбсемет

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ақжолтай Ағыбай батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; туған еліне, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың типі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіріп, баяндау.

Көрнекіңігі: суреттер, пікір ағашы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Үй тапсырмасын пысықтау: Бұқар жырау жырын жатқа айту. Халықты жауға қарсы үгіттеген, күш жинаған батырдың аты кім? Суретте кім бейнеленген? Оның батыр екенін қайдан білдің? Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болды? Халықты неге шақырды? Қалай ойлайсың, батырлар буырқанып шықпаса не болар еді?

Үй тапсырмасын пысықтау: Бөгенбай батыр жайлы не білдік? Үлкейгенде сен қандай адам болғың келеді?

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . 3.Өткен сабақта оқылған мәтінді пайдаланып, пікір ағашын толтыр.

ІІІ. Жаңа сабақ: «Алмас қылышты ардагер» мәтінін пайдаланып, пікір ағашындағы сызбаны толтыр. 2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы негізгі ойды табу. 3 Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Теріп оқу: 1.Патша үкіметінің саясаты қандай еді? Кенесары кім? (Қасым хан ұрпақтар-Кенесары)

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Орыс патшалығының басқыншылығының саясаты қандай еді? Неліктен Ағыбай батырдың есімі Кенесары ханмен қатар айтылады? Қарсы күш жинау неге керек болды? Халық Ағыбай батырды неліктен «Ақжолтай батыр» деп атаған?

Ү. Қорытындылау: Мәтінді қандай бөліктерге бөлуге болады? Ат қой. Басқаша тағы қалай атауға болады? (1.Орыс патшалығының басқыншылығы немесе саясаты. 2.Қарсы күш жинау.3.Ағыбай батыр.4. Халықтың Ағыбай батырды бағалауы.)

ҮІ. Үйге тапсырма : мәтінді оқу, мазмұнын айту.

№ 37. Тақырыбы: Махамбет пен Жақия. Қажым Жұмағалиев

Мақсаты: Оқушыларға Исатай, Махамбет батырлар жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; туған еліне, жеріне, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық:Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

І. Үй тапсырмасын сұрау: Орыс патшалығының басқыншылығы немесе саясаты қандай еді? Қарсы күшті кім жинады? Ағыбай батыр кім? Халық Ағыбай батырды қалай бағалады? ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ағыбай батыр туралы не білдік? Ол кісінің қандай ерлігін өзіңе алар едің?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Өткен сабақта оқылған мәтінді пайдаланып сөзжұмбақ шешу. «Ағыбай» (қазақ, Ағыбай, Кенесары, Қоңырбай, Қойсана, Ақжолтай). Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас-талқан етіп жеңді.

ІҮ.Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Мәтінде аттары аталған батырлар кімдер? Жақияның ержүректілігі туралы, Махамбеттің ерлігі жайлы айтылған жолдарды тауып оқы. Жәңгір хан туралы не білесің? Махамбет Жақияны қайтару үшін не деді?

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Махамбет жалғыз жаумен айқасқанда, қандай амал ойлап тапты? Бөлімдерге ат қой. ҮІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, №11,12 тапсырма.

№38. Тақырыбы: Амангелді батырым. Нұрпейіс Байғанин

Мақсаты: 1. Оқушыларға Амангелді Иманов батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; туған еліне, жеріне, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:Сабаққа дайындық. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен:«Мен жақсы адаммын,мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Не үшін қазақ халқы күреске шықты? Жақияның ержүректілігі туралы не айтар едің? Махамбеттің ерлігі жайлы айтылған жолдарды тауып оқы. Жәңгір хан туралы не білесің? Махамбет Жақияны қайтару үшін не деді?

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Махамбет жалғыз жаумен айқасқанда, қандай амал ойлап тапты? Саған әңгіме ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық

ІҮ. Жаңа сабақ: Сөзжұмбақ шешу арқылы мәтіннің тақырыбын ашу. «Амангелді» (Қабанбай, Махамбет, Исатай, Ақтабан, Бөгенбай,Кенесары,Абылай,шұбырынды, Жәңгір) 2.Өлеңді түсініп, жалғастырып оқу. Елінің бағы үшін Амангелді не істеді?

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс: Суретті салған кім? Сурет қалай аталады? әңгіме құр.Амангелді кім? Қазақ халқы үшін ол қандай ерлік жасады?

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Жаттау,сурет салу. ҮІІ. Бағалау

№39. Сабақтың тақырыбы: Азаттық жолында. Зейін Шашкин

Мақсаты: Оқушыларды Тоқаш Бокин өмірімен таныстыру, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушы зейінін сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Амангелді» өлеңін жатқа айту. Салған суреттері жайлы оқушы ойын ортаға салу. Елінің бағы үшін Амангелді не істеді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Кітаптағы суретті салған кім? Сурет қалай аталады? Амангелді кім? Сен еліңді қорғау үшін не істер едің?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам? Түрмеде оған қандай айып тағылды? Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың? Тоқашқа жолығуға кім келді? Ол анасына не айтты?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Тоқаш пен анасының арасындағы әңгімені тауып, рөлге бөліп оқыңдар. 2. Әңгіменің ІҮ бөлігін қайталап оқу. 3. Әр бөліміне ат қой. (Түрмеде, айыпталу, анасымен кездесуі, жазалау)

ҮІІ. Қорыту: Суретпен жұмыс: Зер салып қару. Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаны бейнелейді? Өз ойыңша әңгімелеп көр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту, сахналық көрініске даярлан. Бағалау.

№ 40. Сабақтың тақырыбы: Күлпаш. Бейімбет Майлин

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Бейімбет Майлин жайлы айта келіп, қазақ халқының аштық, кедейлік өмірімен таныстыру, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; елінің тарихын, өткенін сыйлауға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіріп, баяндау.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы, суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

Үй тапсырмасын пысықтау: . Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам? Түрмеде оған қандай айып тағылды? Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың? Тоқашқа жолығуға кім келді? Ол анасына не айтты?

Үй тапсырмасын пысықтау: Тоқаштың қолына кісен салып, көшеге алып шыққанда, халық не деп аяныш білдірді. Топ ішінен кім жылады? Ол кім еді?

ІІ.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық.Суреттер топтамасын пайдаланып Бейімбет Майлин өмірімен танысу.Әңгіме құру.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Түсініп оқы.(балалардың есіне.) 1930-1932 жылдары Қазақстан халқының алты миллионнан асқан болса, соның екі миллионнан астамы аштықтан қырылды. 2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы негізгі ойды табу. 3 Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Қай кезде болған? 3. Сөздік жұмыс:( Өрім-өрім, бөкебай, ызғырық, өлмелі кедей) 4. Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге күтті? Мақтым мен Күлпаш неге жылады?

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» дегенді қалай түсінесің? Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

Ү. Қорытындылау: Суретпен жұмыс: Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың? Теріп оқу: Қарамен неге жазылды деп ойлайсың?

ҮІ. Үйге тапсырма : мәтінді оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

№ 41. Тақырыбы: Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров

Мақсаты: Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; адамгершілікке тәрбиелеу

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

І. Үй тапсырмасын сұрау: Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Қай кезде болған оқиға? «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» дегенді қалай түсінесің? Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың Қалидің өмірі ары қарай не болды екен? Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Суреттер топтамасын пайдаланып Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен танысу.

ІҮ.Жаңа сабақ: Өлеңді түсініп оқу. Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған? Кедей деп кімдерді атаған? Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген? Бұл оқиға қай кезде болған? Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Топтық жұмыс: Салыстырып, дәлелде. Суреттегі кедей тұрмысын қазіргі кезбен салыстыр.

І топ

ІІ топ

Қазір кедей адам жоқ.

Қазіргі кезде де кедей адамдар бар.

ҮІ.Қорыту: Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады?

ҮІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу. ҮІІІ. Бағалау.

№ 42. Тақырыбы: Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза

Мақсаты: 1. Оқушыларға Тұрар Рысқұлов өмірі жайлы 2 класта оқығанды еске түсіре отырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; шыншылдыққа,батылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Сабаққа дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған? Кедей деп кімдерді атаған? Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген? Бұл оқиға қай кезде болған?

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады?

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.«Қызыл жебе» жайлы 2 класта қандай үзінді оқыдық? Есіңе түсір. (« Бала Тұрар» Шерхан Мұртаза)

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді. 2.Мәтінді түсініп оқу. Әңгме кім туралы? Тұрар неліктен Серікті сұраққа алды? Серік неліктен шындықты айтты? Тұрар мен Қабылбек қандай шешімге келді? Сен олардың орнында болсаң не істер едің?

Ү.Жаңа сабақты пысықтау:1.Мәтіннің соңғы жолын қайталап оқы. Балаларға сипаттама бер. Іс-әрекетіне баға бер. Әңгімеге басқаша ат қой. Неге олай ат қойдың дәлелде.

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Мәтінді оқы, Тұрар неге Сталинге хат жазды деп ойлайсың? Ойланып кел.. ҮІІ Бағалау

№ 43. Сабақтың тақырыбы: Мәңгі жасар өмір. Тұрсынбек Кәкішев

Мақсаты: Оқушыларды Сәкен Сейфуллин өмірімен таныстыру, репрессияға ұшырағандар жайлы айта отырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлану, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгіме кім туралы? Тұрар неліктен Серікті сұраққа алды? Серік неліктен шындықты айтты? Тұрар мен Қабылбек қандай шешімге келді? Сен олардың орнында болсаң не істер едің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Балаларға сипаттама бер. Іс-әрекетіне баға бер. Тұрар мектепте қалай оқыған? Есіңе түсірші 2 кластан оқығандарыңнан.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.3.Кіріспе: 1937- 1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады.105 мың адам қамауға алынып, оның 22 мыңы аталды.

Ү.Жаңа сабақ: 1.Мәтінді түсініп оқу. 2.Сөздік жұмыс. (Ақталу, елгезек, шамалы жер, біртуар) 3.Әңгіме кім жайлы? Ел басынан өткен қандай кезең суреттелген? Ауыл адамдары кімнің үйіне жиналған? Неге? Исламқұл әнін неге жалғастырмай тоқтап қалды? Олар неден қорқады? Өйткені, ол кезде С.Сейфуллиннің әлі ақталмаған, есімін атауға жұрттың қорқатын кезі еді. Сәкенге деген халық сүйіспеншілігі қандай еді?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Мәтін неге «Мәңгі жасар өмір» деп аталған?2. Суретпен жұмыс:Суретті қалай атар едің? Кімнің суреті?Осы сурет пен мәтіннің арасында байланыс бар ма?

ҮІІ. Қорыту: Өз ойыңша әңгімелеп көр. Қазақ зиялыларын неге репрессияға ұшыратты?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

№ 44. Сабақтың тақырыбы: Нұркен. Несіпбек Айтов

Мақсаты: 1. Оқушыларға Бауыржан Момышұлы туралы айта келіп,Ұлы Отан соғысы жайлы айту, сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Сабаққа дайындық: күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:Әңгіме кім жайлы? Ел басынан өткен қандай кезең суреттелген?Ауыл адамдары кімнің үйіне жиналған?Неге?Исламқұл әнін неге жалғастырмай тоқтап қалды? Олар неден қорқады? Сәкенге деген халық сүйіспеншілігі қандай еді?

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сәкен Сейфуллин кім? Халық жауы деген атпен атылып кеткендерді атқан адамдарға өз көзқарасыңды білдір.

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Түсініп оқы: 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы болды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап қазақ халқы да фашизмге қарсы аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш-жігерін жұмсады, асқан ерліктер көрсетті. 4. Сөздік жұмыс: (фашизм-дүние жүзіне үстемдік орнатуды көксейтін басқыншы топ.)

ІҮ. Жаңа сабақ: 1.Өлеңді мәнерлеп оқу. « Аңсап көкті жасынан, Еркін қаққан қанатын» дегенді қалай түсінесің? Ақын халық басындағы ауыр күнді неге теңейді? (қара түн, тажал). Нұркеннің ерлігі жөнінде не делінген? Бауыржан Момышұлы жайлы не білесің? Мәтінді түсініп оқы. 2.Сөздік жұмыс: Деректі әңгіме-нақтылы болған оқиға туралы әңгімеле. 3.1941 жылы қандай оқиға болды? Полк командирі командирлерді не үшін жинады? Бауыржан жігіттерге не айтты? Бұл сөзді кім құптады?

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Дәптермен жұмыс. Мәтін ішіндегі мақалдарды тауып көшір. Өз сөзіңмен әңгімелеп көр. 2. « Қазақ баласы- ар мен намыс иесі» қалай түсінесің? Өзің осы атаққа лайықсың ба? Қалай ойлайсың? Ұлы Отан соғысы жайлы өзің білетініңді айт. Қандай батырларды білесің? Сен тұратын жерде соғыс ардагері бар болса, олар жайлы деректер жина.

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Өлеңді жаттау, сурет бойынша «Батыр Бауыржан» атты әңгіме құр. ҮІІ Бағалау

№ 45. Сабақтың тақырыбы: Комбаттың әңгімесі. Нығмет Ғабдуллин

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Бауыржан Момышұлы туралы айта келіп,Ұлы Отан соғысы жайлы айту, сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа , Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақтар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:Сабаққа дайындық «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Бауыржан Момышұлы жайлы не білесің? 1941 жылы қандай оқиға болды? Полк командирі командирлерді не үшін жинады? Бауыржан жігіттерге не айтты? Бұл сөзді кім құптады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Соғысты жеңіспен аяқтау үшін олар не істеді? «Ел намысы-ер намысы» дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . Ұлы Отан соғысы жайлы не айтар едің?

Ү. Жаңа сабақ: 1.Мақал –мәтелдерді пайдаланып сөзжұмбақты шеш. «Мәншүк» (майданда,сәулеті,нар,шын,үшін,көгерер) Мақал-мәтелдерге ортақ тақырып ойлап тап.2. Мәтінді түсініп оқы. Мойсеев- Әлия Молдағұлованың майдандағы бірінші командирі.1943 жылы Мойсеев майордың қарамағына 18 қыз бала мергендер келіп қосылды... 3. Әңгімені кім айтып отыр? Комбаттың келген жауынгерлерге неге көңілі толмады? Мойсеевтің райынан қайтуына не себеп болды? Әлияны ол қайда жұмсады? Ол барды ма? Неге бармады?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Әлияның ұқыптылығын, өжеттілігін, үздік мерген екендігін неден байқауға болады?

ҮІІ: Үйге тапсырма беру кезеңі:1.Түсініп оқу, мақал-мәтелдерді пайдаланып сөзжұмбақ шешу.ҮІІІ. Бағалау

№46. Сабақтың тақырыбы: Қажымұқан. Мұратхан Тәнекеев

Сабақтың мақсаты: Алып Қажымұқан палуан өмірімен таныстыру, түсініп оқып, жүйелеп айтуға үйрету; есте сақтау, мәдениетті жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу; спорт түрлерімен шұғылданатын, шыныққан азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:Сабаққа дайындық. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Әңгімені кім айтып отыр? Комбаттың келген жауынгерлерге неге көңілі толмады? Мойсеевтің райынан қайтуына не себеп болды? Әлияны ол қайда жұмсады? Ол барды ма? Неге бармады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әлияның ұқыптылығын, өжеттілігін, үздік мерген екендігін неден байқауға болады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.Қажымұқан туралы 2 класта қандай тақырып өттік? («Алып бала» авторы Қалмақан Әбдіқадыров) Ол қандай ерлік көрсетті?

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Мәтінде кім туралы әңгімелейді? Мұқанның бұл жолғы қарсыласы кім?(түрік балуаны Нұрлы) Жекпе-жек немен аяқталды? (жеңіспен)

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан балуан майданға өз қаражатымен жасалған не жіберіпті? (ұшақ). 2. Мәтіннің әр бөлігіне ат қой. 3.Суретпен жұмыс: Суретте кімдер бейнеленген? Суретпен мәтіннің байланысы бар ма?

ҮІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Түсініп оқу. ҮІІІ. Бағалау

№ 47. Сабақтың тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан. Кәкімжан Қазыбаев

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Рақымжан Қошқарбаев туралы айта келіп,Ұлы Отан соғысындағы рейхстагқа ту тігілген жайлы айту, сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа , Отанын сүйюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер .

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:Сабаққа дайындық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:Мәтінде кім туралы әңгімелейді? Мұқанның бұл жолғы қарсыласы кім?(түрік балуаны Нұрлы) Жекпе-жек немен аяқталды? (жеңіспен)

ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау:Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан балуан майданға өз қаражатымен жасалған не жіберіпті? (ұшақ).Балуандар күресі жайында тағы не білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . Ұлы Отан соғысы жайлы не айтар едің?

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу.Рейхстаг деген не? Рақымжан командирінен қандай тапсырма алды?Ту тігу үшін командирРақымжанды неге таңдады?Командирдің тапсырмасы қалай орындалды? Қашан ту тігілді? 30 сәуірдің кеші, 6 сағат 30 минут, 1945

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі саған қалай әсер етті?

ҮІІ: Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Түсініп оқу.ҮІІІ. Бағалау

№ 48. Сабақтың тақырыбы: Шығарма « Жеңіс күні»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша өздік жұмыс . Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Мазмұндау жоспары:

  1. Жеңіс күні.

  2. Ел қорғаған батырлар.

  3. Мереке тойланады.

Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Жеңіс мерекесі қандай мереке деп ойлайсың? Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

№49. Сабақтың тақырыбы: Ол ақын болар ма еді? Коммунар Табей

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік жолында мерт болған желтоқсанға қатысушы Қайрат Рысқұлбеков өмірімен таныстыру, түсініп оқып, жүйелеп айтуға үйрету; есте сақтау, жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап айта білуге дағдыландыру; елін,Отанын сүюге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру : сабаққа дайындық. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Рейхстаг деген не? Рақымжан командирінен қандай тапсырма алды? Ту тігу үшін командир Рақымжанды неге таңдады деп ойлайсың?Командирдің тапсырмасы қалай орындалды? Қашан ту тігілді? 30 сәуірдің кеші, 6 сағат 30 минут, 1945

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі саған қалай әсер етті? Ұлы отан соғысының тағы қандай батырларын білесің? Ата.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні деп қай күн жарияланды?

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Мәтінде кім туралы әңгімелейді? Ел басынан қандай кезең өтті? Бұл қашан болған? Неге автор Қайратты тірі қалса ақын болар ма еді деп ойлайды? Оның шығарған өлеңін, айтқан өсиетін тауып оқы.

ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау:Қайраттың әке-шешесінің есімдерін ата.(әкесі- Ноғайбай, шешесі-Дәметкен)

ҮІІ: Үйге тапсырма: мазмұнын айту, «Ер есімі-ел есінде» деген тақырыпқа әңгіме жазып кел.ҮІІІ. Бағалау.

№ 50.Сабақтың тақырыбы: Төрт ана. Мұхтар Шаханов. Білімін тексеру.

Мақсаты: 1. Оқушыларға қасиетті төрт ана жайлы айта келе, мәнерлеп оқуға үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлана, ойын тиянақтап жеткізе, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру; елін, жерін, тілін, салт-дәстүрін,тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: бекіту. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:Сабаққа дайындық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Ел басынан қандай кезең өтті? Бұл қашан болған? Неге автор Қайратты тірі қалса ақын болар ма еді деп ойлайды? Оның шығарған өлеңін, айтқан өсиетін тауып оқы.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Ер есімі-ел есінде» дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . 3.Мұхтар Шаханов туған анаңнан басқа тағы «Төрт ана» бар дейді, оларды атай аласың ба?

ІҮ. Жаңа сабақ: 1.Өлеңді мәнерлеп оқу. Осы өлеңді оқығанда сені қандай сезім биледі?Ақын қандай сезімде болды деп ойлайсың? Өлеңді ақын сезіміне сай мәнерлеп оқып көр. Адамның өз анасынан басқа неше анасы бар екен? Олар қандай? Ата. Бұлар үшін болған күрес қандай күрес дейді ақын?

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Өлеңді сызбаға сүйеніп талда.

Бөлім неліктен осы өлеңмен аяқталып тұр деп ойлайсың? Мәтін қалай құрастырылады? Осы бөлімнен халқымыздың басынан қандай кезеңдер өтті? Шығармалардың аттарын және авторын ата. Тест.

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Өлеңді жаттау, ҮІІ Бағалау

ІІІ бөлім. Туған жерге қыс келді

№ 51. Сабақтың тақырыбы: Қыс. Абай Боран. Мұхтар Әуезов

Мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілі жайлы түсінік бере отырып, сабақтың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; табиғат әсемдігін бақылай білуге, зер салып, бақылампаздыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ,зерттей отырып, талдау.Әдісі: іздену, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1.Кіріспе: Кітапта берілген жұмбақтарды шешу. Шешуі болған сөздерге назар аударып, қай мезгілге қатысты екенін айт. Осы қыс мезгілін тағы қалай сипаттауға болады? Кітаппен жұмыс: 1.Өлеңді мәнерлеп,түсініп, іштен, тізбектей жалғастырып оқу. 2.Суреттер топтамасын пайдаланып Мұхтар Әуезов жайлы әңгімелеу.

2. Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы.Ол «Абай жолы, Көксерек т.б.» кітаптарын жазған. Алматы қаласында Мұхтар Әуезовке арналған ескерткіш, мұражай бар. Балалық шағы өткен үй де бар. 3. Кітаппен жұмыс: мәтінді түсініп, жалғастырып тізбектей оқу.

а) Мәтіннің алғашқы азат жолын қайталап оқып, қардың түрлерін айт. (ұсақ, жабысқақ үгінді; жұмырланған ұсақ, қатты, қиыршық). Сызбаны толтыр.

Суық түскенге дейінгі қар

Суық қатайған кездегі қар

ә) Мәтіннің екінші азат жолын қайталап оқып,боранға тап болған Абайдың жай-күйін елестетіп, сипаттап көр. (Қос қолы қатты тоңып,саусақтарының ұштары шаншып,тізгін мен қамшы ұстауға ебін кетірді.Қарып, мұздатып барады...) б) Мәтіннің үшінші азат жолын қайталап оқып, үскірік боран жай-күйін елестетіп, сипаттап көр.

3.Жаңа сабақты оқушы көмегімен талдау: Ақын қысты кімге теңейді? Абай өлеңіндегі адам бейнесіндегі қысты сипаттап айт.Өлеңде балалар туралы не делінген? Малшы туралы ше? 4. Сөздік жұмыс жүргізу: шидем- қой жүнінен тоқылған сырт киім.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Суретпен жұмыс: Кітаптағы суретте Абайдың қысына ұқсастық бар ма? Болса қандай? Басқан жері сықырлап келген не? Мазаны алған не? Алты қанат ақ орда үйді шайқаған не? Малшы неге теріс айналды? Ал, «Боран» Мұхтар Әуезовтің шығармасындағы бөлікті қалай атар едің? Қатты соққан ақ боранды ақын неге теңейді? (көп бөрінің құтырып, жас қан іздеп,ұлығанындай)

Ү. Қорыту: Қыс туралы жұмбақ, мақал-мәтелдер айту. Қыстың суретін салып көр. Әңгімеге сүйеніп, үсінуден қалай сақтануға болатынын айт.

ҮІ. Үйге тапсырма: жаттау, оқу түсінгенін айту. ҮІІ. Бағалау.

№ 52. Тақырыбы: Қызыл шұнақ Сәкен Сейфуллин,

Қар. Сафуан Шаймерденов

Мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілінің өзгерістері жайлы айта отырып, сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеруге жағдай жасау; ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысын қалыптастыру; зер салуға, бақылағыштыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Қыс суреттері,үлестірме дидактикалық материалдар. Түрі: аралас.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қардың түрлерін айт. Боранға тап болған Абайдың жай-күйін елестетіп, сипаттап көр. Үскірік боран жай-күйін елестетіп, сипаттап көр. Қатты соққан ақ боранды ақын неге теңейді?

ІІІ. Өткенді қорыту: Үсінуден қалай сақтануға болатынын айт.

ІY. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық .Сәкен Сейфуллин туралы не білеміз?

Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе: Суреттер топтамасын пайдаланып қыс жайлы білетіндеріміз жайлы әңгімелеу. 2.Өлеңді мәнерлеп түсініп, іштен, жалғастырып, жеке-жеке оқу. 3.Өлеңдегі қызылмен ерекшеленген сөздерді дауыстап оқу. (Зәрлі деммен ысқырып, мұздай демі, аузын ашады). Ақын бұл сөз тіркестерін неге қатысты айтты? «Қызыл шұнақ аяз» деп қандай аязды айтады? 2. Мәтінді түсініп оқу. Әр азат жолдағы айтылған ойдың негізін анықтау. Не жауып тұр? Жаңа жауған қарды ақын неге теңеп отыр? Терезеге тиген қар ұшқыны қандай күйге ұшырайды? Қар жауған соң айнала қалай өзгереді? Жазушының «денені түршіктірер зәрі бар» деген сөзді қалай түсінесің?

Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Көз алдыңа адам-аязды елестетіп көр. Абай суреттеген қыс пен осы өлеңдегі қыс көрінісін салыстыр, теріп оқу: мәтіннен қар жауып тұрған кездегі суреттейтін тұсты тауып оқы.2. Дәптермен жұмыс: қар ұлпалары, қар жапалақтары тіркестеріне қатысты сөздерді тауып жаз. (Үлкен қар ұлпалары жерге түсерде қызық: Қар жапалақтары жұлдыз сияқты ұзын кірпікті.)

ҮІІ. Қорыту: үлестірме карточкаларымен жұмыс.

ҮІІІ Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау,оқу 2. Бағалау.

№ 53. Тақырыбы: Арпалыс. Зейнолла Шүкіров

Мақсаты: Қойшы өмірнің қиындығы жайлы айта келіп, түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; қарапайым халық еңбегін сыйлау, құрмет көрсетуге тәрбиелеу, сыпайылыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, мақал- мәтелдер.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау: Не жауып тұр? Жаңа жауған қарды ақын неге теңеп отыр? Терезеге тиген қар ұшқыны қандай күйге ұшырайды? Қар жауған соң айнала қалай өзгереді? Жазушының «денені түршіктірер зәрі бар» деген сөзді қалай түсінесің?

ІІІ. Өткенді қорыту: Жазушының осы әңгімесін оқып отырып, жазушыны кім деп айтуға болады? (суретші) Әсемдік деген не деп ойлайсың?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Сен жаулауға бардың ба? Қойды кім бағады? Осы мамандықтың еңбегі жеңіл, оңай деп ойлайсың ба? 2. Мәтінді түсініп оқу. Әр азат жолды оқығанда мәніне көңіл бөліп, түсіндіріп айту. 3.Әңгіме неге « Арпалыс» деп аталды деп ойлайсың? Басқаша қалай атар едің? Бұл қай кезде болған оқиға? Неге ағалы-інілі балалар боранда қалды? Бақтыбайдың ойы қандай еді? Неліктен інісін үйге қайтарды? Оларды кімдер тапты? Әңгімеден қандай ой түйдің? Қой бағу оңай емес екендігін неден аңғардың?

Сергіту сәті. ҮІ. Мәтіннен Бақтыбайдың сөзін тауып оқы.Ол өзін-өзі қалай шыдамдылыққа шақырды? Атқа байланысты не деді? Есіңде сақта.

ҮІІ. Қорыту: 1.Бүгін қандай тақырып өттік? Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгімеле. Суреттен не байқадың? Қысқы шопан еңбегі туралы әңгімеле. 2. Топпен үлестірме дидактикалық материалдармен жұмыс:1. Арпалыс. 2. Бақтыбайдың мейрімділігі.3. Қойшы еңбегі.(қысқаша мағлұматтар беру)

ҮІІІ . Үйге тапсырма: түсініп оқу, мазмұнын әңгімелеу,үсік шалған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету туралы біліп кел. Бағалау.

№ 54. Тақырыбы: Қар астындағы ұялар (аңшының әңгімесі)

Мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілінің кереметтерімен, аңшы өмірі жайлы айта отырып, сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеруге жағдай жасау, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысын қалыптастыру; зер салуға, бақылағыштыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер,дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әңгіме неге « Арпалыс» деп аталды деп ойлайсың? Бұл қай кезде болған оқиға ? Неге ағалы-інілі балалар боранда қалды? Бақтыбайдың ойы қандай еді? Неліктен інісін үйге қайтарды? Оларды кімдер тапты? Қой бағу оңай емес екендігін неден аңғардың? ІІІ. Өткенді қорыту: Үсік шалған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмекті қалай көрсетеді?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық.

Сергіту сәті.

Ү. Жаңа сабақ: 1. А. Пушкіннің «Қысқы кеш» өлеңін мәнерлеп,түсініп оқу. 2.Суреттер топтамасын пайдаланып, Мұқан Иманжанов туралы әңгімелеу. Мәтінді түсініп оқу,тізбектей оқу,тауып оқу . Сөздік жұмыс: Бұғып-жасырынып, қамыр- нан пісіру үшін иленген ұн. 3. Бір тақырыпта жазылған екі шығарманың авторлар жайлы не білесің? А.С.Пушкиннің шығармасы мәтіннің қай түріне жатады? Екі мәтінде боранды қалай суреттеген?(нелерге теңейді, кімдерге ұқсатады?) Қай шығарма бұрын жазылған? Оны неден байқадың? Кешкі еңбек жайлы не делінген? Жіп не үшін иіреді? Қыс мезгіліне қандай қатысы бар?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. Екі шығарманың ұқсастығы мен айырмашылығы неде? 2. Дәптермен жұмыс: Боранға қатысты теңеулерді тауып жаз.(Ұлыған аң сияқты, жылайды баладай, сыңсуымен. Түтеген боран, жыландай сумаң қағып,(үйіріле соғып; құтырынып, ақ шаңын көкке будақтатып)). «Сырттай мүлгіген ауыл іштей қазанша қайнайды» осы сөйлемдегі жазушының ойын түсіндір.

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Электр станциясы қуат жеткізіп, мүлтіксіз қозғалыс жұмысын және балқыған темірді нелерге теңейді? Мән беріп, түсіндір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Оқу, қысқы кеш жайлы әңгімеле.2.Бағалау.

№ 56. Тақырыбы: Аққала. Мағжан Жұмабаев

Мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілінің кереметтері жайлы айта отырып, сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеруге жағдай жасау, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысын қалыптастыру; зер салуға, бақылағыштыққа баулу.

Сабақтың түрі : аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Бір тақырыпта жазылған екі шығарманың авторлар жайлы не білесің? Екі мәтінде боранды қалай суреттеген?(нелерге теңейді, кімдерге ұқсатады?) Кешкі еңбек жайлы не делінген?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Екі шығарманың ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Қысқы кеште сенің жанұяң немен айналысады? Өзің не істейсің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық

Кім аққала жасап көрді? Қалай жасадың? Саған ұнады ма? Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Ребус шешу. «сырғанақ». Тағы қандай ойын ойнайсың? 2. Өлеңді түсініп, жалғастырып, жеке-жеке оқу. 3. Сөздік жұмыс: Кесеге- мұнда: қатқан қардан кесек ойып алу. 4.Өлеңде қандай қыстың бейнесі суреттелген.(көңілді, көңілсіз). Пікіріңді дәлелде. ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Ақын қолданған көркем сөздерді ата. (күміс қарға көбіктей, сүңгіп алып сүліктей, күлкілері-меруерт)

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Мәтін не жайлы? Осы сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құр.

ҮІІІ .Үйге тапсырма:1.Мәтінді мәнерлеп оқу, «Қарды соғып төрт бұрыш» бастап жаттап ал.2.Бағалау.

№ 57 . Сабақтың тақырыбы: Қоян. Міржақып Дулатов

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қыс мезгіліндегі аңдардың тіршілігі туралы айта отырып, сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеруге жағдай жасау, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысын қалыптастыру; зер салуға, бақылағыштыққа баулу.

Сабақтың түрі: қорыту сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілік: кітап,суреттер , тест материалдары.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Өлеңді жатқа айту. Қыс көрінісін өз еркіңше суреттеп көр. ІІІ. Өткенді қорыту: Аққала жасағанда не істегенің жайлы айт.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. 2. Суретке зер салып, бес түрлі айырмашылығын тап.

(1.Сауысқанның басы жоғары қарап тұр, төмен қарап тұр. 2. Құйрығы жоғары, жатық. 3. Қоянның құлағы тік, жатық. 4. Қоянның көзі ашық, жабық. 5. Қоян ағаштың сол жағында, оң жағында)

Ү. Жаңа сабақ: 1. Мәтінді түсініп оқу. 2. Қоян құлағын түріп не істеді? Келе жатқан кімдер еді? Олар не жайлы әңгімелесті? Қоянның саяхаты немен аяқталды?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Қыста аңдар мен жануарлар қалай тіршілік етеді? Өзің оқыған кітаптан, көргеніңнен, естігендеріңнен әңгімелеп көр.

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма: 1. оқу, түсінігін айту, сурет салу.2.Бағалау

№ 58. Тақырыбы: Мазмұндама «Қу ешкі»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау . Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Қу ешкі

Айжан апайына сыйлауға әдемі, үлкен гүл шоқтарын алып жатты. Жолда оған құрбысы Жанар жолықты. Екеуі жолдың шетіне отыра қалып бір қызық әңгімеге кірісті. Олардың соңынан көршілерінің ешкісі жүріп отырды. Әңгіменің қызығымен қыздар ешкіні байқамады. Бір кезде сөмкеге қыстырылып тұрған гүлді қу ешкі жей бастады. Қос құрбы ештеңені сезер емес. Әңгіме біткен соң Айжан сөмкесін алмақ болып еді, гүлі жоқ. Тек сабағы жатыр. Ал анадай жерде көршінің ешкісі түк білмегендей кетіп барады. Бар бәленің көк ешкіден келгенін сезген қыздар мәз болды.

( «Балдырған» журналынан)

Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: гүл шоқтары, құрбысы Жанар, қос құрбы, бар бәленің.

Жоспар: 1.Гүл шоқтары. 2.Қос құрбының әңгімесі. 3. Аңдаусызда келген бәле.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Ешкі не істеді? Бұл мәтінен өзіңе қандай әсер алдың? Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

№ 59. Сабақтың тақырыбы: Өз білімін тексеру.

Мақсаты: 1. Оқушының «Туған жерге қыс келді» бөлімі бойынша алған білімін тиянақтау, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету: сөздік қорын, тіл байлығын дамыту ; байқампаздыққа, бақылағыштыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қорыту. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, тест материалы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Бөлімді қайталау. Ережемен таныстыру. 1. Жазушы шығарманы жазбас бұрын қандай мәселені негізгі ой ретінде алуға болатынын көп ойланады. Сол ой шығарманың тақырыбы болып саналады. 2.Сұраққа жауап беру арқылы «Туған жерге қыс келді» бөлімінен алған білімін қорыту. Қай шығармаларда қысқы еңбек түрлері жайлы айтылған? Қай мәтінде жан-жануарлардың қысқы тіршілігі туралы айтылған? Екі жазушының бір тақырыпта жазған шығармалардың атын айт, авторы кімдер? Қыста қандай меймандар бар? Жаттаған өлеңдеріңді айт.

ІІІ. Пысықтау: Бөлімдегі шығармалардың көркем сөздерін пайдаланып, «Қыс» тақырыбына әңгіме жаз: қалың қар, қар ұлпалары, неше түрлі өрнек жасаған, аяз шытынайды, зәрлі деммен ысқырып, алай-түлей ақ түтек, аққала соғып, т.б.

ҮІІ. Қорыту: Тест. ҮІІІ. Үйге тапсырма: қайталау.2.Бағалау.