- •Әдебиеттер Аннотация
- •Нормативтік сілтемелер
- •Анықтамалар
- •Қысқартулар мен белгілер
- •1.1. Инновациалық менеджмент объектісі ретінде жаңалық енгізудің пайда болуының объективті қажеттілігі
- •1.2 Инновациялық жоба: түсініктер, құру мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
- •Портфельдік Аймақтық Мемлекеттік және
- •Бұл жерде:
- •Сату көлемі
- •Жұмсалған күш/инвестициялынған қаржылар
- •2.1 Компанияның шаруашылық қызметінің қазіргі жағдайы және инновациялық ресурстары
- •2.1.1. Бухгалтерлік баланс қорытындыларын талдау
- •2.1.2 Компания балансын көлденең қаржылық талдау
- •2.1.3 Компания балансын индекстік талдау
- •2.2 Компанияның қаржылық-шаруашылық және инновациялық қызметін талдау
- •2.3 Компания қызметінің қорытынды қаржылық коэффициенттерін талдау
- •2.3.1 Өтімділік коэффициенттерді талдау
- •2.3.2. Капитал құрылымы коэффициенттерін талдау
- •2.3.3 Қаржылық коэффициенттердің қатынастарын талдау
- •Компания қызметінің рентабельділігін талдау
- •2.3.5 Айналымдылықты талдау
- •3.1. Компанияның концептуалдық бейнесі және оның эталондық жағдайына жету жолдары
- •3.1.1 Компанияның концептуалдық бейнесі
- •3.1.2 Дағдарыс жағдайынан эталондық жағдайға ауысу бойынша шаралар
- •3.2 Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру бойынша инновациялық факторларды енгізу
- •Компанияның өнеркәсіптік-өндірістік персоналының құрылымы
- •Корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізуге қажетті бастапқы мәліметтер
1.2 Инновациялық жоба: түсініктер, құру мен жүзеге асырудың негізгі кезеңдері
Экономикада жаңалықтар, әдетте, тұтынушыда кездейсоқ жаңа қажеттіліктер туындағаннан және өндірісті қайта бағыттағаннан кейін емес, маркетингтік зерттеулердің арқасында өндірістің өзі тұтынушыларды жаңа қажеттіліктерге үйреткеннен кейін ендіріледі.
Инновациялық жоба түсінігі екі мағынада қолданылады:
Қандай да бір мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қандай да бір әрекеттердің жиынтығын қарастыратын іс, іс-әрекет, шара ретінде;
Қандай да бір әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті ұйымдастырушылық-құқықтық, есеп-қаржылық құжаттар жүйесі ретінде.
Әр инновациялық жоба, күрделілігі мен жұмыс көлеміне қарамастан, өзінің даму барысында қандай да бір жағдайлардан өтеді: «жоба әлі жоқ» жағдайдан, «жоба енді жоқ» жағдайға дейін. Қалыптасқан тәжрибеге сәйкес, жобалар өтетін жағдайлар кезең (фаза) деп аталады. Жобаны құру мен жүзеге асырудың әр кезеңінің өз мақсаттары мен міндеттері бар (1-ші кесте).
1-ші кестеден инновациялық жобаның жалпы кезеңін инвестиция алдын кезеңі және инвестиция кезеіңіне бөлуге болатынын көруге болады. Инвестиция алдын кезеңінде зерттеу, жоспарлау, құжаттарды түзу және жобаны жүзеге асыруға дайындық жүргізіледі. Алғашқы ойды жүзеге асыру шарттарын талдау, жобаның негізгі концепцияларын құрастыру жүзеге асырылады, ТЭН беріледі және соңында инвестициялау туралы соңғы шешім қабылданады.
Инвестиция кезеңінде тендерлер сен саудалар жүргізіледі және олардың негізінде инвесторлармен келісімшарттар түзіледі, инновациялық жобаны жүзеге асыру және пайдалану жүзеге асырылады.
Инновациялық идеяны таңдау және қандай да бір инновациялық жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылдау кезінде бірқатар жағдайларды анықтап алу керек::
егер тауарлық инновация туралы сөз болса – ол тауар нарықта жақсы қабылдана ма;
егер кез келген инновацилық жоба туралы сөз болса – нақты табыс алу (жобадан келетін табыс, оған жұмсалған шығындардан елеулі жоғары болу керек) және нақты қатерді бағалау (жобаға қатысты қатер оны жүзеге асырудан түсетін табыспен шекті мүмкін қатынаста болуы керек).
Қойылған мақсаттарға жету және инновациялық жобадан монополиялық жоғары табыс алу үшін келесі қажетті шарттар мен талаптарды сақтау керек:
мүмкін тұтынушылардың жаңалыққа деген сұраныс көлемін, оның осы қажаттілікті өтеуде қолданыстағы әдістен экономикалық сипатталған артықшылықтарын анық білу керек;
1-ші кесте
Инновациялық жоба кезеңдерінің мазмұны
Жобаның инвестиция алды кезеңі |
Жобаның инвестициялық кезеңі |
|||
Жобаны инвестиция-лау алдында зерттеу және жоспарлау |
Құжаттарды түзу және жүзеге асыруға дайындау |
Сауда өткізу және келісім-шарттар түзу |
Жобаны жүзеге асыру |
Жобаны аяқтау |
1. Болжамдарды зерттеу |
1.Жобалау-тексеру жұмыстарының жоспарын құру |
1. Келісім-шарттар түзу |
1. Жобаны жүзеге асыру жоспарын құру |
1. Жүргізу-реттеу жұмыстары |
2. Алғашқы ойды жүзеге асыру шарттарын талдау, жобаның концепциясын түзу. |
2. ТЭН-ге тапсырма беру және ТЭН-ді түзу. |
2. Жабдық жеткізуге келісім түзу. |
2. График түзу. |
2. Объектті іске қосу. |
3. Инвестиция-ларды жоба алдын негіздеу. |
3. ТЭН-ді келісу, сараптау және бекіту. |
3. Подряд жұмыстарына келісім жасау. |
3. Жұмыстарды орындау. |
3. Ресурстар демобилизациялау, нәтижелерді талдау. |
4. Орналасу орнын келісу және таңдау. |
4. Жобалауға тапсырма беру. |
4. Жоспарлар құру. |
4. Мониторинг және бақылау. |
4. Эксплуата-ция. |
5. Экологиялық негіздеу. |
5. Құру, келісу және бекіту. |
|
5. Жобаның жоспарын түзету. |
5. Жөндеу және өндірісті дамыту. |
6. Сараптама. |
6. Инвестиция-лау туралы соңғы шешім қабылдау. |
|
6. Орындалған жұмыстарды төлеу. |
6. Жобаны жабу, жабдықтарды бұзу. |
7. Алдын-ала инвестиция-ық шешім. |
|
|
|
|
жаңалықты құру, өндіру және өткізу кезінде пайда болатын, ресурстық шектеулерді анықтау керек, яғни, жаңалықтың экономикалық потенциалын жан-жақты дұрыс болжау керек;
инновациялық жобаны табысты жүзеге асырудың міндетті шарты компания персоналының жоба талаптарына сай келуі болып табылады;
материалдық-қаржылық ресурстардың шектеулілігі және нарықтық анықсыздық жағдайында, инновациялық жобаның табысты болуында ұйымдастыру мен басқарудың сапасы маңызды роль атқарады.
Идеяның пайда болуы, жаңалықты құру және таратудан бастап, оны нақты пайдалануға дейінгі уақыт кезеңін инновациялық жобаның өмірлік кезеңі деп атау қалыптасқан. Басқаша айқанда, фундаменталды және қолданбалы зерттеулерден басталып, жаңа ғылыми-техникалық идеяны құру, игеру және қолданумен, шығарылатын техниканың техника-экономикалық параметрлерін жақсартумен, оны жөндеу және басқа да қызмет көрсетумен жалғасатын және осы техника жаңа, тиімдірек техникамен асмастырылуымен аяқталатын кезең инновациялық жобаның өмірлік кезеңі деп аталады. Жұмыстарды жүргізу ретін ескере отырып инновациялық жобаның өмірлік кезеңі инновациялық процесс ретінде қарастырылады (5-ші сурет).
Теория мен тәжрибеде инновациялық жобаның өмірлік кезеңінің сатыларына қатысты бірыңғай көзқарас жоқ, әсіресе қызмет түрлеріне қатысты. Біз ұсынып отырған сызбада, ТМД елдерінде кеңінен қолданылатын, өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі әдістемесі (ӨСБ КЖ) пайдаланылған.
Осыған сәйкес біз инновациялық жобаның (өнімнің) өмірлік кезеңінің төрт сатысын бөліп қарастырамыз: зерттеу және құрастыру; дайындау (жасау); айналу және сату; қолдану және тұтыну (5-ші сурет).
Халықаралық тәжрибеге сәйкес (ИСО 9004) инновациялық жобаның (өнімнің) өмірлік кезеңі бұдан да көп сатыларға бөлінеді:
маркетинг, нарықты іздеу және зерттеу; жобалау және (немесе) технологиялық талаптарды құрастыру; өнімді құрастыру;
материалдық-техникалық жабдықтау; өндірістік процесстерді дайындау және құрастыру; өндіру;
бақылау, сынақ пен тексерулер жүргізу; қаптау және сақтау; өнімді сату және тарату; монтаждау және қолдану; техникалық көмек және қызмет көрсету; өнімді пайдаланғаннан кейін жою.
Инновациялардың формаларының көптігі инновациялық жобаның өмірлік кезеңінің құрамы мен мазмұнына қатысты бірыңғай көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік бермейді, инновациялық процесстің негізгі кезеңдерін, оның негізгі құрам бөліктерін қарастыру арқылы анықтауға болады.
Келтірілген концепциялар негізінде инновациялық жобаны жалпы құру мен жүзеге асырудың келесі негізгі кезеңдерін жүйелеуге болады:
Инновациялық ойды (идеяны) қалыптастыру;
Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
Келісімшарттық құжаттарды дайындау;
Жобалық құжаттарды дайындау;
Құрылыс-монтаж жұмыстары;
Объектті пайдалану;
Экономикалық көрсеткіштер мониторингі.
Инновациялық ойды (идеяны) қалыптастыру кезеңі деп ойланған әрекеттер жоспарын айтады. Бұл кезеңде, алдымен, инвестициялардың объектісі мен субъектісін, олардың формалары мен көздерін анықтау керек.
Инновациялық жобаның екінші кезеңінде инвестициялардың келесі формалары пайдаланылады:
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (мақсаттық салымдар, айналымдағы қаржылар, құнды қағаздар, мысалы, акциялар мен облигациялар, кредиттер, несиелер, кепілдіктер және т.б.);
жер;
ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және сынау құралдары, өндірісте қолданылатын және ликвидтігі бар басқа да кез келген мүлік;
әдетте ақша эквивалентімен өлшенетін, мүліктік құқықтар.
Инвестициялардың негізгі көздері:
өзіндік қаржылық қаражаттары, басқа да актив түрлері (негізгі қорлар, жер телімдері, өнеркәсіптік меншік және т.б.) және тартылған қаражаттар;
республикалық, аймақтық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржылар;
біріккен кәсіпорындардың жарғылық қорына қаржылық немесе басқа да формада берілген, шетелдік инвестициялар;
әртүрлі формадағы несиелік қаражаттар, соның ішінде, мемлекеттік кредитер, шетел инвесторларының кредиттері.
Инновациялық жобада ұзақ және орта мерзімдік инвестициялар анықтаушы роль атқарады, өйткені инновациялық процесс орта есеппен 3-5 жылға және одан да көпке созылады. ҚР Ұлттық Банкінің мамандарының бағалауы бойынша инвестициялардың реккордтық ағылуы шетел компанияларынң беретін несиелердің тұрақты жоғары көлемінің сақталуымен де, реинвестициялардың едәуір өсуімен де байланысты. Тікелей инвестициялардың шамамен 70% мұнай және газ өндіру саласына, геологиялық және іздестіру әрекеттеріне жұмсалады [9].
Инвестицияларды тарту әдістері 6-шы суретте көрсетілген.
Сызбадан, жалпы түрде инвестициялар, табыс алу мақсатында, экономиканың әртүрлі салаларына ұзақ мерзімдік қаржы салуды білдіретінін көруге болады. Жоғарыда аталғандай инновацияларға капитал салуға байланысты инвестициялық әрекетті инновациалық-инвестициалық әрекет деп атауға болады, және оны келесі түрде сыныптауға болады (7-ші сурет).
Бұл жерден инвестициялардың, экономикалық мәні және мақсаты бойынша, тікелей және портфельдік болып бөлінетінін көруге болады. Тікелей инвестицияларды шетелдік және отандық компаниялар тікелей жер, өндіріс құралдары, материалдық емес және басқа да активтерді сатып алу арқылы жүзеге асырады. Портфельдік инвестициялар – бұл шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалардың әртүрлі эмитенттердің құнды қағаздарын сатып алуы.
Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу кезеңі келесілерді қарастырады:
экспорт пен импортты ескере отырып, өнім мен қызметке деген сұранысты алдын-ала зерттеу;
өнімнің (қызметтің) базалық, ағымдық және болжамдық бағаларының деңгейлерін бағалау;
Инновациалық қызмет және и
маркетинг
Енгізу Өсу Өсудің баяулауы Төмендеу
Сату көлемі
Ғылыми
және ғылыми-
техникалық негізділігі Пайда көлемі
Жаңалықтарды құру
1-ші кезең 2-ші кезең 3-ші кезеңТ Инвестициялар
Инвестициялардың қайту мезеті
ҒЗЖ ҒЗЖ ТКЖ
фунд. қолданб. Инновациалық лаг
Жаңалықтарды коммерциализациялау
4-ші кезең
Бюджеттік
қаржыландыру
Қатерлі инвестициялар Өндіріске
инвестиция салу
Жаңалықтардың
өмірлік кезеңі
5-ші сурет. Инновациялық жобаның өмірлік кезеңі
жобаны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары және қатысушылардың құрамы бойынша ұсыныстарды дайындау;
ірілетілген нормативтер бойынша болжанған инвестициялар көлемін бағалау және олардың коммерциялық тиімділігін алдын-ала бағалау;
бастапқы рұқсат беруші құжаттарды даярлау;
ТЭН-дің бөлімдері бойынша алдын-ала бағалауларды дайындау, соның ішінде жобаның тиімділігін бағалауды;
инвестициялық мүмкіндіктерді негіздеудің нәтижелерін бекіту;
жобалау-іздестіру жұмыстарына келісімшарттық құжаттарды дайындау.
Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеудің мақсаты – потенциалды инвестор үшін инвестициялық ұсыныстарды дайындау. Егер инвесторларға деген қажеттілік жоқ болса, және барлық жұмыстар өз қаржылары есебінен жүргізілетін болса, онда келісімшартты және және жобаның техника-экономикалық негіздеуін (ТЭН) дайындауды қаржыландыру туралы шешім қабылданады.
Инновациялық жобаны техника-экономикалық негіздеу (ТЭН) кезеңінде келесі шараларды жүзеге асыру толық көлемде қарастырылады:
толық көлемде маркетингтік зерттеулерді жүргізу;
өнім шығару (қызмет көрсету) бағдарламасын дайындау;
бастапқы рұқсат беру құжаттарын дайындау;
техникалық шешімдерді дайындау, соның ішінде бас жоспарды;
қала салу, архитектуралық-жоспарлау құрылыс шешімдері;
инженерлік қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғаныс бойынша шаралар;
құрылысты ұйымдастыру сипаттамасы;
кәсіпорынды басқару, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыру жүйесінің сипаттамасы;
сметалық-қаржылық құжаттарды қалыптастыру: өндіріс шығындарын бағалау, капиталдық шығындарды есептеу, кәсіпорын қызметінен келіп түсетін жылдық түсімдерді есептеу, айналымдағы капиталға деген қажеттілікті есептеу, жобаны қаржыландырудың жобаланған және ұсынылған көздері (есеп), шетел валютасына деген болжанған қажеттілік, инвестициялау шарттары, нақты инвесторды таңдау, келісмді рәсімдеу;
жобаны жүзеге асырумен байланысты қатерлерді бағалау;
жобаны жүзеге асыру мерзімін жоспарлау;
жобаның коммерциялық тиімділігін бағалау (бюджеттік инвестицияларды пайдаланған жағдайда);
жобаны жүзеге асыруды тоқтату шарттарын қалыптастыру.
Жалпы инновациялық жобаны жүзеге асыру кезеңдерін сызба түрінде келесідей көрсетуге болады (8-ші сурет).
Н
ормативтік
Республикалық Үкімет
Мемлекеттік
база: мақсаттық қаулысы инвестициалық
бағдарламалар бағдарлама
Б ақылаушы Ведомстволар - мемле- Қаржы Экономика
органдар: кеттік бағдарламаларға министрлігі министрлігі
тапсырыс берушілер
Мемлекеттік емес Кепілдік Мемлекеттік
инвестициалық
қор инвестициалық
қорлар қорлар
Үкімет агенттері
Инвесторлар Құнды қағаздар Инвесторлар
эмитенттері
кепілдік
міндеттемелер сызбаның ұсынылған
элементтері
қаржы ағымдары
6-шы сурет. Инвестицияларды тарту сызбасы
Инвестициялар Инвесторлар Инфрақұрылым
Тікелей
Үкіметтік Биржалар,
қаржылық брокерлер
және инвестициалық кеңесшілер
