- •«Салық төлеушілерді тіркеу» бөлімі.............................................8
- •«Салық төлеушілерді тіркеу» бөлімінің қызметін ұйымдастыру........................................................................................................14
- •Бөлімнің жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру...........30
- •1. Қазақстан Ресбуликасы Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы туралы.
- •«Салық төлеушілерді тіркеу» бөлімі
- •Салық төлеушілерді есепке тұрғызу туралы ереже
- •2.2. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, құқықтары мен міндеттері
- •Бөлім қызметінің экономикалық мәні
- •«Салық төлеушілерді тіркеу» бөлімінің жұмысын ұйымдастыру
- •3.1. Бөлімнің жіктелуі
- •Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен құқықтары
- •Бөлімнің жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру
- •4.1. Исаж (инис) бағдарламасы
- •Скунс және сеөж (соно)
3.1. Бөлімнің жіктелуі
Атқаратын қызметі бойынша бөлімді 5 бөлімшеге жіктеуге болады:
Жеке тұлғаларды тіркеу
Жеке тұлғаларды жеке кәсіпкер ретінде есепке алу
Заңды тұлғаларды тіркеу
Салық төлеушілерді ҚҚС төлеуісі ретінде есепке қою
Фискалды жады бар бақылау-касса машиналарын тіркеу
Қазақстан Республикасының азаматы дүниеге келген сәттен бастап салық басқармасында есеп тұруы қажет. Сондықтан азаматтарды тіркеу кезінде жасына сәйкес 2 үлкен топқа жіктейді:
Балалар – 16 жасқа толмаған, жеке басты куәландыратын құжат берілгенге дейін
Ересек адам – 16 жастан асқан азаматтар
Бұл азаматтарды тіркеу ерекшеліктері әр түрлі болып келеді. Егер де ересек адамдарды бастапқы құжаттар негізінде тікелей тіркесе, балаларды құжаттары арқылы ата-анасы арқылы тіркейді. Олардың құжатталуының негізі бірдей болғанмен, кейбір айырмашылықтары бар. Ересек адамды салық базасына есепке қою кезінде келесідей құжаттар тізімін лауазымды адамға ұсынуы керек:
001 нысандағы салық төлеуші ретінде тіркеу үшін өтініш;
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;
мекен-жайын анықтайтын құжат(үй кітабы немесе мекен-жй бюросынан анықтама) көшірмесі және түпнұсқасы;
егер болса алдында алған СТТН құжаты
кейбір жағдайларда қолдан жазылған өтініш.
001 нысандағы өтініш ең алдымен ИСАЖ бағдарламасында салық төлеушіні дұрыс тіркеу үшін қажет. Мұндағы барлық жазылатын мәліметтер толығымен ИСАЖ бағдарламасындағы 001 нысанын негізінде салық төлеушілерді тіркеу нысанымен сәйкес келеді. Сондықтан бұл салық төлеушілерді салық базасына тіркеу үшін тиімділік үшін жасалады. 001 нысаны 4 беттен тұрады. 7 бөлімге жіктелген.
СТТН нөмірін беру үшін ең алдымен салық басқармасы азаматтың жеке басын анықтап алуы қажет. Себебі салық заңнамасында белгіленгендей бір адамға тек қана бір нөмір берілуі тиіс. Сол себепті бұл құжаттың көшірмесі қажет. Оның түпнұсқасы көшірменің рас екендігін дәлелдейтін құжат. Сонымен қатар бұл құжат салық төлеушінің әділет басқармасында тіркелген аты-жөнінің салық басқармасындағы құжаттармен сәйкес келу үшін қажеттілік мақсатта қолданылады.
Астана қаласы өз ішінде 3 ауданға бөлінеді: Сарыарқа, Есіл және Алматы ауданы. Әр ауданның өз территориясы қалыптасқан. Яғни территориясына сай олар салық төлеушілерді есепке тұрғызады. Сол себепті азаматтардың территорияға байланысты аралсып кетпеуін қадағалау үшін оларды тек қана мекен-жайына сәйкес тіркейді. Бұл тәртіп салық заңнамасында толығымен айтылып кеткен. Үй кітабының көшірмесі және түпнұсқасы осы мақсатта пайдаланылады. Көшірме салық басқармасында қалады да, түпнұсқасы көшірменің рас екендігін дәлелдеп иесіне қайтарылады. Мекен-жай бюросының анықтамасы да жарамды.
Бастапқы салық төлеуші нөмірінің түпнұсқасы салық төлеуші аты-жөнін ауыстарғанда, салық төлеуші нөмірін ауыстырғанда, егер де салық төлеуші ретінде тіркелгені туралы құжатты ауыстырғанда салық басқармасына ұсынады. Бұл салық төлеушінің мөлшерден көп салықтық құжаттар ұстамауы үшін қоолданылатын шара.
Қолдан жазылған өтініш құжат жоғалтқанда, реквизиттерінің өзгергені кезде жазып, лауазымды тұлғаға өткізуі тиіс.
Балаларды салық төлеуші ретінде тіркеген кезде келесі құжаттар ұсынылады:
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі және түпнұсқасы;
баланың тұрғылықты жерін анықтайтын құжат (үй кітабының көшірмесі мн түпнұсқасы немесе мекен-жай бюросының анықтамасы
001 нысандағы өтініш
ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;
ата-анасының біреуінің салық төлеуші нөмірінің құжатының көшірмесі және түпнұсқасы.
Кәмелетке толған салық төлеуші өз кезегінде пайда табу мақсатында жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұруға құқылы.
Кәсіпкерлік ашу үшін тұлға салық басқармасына елесі құжаттарды табыс етуі тиіс:
жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін және куәлік алу үшін өтініш;
кәсіпкер карточкасы;
3х4 өлшеміндегі 2 фотосурет
жеке куәліктің, үй кітабының, СТТН құжатының көшірмесі және олардың рас екендігін нақтылау үшін түпнұсқасы;
жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін төленетін алымды төлегені туралы екінші деңгейлі банктердің түбіртегі;
осы құжаттарды жиыстыру үшін пластикалық бума;
001 нысандағы өтініш.
Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін және куәлік алу үшін өтініш және жеке кәсіпкер карточкасы негізінде салық басқармасының лауазымды адамы жеке кәсіпкерді республикалық салық базасына тіркейді. Қағаздағы мәліметтерді дәлме-дәл енгізіп отырады. Ал 3х4 өлшемдегі 2 фотосуретттің біреуі жеке кәсіпкер карточкасына жабыстырылса, екіншісі жеке кәсіпкер куәлігіне бекітіледі. Жеке кәсіпкерді тек қана мекен-жайы бойынша тіркегендіктен оның мекен-жайын анықтайтын құжаттар, бір жеке тұлғаға тек бір ғана кәсіпкерлік ашуға болатындықтан оның жеке басын анықтайтын құжаттар және жеке тұлға ретінде салық басқармасында тіркелгендігі жөнінде құжаттарды да қатар тапсырады. Салық басқармасы ақшамен жұмыс жасамайтындықтан жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін алымды тек қана екінші деңгейлі банктер арқылы төлейді. Сол себепті алымды төлегені туралы түбіртек қажет. Салық басқармасының мұрағатына тапсыру үшін бұл құжаттар пластикалық бумага жиыстырылып тігіледі.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу кезінде тұлға арнайы салық режимін таңдауы тиіс. Олар:
біржолғы талон негізінде
патент негізінде
оңайлатылған салық декларациясы негізінде.
Біржолға талон негізінде режимді қолдану үшін жеке кәсіпкерретінде тіркеуге ұсынылған құжаттарға біржолғы талон негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін өтінішті қоса тапсырады. Бұл режим ара-тұра қызметпен айналысатын кәсіпкерлерге арналған. Мысалға, базарлардағы саудагерлер.
Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:
1) қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;
2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;
3) салық кезеңiндегi табысы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады. Патент негізінде арнайы салық режимін қолдану үшін кәсіпкер алдын ала кірісін болжамдап, нақты патентті қолданатын уақытына байланысты патент құнын анықтап төлеуі тиіс. Патент құны келесідей жолмен анықталады.
ЖТС = (болжамданған кіріс * патент қолданатын уақыт) * 2% / 2
Әлеум.аударым = 539 тг * патент қолднылатын уақыт
Әлеум.салық = 1347 * патент қолданылатын уақыт
Патент құны = ЖТС + Әлеум.салық + МЗЖ
Төленетін сома анықталып патент алу үшін есеп «Салық есептілігін қабылдау және өндеу» бөліміне тапсырып, 3 жұмыс күнінен кейін патентті алады. Төленетін сома міндетті түрде бюджеттік квалификация кодымен бекітілініп төленуі тиіс. Сонымен қатар кәсіпкер жеке кәсіпкер ретінде тіркеу үшін ұсынған құжаттарына патент негізінде арнайы салық режимін қолдану үшін өтінішін тапсырады.
Мынадай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi:
дара кәсiпкердiң өзiн қоса алғанда, қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;
салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгенi құраса оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады.
Бұл режим бойынша тіркелу үшін тұлға оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолжану үшін өтінішті ұсыну қажет. Егер төмен тұрған режимдерден көшетін болса онда қолдан жазылған өтініш болуы қажет.
Сондай-ақ бөлімде заңды тұлғаларды тіркеу жүргізеді. Бірақ заңды тұлғалардың бастапқы мәліметтері бойынша статистика басқармасы салық базасына тіркейді. Ал салық басқармасына тек қана келесі құжаттарды тапсырады:
статистика картасы
мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
фирма жарғысы.
Егер тұлға тауар айналымымен және қызмет көрсетумен айналысатын болса ол қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға міндетті. Сонымен қатар оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және жалпыға бірдей қолданылатын режим негізінде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар фискалды жады бар бақылау касса машиналарын тіркеу есебіне қояды. Мұндағы мақсат – қолма-қол ақша негізінде есеп айырысу кезінде салық төлеушінің табысын анықтып, оны салық салу обьектісіне жетқызу болып табылады. Осыны жүзеге асырудың бірден-бір көзі осы машиналар болып табылады. Бақылау касса машиналарын қолдану салық басқармасында тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде есепке қоюы тиіс.
