Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИНЕМАТИКА.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90 Кб
Скачать
☆

Кинематика

X нұсқа

  1. Велосипедші еңіске қарай 0,3 см/с2 үдеумен қозғалып келеді. Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 4 см/с – қа тең болса, 20 с өткенде оның жылдамдығы қандай болады?

  1. Ұста балғамен төстегі темірді соғып қалғанда, оның тежелген кездегі үдеуі модулі бойынша 200 м/с2 – қа тең болады. Егер балғаның бастапқы жылдамдығы 10 м/с болса, соққы қанша уақытқа созылған?

  1. Еңіске қарай 200 м ұзындықты шаңғышы 0,6 м/с2 үдеумен қозғала отырып, 20 с ішінде жүріп өтті. Шаңғышының еңістің басындағы және аяқ кезіндегі жылдамдығы қандай?

  1. Шығырды айналдыратын сабының радиусы шынжыр оралатын біліктің радиусынан 3 есе артық. Шелекті тереңдігі 10 м құдықтан 20 секунд ішінде көтеру үшін сапты қандай сызықтық жылдамдықпен айналдыру керек?

  1. Жүк машинасының қозғалыс теңдеуі х1= - 270+12t, ал осы жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі х2= -1,5t. Бақылау басталар мезеттегі машина мен адамның орындарын табыңдар. Олар қандай жылдамдықпен және қандай бағытта қозғалады? Олар қашан және қай жерде кездеседі?

  1. Дөңгелек араның диаметрі 600 мм. Араның өсіне диаметрі 300 мм шкив кигізілген. Ол электр қозғалтқышының білігіне кигізілген диаметрі 120 мм болатын шкив арқылы қайысты беріліспен қозғалысқа келтіреді. Егер қозғалтқыш білігінің айналу жиілігі 1200 айн/мин болса, онда ара тістерінің қозғалу жылдамдығы қандай болар еді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]