- •Кестелер тізімі Резюме
- •1. Жобаның тұжырымдамасы
- •2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
- •3. Өндірістер бағдарламасы
- •4. Маркетингтік жоспар
- •4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
- •5. Техникалық жоспарлау
- •5.1 Технологиялық процесс
- •4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
- •4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер
- •4.4 Маркетинг стратегиясы
- •5.2 Ғимараттар мен құрылыстар
- •5.3 Жабдық және инвентарь (техника)
- •5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым
- •6. Ұйымдастыру, басқару және құрам
- •7. Жобаны іске асыру
- •7.1 Іске асыру жоспары
- •7.2 Жобаны іске асыру шығындары
- •8. Пайдалану шығыстары
- •9. Жалпы және әкімшілік шығыстар
- •11. Жобаның тиімділігі
- •11.1 Cash-flow проекциясы
- •11.2 Пайда мен залалдардың есептері
- •11.3 Баланс проекциясы
- •11.4 Қаржы индикаторлары
- •12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер
- •12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
- •12.2 Қоршаған ортаға әсер
1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасында дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру көзделген.
Тікелей өндірістің басында дүкен ашу үнемі жаңа піскен өнімді сатып алуға ғана емес, сонымен бірге оны барынша қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік жасайды, өйткені дайын өнімді өндіру кезеңі мен сату кезеңі арасында аралық буын болмайды. Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады.
Дүкені бар цех жалпы алаңы 60 шаршы метрлік орын-жайда орналасқан.
Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымын ескере келе қызметті жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін пайдалана отырып жеке кәсіпкердің шеңберінде жеңілдетілген режимде жүзеге асыру ұсынылады.
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Осы жобада нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру көзделген.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің құндылығы мен сіңімділігі жоғары, олар дәмінің тәттілігімен және сыртқы түрінің тартымдылығымен ерекшеленеді. Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары тағамдық құндылығы оның құрамындағы елеулі көміртегіне, май мен белокқа негізделген. Ылғалдылығының төмендігі нәтижесінде көптеген өнім ұзақ сақталатын бағалы тағамдық концентраттарымен ерекше қасиетке ие болуда.
Кептірілген
өнімдер. Бұл өнімдердің ылғалдылығының
төмендігі (9-12 %) олардың қатып қалуын
баяулатады, көгеруден сақтайды, бұл
оның ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.
Осылайша кепкен өнімдер нан
консервілерінің рөлін атқара алады.
Өнімнің бұл тобына кептірілген нан, гренкалар және қытырлақ нан кіреді. Өнімнің әрбір түрі үшін нысаны, мөлшері, сыртқы түрінің жай-күйі белгіленген.Сақтау шарттары сақталған кезде сақтау мерзімі 1-ден 2 айға дейінгі мерзімді құрайды. Кептірілген нанның ең маңызды көрсеткіштері – . нәзіктігі мен суда бұқтырылуы. Кептірілген нан нәзік болуы тиіс. Олардың суда толық бұқтырылуы 60 оС кезінде 1-2 минут болуы қажет.
Печенье.
Пече́нье — қамырдан жасалатын шағын
кондитерлік өнім. Печеньенің қамырына
кей уақытта түрлі дәндер қосады.
Печеньені әдетте дөңгелек, төрт бұрыш,
жұлдызша, түтікше түрінде жасайды; кей
жағдайда ортасы қоспамен толтырылады
(шоколадпен, мейізбен, ірімшікпен,
қоюлатылған сүтпен, креммен) немесе
мұндай қоспаны екі печеньенің ортасына
салады.
Кепкен
тоқаш өнімдері. Жоғары және бірінші
сортты бидай ұнынан жасалады. Кепкен
тоқаш тобында сушкалар, баранкалар және
бубликтер бар. Бұдан басқа осы топқа
нан қиықшалар мен нан таяқшалар да
кіреді.
Сушкалар, баранкалар мен бубликтер сопақ және домалақ болып келеді, дөңгелек түрінде әзірленеді. Бұл өнімде шығыршықтардың шеттерін жапсыру және шығыршықтар қосылған жерде өнімнің қалыңдығын өзгерту қолмен жасалады. .
Бір бубликтің салмағы 50-100 г, шығыршығының диаметрі 7-10 см, шығыршықтың қалыңдығы 3,3 см, ылғалдығы 25-27 %.
Баранкалар диаметрі 7-9 см дөңгелек түрде жасалады, шығыршықтың қалыңдығы 2 см. Бір өнімнің салмағы 25-40 г, ылғалдығы 14-19 %.
Сушкилердің баранкалардан айырмашылығы шағын дөңгелек түрде жасалуды (диаметрі 4-6 см)мен шығыршығының қалыңдығы (1,0-1,7 см). Бір өнімнің салмағы 6,5-12 г, ылғалдығы 9-13 %.
Қиықшалар қант, май және басқа шикізаттың тәтті, ащы, киевтік және ванильді түрлері қосыла отырып жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан жасалады. Бұл өнімдер жан-жағы жинақталған, диаметрі 8 мм және ұзындығы 100-280 мм болатын таяқша түрінде жасалады. Дайын өнімнің ылғалдылығы қиықшаның түріне байланысты 7-ден 11% дейін.
Жоспарлы өнімінің түр-түрі 1-кестеде берілген.
1-кесте – Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі
Атауы |
Түрі |
Печенье |
Ірімшікпен |
Кептірілген нан |
Сары май қосылған |
Сушкалар |
Марго |
