Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-4 жас.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30 Кб
Скачать
☆

1.Ойна.

1 ұпай- мұғалім балаға тапсырманы бірге орындауды ұсынғаны мен бала тапсырманы орындамайды: ойыншықтарға қызығушылық тудырмайды.

2 ұпай- бала мұғаліммен бірге ойнап бастайды ,сондай-ақ бала мұғалімнің іс-әрекетін қайталағаны мен өз жағынан жаңа қимылды қоспайды, манипуляция болмайды

3 ұпай- бала өзі ойнайды, бірнеше заттық ойындық іс-әрекеттерді орындайды (қуыршақты тербетеді, үстелге отырғызады, тамақтандырады) Ойыншықтарға қызығушылығы оянады, олармен үнсіз ойнайды және мұғалімнің әрекетіне еліктейді

4 ұпай- логикалық іс-әрекеттерді кезектілікпен орындайды, сюжет бойынша біріктіреді, өз жұмысын сөйлеу тілімен бірге жүргізеді.

  1. Формалардың қорапшасы.

1 ұпай-бала тапсырманы түсінбейді , оны орындауға талпынбайды: тапсырманы үйренгенімен түсінбейді

2 ұпай- бала тапсырманы қабылдайды ,оны түрлі ретсіз әрекеттер арқылы орындауға тырысады: үйренгеннен кейін бала өзін тапсырманы орындауда сынап көремейді

3 ұпай- бала тапсырманы қабылдайды және түсінеді, түрлі варианттар арқылы орындайды. Үйренгеннен кейін өзін сынап көреді.

4 ұпай- бала тапсырманы қабыладайды және түсінеді. Тапсырмаларды мақсатқа сай құрастырылған сынақтарды немесе тәжірибелерді қызығушылықпен орындайды

  1. Матрешканы бөлшекте және құрастыр.

1 ұпай- бала тапсырманы түсінбейді, оны орындауға тырыспайды: үйренгеннен кейін іс-әрекеттің адекватты әдісіне көшпейді.

2 ұпай-бала тапсырманы қабылдайды, матрешкамен ойнауға тырысады, бірақ тапсырманы орындау барысында матрешканың көлемін ескермейді т.б. түрлі әрекеттер арқылы орындауға тырысады. Үйрену барысында адекватты іс-қимыл жасайды, үйренгеннен кейін өз бетімен орындауға көшпейді.

3 ұпай- бала тапсырманы қабылдайды және түсінеді, әртүрлі нұсқалар арқылы тапсырманы орындауға тырысады, үйренгенен кейін тапсырманы өз бетімен орындауға көшеді, тапсырманың қортынды нәтижесіне қызығады.

4 ұпай- бала тапсырманы қабыладайды және түсінеді, матрешкаларды жинайды, бір-бірен салады және тапсырманың соңғы қорытынды нәтижесіне қызығады.

4) Ойыншықтарды топтастыру

1балл – Бала тапсырманы қабылдамайды және оны түсінбейді. Оқыту кезінде адекватты емес әрекет етеді

2балл – Бала үлгіге қарамай әрекет етеді. Оқытудан кейін ойыншықты негізгі қағиданы есептемей түсіреді.

3балл – Бала ойыншықтарды барлық кезде үлгіге қарамай түсіреді. Оқығанан кейін үлгң бойынша ойыншықтары пішінін байланыстырады.

4балл- Бала ойыншықтарды үлгі бойынша түсіреді. Соңғы нәтижесіне қызығушылығы арттады.

5) Кеспе суретті құрастыр

1балл – Бала тапсырманын мақсатын түсінбейді және қабылдамайды. Оқыту барысында өзін- өзі ұстай алмайды.

2балл – Бала тапсырманың мақсатын қабылдайды, бірақ бөліктерге біріктіруді түсінбейді. Бір бөлігін 2 –ші бөлігіне салады. Оқыту кезінде жиі адекватты емес әрекет етеді. Бірақ одан кейін тапсырманы өз бетінше орындауға тырысады. Соңғы нәтижесі немқұрайлы қарайды

3балл- Бала тапсырманың мақсатын қабылдайды және түсінеді. Бөліктерді біріктіруге тырысады, бірақ өз бетінше жасай алмайды. Оқытудан кейін тапсырманы орындайды. Өзінің жасаған нәрсесінің соңына қызығушылық танытады.

4балл- Бала тапсырманың мақсатын қабылдацды және түсіне алады. Мақсатқа бағытталған сынақ және тәжірибелік әдәсә арқылы тапсырманы өз бетінше орындайды.