- •1. Ғылымның анықтамасы және оның міндеттері.
- •2. Адам эмбриогенезінің ерекшеліктері
- •3. Жыныс жасушаларының морфофункциональдық сипаттамасы
- •Сперматогенездің овогенезден айырмашылықтары
- •4. Эмбриональдық дамудың бастапқы кезеңі
- •4.1 Ұрықтану
- •4.2. Бөлшектену
- •5.2. Кеш гаструляция
- •5. Ұрықтық кезең
- •5.1. Ерте гаструляция
- •Ә дебиеттер
4. Эмбриональдық дамудың бастапқы кезеңі
4.1 Ұрықтану
Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының бірігуінің нәтижесінде бір жасушалы организмнің – зиготаның пайда болу үрдісі, ол жатыр түтікшесінің ампулярлық бөлігінде өтеді. Ұрықтанудың алдында жатыр түтікшесінің өнімдерінің ықпалымен белсендіріледі. Бұл құбылыс капацитация деп аталады. Капацитация кезінде спермия цитолеммасының ақуыздық құрамының келелі өзгерістері өтеді, кейбіреулері жойылып, кейбіреулері модификацияланады. Бұл өзгерістер кейініректе өтетін акросомалық реакцияның өтуі үшін маңызды. Сонымен қатар сперматозоидтардың белсенділігі артады, қимылдау қабілеті жоғарылап, олардың нұрлы тәж және жарқырауық қабықшадан өту мүмкіндігі пайда болады.
Ұрықтану үшін шамамен 200 миллиондай сперматозоидтар қажет. Адам шәукетінің құрамында ұрықтандыру қабілетін 2 тәулік бойы сақтайтын шамамен 300 млн. сперматозоидтар болады. Олардың тек шамамен 200 ғана ұрықтану өтетін жатыр түтікшесінің ампулярлық бөлігіне жетеді. Шәукетте сперматозоидтардың санының аз болуы жағдайында (олигозооспермия) еруту белседілігінің жеткіліксіздіне байланысты ұрықтану жүрмейді.
Сперматозоидтар жұмыртқажасушаға ұрықтандырудан кейін 2 сағаттан кейін жетіп, оны қоршай орналасады. Қылшықшаларының синхронды қозғалысының нәтижесінде жұмыртқажасуша айнала бастайды. Сперматозоидтардың нұрлы тәждің фолликулярлық жасушаларымен байланысы іске асырылысымен акросомалық реакция – акросомадан ферменттердің бөлінуі – басталады. Акросомалық реакцияның морфологиялық көрінісі акросома мембранасының цитолеммамен бірігуі болып табылады.
Жарқырауық қабықшаға бекігеннен кейін акросоманың ішкі мембранасымен байланысқан ферменттер сперминнің бекіген азғантай ғана жерін еріте бастайды. Сперматозоидтың құйрығының қимылы оған жарқырауық қабықшадан 5-10 минут ішінде өтуге мүмкіндік береді.
Овоциттің оолеммасына сперматозоидтардың бірінің түйісуі жұмыртқажасушаның сыртында қабылдау төмпешегін түзейді. Оолеммада спермияның рецепторларымен байланысуды қамтамасыз ететін рецепторлар болады. Сперматозоидтың және овоциттің плазмалық мембраналарының бірігуінің нәтижесінде спермияның мембранасы ооплазмалық мембрананың құрамына кіріп, сперматозоидтың басы ооплазмаға кіреді.
Екі гаметаның байланысы басталысымен кальций иондарының мөлшерінің жоғарылауының себебінен кортикальды реакция іске асырылады. Кортикальды түйіршіктер тез цитолемманың астына ауысып, олардың құрамындағы заттар жарқырауық қабықшаның астына перивителлиндік кеңістікке бөлінеді. Жарқырауық қабықшадан басқа сперматозоидтардың өтуіне кедергі болатын қатты ұрықтану қабықшасы пайда болады.
Жаңа организм – зигота түзеледі.
4.2. Бөлшектену
Аз ғана тыныштық кезеңінен кейін зигота эмбриогенездің келесі сатысы бөлшектенуге кіріседі. Бөлшектену біржасушалы зиготаның көпжасушалы ұрыққа айналуымен сипатталады. Бұл дәйекті түрде жүретін митоздық бөліну арқылы іске асырылады. G1 кезеңнің болмауына байланысты жасушалардың көлемі ұлғаймайды. Сондықтан әр бір бөлінуден кейін жасушалардың көлемі кішірейе береді де, үрдіс бөлшектену деп аталады. Сонымен қатар ұрықтың жалпы көлемі бөлшектену барысында 20-40% кішірейеді. Бұл бөлшектену барысында жаңа ақуыздардың синтезі орнын толтырмайтын кейбір заттардың жоғалтуын анықтайды. Бөлшектенудің нәтижесінде пайда болған жасушалар бластомерлер деп аталады.
Сүтқоректілерде, оның ішінде адамда да, бөлшектену толық (зиготаның барлық материалы бөлінеді), біркелкі емес (көлемі әртүрлі бластомерлер түзіледі), асинхронды (бластомерлердің бөліну уақыттары әртүрлі). Бөлшектенудің асинхрондығы мен біркелкі еместігі көзге бірден шалынбайды, ол екінші бөлінуден кейін ғана анықтала бастайды, алғашқы екі бластомердің көлемі бірдей болады.
Бөлшектенудің нәтижесінде үлкен күңгірт және ұсақ ашық бластомерлер пайда болады.
Ашық бластомерлер тез бөлінеді де күңгірт бластомерлерді сыртынан қоршай орналасады. Ашық бластомерлерді трофобласт деп атайды, кейін олардан хорион эпителиі дамиды. Күңгірт бластомерлерден (эмбриобласт) ұрықтың денесі және хорионнан басқа ұрықтан тыс мүшелер дамиды.
Адам ұрығында бөлшектену эмбриогенездің бірінші аптасында өтеді. Осы уақыттың ішінде ұрық жатыр қуысына түсіп, имплантация басталады.
Имплантация – ұрықтың жатырдың шырышты қабықшасына (эндометрий) кіре орналасып, қан тамырларымен тығыз байланыс құрауы. Ол екі сатыдан тұрады: адгезия – трофобласттың жатырдың шырышты қабықшасына жабысуы, және инвазия – ішке енуі. Имплантацияның алдында трофобласт екі қабатқа бөлінеді: жасушалық трофобласт, немесе цитотрофобласт (ішкі жапырақ), және симпластотрофобласт (синонимдері: плазмодиотрофобласт, синцитиотрофобласт, синтрофобласт) – сыртқы жапырақ. Көбінесе ұрық жатырдың артқы қабырғасының эндометриіне орналасады, бұл аймақта үлкен қан тамырлары өтеді.
Имплантация шамамен 40 сағатқа созылады. Имплантация барысында ұрықтың қоректенуі өзгереді. Ұрықтанудан соң қысқа уақыт ұрық жұмыртқажасушада болатын аз мөлшердегі қоректік заттарды қолданады (аутотрофты қоректену). Бұл заттар таусылысымен ұрық жатыр түтікшесінің, жатыр бездерінің және имплантация барысында ерітілген тіндердің өнімдерін қолдана бастайды (гистотрофты қоректену). Эндометрийдің тамырларының қабырғасы ерітілген кейін гематотрофты қоректену әдісіне (тікелей қан арқылы) көшеді.
