- •Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын көрнекілік моделдеу арқылы дамыту
- •Шығармашылық туындыларды орынбасушы-символдар көмегімен айтып беру
- •Тақпақтарды қызықты алгоротимдердің көмегімен жаттау
- •Мнемотехника көмегімен айтып үйрену үшін балаларды дайындау
- •Мектеп жасына дейінгі балаларда байланысты сөйлесуді дамытуда көрнекілік моделдерді қолдану бойынша жұмыс кезеңдері
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың байланысты сөйлеу дамуының бағалау критерийлері
- •Сөйлеу дамуының деңгейі
- •Тіл дамыту сабағында ұйымдастырылған оқу әрекетінің тірек –сызбалар қолданудың тақырыптық преспективтік жоспары
- •Тақырыбы: «Аңдар көктемді қалай қарсы алды?»
Тақпақтарды қызықты алгоротимдердің көмегімен жаттау
Жаттау үшін бағдарлама ұсынған тақпақтардың көлемі, қиындық деңгейі өте әр-түрлі. Кейбір тақпақтарды балалар тез есте сақтайды, ал кейбір тақпақтарды жаттау үшін бірнеше рет қайталау қажет. Ол балаларды тез шаршатады. Сол үшін тақпақ мазмұнын есте сақтау тиімділігін арттыру үшін, біз көрнекілік моделдеу әдісін – қызықты алгоритмдерді қолданамыз. Жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, алгоротмдер келесі психологиялық үрдістерді дамытуға көмектеседі: ес, зейін, қажет ақпаратты айтуға көмектеседі. Мысалы: Ғ.Өкеевтің «Әже»тақпағын жаттау барысында, әр жолды оқу барысында біз қызықты алгоритмдерді көрсетумен сүйемелдейміз. Көрсетілген сурет балаларды пікір білдіруге машықтандырады, тәрбиеші тақпақ жолдарын жалпылайды және балалар оны қайталап, қиындықсыз есте сақтайды.
Алгоритмдерді ұйымдастырушылық оқу әрекетінде, өзіндік ойнау әрекеттеріндерінде және балалармен жеке жұмыс жасау барысында қолдануға болады. Күнібойы алгоритмдер көрінетін жерде тұрады, балалар өздері жақындап және тақпақтарды оқиды. (Қосымша №1)
Әже деген
Көп шығар
Әжедей адам жоқ шығар
Мейрімді
бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Мнемотехника көмегімен айтып үйрену үшін балаларды дайындау
Әр келкі сөйлеудиолог қойнауында сөйлесіп қатынасудың негізгі формасы ретінде қалыптасады. Диолог – балалардың байланысты сөйлеуінің алғашқы сатысы. Сондықтанда мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау кезінде сөйлеу дағдыларын дамыту үшін аса көңіл қойылу қажет.
Тәжірбие көрсеткендей балаларды айтып беруге жақсы үйретудің тиімді екі тапсырмасы қарастырылады: 1) затты (ойыншық) мақсатты бағытталған қарауға үйрету; 2) сюжетті суретті бағытталған қарауға үйрету. Дидактикалық материал ретінде өз жұмыстарыңызда көрнекілік модельдеу-мнемотехниканы қолдану. Балаларға кестедегі қарапайым сызба-нұсқалар,объектілерді және олардың қасиеттерін, сапасын: көлемі, түсі, формасы, құрастырушы бөліктерін байқап, оның қолданылуын, не үшін ұнайтынын (ұнамайтыны) түсінуге көмектеседі. Бақылау қортындыларын жалпылап, қысқаша әңгіме құрастырамыз. Мысалы: ойыншықты, поезды қарастыру барасында балаларға оның негізгі бөлшектерін бөліп қарастыру үшін мнемокестені көрсетеміз:
Бақылау қортындысын қысқаша әңгімемен жалпылаймыз: «Анам маған әдемі поезд сыйлады. Поездың кабинасы, доңғалақтары және вагондары,түтін шығаратын мұржасы бар.Ол темір жолда жүредіМаған менің пездім өте ұнайды. Сөздерді, фразаларды, кейде әңгімені толық қайталайтын балалардың белсенді қатысуымен бірге, әңгімені қайталаймыз.
Мнемокестелерде мәтіннің бөлшекті мазмұны көрсетіледі және балаларға сипаттаушы әңгімелер құрастыру жеңіл.
Мектеп жасына дейінгі балаларға түрлі-түсті мнемокестелерді беру міндетті, өйткені балалардың есінде жеке образдар қалады: шырша жасыл, қызыл жидек. Кейін күрделендіру немесе өзгерту, графикалық түрде көрсету қажет.
Жұмыста берілген тәсілдер мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілеттерін, танымдық белсенділігінарттырады, үлкендермен сөйлеу арқылы қатынасуға қызуғылық тудырады, балаларға оқу үрдісін қызықты, дамытушы етуге мүмкіндік береді.
