- •Теориялық биология пәні, мақсаты мен міндеттері.
- •2. Теориялық биология пәні қарастыратын негізгі заңдары қандай? Түсініктеме беріңіз
- •4.Тіршіліктің глобальдылық туралы заңына сипаттама беріңіз.
- •6. Табиғи сұрыпталу заңы немесе Дарвин заңын сипаттаңыз
- •7. Онтогенездік қартаю мен жаңару заңы немесе Кренке заңына анықтама беріңіз
- •10.Термодинамикалық жүйелер. Ашық жүйе дегеніміз қандай жүйе. Мысал келтіріңіз.
- •11.Гомологтік қатар заңы немесе н.И.Вавилов заңына анықтама беріңіз.
- •13. Берталанфи заңына анықтама жазыңыз.
- •14. Больцман коэффициенттері.
- •16. Уоддингтон заңы
- •17. Энгельстің екінші заңы. Мысалдар келтіріңіз
- •18.Биологиялық құбылыстардың ақпараттық заңына анықтама беріңіз немесе Уоддингтон заңына интерпретация беріңіз.
- •19.Дриш заңы. Мысалдар келтіріңіз
- •22. Биосфера мен атмосфера, гидросфера, литосфера арасындағы зат айналымы және планетадағы энергия ағыны жайлы не түсінесіз. Анықтама беріңіз
- •23 Тіршіліктің глобальдылық заңы немесе Вернадскийдің бірінші заңы. Жер бетіндегі өсімдіктердің рөлі қандай? Сипаттаңыз
- •24.Табиғи сұрыпталу заңы немесе Дарвин заңы.Дивергенция құбылысы қалай жүреді? Анықтама беріңіз.
- •25. Онтогенетикалық қартаю мен жаңару заңы немесе Кренке заңы. Мысал келтірі
- •26. Ноосфераның қалыптасуы – табиғат пен қоғам дамуының негізі туралы анықтама беріңіз
- •27. Органикалық дүние жүйесі туралы мәліметтер беріңіз
- •28.Энтропия және негэнтропия дегеніміз не? Мысалдар келтіріңіз
- •29.Гомологтік қатар заңы немесе н.И.Вавилов заңы Тұқым қуалаушылық өзгергіштік және сыртқы орта факторлары қандай? Анықтама беріңіз.
- •30.Морган-Эфрусси заңы. Тұқымқуалаушылықтың хромосомдық теориясын түсіндіріңіз
- •32 Пригожин принципі
- •33. Тұрақсыз стационарлық жағдай дегеніміз не? Себебеін түсіндіріңіз
- •35. Адамның қалыптасуы мен дамуындағы еңбектің ролі қандай? Анықтама беріңіз
- •37. Онтогенездің біртұтастық заңы дегеніміз не туралы? Мысалдар келтіріңіз
- •38.Көпклеткалы организмдегі ырғақ иерархиясына түсініктеме беріңіз
- •39. Кренк заңы. Хронобиологиядағы рөлі. Биологиялық және физикалық сағат дегенді қалай түсінесіз? Анықтама
- •40. Тіршіліктің біртектілігі мен алуан түрлілігі заңының мәні қандай? Мысал келтіріңіз.
- •41. Сент-Илер заңы. Мысалдар келтіріңіз.
- •42. Вернадскийдің бірінші заңы. Мысалдар келтіріңіз
- •43. Аристотель заңы. Биологиялық эволюциядағы табиғи сұрыпталудың табиғи рөлін қалай түсінесіз? Анықтама беріңіз
- •44.Дарвин заңы. Биологиялық эволюцияның қарапайым қозғаушы бірлігі: Тұқымқуалаушылық дегеніміз не? Анықтама беріңіз.
- •46. Вернадскийдің екінші заңы. Өнеркәсіп дамуының биосфераға әсері қандай? Сипаттаңыз
- •47. Органикалық дүние заңдарына анықтама беріңіз
- •48.Термодинамикалық жүйелер. Ашық жүйенің мәні неде? Түсініктеме беріңіз.
- •49.Н.И.Вавилов заңы. Ғылымға қосқан үлесі қандай? Анықтама беріңіз
- •50.Морган-Эфрусси заңы. Биологиялық ақпараттардың дискртеттілігі дегенді қалай түсінесіз? Мысалдар келтіріңіз.
- •51.Термодинамика мен стационарлық тепе-теңдік арасындағы айырмашылықтар бар ма? Бар болса қандай? Анықтама беріңіз
- •52 Биожүйе жағдайының стационарлық тепе-теңдігін қалай түсінесіз? Мысалдар келтіріңіз
- •53. Биожүйелердің меншікті уақыттарын түсіндіріңіз.
- •55. Кренке заңы. Днқ репликациясы және деструкциясы қалай жүреді? Мысалдар келтіріңіз
- •57. Тіршіліктің глобальдық заңының принциптері жайлы мәліметтер келтіріңіз
- •59. Уақыт және сағат түсінігіне анықтама беріңіз
- •60. Биологиядағы себептер мен салдары туралы мәліметтер келтіріңіз.
35. Адамның қалыптасуы мен дамуындағы еңбектің ролі қандай? Анықтама беріңіз
Адам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай табиғи әсерлердің нәтижесінде ертеде тіршілік еткен адамтектес маймылдардың денесінде елеулі анатомиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Адамтектес маймылдар бірте- бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қолдары еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыпталу адамдардың жеке топтарының еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуіне, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасалуына колайлы жағдай туғызды.
Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде жекелей сұрыпталумен бірге, топтық сұрыпталу жүріп отырды. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820—1895) өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.
Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторларының бірі.
Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады.Фридрих Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалады. Ол: "Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз", — деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, еңбек құралдарын жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән негізгі фактор. Маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүріп, өмір сүруіне жағдай жасады. Адамның екі аяғымен тік жүруі — "маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды" (Энгельс). Тік жүрудің нәтижесінде адамның омыртқа жотасында "S" әрпі тәрізді иіліс-бұрылыс пайда болып, ол Денеге солқылдақтық қасиет берді. Ал аяқтың басы (табан сүйектері) күмбездене түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде, миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды. Сондықтан да адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Тік жүруге көшудің де өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысуы ұрпақ тууды қиындатты. Адам денесінің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Оның есесіне қолдың жерден босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір жеңілдік туғызды. Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезеңінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: "Қол — еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге — қол еңбектің өз жемісі", — деп түсіндірді. Маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді. Биологиялық заңдылықтардың адам өміріне әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.
36. Биохимиялық процестердің жүйелік-құрылымдық заңы. Мысалдар. Кез келген тірі организм өзін-өзі реттеп, көбейе алатын және үнемі жаңарып отыратын ашық жүйе. Мұнда жүретін биохимиялық процестер кеңістік-уақыт жөнінен қатаң тәртіпке келтірілген және өзін-өзі жаңартып отыруға, көбеюге бейім біртұтас жүйе. Тірі жүйелердің ашық жүйе екендіктері олардың қоршаған ортамен зат, энергия және ақпарат алмасуларынан көрінеді. Тірі жүйенің өзін-өзі жаңартуы организмнің ескірген заттардан жаңадан түзілген заттармен үзбей алмастырып отыруымен байланысты. Бұл процес жүйенің өзін-өзі сақтауын қамтамасыз етуге зор роль атқарады, өзін-өзі реттеушілік процесі тірі жүйенің өзін-өзі сақтауына бағытталған қажетті жағдайларды туғызып, үздіксіз қызмет атқаруын бақылайды.Тірі жүйенің өсіп-дамуы мен көбеюі табиғи сұрыптаудың бақылауында болады. Ол тірі дененің құрылымдық-функционалдық құрылысын, оның жалпы биологиялық және жекедара немесе тарихи дамуындағы өзін-өзі сақтау қабілетін қамтамасыз етеді. Тірі жүйенің дамуы мен көбеюінің негізгі себептері нуклеин қышқылдары мен белок молекулаларының функционалдық құрылысы мен қартаюына және тірі дененің жаңарып отыруы мен зат алмасу процестеріне байланысты. Тірі жүйенің активтілігі оның зат, энергия және ақпараттар алмасу қарқындылығы мен тітіркену қабілетінен және бейімдеушілік ферменттерін түзуі мен иммундық реакциялар және мінез-құлқының активті формаларынан көрінеді. Тірі денелердегі заттардың өзгерістері түзу бағытты және тармақталған тізбек, тұйықталған цикл және биохимиялық реакциялар торы тәрізді көпсатылы катализдік процестер түрінде байқалады. Бұл реакциялар жүйесінің ретке келтірілуі ферменттер биосинтезінің индукциясы мен репрессиясын метаболизмдік бақылаудың генетикалық механизмі кері байланыс (принципі бойынша әрекет) ететін аталған метаболизмнің жүйелілік-реттелушілік факторларының функциясы организмнің сақталуы мен даму процесіне бағындырылған. Егер Энгельстің бірінші заңы тірі материяның субстанциялық, заттық қасиеттерін сипаттайтын болса, Берталанфи заңы тірі дененің функционалдық қасиеттерін, яғни онда жүріп жатқан физиологиялық және биохимиялық процестердің жалпы қасиеттерін қарастырады. Организмнің ашық жүйе екендігін ескере отырып, оның тіршілік етуі үшін сыртқы ортамен зат және энергия алмасу қажеттілігін ұмытпау қажет. Осыған байланысты кейбір жалпылама ойлар мен фактілерді еске салуды жөн көрдік. Автотрофты организмдердің қоректік заттарына негізінен – СО2, аммоний иондары, азот, фосфор қышқылдары, K+, Ca2+, Na+сияқты неорганикалық қосылыстар енеді. Ал, микроэлементтер болса (Fe, Mg, Mn, B, Cu, Zn және т.б.) аз мөлшерде қажет. Автотрофты организмдердің негізгі топтарын өсімдіктер құрайды, олар үшін энергия көзі-күннің жарық энергиясы, сондықтан оларды фототрофты организмдер деп атаған. Жасыл өсімдіктерден басқа оларға көкжасылбалдырлар мен фотосинтездеуші бактериялар да жатады. Автотрофты организмдердің негізгі бөлігін энергиясы неорганикалық қосылыстардың өзгеру процесінде алатын хемотрофты бакериялар құрайды. Гетеротрофты организмдер белок, май, көмірсу, витаминдер сияқты органикалық қосылыстармен қоректенеді. Бұл организмдерге автотрофтылар сияқты калий, кальций, натрий және микроэлементтер сияқты неорганикалық қосылыстар қажет. Гетеротрофты организмдерге барлық жануарлар, саңырауқұлақтар мен көптеген микроорганизмдер жатады. Гетеротрофты организмдер үшін азоттың негізгі көзі –белоктар, ал автотрофтар үшін азот қышқылының тұзы мен аммоний. Дегенмен кейбір микроорганизмдер молекулалық азотты сіңіруге қабілетті келеді. Оларға түйін бактериялары, азотобактериялар, азот түзуші көкжасыл балдырларжатады. Организмнің сусыздануы өлімге әкеліп соғатыны белгілі. Дегенмен, көптеген түрлер ондай құбылыстарға берілмей, тіршілік мерзімін ұзақ мерзімге сақтай алады. Ондай құбылысты анабиоз деп атайды. Биохимиялық процестердің жүйелік құрылымына кері байланыс негізінде реттеу принципінің маңызы зор, кері байланыс деп жүйелер функциясының нәтижесінің сол функциясының өзіне әсерін айтады. Мысалы, биохимиялық процестердің кері байланыс реакция өнімінің осы реакциясының барысына әсері негізінде бейнеленеді. Тірі жүйелерде биохимиялық процестердің барысын оның өзінің өнімінің әлсірететін кері әсерінің маңызы зор. Тегіс кері әсер функционалдық жүйені тұрақтандырып, оның қызметіне тұрақтылық қасиет береді. Организмнің биохимиялық тұрақтылығы абсолютті емес, керісінше, ондай жүйе тұрақты түрдегі теңгермелі емес жағдайда болуы мүмкін. Биохимиялық реакциялардың жүйелік құрылымдық заңы биологиялық эволюция және организмнің жеке-дара даму заңдарымен логикалық байланыста, өйткені жүйелі құрылымдар даму принципі ұғымынан туындайды. Бұл заңды түсінуге тіршіліктің генетикалық, кибернетикалық талдаулары мүмкіндік береді.
