- •1. Дамыта оқыту технологиясы
- •1. Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту
- •2. Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту
- •3. Информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясын қолдану
- •5. Тапсырма
- •6. Тапсырма.
- •7. Тапсырма.
- •8. Тапсырма.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3. Информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясын қолдану
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданудың мақсаты шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте информатика оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.
Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау сондай – ақ дамыта оқыту технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Осы деңгейлеп оқытуда қазіргі білім кеңістігінде қолданып отырған тест жүйесін алып, «Информатика сабағында тест әдісі мен түрлерін қолдану » тақырыбында білім беріп келемін. Себебі тест түрінінің тиімділігі оқушы өз шамасының келгеніне дейін жауап беріп, нәтиже оңай шешіледі.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, мұғалімнің оқытудағы өз міндеті оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру, өзіндік тест құру. Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) Репродуктивтік деңгей
Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) Алгоритмдік деңгей
Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей
Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей
Оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.
Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.
Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В.В Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.
Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты – оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп – салдар байланыстарын табу , жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.
Бұлардан басқа оқу процесінде оқушылардың көптеген ақыл – ол қабілеттері жұмыс істейді. Олар болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың икемділігі, құбылыстардың байқалуы қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге құмарлық т.б.
Дамыта
оқыту технологиясы сабақта проблема
қою әдісін және оқушылардың зерттеу
әдісін қолданып отыруды көздейді.
Дамыта оқыту технологиясы бойынша өтілетін сабақтар қысқаша айтқанда жоғарыдағы схема бойынша өтемін. Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады, дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді.
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жалпыға бірдей стандартты білімі негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдерін қалаай меңгергенін анықтау. Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындауын зерттеу, Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап беруді талап ету.
Дамытушылық: кеспе, плакат қағаздары арқылы өткен сабақты қайталау арқылы өлеңдерге компьютерде илллюстрациясын салуға, жұмбақ шешуге баулу. Ппәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылар компьютер алдында отырғанда сабырлылық сақтауға, ережені қатаң есте ұстауға , өзара қарым – қатынас жасауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: электронды есептеуіш техника, слайд , 2008 жылғы жолдау. Плакатта салынған Раіnt редакторының суреттік көрінісі, құралдары . аққала, моделдері, иллюстрация салуға арналған өлең жазылған кеспе қағаздар.
Сабақтың түрі : топтық сабақ
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, тестік түрлері
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих , қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын
Сабақтың барыcы:
Оқушы нені білуі тиіс Paint редакторының түсінігі, құралдары, Paint редакторын іске қосу. Windows амалдық жүйесінің терезе элементтері,
Оқушы нені орындай алуы тиіс: Paint графикалық редакторда сурет салу. Тесттік тапсырмалардың түрлерін меңгеру керек.Пернетақтаның пернелерінің қызметін білу керек.
І Психологиялық дайындық
А) Ұйымдастыру кезеңі
Ұстанатын қағида:
Білім мен тәрбиені қатар алып жүріп, еліміздің саналы шығармашылық бәсекеге қабілетті, озық ойлы, өзін- өзі басқаратын, мемлекет дамуына жауапкершілік салмағын сезінетін дарынды шәкірт тәрбиелеп шығару.
ІІ Ой қозғау
Ұстанатын қағидамыз:
Дағдарыстан – жаңару мен дамуға;
Paint редакторының түсінігі, құралдары, Paint редакторын іске қосу нәтижесінде алған білімдерін бақылау.
Paint редакторының қызметі қандай.
Paint графикалық редакторының элементтерін іске қосу.
3. Paint графикалық редакторының элементтерін көрсет.
Paint графикалық редакторының құралдарының аттарын атаңыз?
І
ІІ.Ой
тастау.
Ұстанатын қағидамыз:
« Саусақ бірікпей, ине ілікпейді».
Бұл турымызда балалар кеспе қағазында берілген. Онда өлеңдер жазылған, осы өлеңдердің иллустрациясын құрып беріңдер.
Деңгейлік тапсырмалар:
тапсырма.
Сызық ( линия) құралын пайдаланып, өрмекші торын салыңыз.
Жұмыс істеп ұзақ,
Өрмекші құрды тұзақ,
Болмады бірақ күткені,
Оған ешкім түспеді.
тапсырма.
Әртүрлі типті эллипс құралдарын пайдалана отырып, бұлттардың суретін салып боя.
- Бұлт- ау,
Көктен төнесің,
Қайдан көшіп келесің?
- Мұхит жақтан келемін,
Жел үрілсе, желемін.
тапсырма.
Қисық сызық қолдану арқылы салыңыз.
Қисық сызық қолданып,
Салып көрші ойланып,
Дөңгеленіп жіп жатыр,
Шиыршықталып, шырмалып.
4. тапсырма.
Пішінін, әртүрлі түсі мен өлшемін қылқалам құралын пайдаланып, өлеңге иллюстрация салыңыз.
Желкені - ескі бәтіңке,
Жүзіп келеді өзенде.
Мұхитқа теңізге,
Ғажайып шетелге
Барайық біз бірге
Деп шақырады
Батыл бәтіңке.
Іші су толса да,
Ол бетінен қайтпайды,
Суға батып кетсем де,
Бәрібір алыс елдерге
Жалғастырып ісімді,
Басқа бәтіңке жетеді
Деген сеніммен
Бәтіңке жүзіп келеді.
