Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
і медикобиологиялық факторлар.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

Техногенді және биологиялық қауіптер

Адамды қоршаған орта өлі және тірі болып бөлінеді. Тірі объектілердің өлі объектілерден айырмашылығы олардың өсуі мен көбею қабілеттілігінде.

Биологиялық қауіп деп - (био грек сөзінен аударғанда bios-өмір) тірі объектілерден болатын қауіпті айтамыз.

Қоршаған ортадағы тірі табиғаттың барлық объектілерін өзіне тән бөліктерге бөлуге болады, нақтырақ атап өтсек: микроорганизмдер (Protista), саңырауқұлақтар (Fangi, Mycetеs), өсімдіктер (Plantae), жануарлар (Animalia), адамдар (Homo sapiens).

Өмірдің барлық қасиеттері мен жағдайының заңдылықтарын оқытатын ғылымды биология дейміз.

Тірі табиғат әр түрлі болып келеді. Бірақ тірі ағзалардың барлығының бір ортақ қаситі – олардың жасушалардан құрылуы. Жасуша – бұл барлық тірі ағзалардың олардың терілері мен бүкіл органдарын құрайтын кішкене бөлшектер.

Жасуша – бұл өзіне қолайлы орта және жағдайда өздігінен өмір сүре алатын құрылған тірі материяның кіші формасы болып табылады.

Барлық өмір сүретін орта (ауа, су, топырақ) өсімдік және жануарлар табиғаты, адамдардың өздері, адамның қолымен жасалаған жасанды табиғат және т.б объектілер биологиялық қауіптерді таратушылар немесе оның субстраттары болып табылады.

Биологиялық қауіп адамға әр түрлі әсерін тигізуі мүмкін – механикалық, химиялық, билогиялық және т.б.

Биологиялық қауіптің әсерінен түрлі аурулар, ауырлығына байланысты өлімге де әкеп соқтыратын түрлі жарақаттар болуы мүмкін.

Биологиялық қауіптің болмысы мен мінездемесін түсіну үшін, тірі ағзалардың әр бөлігін тереңірек қарастырайық.

Микроорганизмдер- олар бірнеше түрлері бар түрлі жағдайда өмір сүре алатындығымен сипатталатын, тек қана микроскопта байқалатын өте ұсақ, бір жасушалы организмдер.

Микроорганизмдер табиғатта заттардың айналуында маңызды рөл атқарады, тамақ және микробиологиялық өндірісте, сыра, шарап, дәрі өндіру кезінде қолданылады. Микроорганизмдердің кейбір түрлері ауру тудыратын немесе патогенді болып табылады. Олар өсімдіктердің, жануарлардың және адамның ауруына әкеп соқтырады. Алапес, чума, тиф, холера, малярия, түбіркүлез және т.б. сияқты аурулар тұрғындар арасында қорқыныш пен сенім туғыза отырып, бұрынғы кездері мыңдаған өмірлерді алып кетті.

Адамзат ұзақ уақытқа дейін бұл аурулар микроорганизмдерден пайда болатынын білмеді. Жұқпалы аурулармен күресу құралдары да болмады, сондықтан адамдардың жұқпалы аурулары кейде жаппай таралып отырды, ол эпидемия және пандемия деп аталды.

Жануарлардың жұқпалы аурулардың кең таралуы – эпизоотия деп, ал өсімдіктердің ауруы – эпифитотия деп аталды.

Саңырауқұлақтар– дайын органикалық заттармен қоректенетін және хлорофилден айырылған, төменгі өсімдіктердің жекешеленген тобы. Саңырауқұлақтарды органикалық әлемнің ерекше патшалығына жатқызады. 100 мыңнан аса саңырауқұлақ түрі бар. Саңырауқұлақтар бактериясы жасушада ядроның болуымен ерекшеленеді.

Патогенді саңырауқұлақтар өсімдіктердің, жануарлардың және адамның ауруына әкеліп соқтырады.

Саңырауқұлақтар туралы ғылым – микология деп аталады.

Микоздар (грекше mykes - саңырауқұлақ) – паразитикалық саңырауқұлақтардан болған адам және жануарлар ауруы. Улы саңырауқұлақтар, микотоксикоздар, адам мен жануарлардың тамақтан улануына әкеледі.

Жыртқыш өсімдіктер: чилибиха, анчар, белена, табак, конопля, крапива, мак және паразит-өсімдіктер: дурман, клещевина, олеандр, белладонна, картофель, ревень, бузина, дигиталис (наперстянка), ландыш.

Адамға потенциалды қауіп-қатер төндіретін кейбір жануарларды қарастырайық. Жануарлар: медузалар, сары шаяндар, шаяндар, шегірткелер, акулалар және аңдар, электрлік балықтар, қосмекенділер, улы кесірткелер, жыландар, сүтқоректілер, (аңдар). У тарататын аңдарға біздің ғаламшарда ехидн және үйрек тұмсықтар жатады.

Техногенді қауіптерге, қандай да бір себептерге байланысты техникалық объектілерде жұмыс істейтін адамдардың тіршілік әрекетіне қатысы жоқ кенеттен пайда болатын қауіптер жатады.

Басқаша айтқанда, техногенді қауіп дегеніміз, техниканың жабдықтарға, ғимараттарға, көліктер мен механизмдерге тікелей байланысты апаттарды айтамыз. Сақтық шаралары бойынша, ең міндеттісі антропогенді мен техногенді апаттарды ажырата білу керек. Оларды ажыратып білудің ең маңызды сипаты ол, көлік және жол-транспорттық оқиғалары. Сонымен қатар, антропогенді және техногенді жағдайларды теңестіріп, қоршаған ортаға әсерін тигізуге болмайды.

Техногенді қауіптер адамдарға әскер етуіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін, дәлірек айтсақ: механикалық, физикалық, химиялық, психофизиологиялық және т.б.

Механикалық қауіп дегеніміз – кинетикалық энергияның немесе гравитация күшінің әсерінен адамға келтірілетін қауіптер.

Механикалық қауіптер табиғи және жасанды құбылыстардың құлауы, қозғалуы және айналуы сияқты объектілерден пайда болады. Мысалы, механикалық қауіптердегі табиғи құбылыстарға таудан тастардың құлауы және опырылуы, қар көшкіндері, селдер, жауын-шашындар және т.б. жатады.

Механикалық қауіптердегі жасанды құбылыстарға машиналар мен механизмдер, әр түрлі құрылғылар, көліктер, ғимараттар мен үймереттер және т.б. көптеген объектілер жатады. Бұлардың барлығы адамдарға өздерінің массасы, кинетикалық энергиясы және тағы басқа да әр түрлі қасиеттері бойынша зиянын тигізеді.

Механикалық қауіп тудыратын объектілерді энергетикалық және потенциялды деп екі класқа бөлуге болады. Энергетикалық объектілер адамдарға, энергетикалық потенциялы болғандықтар әсер етеді. Потенциялды механикалық қауіптерде энергия болмайды. Ал жарақат алған жағдайдың өзінде, ол адамның өзінен шыққан энергиясынан болуы мүмкін. Механикалық қауіптер адамдар жұмыс істейтін кез келген жерлерінің бәрінде болып тұрады және олар жас шамларына қарай бөлінеді: кішкентай балалар, оқушылар, жасы үлкен адамдар арасында, спорт ойындары кезінде, тұрмыстық және өндірістік жағдайларда кездеседі.

Механикалық қауіптерден қорғану әр түрлі тәсілдер арқылы орындалады, мысалы нақты бір әрекет сипатына байланысты. Сонымен қатар механикалық қауіп кезінде жарақат алған адамдарға алғашқы көмекті дер кезінде көрсету әсілдері жақсы қолға алынған.