Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандартизация-Аяжан.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40 Кб
Скачать
☆

2. Стандарттаудың қалыптасуы және даму кезеңдері.

2.1. Стандарттаудың даму тарихы.

Қоғамның дамуына сәйкес адамдардың атқаратын жұмыс түрлері де өзгеріп отырады. Бұл ертеде әр түрлі заттардың, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардың және жұмысты атқарудың жаңа тәсілдерінің пайда болуынан көрініс тауып отырған. Сонымен бірге, адамдар өз жұмыс нәтижелерінің ішінен қолдануға лайықты жақтарын таңдап алып отырған.

Ежелгі Египет елдерінде әдеттегідей құрылысқа стандарттық өлшемдегі кірпіштер қолданған. Ал «стандарттық» өлшеммен арнайы ақсүйектер кірпіштің өлшемін бақылаумен айналысты. Грек архитектурасының керемет ескерткіші - әйгілі храмдар, олардың бағаналары және құрылымдары «стандартты» бөлшектерден құралған. Сол кезден бастап «стандарт» ұғымы қолданыла бастады. Ежелгі римдіктер су құбырларының құрылысында стандартизацияның принциптерін қабылдады. Су құбырларына арналған құбырлардың тұрақты өлшемі болды.

Орта ғасырларда қолөнер шаруашылығында стандартизация жиірек қолданыла бастады. Солай маталар енінің бірыңғай өлшемі, соның негізінде бірыңғай жіптердің саны, тіпті шикізат көзіне де бірыңғай өлшемдер қолданыла бастады.

1785 жылы француз инженері Леблан 50 дана қару оқсалғышының топтамасын дайындады. Олар өзара сапасымен маңызды болды.

Көне дәуірдегі өлшем бірліктерінің, стандартты мөлшерлі құрылыс бөліктерінің, су құбырларының қолданылуы стандарттаудың мысалдары болып табылады.

Қайта өркендеу дәуірінде елдер арасында экономикалық байланыстардың дамуына сәйкес стандарттау әдістері кең қолданыла бастады. Мысалы, Венецияда көптеген кемелер жасау қажеттілігіне сәйкес оларды алдын ала дайындалып қойылған бөліктерден жинастыру қолданылды. Бұдан кейінгі уақытта да стандарттау жұмыстары жақсы дамып отырған. Мысалы, 1846 жылы Германияда темір жол колеясының ені мен вагондардың тізбекті құралдары бірыңғайланды. 1845 жылы Англияда бекіту оймаларының жүйесі, Германияда теміржол табандарының арақашықтығы стандартталды. 1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді. 1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты өлшемдері орнатылды. Халықаралық стандарттау жұмыстары 1875 жылдан Парижден бастау алады. Осы жылы халықаралық метрикалық конвенцияны құрайтын 19 елдің өкілі Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросын құрды. КСРО құрамына кірген елдерде стандарттаудың дамуы өлшемдер мен салмақтардың методикалық жүйесін құрудан басталған.

ХІХ ғасырдың соңында және ХХ ғасырдың басында техника, өнеркәсіп және өндірістің дамуы күшейді. Осыған байланысты экономикалық қатынастар жағынан жақсы дамыған елдерде ұлттық стандарттаудың ұйымдастырылуымен айналыса бастады, солардың салдарынан бұл мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды.

Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде ХІХ ғасырдың басындағы өнеркәсіп революциясы кезінде қаланған. Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарлардың бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті.

1856 жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі кез-келген шам әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған.

Англияда 1901 жылы стандарттар Комитеті құрылды, оның басты мақсаты – Британ империясының экономикалық күшін шикізатқа, өнеркәсіптік бұйымдарға және әскери техникаға стандарттарды дайындап, енгізу арқылы күшейту болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін көптеген мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды, мысалы, Бельгияда (1912 ж.), Голландияда (1916 ж.), Германияда (1917 ж.), Францияда, Швайцарияда, Америка Құрама Штатында (1918 ж.), Австрилияда, Швецияда, Чехословакияда (1922 ж.), Норвегияда (1923 ж.), Финляндияда, Польшада (1924 ж.), Данияда (1926 ж.) және Румынияда (1928 ж.).

1925 жылы стандарттау саласында алғашқы орталық орган - Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жанынан стандарттау бойынша Комитет құрылды. Осы жылдан бастап КСРО-да стандарттау саласында көптеген игі істер атқарылды. КСРО елдерінде бірінші азық-түлік тауарларының стандарты 1926 жылы бекітілген. Отызыншы жылдары көптеген азық-түлік тауарларының стандарттары бекітілді, соның ішінде ет, ет және сүт консервілері, тауық өнімдері және т.б. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытына бейімделіп өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200-ден астам стандарт қайта қаралды. Ал 1975 жылдан бастап халықаралық Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (оның құрамына ҚСРО-нан басқа социалистік лагерь елдері Румыния, Польша, Дания, Болгария, Венгрия, Чехославакия, Монғолия, Куба кірген) стандарттары енгізіле бастады, олар халықаралық ИСО стандарттарына сәйкестендірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]