Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Obzh_shpor_auk14_docx-1833305957_1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87 Кб
Скачать
☆

23.Халықты бейбіт және соғыс уақытында инженерлік қорғау

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Қорғаныс ғимараттары-ол инженерлік құрылыс. Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті, мақсаты, орналасу, салыну мерзімі, қорғайтын деңгейі бойынша бөлінеді.1Қорғау қасиеті бойынша: панахана, радиациядан қорғау орындары, қарапайым жасыру орындары.2 Мақсаты бойынша: халықты жасырып сақтау үшін, басқару және байланыс тораптарын орналастыру үшін.3 Орналастыру бойынша: үй-астында, ғимараттан бөлек орнату.4Салыну мерзімі бойынша: алдын ала бейбіт уақытта салынған, қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылған. 5Панаханалар қорғайтын деңгейі 4 сыныпқа бөлінеді. 1-шы сынып А-І, DDPф=500 кПа, К3=5000, ерекше тапсырыс бойынша салынады (Үкіметті басқару нүктелері).2-шы сынып А-ІІ, DDPф=300 кПа, К3=3000, аса маңызды және АҚ бойынша 1 топтағы қалаларда салынады.3-шы сынып А-ІІІ, DDPф=200 кПа, К3=2000, АҚ бойынша 1 мен ІІ топтағы қалаларда салынады.4-шы сынып А-ІV, DDPф=100 кПа, К3=1000, категорияланған қалалардың шетінде орналасқан аса маңызды объектілерде салынады. Мұнда А-(І, ІІ, ІІІ, ІV) - панахана сыныбын білдіреді, DDPф - соңғы толқынының майданындағы артық қысымды тежейді - кПа. К3-ионданушы сәулелену радиация дозасын әлсірету коэффициенті (дозаны қанша рет әлсіретеді).Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериялық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.Панахалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5м кем болмауға тиіс.Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус) орындардың жиынымен анықталады. Шағын - 300 адамға дейін, орта - 300… 600 адам, үлкен - 600 ден астам адам.Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге жатады: жасырынуға арналған бөлме, басқару нүктесіне арналған бөлме, санитарлық нүкте (медпункт). Қосалқы бөлмелерге жатады: желдеткіш бөлме, санитарлық тораптар, қорғалған дизель электрстанция, азық-түлік сақтайтын бөлме, қорғалған кіреберістер мен шығаберістер, тамбур-шлюз, тамбур.Панахананың ішкі бөлімдері (дизель электростанцияларын, тамбур-шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5м2 кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5м2 және үш ярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Бөлменің биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда жабынның маңдайынан еденің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15м … 3,5м болуға тиіс (шект жол берілетін биіктік кемінде 1,85м).Жатуға арналған орын нар екі ярусты болып орналасқанда панаханада жалпы орының 20-ін, ал үш ярусты орналасқан кезде 30-ін құрауға тиіс.Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (І режим) және сүзгілік желдетккіш (ІІ режим). Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.Жылу орталығынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі).Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады.Қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауы тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Сыртқы қабырғасына қорғаныш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады.Жылдам тұрғызылатын панаханалар дер кезінде салынған панаханалдың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпті кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (15 тәуліктен 1 айға дейін) темір бетон жиналмалы құрылғысынан сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) - 50… 200 адам.Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. РҚО-ын сыйымдылығы 10-15 адам, кейбір жағдайда 100-500 адам. Екі тәулік бойында жасырынған адамдар үздіксіз болады. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі.Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.

24.ТЖ-ларда эвакуациялық шараларды ұйымдастыру және өткізу

Жалпы ережелерЭвакуация – адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық кұндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде қауіпсіз жерге көшіру.Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналастырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілерімен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды олардың жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен – халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады.Халықты эвакуациялау үшін көліктің барлық түрін пайдалану. Жұмысшылар мен қызметшілерге орналастыратын аймақты алдынала әзірлеу.Эвакуацияланған барлық халық маршрутта, орналастырылған пункттерде, бытыраңқы орналастырылған орындарда тіршілік қызметіне қамтамасыз етілуге тиіс. Өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған объектлер үзілсіз әрі түрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етілуге тиіс.Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарынын студенттері, колледждердің, мектеп – интернаттардың оқушылары, балалар үйлері тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан эвакуациялық шаралар басталғанға дейін жарым – жартылай эвакуациялауға жатады.Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылды.Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, және солардың шешімімен (қаулысымен) бекітіледі. Осы шешімдер, (қаулылар) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.Жарым-жартылай эвакуациялау кезінде халықты орналастыру аудандарын (пунктерін) Республика Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар белгілейді.Жарым-жартылай эвакуация- осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте және қызмет ету саласындағы істемейтін халықты көлік жұмысының кестесін бұзбастан эвакуациялық шаралар басталғанға дейін жарым-жартылай көшіреді.Эвакуацияланатын халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.Бытыраңқы орналастыру – соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жұмысын тоқтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр ұйымның жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне аз уақытта (2-3 сағаттан көп емес) барып келуіне тасымалдауды ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді.Эвакуациялық шараларды жоспарлауХалықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау азаматтық қорғаныс қызметтерінің, барлық деңгейдегі эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары бастықтарының, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар (бөлімдер) бастықтарының аса маңызды міндеті болып табылады.Эвакуациялық шараларды жоспарлау жоғары деңгейдегі бастықтарынан төменге қарай жүргізіледі: Республика – Облыс – Қала, аудан – қәсіпорын.Облыста эвакуациялық шараларды жоспарлау әрбір қала мен облыстың әкімшілік орталығының қалалық ауданы үшін жүзеге асырылады. Көлікті, жолдарды, елді мекендер мен аумақтарды пайдалану мәселелері тиісті қызметтермен келісіледі.Эвакуациялық шараларды орындаудың көлемі мен мерзімін, халықты бытыраңқы орналастыруды, бөлінетін көлікті және эвакуациялауды жүргізуге қажетті басқа да деректерді көрсете отырып, эвакуациялық жоспардан алынған үзінділер төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдеріне жеткізіледі. Азаматтық қорғаныс жоспарларында эвакуациялық шараларды әзірлейді, оларды ұйымдарға жеткізеді және олардың бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жоспарларын жасауды бақылауға алады.Аудандар мен қалаларда, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында бытранқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру мен жабдықтау жөніндегі шаралар жоспарланады.Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келісіледі.Халықты бытыраңқы орналастыру және эвакуациялауды жоспарлау кезінде ұйымдардың өндірістік қызметі ескеріледі.Категорияланған қалалар мен қауіпсіз аймақта төтенше жағдай мен соғыс уақытында өз қызметін тоқтатпауға тиіс ұйымдардың тізбесін орталық және жергілікті атқару органдары белгілейді.Осы тізбенің үзінділері облыстар мен қалалардың төтенше жағдай жөніндегі басқармаларына жіберіледі.Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау тәртібін және кезегін анықтау үшін қажетті шаралар күні бұрын жүзеге асырылады.

25) Жер сілкінісі. Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпулі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сесмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100 ден аса жер сілкіністері болып тұрады.

Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі оте жойқын болып келеді.

Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар , су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жынымтарынан тастар құлайды, адамдарда үрей болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік жасайды.

Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен  болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аймаққа 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта шоғырланған.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Манғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.

Жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және  улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілердің кейбіреуінің бұзылуы, оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.

26)Сел-тау  өзенінің  өз  арналарынан  кенеттен көтеріліп, деңгейінің  күрт  өзгеруі және  тау  жыныстары бұзылуынан  болатын  қуатты  ағын.

Сел  ұзақ  нөсердің   салдарынан,  мұз  бен  қардың  жылдам   еруінен, моренді, мұзды  өзендердің  бұзылуынан,  жер  сілкінісінен, адамның  шаруашылық  қызметі  нәтижесінен  пайда  болады. Тасқындардың  басқа  түріне  қарағанда  сел  әдеттегідей үздіксіз  емес, жекелеген  толқындар  мен  10м/с  және  одан  көп  жылдамдықпен  қозғалады. Іле, Жоңғар, Талас  Алатауының  жоталарында,  сондай-ақ   Қаратай, Кетмен  және  Тарбағатай  тауларындағы өзендер  Қазақстандағы  сел  қауіпі  күшті  аудандар  болып  табылады.

Сел  тасқыны  кезінде  халықтың  өзін-өзі  ұстауы  мен  іс-әрекетіне    зілзаланың  белгілерін  дер  кезінде   анықтау  мен  белгілеуді  және  ол   туралы  хабарлауды  (ескерту)  ұйымдастыру  үлкен  әсер  етеді.

Сейсмикалық   қауіпті  аудандағы  халық   орман  желектерін  кесу,  егіс  жұмыстарын  жүргізу, үй  малын  бағу  жөніндегі  нұсқауларды   қатаң  орындауға   тиіс.

Халыққа  сел  тасқынының   жақындауы  туралы  хабарлаған  жағдайда,  сондай-ақ   оның  пайда  болуының    алғашқы  белгілері  білінген  сәтте, ғимараттан  тез  шығып,  бұл  туралы  төңіректегілерге  ескертіп, қауіпсіз  орынға  бару  керек. Өрт   болмау   үшін   үйден  шыққан  кезде  пешті  сөндіріп, газ  бұрандысын   жауып, жарықты  өшіріп,  электр  заттарын  ажырату  қажет. Егер  уақыт  болса,қауіпті  аймақтан  малды  айдап  кеткен  жөн. Халық  қауіпті  аудандардан   уақытша  қауіпсіз  орынға  көшіріледі.

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қаупіне ұшырайды.

Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-Шянь, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық обьектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.

Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал тауда-қазан-мамыр.

Тауда болған кезкелген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті.

Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса ғана тап болуы мүмкін. Ал альпинистер мен тауға шығуды әдет қылған туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуесқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25%-на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қаупі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.

Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкіннің ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тік беткейлер аса қауіпті болмағанмен, қар көшкіннің одан да жазық беткейлерде жылжу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің жылжу ықтималдығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткеі қар жамылғысы жинақталмайды, қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады.

Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылады.

27) Опырмалар. Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастарындағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

Опырмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Аса ірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.

Опырылмалар жылдың кезкелген уақытында, әдетте, тіктігі 19 градусқа жуық жарларда болады. Ірі қопарылмалардың алаңы 50-60 га дейін жетеді.

Қар басу. Табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.

Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады. Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері: жоғалған адам мен малды іздеу; зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау, жолда тұрып қалған көлікке көмектесу, коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою. Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі. Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, ол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, двигательді радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын желге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаған жөн. Машинаны қар басып қалу қаупі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бүлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін. Машинадан шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (Бір ұшын автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптеп кездеседі. Жолдағы көктайғақ аса қауіпті, ал қиылысы көп жерлерде автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын, әртүрлі заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл жағдайларда ескі құрылыстардың маңынан, электр желілерінің және олардың діңгектерінің жанынан аулақ кеткен жөн.

Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын жақтан қалқандар орнатылады.

27) Дауыл. Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.

Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келтіреді.

Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс. Дауыл өзінің алапат күшімен инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем әсер етпейді.

Шаңдақ дауыл – бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі. Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл – сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады.

Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы,ол–таянған дауыл қаупін тұрғындарға дер кезінде хабарлау және дауыл болып тұратын аудандағыларды осыны ескере отырып орналастыру. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салғызбай, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормаларын енгізіп, бақылауға алып көмектесу керек.

Дауылдың жақындағаны туралы хабарды алған соң, мына іс-әрекетті жүзеге асыру қажет: панахананы, жертөлені әзірлеу; есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу; саңылауларды бекіту; төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды шығару; даладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу; газды, электр жүйесін ажырату, суды жабу, пешті сөндіріп, қажет болса қорғаныс панаханаларына барып орналасу керек.

28) Су басуы – өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді мекендердің су астында қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.

Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.

Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардың кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті болады.

Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурыздан, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда – наурыз-шілдеде, республиканың жазықтағы өзендерінде – наурыз-маусым айларында болады.

Жаңбырдан болатын тасқындар Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегінде және ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде Ертіс бассейіні өзендерінде байқалады. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынның ерекшелігі сол, ол белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы мүмкін.

29)Табиғи өрттер. Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер-орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.

Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал ол мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с. Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, сондықтан оны кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауы керек, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс.

Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдарды жаппай үрей билеуі адам шығынына әкелуі мүмкін. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.

30) Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.Оның түрлері:

-    Өндіріс орындарында болатын апаттар ( зауыттарда, шахталарда және т.с.с ).

-   Көлік жүйесіндегі апаттар.

-   Түрлі жарылыстар мен өрттер ( өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с.).

Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қаупі де туындап отыр. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды.

Апаттың тағы бір себептері – улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателіктерге жол берілуі жатады.

Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақтамаушылығына, жұмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.

Міне, осылар жұмыс орнындағы апатқа, жарылыстарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы не радиоактивті заттармен ластауға әкеліп соқтырады.

Апаттың тағы бір өте қауіптілігі – күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтеріледі де жерге жайылып қонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол тұрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, құстар және т.б. өміріне өте қауіпті.

Өрт пен жарылыстардың салдары оның жою факторларымен байланысты.

Өрттің негізгі жою факторлары мыналар: от заттарға тікелей және алыстан қызуы арқылы әсер етеді. Нәтижесінде отта қалған заттар, объектілер, ғимараттар және оның құрылымы толық немесе жартылай жанып кетуі мүмкін. Ал өте жоғары температураның әсерінен материалдар, металдан  жасалған тіреулер, балкалар, құрал-жабдықтар, технологиялық қондырғылар, бұйымдар және техникалар балқып, жанып істен шығады әрі өзінің қасиетін жоғалтады. Адамдар, жан-жануарлар зардап шегеді.

Жарылыстың қырып-жою факторлары мыналар:

-ядролық бомбаның, жарылғыш заттардың, сұйық отынның, газдың жарылыстарынан туындайтын соққы ауа толқыны;

-   жарылыстардан жарықшақтарлың, сынықтардың пайда болуы әрі оның үлкен аймақты қамтып, үлкен зардап әкелуі.

Жарылыстардан қирау, объектіліердің жойылуы, адамдардың және жан-жануарлардың өлімі, жарақаттануы сияқты зардаптары болады. Жарылыстың нәтижесінде үлкен өрттер пайда болуы мүмкін. Неғұрлым жарылыстың қуаты күшті болса, соғұрлым оның экономикаға, қоршаған ортаға, адамдарға және экологияға әкелетін зияны зор болады.

31) Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.

Хлор жасыл-сары түсті өткір исі бар газ. Хлор ауадан екі есе ауыр, сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады. Оның қайнау температурасы – 34,60 C. Яғни, хлор қыс кезінде де газ түрінде де қала береді. 5-7 атм қысымында тез қысылып, жасыл-сары түсті сұйыққа айналады. Суда жақсы ериді. Өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ауыз сулар мен ағын суларды тазарту, зиянсыздандыруға қолданылады.

Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі.

Бірінші көмек: противогаз кигізу керек, ол аймақтан адамды тез арада таза ауаға шығарып, оттегімен демалдырған жөн. Тыныс алу жолдары зақымданғанда нашатыр спиртін иіскеткен дұрыс. Көзін, мұрнын, аузын  2-пайызды соданың ерітіндісімен жуған дұрыс. Хлор ауаға тарағанын естігенде үйдің жоғарғы қабатына шығып кетуге тырысу керек. Хлор тараған территориядан тез өтіп, жел соққан жаққа кетуге тырысыңыз, бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын көтеруге болмайды. Хлормен уланған адамға нашатыр спиртін иіскету керек. Ыстық сүт, шай беріп, жылы жерге науқасты орналастыру керек.

Аммиак – нашатыр сияқты иісі өткір, түссіз газ. Суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан түрі (1:3 мөлшерде) қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Аммиактың жоғары концентрациясы адамның жүйке жүйесіне қатты әсер етеді. Теріні, көзді күйдіріп не үсіріп жібереді.

Аммиактың ауаға тарағаны туралы хабар болғанда, өзіңіз тұратын үйіңіздің не жұмыс бөлмеңіздің есік-терезесін, саңылауларды ылғал матамен, мақтамен тығыздап жабу керек, газ, электр жүйелерін тез ажырату қажет.

Өндірісте арнайы противогаздарды пайдаланады, мақтадан жасалған ауыз жапқыш 100 минутқа дейін көптеген улы заттардан өміріңді сенімді сақтайды. Бірақ ол аммиактың, метилхлоридтің, венилхлоридтің улы заттарынан сақтауы екі талай. Егер болмаған жағдайда дәкені, мақтаны сулап, сол арқылы демалу керек. Киімнің түкті, мақталы жері, бөкебай, киімнің жағасы, жеңі де тыныс алу органдарын сақтайды.

Аммиактың буымен уланған адамды ол жерден тез алып шығып, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Зақымданған жерді химиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді немесе сабынды сумен жақсылап жуады. Аптечканың (АИ-2) № 2 ұясындағы таблетканы ішу керек. Химилық зақымданған аймақтан шыққаннан кейін толықтай не жартылай санитарлық тазалықтан өту керек.

33) Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су) астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.

Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.

Жарықты сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында льтракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.

Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

Өткір радиация - гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.

Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге түссе,  радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды. Радиоактивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды.

Электрлік магниттік импульс  жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық істен шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттары, электрондық есеп машиналары жарамсыз болып қалады.

34) Химиялық қару - дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі ағза, өзен-көлдерде, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улау заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:

1) Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман,V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік қышқыл,хлорциан),тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), психикаға әсері (BZ), тітіркендіру әсері (CS-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен и др.).

2) Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.

3) Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады.

4) Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жай әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген.

5) Қолданылуы ықтимал улау заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

6) Басқалары жатады.

36) Халықты қазіргі заманғы қырып жоюу құралдарының және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан қорғауды ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шаралары іске асыру әдістерінің рөлі ерекше.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

-   Қорғаныс ғимараттарына жасыру.

-   Халықты ғиматына қоныстандыру  және көшіру.

-   Жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдану.

-   Дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру.

-   Азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, уланғыш, қатты әсер ететін заттар мен және бактериялдық  құралдармен зақымдаудан қорғау.

-   Радиоактивтік, химиялық, бактериялогиялық барлау мен  және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру.

-   Өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу.

-   Зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыс пен халықтың өзін-өзі ұстау режімдерін сақтау.

-   Адамдарды, техниканы, киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]