- •Есту қабілет бұзылған балалардың тілін дамыту жаттығулары
- •Есту қабілеті төмен балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы
- •Есту ақаулықтарының жіктелуі
- •Есту қабілетін тексеру
- •Нашар еститін балалардың сөйлеу тілдерінің ерекшеліктері
- •Түзету жұмысының негізі бағыттары
- •Баланы есту қабілетінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру
- •Естімейтін және нашар еститін оқушыларға арналған әдістер.
Түзету жұмысының негізі бағыттары
Есту қабілеті нашар балалардың дұрыс сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысы жүйелі түрде сипатталады және есту қабілетінің бұзылуы анықталған кезде бірден бастау керек.
Түзету жұмысының маңызын және жүйелілігін айқындай отырып мынандай негізге сүйену қажет:
а) баланың сөйлеу тілінің бірқалыпты дамуының заңдылығына;
б) сөйлеу дағыдысының бар қорына /мөлшеріне/;
Есту қабілетінің жеңіл дәрежесінде сабақ кезінде қатты сөйлеген жеткілікті. Бұл баланың нашарлығын есту қабілетінің нашарлығын белселендіруге жәрдем береді.
Есту қабілетінің ауыр дәрежесінде бұзылмаған дені сау анализаторларын, соның ішінде көру анализаторын пайдалану қажет. Баланы айналасындағылардың сөйлеу тілдерін еш қиындықсыз толық түсінуге жәрдем беретін ерін қимылдары арқылы үйретеді. Бұл келешекте сөйлеу тілін еліктеу негізінде дамуына мүмкіндік туғызады.
Нашар еститін балалармен түзету-тәрбие жұмысы сөйлеу тілін түсінуін дамыту, сөйлеу тілінің грамматикалық құрлысы, сонымен бірге дыбыстардың айтылуын қалыптастыру, лексикалық қорын анықтау және кеңейту бағытында жүргізеді. Осы жұмыспен бір мезгілде оқуға және жазуға үйрету де жүргізіледі.
Оқыту жұмыстарының барлық түрлерінде балалардың сақталған есту қабілетін міндетті түрде пайдаланады, өйткені бұл естуді арнайы аппараттың жәрдемімен күшейтуге болады.
Түзету оқу жұмысы 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалармен арнайы бақшаларда жүргізіледі. 7 жастан бастап олар оқуын нашар еститін балаларға арналған мектепте жалғастырады.
Баланы есту қабілетінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру
Баланы есту қабілетінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру жұмысын ең алдымен ата-аналар және балалар мекемелерінің тәрбиешілері жүргізеді.
Алдын ала сақтандыру шараларын екіқабат ананы бағып – күтіп баптап, баланың құрсақтағы кезеңіндегі дамуына бастау қажет. Бала туғаннан кейін оның құлағын әрдайым таза ұстап есту мүшелерінің ісіп қызару барысын сақтандыру керек, күнделікті жұмыстың әр түрлі келеңсіз жәйттерінен зақымдануын болдырмау үшін барлық сақтандыру шараларын жасай отырып денсаулығын мұқият қадағалау қажет. Кішкентай баланың суықтан өте-мөте қатты сақтау керек, өйткені жиі суықтан ауруының салдарынан сөйлеу тілі аппаратының әр түрлі патологиясының байқалуы мүмкін.
Есту қабілетіне кенеттен шыққан қатты дауыс, айқай, топтың шуылы өте зиян екенін есте сақтаған дұрыс. Сондықтан баланы денесін түршіктіретін күшті дауыстан қорғайтын жағдай жасау керек. Оған қатты айқайлап сөйлеуге болмайды, оны әр түрлі жағымсыз, қорқынышты дыбыстан мұқият сақтау ережесін әрдайым ұқыпты түрде орындау қажет. Есту қабілетін бұзылудан сақтандыру мақсатымен врач-отоларинголог баланы оқтын-оқтын тексеруден өткізіп отыру керек. Бұл есту қабілетінің бұзылуына себеп болуы мүмкін болмашы патологиялық өзгерістерді уақытында жоюға жәрдем береді.
Егер баланы есту мүшелерінде іштен туа біткен немесе кейінен шыққан зақым бар болса, онда бұған дәрігердің міндетті түрде араласуы қажетті, өйткені ол есту қабілетінің бұзылуы қандай сипатта болатынын және сөйлеу тілі қызметінің қалыптасуына қандай ықпал жасайтынын анықтап емдеуді басынан дұрыс бағыттап жүргізеді.
