- •«Этнопсихология» пәні бойынша
- •5В050300 «Педагогика және психология» мамандықтарына
- •1.Глоссарий
- •Этнопсихологияның принциптері.
- •Б.Ф.Поршневтың әлеуметтік этностық принциптерін құрастырудағы үлесі.
- •«Біз» және «олар» принципін қазіргі заманғы ұғым.
- •Әмбебап және этностық тұлғалық бітістер.
- •Норма және потологияның этнопсихологиялық мәселелері
- •Этнопсихологияның категориялдық аппаратты анықтаудағы негізгі тұрғылар.
- •Этнос, этностық мәдениет ұғымдары
- •Тұлғаның этнопсихолгиялық детерминанты.
- •Ұлттық мінез, ұлттық өзіндік сана, оның негізгі типтері, ұлттық өзіндік сананың трансформациясы
- •Ұлттық сезім
- •Ұлттық дәстүрлер, менталитет ұғымдары
- •Антикалық кезңдегі этнопсихологиялық ойлардың дамуы.
- •М.Монтеське, к.Гельвеция,и.Кант, г.Гегель еңбектеріндегі этнопсихологиялық бастаулар. Г. Штейнталь және м.Лацарус- этнопсихологияның негізін салушылар.
- •Қазіргі шетел этнопсихологиясының дамуы. Психоаналитикалық антропология. Кросс-мәдениет
- •Хх ғасырдың басындағы ойшылдардың ұлттық психологиялық көзқарастары. Қр этнопсихологиясының қазіргі заманғы жағдайы.
- •Тұлғааралық және топаралық қарым-қатынас.
- •Этносаралық қатынастардың психологиялық детерминаттары.
- •Әлеуметтік және этносаралық бағдарлар әдеттер жансақ нанымдар ұлттық негилизм, этноцентризм ұғымдары
- •Этностық сәйкетілік ұғымы оның когнитивтік және аффективтік компоненттері, позитивті және негетивті жақтары.
- •Этномәдени маригиналдық және этномәдени екіжақтылық ұғымдары.
- •Этностық сәйкестілікті ұстану стратегиясы
- •Қарым-қатынастың этнопсихологиялық мәселелеріне салыстырмалы мәдени ықпал
- •Коммуникацияның мәдени контексттен тәуелділігі.
- •Каузальдық аттрибуциядағы этностық айырмашылықтар
- •Этникалық конфликтілер. Пайда болу себептері және реттеу тәсілдері.
- •Этникалық конфликтілерді анықтау және жіктеу.Этникалық конфликтілер: пайда болуы, фазалары
- •Этникалық конфликтілерді реттеу
- •5.Студенттердің өз бетінше жұмысы
Этнопсихологияның принциптері.
Б.Ф.Поршневтың әлеуметтік этностық принциптерін құрастырудағы үлесі.
«Біз» және «олар» принципін қазіргі заманғы ұғым.
Этнопсихологияның принциптері:
1. Ұлттық психологияны зерттеу және анализ принципі.
2. Дамудың тарихи шарттарын есепке алу принципі
3. Ұлттық психиканы басқа әлеуметтік кластармен бірігіп алағандағы анализ принципі – ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді зерттеудегі маңызды принциптердің бірі. Қоғамдық психиканың көріністерінің барлығын ұлттыққа кіргізуге болмайды.
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктердің сан алуан көріністерін есепке алу принципі Ұлттық-психологиялық ерекшеліктердің анализі кезіндегі салыстырмалылық принципі арқылы біз ұлттық типтікті тек басқа ұлттардың өкілдерінің біртиптік мінездемесін салыстырғанда ғана-ақ анықтай алатындығын білеміз.
Ұлтшылдық пен расизмді жеңу үшін саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлтаралық және басқа да шаралардың кешені қажет.
Б.Ф.Поршневтың әлеуметтік этностық принциптерін құрастырудағы үлесі. «біз» және «олар» принципін қазіргі заманғы ұғым.
Әлемдік цивилизация дамуының тарихында адамдарды олардың сан алуан белгілеріне қарай жіктеу болған. Олардың біріне сәйкес адамдар расаларға бөлінсе, екіншісіне сәйкес адамдар этностарға байланысты бөлінеді. Этнос дегеніміз – белгілі бір территория аймағында тарихи түрде қалыптасып, өзінің этникалық бірлігін саналы түрде сезінетін және мәдениетінің тұрақты ерекшеліктері болатын, соның ішінде ортақ тілі бар әлеуметтік топ.
Этностардың өмір сүруінің негізінде олардың өзінің жалпылығын түсінуі болып табылады. Бұл ортақтықты этностар «Олар» түсінігімен салыстырғанда «Біз» түсінігінің басым болуынан көрініс табады. Бұл құбылыстың деформациясы этноцентризм атауына ие болды, яғни адамдардың әр түрлі құбылыстарды өзінің этникалық тобының мәдени стереотиптерінің негізіндегі қабылдауы. Этноцентризмнің мәні – басқа топтарға қарағанда өз ұлтының қасиеттерін асырмалауда жатады.
Ұлт тайпадан сапалы түрде ажыратылады, біріншіден, әлеуметтік теңсіздікпен сипатталатын әр түрлі мемлекеттердің адамдарын біріктіреді. Екіншіден, мемлекеттің пайда болуымен, көшпелі шаруашылықтың қысқартылуымен, негізгі этникалық топтың мәдениеті, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының таралуымен және мемлекеттік тілдің енуімен байланысты. Үшіншіден, белгілі бір этникалық сана-сезімнің қалыптасуы мен дамуы, ұлтшылдық пен шовинизмнің байқалуы тән болады.
Ұлт дегеніміз – бұл ұлттық-психологиялық ерекшеліктер, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда көрініс табатын психикалық құрылымның, материалды және рухани мәдениеттің, тілдің, территорияның, ұлттық сана-сезімнің ортақтығының негізінде қалыптасатын белгілі бір экономикалық формацияға сәйкес болатын этникалық топ дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады.
Нақты этникалық топтардың өкілдерінің ұлттық психологиясы – көптеген факторлар іске кірістірілген ұзақ және спецификалық дамудың нәтижесі. Осы факторлардың ең маңыздылары – саяси-әлеуметтік және экономикалық даму болып табылады. Олардың әсерінен ұлттық психиканың барлық негізгі сипаттамаларының өзгешелігі қалыптасады, себебі ұлттық психика көбінесе өндірістік және қоғамдық қатынастардан тәуелді блады екен.
Ұлттық психика – қоғамдық сананың, оның негізгі компонентінің – қоғамдық психологияның құрамдас бөлігі.
№3 дәріс
Тақырыбы: Қазіргі заманғы этнопсихологияның негізгі принциптері мен категориялары
Сұрақтары:
