- •«Халықаралық стандарттау және сертификаттау» пәнінен дәрістер жиынтығы
- •5В073200- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенттері үшін
- •Халықаралық стандарттау және сертификаттау
- •5В073200- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенттері үшін
- •Тақырыбы: Халықаралық электротехникалық комиссия
- •Тақырыбы: Халықаралық стандарттауға қатысатын халықаралық ұйымдар
- •Тақырыбы: исо 9000 сериялы хаықаралық стандарттардың жүйесі
- •Тақырыбы: св сертификаттау
- •Тақырыбы: Сертификаттау бойынша сен комитеті
- •Сенсер Комитеті
- •Тақырыбы: Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
- •Тақырыбы: Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты
- •Тақырыбы: Мемлекетаралық Кеңес стандарттау, метрология және сертификаттау.
- •Сапаның құжатталған жүйесін атап өтіңіз
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыбы: Мемлекетаралық Кеңес стандарттау, метрология және сертификаттау.
Дәріс жоспары:
Мемлекетаралық Кеңес стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша
Мемлекетаралық Кеңес Стандарттау жөніндгі Халықаралық ұғым
Тәуелсіз Мемлекетер Достастығының стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық Кеңес – Тәуелсіз Мемлекетер Достастығының үкіметаралық ұйымы құру мен ұйымдасқан саясаттың өткізілуі стандарттау, метрология және сертификаттау.
Мемлекетаралық Кеңес «стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ұйымдасқан саясаттың өткізілуі туралы Келісім» 13 наурыз 1992 жылдан (кейінде Келісім) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы жұмыстарды реттеу үшін, келтірілген салалар қызметіндегі басты стандарттау, метрология және аккредитациялау бағыттарын анықтау.
Мемлекетаралық Кеңестің жиналысы Мемлекетаралық Кеңестің негізін құрайды. Жиналыс жылына екі рет тізбектей өткізілуі және осы жиналысқа Келісім құраушылары алмасып қатысады.
Жиналыс аралығында Кеңестің жұмысы бақылап, басқаратын Басшысы болады.
Басқарушының міндетін Мемлекетаралық Кеңесте кезектеп стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша ұйымдардың ұлттық басшылары атқарып, жылсайын екі рет тұрады.
Мемлекетаралық Кеңестің жұмыс жасайтын негізгі ұйымы – стандарттау жөніндегі Бюро. Осы Бюро құрамына эксперттер тобы мен ауданаралық Ақпараттық орталығының топтары кіреді. Кеңес уақытыңда стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттер құрылды және олардың саны 230-дан асты.
Мемлекетаралық Кеңес Стандарттау жөніндгі Халықаралық ұғым деп саналады. Оған қола Ауданаралық Ұйым сатандарттау жөнінде Евро – Азиялық Кеңес сатандартау, метрология және сертификаттау жөнінде бүкіл әлемге таңыс.
Мемлекетаралық Кеңестің қызметі «Мемлекетаралық Кеңес стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі беітілген құқжатқа» сәйкес болып қарастылады.
Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі ұйымдастыру және жүргізу жұмыстары «Мемлектаралық Кеңестің стандарттау, митрология және сертификаттау жөніндегі процедура ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Қызметтің бағыты
• Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың құруы (мемлекетаралық стандарттау, ережелер және жарнамалар мен классификаторлар);
• Құруылуы, сақталуы және жүргізілуі фондтық мемлекетаралық стандарттардың, халықаралық, ауданаралық және ұлттың стандарттардың басқа мемлектердің және мемлекетер – қатысушылар қамтамасыз ету келісім осы стандарттармен;
• Эталондық базаның дамуының реттеу жұмыстары және физикалық шамалардың өлшемдерінің берілуі жүйесі;
• Жиілік пен уақыттың мемлекетаралық жұмыс атқарды;
• Мемлекетаралық информациялық фондтарды жүргізу, өлшем бірлігінің стандарттық үлгері және стандарттық анықтамалардың заттық қасиеттері, материалдардың қасиеттері;
• Ережелердің құрылуы және тәжірбелердің ережелерің нәтижелерінің өзара шешілуі, мемлекеттік тәжірбелер, метрологиялық аттесттау, салыстырып тексеру мен колибрилеу өлшем бірлігінің;
• Тәжірбиелер мен ережелерді құруы өзара келісім бойынша аккредиттелген, салыстырып тексерілген, калибрленген тәжірбелер және өлшеуге арналған лабораториялар, центрлер, сертификаттау органдар, азықтарың сертификаттары және сапаны қамтамасыз ету;
• Халықаралық бірлесу стандарттау, метрология, сертификаттау және сапа бойынша;
Мемлекетаралық Кеңестің шешім қабылдауы негізінде мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізіледі, ұлттық органдарының нұсқаулары және жұмыс істейтін комиссиялардың мен топтардың рекамендациялары.
Федералды мемлекеттік ұйым «Краснодарлық орталық Стандарттау және Метрология саласында»
Федералды мемлекеттік ұйым «Краснодарлық орталық Стандарттау және Метрология саласында» колибрлеу мен салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Бақылау сұрақтары:
Мемлекетаралық Кеңестің жұмыс жасайтын негізгі ұйымы қандай?
Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі ұйымдастыру және жүргізу жұмыстары қандай процедура ережелеріне» сәйкес жүргізіледі?.
Мемлекетаралық Кеңестің шешім қабылдауы негізінде қандай жұмыстар жүргізіледі?,
Дәріс 28
Тақырыбы: Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі
Дәріс жоспары:
Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен рол
Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелері
Халықаралық сауда палатасының бюросы (ХСПБ)
Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі, Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі
Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.
Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.
«Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы ұлттық кедендік автономдылықты сақтау арқылы жүзеге асуы керек.
Еуропалық еркін сауда ассоциациясы кең экономикалық және саяси интеграцияға ұмтылмағандықтан, оның жеке құқықтық реттеулері жоқ және ол минимум мүшелерден құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі болып табылады, онда әр елдің бір даусы болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын және орындалуын бақылайды. Сонымен қатар ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды жасау керек пе, соны тексереді. Бұдан басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы, сауда және кедендік эксперттер). ЕФТА секретариаты Женевада орналасқан. Оны бас директор мен оның орынбасары басқарады. ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін 12 ай өткен соң ғана мүмкін.
Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық одаққа кірудің бастапқы қадамы болады.
«Глобализация» тенденциясы (сауда немесе нарық) блоктарды құру тенденциясына айналды, ал бұл Еуропадағы болашақ экономикалық блоктардың одан әрі оқшауланғаның білдіреді.
Бұл жерде әсіресе АСЕАН, НАФТА және МЕРКОЗУР маңызды болып табылады.
АСЕАН бұл-оңтүстік-шығыс азия мемлекеттері-Индонезия, Филлипин, Малайзия, Сингапур және Тайланд қоғамдастығы, ол 1967 жылғы Бангкоктағы декларация бойынша құрылды. 1984 жылы оған Бруней мен Вьетнам қосылды. Қоғамдастықтың мақсаты бірлескен индустриалды саясат арқылы экономикалық дамуға жәрдемдесу. 1992 жылы АСЕАН елдері 2008 жылы 330 млн. жоғары адамдарды біріктіретін Азиялық еркін сауда зонасын (АФТА) құру туралы шешім қабылдады. 1993 жылы шілде айында АСЕАН елдерінің сыртқы істер министрлері басқа елдерге қатысты жалпы мүдделерді координациялау мақсатында жаңа платформа құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім батыстағы өнеркәсіптік ұлттар-Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Канада және бәрінен бұрын АҚШ-қа тәуелді болуға қарсы бағытталған. Олар 1989 жылы Австралияның инициативасымен орнатылған азиялық-тынықмұхиттық ынтымақтастық арқылы болашақта үлкен үміт артылып отырған азиялық-тынықмұхиттық аймақтың дамуына әсерін тигізуге тырысуда. 1994 жылы Богорда экономикалық ынтымақтастықты күшейту және 2020 жылға қарай барлық сауда және инвестициялық кедергілерді жою туралы шешім қабылданды.
Солтүстікамерикалық еркін сауда зонасы Еркін сауда келісімі (ФТА) бойынша пайда болды, Канадамен инициирленді және АҚШ пен Канада арасында 1989 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 1990 жылдың маусым айында Мексика оны кеңейту туралы ұсыныс жасады. Үшжақты келісімдер 1990 жылдың тамыз айында 1994 жылдың 1 қаңтарында Солтүстікамерикалық сауда келісімінің (НАФТА) күшіне енуімен аяқталды. Осылай, әлемде 368 млн. адамнан және сатып алу қабілетінен тұратын көлемі бойынша екінші нарық пайда болды, оның сатып алу қабілеті Еуропалық экономикалық кеңістікпен (ЕВР) тең келді.
МЕРКОЗУР сексенінші жылдардағы Аргентина мен Бразилияның тығыз ынтымақтастыққа ұмтылуынан пайда болды. 1990 жылдың 6 шілдесінде екі елдің президенттері Жалпы нарық құру туралы актіге қол қойды. Ол күшіне 1995 жылдың 1 қаңтарында ену керек болатын. 1991 жылдың 26 наурызында осы интеграциялық процесске Парагвай мен Уругвай қосылды. Келісім оңтүстіктің Жалпы нарығы үшін (180 млн. адамдай) 1994 жылдың 31 желтоқсанында кедендерді ликвидациялау және тарифтік емес сауда шектеулері арқылы тауарлар мен қызметтердің еркін айналымын, ал бір жылдан соң капитал айналымының либерализациясын жұмыскерлердің жұмыс орнын еркін таңдау мүмкіндігімен бірге қарастырды. Келісім бойынша жалпы сыртқы кеден құрылып, жалпы сауда саясаты жүргізілуі керек. Келісімді жүзеге асыру мақсатында Жалпы нарық Кеңесінің басқарушы мүшесі және Жалпы нарық тобының атқарушы мүшесі құрылды. 11 техникалық жұмысшылар топтары және Монтевидеода орналасқан басқарушы секретариаты бар. Келісімнің атаққұмар мақсаттары жартылай тек 1994 жылдың аяғында ғана орындалды. Шындығында, 1995 жылдың 1 қаңтарында Жалпы нарық әлі құрылған жоқ болатын, тек толық жетілмеген көптеген шектеулері мен қосымша келісімдері бар кедендік одақ болды.
Колониализм дәуірінің аяқталуымен БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясында дамушы елдердің саны айтарлықтай өсті. Бірақ олардың ГАТТ-қа әсер етуі шамалы болды, себебі үшінші әлем елдері (66) Шығыстық блок елдерімен одақтасып әлемдік сауданың социалистік бағыттары бойынша жаңа ретін құруды талап етті.
77 дамушы елдерден құралатын топ ақыры 1964 жылдың 30 желтоқсанындағы сауда және даму бойынша Біріккен Ұлттар Конференциясының (ЮНКТАД) кеңсесінің көмегімен БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясының тұрақты мүшесі болды. Орналасқан жері Женева. БҰҰ-на, оның арнайы халықаралық ұйымдары немесе атомдық энергетика бойынша халықарлық ұйымдарына кіретін мемлекеттер оның мүшелері бола алады. 1992 жылы оның 179 мүшесі болды және олар алғашында 4 топтарға бөлінді:
А тобы: афро-азиаттық дамушы елдер;
Б тобы: батыстағы индустриалды елдер;
В тобы: латынамерикалық дамушы елдер;
Г тобы: социалистік елдер.
Қытай Халық Республикасы ерекше орын алады.
Генералды Ассамблея мен Кеңес ЮНКТАД мүшелері болып табылады. Генералды Ассамблея 4 жыл бойы жұмыс істейді. Оның резолюцияларының міндетті күші жоқ, бірақ олардың белгілі бір моральді күші бар. Даму және әлемдік сауда бойынша Кеңес тұрақты мүшесі болып табылады, ол жылына екі рет мәжіліс құрайды және Генералды Ассамблеяның шешімдерін орындайды.Қазіргі кезде Кеңеске жеті ерекше комитет бағынады, олар шикізат, қаржы және технология трансферті мәселелерімен айналысады. Генералды секретариаттың орналасқан жері-Женева.
ЮНКТАДТЫҢ міндеттері келесілерге бағытталған: халықаралық саудаға жәрдемдесу, халықаралық сауда үшін негізгі жағдайлар мен нұсқауларды жасау, БҰҰ-ның сауда және экономикалық даму саласындағы басқа да институттарының қызметін координациялау, сонымен қатар сауданы Гармонизациялау Орталығын және онымен байланысты даму саясатын дайындау.
ЮНКТАД-тың Генералды Ассамблеясының мәжілістері: I-1964 жылы (Женева); II- 1968 жылы (Жаңа Дели); III- 1972 жылы (Сантьяго, Чили); IV-1976 жылы (Найроби, Кения); V-1979 жылы (Манила); VI-1983 жылы (Белград); VII-1987 жылы (Женева); VIII-1992 жылы (Картагена, Индия); XI-1996 жылы (Оңтүстік Африка) болды.
1968 жылдан бастап Халықаралық сауда орталығы ГАТТ/БСҰ және БҰҰ-ның біріккен мүшесі ретінде функционирленеді, ал соңғысы Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму Конференциясы арқылы әрекет етеді. Бұл орталық жартылай автономды ұйым болып табылады және оның функциялары келесілерге бағытталған;
сауда құрылымын ынталандыруды дамыту және экспортты мемлекеттік және жеке секторларда ынталандыру;
-дәстүрлі және дәстүрлі емес экспорттық тауарлар үшін нарықтық мүмкіндіктер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
-импорт саласында тиімді басқару тәсілдерін пайдалану арқылы шетел валютасының дефицитті ресурстарын пайдалануды оптимизациялау мақсатында импорттық операцияларды жетілдіру;
-мемлекеттік қызметкерлерді, іскер орта өкілдерін және экспорттық-импорттық операциялар технологиясы бойынша оқытушыларды оқыту, оқу мекемелерін нығайту, сыртқы сауда мәселелері бойынша оқу-әдістемелік материалдарды зерттеу және жетілдіруді жүргізу.
Халықаралық сауда орталығы өз қызметін бірқатар халықаралық, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне кіретін ұйымдармен үйлестіреді.
Халықаралық сауда палатасы үкіметтік емес ұйым ретінде 1919 жылы негізін қалады. Бұл халықаралық масштабта қызмет ететін, дамыған және дамушы елдердің компаниялары мен басқа да құрылымдарын біріктіретін жеке кәсіпкерлік ұйым. Оның қызметі келесілерге бағытталған:
а) сауданы, инвестициялар мен еркін нарықтарды, капиталдың еркін айналымын ынталандыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу,
б)сауданың дамуы мен еркіндігінің үйлесімділігі мақсатында экономикалық және құқықтық салаларда тиімді және дәйекті шараларды қабылдау,
в) жеке кәсіпкерлік жүйесін қорғау,
г) кәсіпкерлердің өздері арқылы кәсіпкерлікті реттеуді ынталандыру.
ХСП-да дамыған және дамушы елдердің іскер орталарының көзқарастарын білу мақсатында БҰҰ-ның консультативті статусы бар. Оның көптеген үкіметаралық және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары бар.
ХСП-ның жоғарғы басқарушы мүшесі Кеңес болып табылады, ол әдетте жылына екі рет жиналады. Кеңес мүшелері ұлттық комитеттермен және топтармен тағайындалады. Әр ұлттық комитет ХСП бюджетіне қосқан жалпы жарнағының көлеміне байланысты Кеңеске бірден үш мүшеге дейін тағайындай алады. Кейбір ұлттық комитеттер Кеңес мүшелерінің орынбасарларын тағайындайды. Президент, вице-президент, экс-президент, қаржы комитетінің төрағасы мен Халықаралық арбитражды соттың төрағасы лауазымы бойынша Кеңестің мүшелері болып табылады. Генералды хатшы Кеңестің хатшысы болып табылады.
Кеңесті Президенттің рекомендациясы бойынша ХСП саясатын жүзеге асыруға жауапты атқарушы кеңес таңдайды. Атқарушы Кеңес кем дегенде жылына үш сессия жүргізеді, оның екеуі ХСП Кеңесімен бірге.
Генералды секретар басқаратын штаб-квартиртира ХСП барлық қызметін бақылайды.Ол бес негізгі департаменттерден (халықаралық даму; коммуникациялар: экономикалық саясат пен ынтымақтастық, халықаралық сауда саясаты мен технологиялар, администрациялар, қаржы мен персонал) құралады.
ХСП саясаты мен тәжірибелік нұсқаулар арнайы жұмыс органдарымен әзірленеді (комиссиялар, жұмыс топтары). Комиссия ХСП саясатының негізгі мәселелерімен (халықаралық сауда саясаты, халықаралық арбитраж, қаржыландыру, сақтандыру, салық салу, көпұлттық кәсіпорындар мен халықаралық инаестициялар, қоршаған орта, энергетика және т.б.) айналысады. Уақытша негізде нақты жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру үшін жұмыс топтары құрылады, олар тұрақты сәйкес органға есеп беріп тұрады.
Халықаралық сауда дауларын шешудегі басты орган Халықаралық арбитражды сот болып табылады. Ол өндіріс пен арбитраждың ережелерін жарыққа шығарады.
Халықаралық сауда палатасының бюросы (ХСПБ) сауда палаталарының бүкіләлемдік форумы болып табылады. Ол пайда болған мәселелерді талқылау үшін, дамыған және дамушы елдердің, сонымен қатар экономикасы ауыспалы елдердің палаталарын басқаратын қызметкерлердің тәжірибесі және білімдерімен алмасу үшін халықаралық кездесулерді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Дамушы елдер мен Орта және Шығыс Еуропа елдеріне ол техникалық көмек бола алады және кадрлар даярлау бағдарламасымен қамтамасыз етеді. Бюро ATA Carnet-уақытша бажсыз импорт жүйесін (коммерциялық нұсқаулар, ғылыми және оқу құралдары, көрмеге арналған тауарлар) басқарады.
Конгресс ХСП-ның ең жоғарғы органы болып табылады. ХСП-ның барлық мүшелері-компаниялар мен ұйымдар конгресске өздерінің ең жоғарғы өкілдерін жібере алады. Конгресс үш жылда бір рет қабылдаушы елдің ұлттық комитетінің шақырылуы бойынша жүргізіледі.
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды халықаралық ұйымдарсыз елестету мүмкін емес. Олар халықаралық өмірді реттеудің ең дамыған механизмдерінің бірі және негізі бойынша үкіметаралық және үкіметтік емес органдардың тұрақты бірлестігі болып табылады.
Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастардың тұрақты құрылымын көрсете отырып, халықаралық өмірді саяси реттеудің құралы бола алады, ол ол бір мезгілде халықаралық интегрирлеу функциясын атқарады, халықаралық қатынастарды модификациялауға әсерін тигізеді
Бақылау сұрақтары:
Халықаралық масштабта қызмет ететін, дамыған және дамушы елдердің компаниялары мен басқа да құрылымдарын біріктіретін жеке кәсіпкерлік ұйымдар атаңыз,
Халықаралық сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы орны мен ролі қандай?
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды халықаралық ұйымдарсыз елестету мүмкінбе?
Халықаралық ұйымдар қандай тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді?,
Дәріс 29
Тақырыбы: Бүкіләлемдік сауда ұйымының сыртқы саудадағы ролі мен міндеттері.
Дәріс жоспары:
Бүкіләлемдік сауда ұйымы
БСҰ-ның ең маңызды функциялары
БСҰ-ға мүше болудан жалпы артықшылқтары
Бүкіләлемдік сауда ұйымы-бұл әрі ұйым, әрі құқықтық документтер кешені, тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы саласындағы үкіметтердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын көпжақты сауда келісімі.
БСҰ 1995 жылдың 1 қаңтарында 1993 жылы 15 желтоқсанындағы Уругвайлық раундтың көпжақты келіссөздерінің аяқталуынан кейін және 1994 жылы қол қойылғаннан кейін құрылды. БСҰ тарифтер мен сауда бойынша Генералды келісімнің (ГАТТ) қабылдаушысы болып табылады.
БСҰ-ның ГАТТ-тан айырмашылығы оған ГАТТ-қа қарағанда көбірек мемлекеттер қатысады (ГАТТ 146) және оның қызметтерінің масштабтары кеңірек. ГАТТ тек қана тауарлар саудасы саласында қызмет етті; БСҰ тауарлар мен қызметтер саудасын қамтиды, сонымен қатар интеллектуалды меншік құқықтарын қорғайды және келіссөздер процессі мен қайшылықтарды шешу кезінде елдер арасында сауда қатынастары құрылатын форум болып табылады.
ГАТТ және БСҰ екі принципке негізделген; дискриминациядан бас тарту және нарықтық тиімділік немесе нарыққа болжамдалатын, ашық, өзара қауіпсіз жолмен шығу.
Бұл екі принцип өз кезегінде 4 элементтерден тұрады:
-дискриминациясыз сауда, яғни саудада өзара ең қолайлы режим (ЕҚР) туғызу және шетелдік тегі бар тауарлар мен қызметтерге өзара ұлттық режим жасау;
-сауданы көбінесе тарифтік тәсілдермен реттеу, сандық және басқа шектеулерді пайдаланудан бас тарту;
-сауда саясатының транспаренттілігі;
-сауда дауларын консультациялар және келіссөздер арқылы шешу және т.б.
БСҰ-ның ең маңызды функциялары:
-Уругвайлық раундтың документтер пакетінің келісімдері мен шарттарының орындалуын бақылау;
-мүдделі мүше-елдердің арасында көпжақты сауда келісімдері мен консультациялар жүргізу;
-сауда дауларын шешу;
-мүше елдердің ұлттық сауда саясатының мониторингі;
-БСҰ компетенциясына қатысты мәселелер бойынша дамушы мемлекеттергк техникалық жәрдем көрсету.
БСҰ-ға мүше болудан жалпы артықшылқтарды келесі жолмен соммалауға болады:
-серіктестерге қысым көрсетілген жағдайда, ұлттық мүдделерді қорғауды қамтамасыз ететін БСҰ-ның дауларды шешу механизмін пайдалану және осылай дискриминацияны жою;
-халықаралық сауданың жаңа ережелерін жасау кезінде әлемдік сауда жүйесіне тиімді қатысу арқылы өздерінің ағымдағы және стратегиялық сауда-экономикалық мүдделерін жүзеге асыру мүмкіндігі.
БСҰ-ның барлық мүше-елдері «Көпжақты сауда келісімдері» (КСК) деген терминмен біріктірілген негізгі келісімдер мен заңдық документтерді орындау бойынша міндеттерді қабылдайды. Осылай, БСҰ жүйесі өзіндік көпжақты келісімді білдіреді (келісімдер пакеті), олардың нормалары мен ережелері тауарлар мен қызметтердің әлемдік саудасының жобамен 97% реттейді.
Уругвайлық раундтың документтер пакетінің 2-ші бөлігі (1-4 қосымшалардан басқа) Марракештегі министрлер кеңесінің нәтижесі (1994) бойынша қабылданған шешімдер мен декларациялардан, сонымен қатар басқа да Келісімдерден құралады. Бұл документтерде БСҰ-ға мүше елдер қабылдайтын қосымша шарттар мен ережелер құрастырылады. Тауарлар мен қызметтерді нарықтарға шығарудың ұлттық міндеттерінің тізімін есептегенде БСҰ документтерінің толық пакеті қазіргі кезде жобамен 30 мың парақтан тұрады.
Уругвайлық раундтың келісімдер пакетінің жиынтығы елуден жоғары тауарлар саудасы бойынша Көпжақты келісімдер мен басқа да құқықтық документтерді біріктіреді, олардың негізгілері БСҰ-ны бекіту туралы Келісім және оған қосымша тауарлар саудасы бойынша Көпжақты Келісімдер:
Қосымша 1А:
Тауарлар саудасы бойынша Көпжақты Келісімдер:
Тарифтер мен сауда туралы 1994 жылғы Генералды Келісім (ГАТТ-94)-тауарлар саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Тарифтер мен сауда туралы Генералды Келісім 1947- тауарлар саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Ауыл шаруашылығы бойынша келісім-ауыл шаруашылық тауарлар саудасын реттеудің ерекшеліктерін және осы сектордағы өндіріс пен сауданы мемлекеттік қолдау шараларын қолдану механизмін анықтайды.
Текстиль бұйымдары мен киім бойынша келісім-текстиль мен киім саудасын реттеудің ерекшеліктерін анықтайды.
Санитарлы және фитосанитарлы нормаларды қолдану бойынша келісім- санитарлы және фитосанитарлы бақылау шараларын қолданудың шарттарын анықтайды.
Саудадағы техникалық барьерлер бойынша келісім-стандарттар, техникалық регламенттер, сертификациялау процедураларын қолдану шарттарын анықтайды.
Саудамен байланысты инвестициялық шаралар бойынша келісім-капиталенгізілімімен байланысты отандық тауарларды тұтынуды ынталандыратын шараларды қолданудағы шектеудерден құралады.
VII ГАТТ 1994 бабы тауарлардың кедендік бағасын қолдану бойынша келісім-тауарлардың кедендік құнын бағалау ережелерін анықтайды.
Тиеу алдындағы инспекция бойынша келісім-тиеу алдындағы инспекцияны жүргізудің шарттарын анықтайды.
Шығу тегі ережелері бойынша келісім-тауарлардың шығу тегінің принциптерін анықтайды.
Импорттық лицензиялау процедуралары бойынша келісім-импортты лицензиялау формалары мен процедураларын орнатады.
Компенсациялық шаралар мен субсидиялар бойынша келісім-субсидиялауға қарсы қарсы күреске бағытталған шаралар мен субсидияларды қолдану процедурасы мен шарттарын анықтайды.
VI ГАТТ 1994 бабын қолдану бойынша келісім (антидемпинг)-демпингке қарсы шараларды қолдану процедуралары мен шарттарын анықтайды.
Қорғау шаралары бойынша келісім-өсіп келе жатқан импортқа қарсы шараларды қолдану прцедуралары мен шарттарын анықтайды.
Қосымша 1В:
Қызмет саудасы бойынша Генералды келісім-қызмет саудасы режимінің негіздерін, осы саладағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды
Қосымша 1С:
Интеллектуалды меншік құқықтарының саудалық аспектілері бойынша келісім- интеллектуалды меншікті қорғау саласындағы БСҰ мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Қосымша 2:
Дауларды шешуді реттейтін ережелер мен процедуралар туралы келісімшарттар-БСҰ-ның барлық келісімдері бойынша міндеттерді орындаумен байланысты БСҰ мүшелері арасындағы дауларды шешу шарттары мен процедураларын орнатады.
Қосымша 3:
Сауда саясатын шолу механизмі-БСҰ мүшелерінің сауда саясатының жалпы параметрлері мен шарттарын анықтайды.
Қосымша 4:
Плюрилатеральді келісімдер (қатысушылардың шектеулі ортасы үшін, яғни БСҰ-ның барлық мүшелері үшін міндетті емес);
Азаматтық авиатехника саудасы бойынша келісім (осы сектордағы сауданың либерализациясы бойынша жақтардың міндеттерін анықтайды).
БСҰ-ның ең жоғарғы органы ұйымның барлық қатысушыларының өкілдерін біріктіретін Министрлік конференция болып табылады.
Конференция сессиялары кем дегенде екі жылда бір рес өткізіледі, онда Уругвайлық раундтың келісімдер пакетімен байланысты принципиалды мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, талқыланады.
1996 жылдың желтоқсан айындағы Сингапурдегі бірінші конференция сауданың либерализациясының курсын қуаттады және БСҰ-ның ұйымдық құрылымына сауда мен инвестиция арсындағы қатынастар мәселесімен, сауда мен бәсекелестік саясат арасындағы өзара әрекеттестікті, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу саласының тұнықтылығымен айналысатын үш жаңа жұмыс топтарын қосты.
1998 жылы Женевада өткізілген екінші конференция ГАТТ/БСҰ-ның 50 жылдығына арналды. Сонымен қатар, онда БСҰ мүшелері әлемдік электронды сауда мәселелерін зерттеу туралы келісімге келді.
Үшінші конференция 1999 жылы Сиэтлде (АҚШ) құрылды және ол сауда келіссөздерінің жаңа раундының басталуы туралы шешім қабылдау керек болатын, бірақ ол нәтижесіз аяқталды. Төртінші Министрлік конференция 2001 жылдың 9-13 қарашасында Дохада (Катар) өткізілді, бесіншісі 2003 жылдың 10-14 қыркүйегінде Канкун қаласында (Мексика) және алтыншысы 2005 жылдың 12-18 желтоқсанында Гонконг қаласында (ҚХР) өткізілді.
Генералды кеңес Министрлік конференцияға бағынышты, ол ағымдағы жұмыстың орындалуына жауап береді және БСҰ-ға мүше елдердің өкілдерінің құрамымен, әдетте олар қатысушы елдер делегацияларының басшылары, жылына бірнеше рет Женевадағы штаб-квартирада жиналады.
Генералды кеңестің басшылығында бұдан басқа екі арнайы орган бар: сауда саясатын талдау бойынша және дауларды шешу бойынша. Сонымен қатар Генералды кеңеске сауда және даму бойынша; сауда балансымен байланысты шектеулер бойынша; бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер бойынша комитеттер есеп береді.
Генералды кеңес БСҰ иерархиясының келесі деңгейіндегі үш кеңесті басқарады: тауарларды сату бойынша кеңес және интеллектуалды меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша кеңес.
Тауарларды сату бойынша кеңес өз кезегінде тауарларды сату саласындағы БСҰ принциптерінің сақталуын және ГАТТ-1994 келісімдерінің орындалуын бақылайтын арнайы комитеттердің қызметтерін басқарады.
Қызметтер саудасы бойынша кеңес ГАТС келісімдерінің орындалуын бақылайды. Оның құрамына қаржылық қызмет көрсету саудасы бойынша Комитет және кәсіби қызметтер бойынша жұмыс тобы кіреді.
Интеллектуалды меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша кеңессәйкес келісімнің (ТРИПС) орындалуын бақылауды жүзеге асырудан басқа жасанды тауарлардың халықаралық саудасымен байланысты дауларды болдыртпау мәселелерімен айналысады.
Министрлік конференция (немесе Генкеңес) үш жылдық өкілеттілігі бар БСҰ-ның Генералды директорын тағайындайды. 1999 жылдан 2002 жылдың қыркүйек айына дейін бұл қызметті Жаңа Зеландияның экс-премьер-министрі Майк Мур атқарды, 2002 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың қыркүйек айына дейін Таиландтың бұрынғы вице-премьері Супачай Паничпакди болды, ал қазіргі кезде БТҰ-ның Генералды директоры сауда бойынша ЕО-ның бұрынғы комиссары Паскаль Лами, ло өз қызметін 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастады.
Көптеген арнайы комитеттер мен жұмыс топтары қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдер мәселелері, БСҰ-ға кіру прцедурасы мен аймақтық сауда келісімдері сияқты салалардағы мәселелерді шешумен және БСҰ-ның жеке келісімдерімен айналысады.
Ұйымның атқарушы органы Женевадағы БСҰ Секретариаты болып табылады, оның штатының құрамында 500 қызметкерлер жұмыс істейді; оны Генералды директор басқарады. БСҰ Секретариаты басқа халықаралық ұйымдардағы ұқсас органдармен салыстырғанда шешім қабылдамайды, себебі бұл функцияны мүше елдердің өздері атқарады. Секретариаттың негізгі міндеттері- әр түрлі кеңестер мен комитеттерді, сонымен қатар Министрлік конференцияны техникалық қолдаумен қамтамасыз ету, дамушы елдерге техникалық жәрдем көрсету, әлемдік саудаға талдау жүргізу және БСҰ жағдайын жұртшылық пен жалпы ақпарат құралдарына түсіндіру. Секретариат сонымен қатар дауларды шешу процессі кезінде құқықтық көмектің кейбір түрлерімен қамтамасыз етеді және БСҰ-ға мүше болуға ниет білдірген елдерге кеңес береді. Қазіргі кезде мұндай елдердің саны жиырмадан жоғары.
БСҰ консенсус негізінді шешім қабылдауға тәжірибеленген, дегенмен де-юремен дауыс беру ескерілген. Тауарлар, қызметтер, ТРИПС, қабылданған міндеттерден босату бойынша келісімнің жағдайларын түсіндіру 3/4 дауыспен қабылданады. Қатысушылардың құқықтары мен мен міндеттеріне зиян келтірмейтін түзетулер, сонымен қатар мүшелерді қабылдау 2/3 дауысты қажет етеді (әдетте консенсуспен).
БСҰ-ны бекіту туралы келісімге сәйкес ұйымның қатысушы елдері барлық келісілген жақтар-ГАТТ қатысушылары болды (128 мемлекет), олар тауарлар мен қызметтер бойынша міндеттер тізімін көрсетті және Уругвайлық раундтың келісімдер пакетін ратифицирледі.
Қазіргі кезде БСҰ құрамына 150 мемлекет кіреді және оның 22-сі жаңадан мүше болды-Эквадор, Болгария (1996 ж.), Монголия, Панама (1997 ж.), Қырғызстан (1998 ж.), Латвия, Эстония (1999 ж.), Иордания, Грузия, Албания, Оман, Хорватия (200 ж.), Литва, Молдова (2001 ж.), Қытай (2001 ж. желтоқсан), Тайвань (2002 ж. қаңтар) және Армения (2003 ж. ақпан), Македония (2003 ж. сәуір), Камбоджа (2003 ж.), Непал (2004 ж. 23 сәуір), Сауд Аравиясы (2005 ж.), Вьетнам (2007 ж.).
30-ға жуық мемлекетте БСҰ-ның бақылаушысы статусы бар. Олардың көп бөлігі, соның ішінде Ресей, Алжир, Украина, Қазақстан және ТМД-ның басқа мемлекеттері (Түрікменстаннан басқа) БСҰ-ға қосылудың әр түолі сатыларынан өтуде.
Бұдан басқа алпыстан жоғары халықаралық ұйымдарда БСҰ-ның әр түрлі құрылымдарын бақылаушы статусы бар, негізінен БҰҰ, ЮНКТАД, МВФ, МБРР, ВОИС, ОЭСР, аймақтық топтар, тауарлы ассоциациялар. ЮНКТАД/БСҰ эгидасымен Халықаралық сауда орталығы (ХСО) қызмет етеді, олар әлемдік сауда саласында дамушы елдерге көмектеседі.
ГАТТ/БСҰ жартығасырлық өмір сүру кезінде әзірленген Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылу процедурасы көп жоспарлы және бірнеше кезеңдерден тұрады. Қатысушы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл процесс шамамен 5-7 жылдан тұрады.
Бірінші кезеңінде арнайы жұмыс топтары қосылушы елдің экономикалық механизмі мен сауда-саяси режимінің БСҰ нормалары мен ережелеріне сәйкестілігін көп жақты деңгейде жете қарастырады. Бұдан кейін аталған ұйымға қосылушы елдің мүше болуының шарттары туралы кеңестер мен келіссөздер жүргізіле бастайды. Бұл кеңестер мен келіссөздер, әдетте, БСҰ-ның барлық мүдделі мүше елдерімен екі жақты деңгейде жүргізіледі.
Ең алдымен келіссөздер БСҰ мүшелерінің қосылушы елдің нарықтарына енудің «коммерциялық маңызды» мүмкіндігі туралы болады (тауарлар мен қызметтер нарықтарына ену туралы екі жақты Протоколда фиксирленеді), сонымен қатар келіссөздер БСҰ мүшелілігінің келісімдері бойынша міндеттерді өзіне қабылдаудың форматы мен мерзімі туралы болады.
Өз кезегінде қосылушы ел әдетте БСҰ-ның басқа мүшелері сияқты құқықтарға ие болады, ол оның сыртқы нарықтардағы дискриминациясының жойылуын білдіреді. Ұйымның қандай да бір мүшесі теріс құқықты әрекеттер жүргізген жағдайда кез келген ел сәйкес арызбен дауларды шешу бойынша органға бара алады (ДШО), оның шешімдерін БСҰ-ның әр қатысушысы сөзсіз орындауға міндетті.
Бекітілген процедураға сәйкес нарықтарға ену либерализациясы және қосылу шарттары бойынша жүргізілген барлық келіссөздердің нәтижелері келесі ресми құжаттармен толтырылады:
-жұмыс тобының баяндамасы, онда қосылушы елдің келіссөздер нәтижесі бойынша өзіне қабылдайтын құқықтары мен міндеттерінің толық пакеті мазмұндалады;
-тауарлар саласындағы тарифтік жеңілдіктер мен ауыл шаруашылығын қолдау деңгейі бойынша міндеттер тізімі;
-қызметтер бойынша арнайы міндеттер тізімі және РНБ-ден алынған тізім;
-қосылу туралы протокол, онда екі және көп жақты деңгейде жасалған келісімдер заңдық күшіне енеді.
БСҰ-ға жаңа елдердің қосылуының маңызды шарттарының бірі-олардың ұлттық заңдары мен сыртқы экономикалық қызметін реттеу тәжірибесін Уругвайлық раундтың келісімдер пакетінің жағдайына сәйкес келтіру болып табылады.
Қосылудың ең соңғы кезеңінде Генералды кеңеспен бекітілген және жұмыс тобымен үйлестірілген құжаттардың толық пакетін қосылушы елдің ұлттық заң шығарушы органы ратификациялайды. Бұдан кейін аталған міндеттер БСҰ құжаттарының және ұлттық заңның бір бөлігі болады, ал кандидат елдің өзі БСҰ-ның статусына ие болады.
Бақылау сұрақтары:
Бекітілген процедураға сәйкес нарықтарға ену либерализациясы және қосылу шарттары бойынша жүргізілген барлық келіссөздердің нәтижелері қандай ресми құжаттармен толтырылады?
Дәріс 30
Тақырыбы: Сапа түсінігі.
Дәріс жоспары:
Сапа түсінігінің жинақтығы
Сапаның сандық бағасы үшін квалиметрия әдісі
Объективті факторлар
Сапа түсінігі. жинақтық, оған әртүрлі анықтама беріледі. EOQ (Сапа бойынша Еуропалық ұйым) анықтамасы бойынша – тұтынушы талаптарына өнімнің сәйкестік деңгейі. ИСО 9000:2000 стандартының анықтамасы бойынша «Сапа жүйесі – негіздемелер жән терминология», сапа – тұтынушы талаптарын орындайтын өзіндік мінездемелер жиынтығы деңгейі.
Әрбір өндірістің маңызды мақсаты сапалы өнімнің шығарылуы болып табылады. Уақыт өте келе бұл мақсаттың маңыздылығы күшейе береді. Ол ғылыми-техникалық прогресі, жаһандану құбылысы және мемлекеттер арасында өнідірістік күш пен сауда байланыстары жоғарылап жатқанымен түсіндіріледі. Қазіргі кезде дүниежүзі өндірістік күштермен толы, өндірісі дамыған мемлекеттер өздерінің тауарлары үшін күресуде. Жоғарғы сапалы тауар және қолжетімді баға ұсынған жеңеді.
Сапа – күрделі және көп критерийлі түсінік. Сапа критерийі функционалдық (тұтынушылық), эргономикалық, қолданушылық, эстетикалық және басқа да көрсеткіштер болуы мүмкін. Әртүрлі өнімдерде әрбір критерийдің мағынасы әртүрлі болады. Мысалы, электр лампасында маңызды критерий функционалды критерий – лампа жарық жануы керек, қолданушылық критерий – ұзақ жануы керек және энергияны аз жұмсау керек. эстетикалық критерий аз рөл ойнайды. Ал хрусталды вазаны жасаған кезде эстетикалық критерий маңызды, ал функционалды критерий маңызы аз болады.
Сапаның сандық бағасы үшін квалиметрия әдісі қоланылады. Квалиметрияның негізі мақсаты - өнімнің қажет сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын, оның оңтайлы мәндерін анықтау, сонымен қатар сапаның сандық бағалау әдісін өңдеу, уақытта сапа өзгеру санағы әдістемесін жасау.
Сапалы өнім алу үшін бірнеше талаптар жиынтығын орындау керектігі түсінікті. Алдымен объективті факторлар:
1. Ғылымның, техниканың және дизайнның соңғы талаптарына сай келетін өнімнің қазіргі заманғы жұмыс жобасы;
2. Қазіргі заманғы материалдар мен ғылым мен техникасы жетістіктерін қолданатын өнім өндірудің қазіргі заманғы технологиясы;
3. Қазіргі заманғы жаңа технологиялық қондырғылар;
4. Қазіргі заманғы құрылғыларында қызмет көрсете алатын және алдыңғы қатарлы технологияны қолдана алатын мамандырылған жұмыс кадрлары.
Бұлар сапалы өнім алу үшін қажет объективті компоненттер. Бірақ олар сапалы бәсекеге қабілетті өнімді тұрақты және ұзақ алу үшін жеткіліксіз. Көп мәнге өндірістің субъективті факторлары ие. Олар: жұмысшылардың өз жұмыстарына қатынасы, мекеме басшыларының рөлі, жұмысшылар арасындағы қатынас және тағы басқа. Объективті және субъективті факторлар, олардың өзара қатынасы, бір-біріне әсері сапа қамтамасыз ету жүйесін құрайды.
Сапа жүйесін дамытуға әрдайым көп көңіл бөлінетін. Бұл сұрақпен көптеген мемлекеттердегі ғалымдар айналысқан.
Сапа менеджментінің (басқару) бірінші кезеңінде негізі Ф.У.Тейлор жүйесі болды. Бұл ғылыми менеджменттің концепциясы, онда өндірістік үрдістің көп нұсқалығы мен бақылауға көп мән берілген. Жүйе сапаның жоғарғы және төменгі шек түсінігін, рұқсат өрістерін қосқан, бақылау құралдарын енгізіп, тәуелсіз тексеріс қажеттілігін, бракқа штраф жүйесін, жұмыс сапасын жоғарылатудың түрлі қалыптарын негіздген. Тейлор жүйесі жалпы менеджмент пен сапа менеджментін байланыстырды. Бұл сапа жүйесі нақты өнімнің сапасын алу жүйесі.
Ары қарай 20-ғасырдың 20-80-жылдар арасында ұзақ уақытта жалпы менеджмент пен сапа менеджмент даму жолдары бөлініп кетті. Сапаның негізгі мәселесі мамандармен басқарудың инженерлі-техникалық мәселесі, қызмет ету деңгейін және өндіріс үрдістерін жоғарылату мақсатында өнімді басқару, яғни өндіріс технологиясын жақсарту және соңғы станоктар, құралдармен қамтамасыз ету, ал адам басқару менеджменті мәселесі – ұйымдастырушылық және әлеуметтік-психологиялық мінездемелі мәселе ретінде қарастырылды. 50-80-жылдары өнімнің сапасын қамтамасыз ету құрылымдары бақылау жүйесі деп аталды.
Сапа жүйесін қамтамасыз ету бұрынғы КСРО-да өнеркәсіптің басқарушы-бұйрықтық жүйесіне бағынатын, онда мекемелер мемлекеттік жоспарлармен байланысты болатын, бағыну тігінен, әркім өзі жауап беретін жұмысын атқаратын. Барлық мекемелер мемлекеттік тапсырыспен көп жылдарға қамтамасыз етілетін, ол өнімнің сапасын көтеруге жағдай жасалмайтын. Өнімнің сапасы өндірістік циклдан шығарда тексерілетін, яғни соңғы өнім техникалық нормалар мен стандарттарға тексерілетін (ОТК жүйесі және мемлекеттік тексерістер). Сапа қамтамасыз ету шаралары ақау табылған жағдайда қолданылатын, көбіне, бұл шаралар репрессивті мінез алатын.
Жүйе ескірген, жаңа өндірістік талаптарға жауап бермейді. Ескі жүйенің негізгі кемшіліктерін бағалауға жатқызуға болады:
1. Үлкен ревизорлық аппарат қажет. Ревизия кезінде қызметкерлердің көпшілігі алаңдайды, үлкен бюрократтық хат алмасу жүреді.
2. Кері байланыстың нашарлығы. Қызметкерлер әдетте, бұзушылықты болдырмау мәлелелеріне түсіністікпен қарайды. Бірақ ондайға қатысы болса, барлық жағдайды айту міндеті, нәтижесінде жазалану қаупінде және оны болдырмау мақсатында жабу. Жеке құрам амалсыз бұзушылық туралы мәліметтер айтады, егер олар жұмысшыға қарсы қойылатынын білсе.
3. Капитал салымдарының төменгі нәтижелігі. Басқарудың басты мақсаттарының бірі қаражат бөлу үшін приоритет анықтау және мақсатты шаралар жүргізу болып табылады. Минималды шығынмен максималды пайда табу үшін салым қайда салу керек? Басқарудың барлық деңгейінде толық және қажетті ақпараттың болмауы мұндай мүмкіндік бермейді.
4. Жетілдірілген сапа деңгейін сақтаудың қанағаттандырарлықтай емес тұрақтылығы, жұмысшылардың бұл деңгейдің ұзақ сақталуында аз қызығушылық нәтижесі.
5. Ақаудың пайда болу себептері мен оны болдырмау жолдарын толық түсінбеу, өйткені тексеріс тек технологиялық үрдісттен шығар кезінде болады, және бұндай тексерісте қай кезеңде дұрыс емес әрекет жасалғанын анықтау қиынға соғады.
6. Мекеменің қызметінің бөлінуі, тек өзінің жұмысын атқару және басқа бөлімдердің және мекеменің жұмысына араласпау.
Бұл жағдайлар дамыған нарықтық экономикасы бар басқа мемлекеттер тәжірибесінде де кездескен. Сапаны қамтамасыз етудің бұндай жүйесі қазіргі таңда да кейбір мекемелерде де кездеседі,бірақ оны ары қарай қолдану алға бастырмайды.
1980 жылдан бастап, ғылыми-әдістемелік менеджмент құралын қолданатын сапа басқару жүйесі пайда болды. Жалпы менеджмент пен сапа менеджменті қайта біріге бастады. Бұл бірігу өнім сапасы туралы көзқарастың ұлғайып және оған әсер етуші факторлар мен ішкі өндірістік менеджменттің дамуына әкелді.
Сапа мақсаттарын шешу ұйымдастырушылық құрылымның пайда болуын талап етті. Бұл құрылымға барлық бөлімшелер, мекеменің әрбір жұмысшысы кірді. Бұл сапаның тоталды менеджменті (TQM) мен сапаның әмбебап менеджментін (UQM) тудырды. Сапаны басқарудың жалпы менеджментінен сапаның тоталды менеджментіне (TQM) көше бастады. Ескі менеджменттен TQM-нің айырмашылығы ескі менеджментте сапа концепциясы жұмысшыларды бақылайтын арнайы қызметтер, сапаны жетілдіру үшін арнайы шаралар, ал TQM-да сапа өнімнің алынбас бөлігі болып табылады. Оған жету өндіру үрдісіне кіргізілген, ол бір ретті шаралар емес, сапаны өніммен бірге жасайтын жүйелік әрекеттер.
Қазіргі кезде теориялық және практикалық құралдардың күшті жиынтығы жасалған, ол сапа негізінде менеджмент (MBQ) атауын алды. Ол өзіне:
– сапаны қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар ИСО 9000 және 14000 серияларын;
– жүздеген аккредиттелген сертификаттау органдарын қосатын сапа жүйесін сертификаттаудың халықаралық жүйесін;
– сапа жүйесінің сертификатталған аудиторлары халықаралық реестрін (IRCA), оның ішінде көптеген мемлекеттерден 40000 мамандарды;
– Менеджмент аудитінің күшті жүйесін;
– Дүниежүзінің 1000000-нан астам фирмаларын (соның ішінде Қазақстанның 3000-нан астам мекемесі сапа жүйесіне сертификат алды) қосады.
Сапа басқару жүйесі даму кезеңдерінде 20-ғасырда анықталған концепцияларға сәйкес келген және құжатталған. Жүйелерді құжаттау мекеменің басқару ұйымдастырушылық құрылымын, сонымен қатар өнімді жасау үрдісін басқаруды қамтиды. Ұйым функционалдық құрылым мен үрдістердің жиынтығы болып қарастырылды.
Сапаның құжатталған жүйесі:
– жұмысшылар үшін мотив құралдарын қолдану (жазалау, мадақтау);
– кәсіптік оқыту және біліктілік жоғарылату;
– өнімді тұтынушылармен жақсы қарым-қатынаста болу;
– қосалқы бөлшектер мен шикізат тасымалдаушылармен өзара қарым-қатынас орнату кезеңдерін қосты.
Сапа жүйесінің даму тарихы 5 кезеңге бөлінеді.
1. Бірінші жүйенің пайда болуы – Тейлор жүйесі. Оқыту құрылғыларда жұмыс жасау кәсіптік оқытуға және өлшеу құралдарын қолдануға, типті қосылуларға, дәлдік жүйесін білуге әкелді. Тасымалдаушы мен тұтынушы арасындағы өзара қатынас техникалық шартта көрсетілген талаптар негізінде жүргізілді, олардың орындалуы қабылдау бақылауында тексерілді. Тейлор жүйесінің ерекшелігі әрбір өнімнің сапасын басқару еді.
2. Нақты өнім сапасын үрдістің жиынтығы ретінде өндіріске көшіру басталады. Өндірісті басқарудың прогрессивті қалыпы 3 түрдегі статистикалық бақылау:
– өнім партиясының статистикалық қабылдау;
– үзіліссіз статистикалық қабылдау;
– технологиялық үрдісті статистикалық реттеу болады.
Кәсіптік оқытуға талдаудың, бақылаудың және реттеудің статистикалық әдістеріне оқыту басталды, «тасымалдаушы-тұтынушы» қатынасы қиындап кетті. Оларда көп рөлді статистикалық қабылдау бақылауына стандартты кестелер ала бастады.
Бұл кезеңде сапаның құжатталған жүйелері өмірге келді, мамандардың сапа аймағында жауапкершілігі мен міндеттері айқындалды – өнімдердің сапасы мен дефектісін талдайтын сапа жөніндегі инженер пайда болды. Инспекция мен дефектілерді табу олардың алдын алуына және ескертуіне, үрдістер зерттеу негізі мен оларды басқару негізіне ауысты.
3. 50-жылдары сапаны тоталды басқару концепциясы – TQC. Бұл кезеңде жауапкершілік пен міндеттерді айқындайтын, сонымен қатар сапа қызметінің мамандары емес, мекеме басшыларының өзара қарым-қатынасы пайда болды.
Мотив жүйесі адам факторына ауыса бастады. Сапалы еңбектің маңызды себебі ұжымда жұмыс жасау, жетістіктерді басшылық пен әріптестердің мойындауы болып табылды. Оқу мен мамандықты жоғарылатуға көп көңіл бөлінді.
«Тасымалдаушы-тұтынушы» қарым-қатынас жүйесі өнімді сертификаттауды үшінші жақ арқылы жасауды қарастырды. Сонымен қатар келісімшарттарда сапаға талаптар қатаңсып кетті.
4. 70-80-жылдары сапаны тоталды басқарудан тоталды сапа менеджментіне (TQМ) ауысу басталды. Осы уақытта ИСО 9000 халықаралық сапа стандарттар сериялары пайда болды.
Егер TQC – орнатылған талаптарды орындау мақсатында сапаны басқару болса, TQМ – оған қоса мақсаттар мен талаптарды басқару болды. TQМ-ға сапаны қамтамасыз ету кіреді, ол – тұтынушыда өнімнің сапасы туралы сенімділік беретін шара жүйесі. TQМ жүйесінде мақсаттарға анық сапаны басқару әдістері қолданылады. Жүйенің бір қосымша ерекшелігі ұжымдық қалыптар мен іздеу әдістерін, талдау мен мәселені шешу,бүкіл ұжымның сапаны жоғарылатуға қатысуы қолданылады.
TQМ-да адам рөлі мен қызметкерлерді оқыту ұлғаяды. Мотивация жұмысшылардың жұмысқа қызығушылық туындауын, еңбек демалысының бөлігі мен демалыстардан бас тартуы, яғни жұмысқа құштар және ләззат алатынының белгісі пайда болады. Оқыту барлық саланы қамтып, үзіліссіз болады. Оқыту қалыптары өзгереді, белсенді бола бастайды – жұмыс ойындары, арнайы тестер, оқытудың компьютерлік әдістері және тағы басқалар қолданылады. Оқыту мотивацияның бөлігіне айналады. Кәсіби мамандандырылған жұмысшы ұжымда өзін сенімді ұстайды, көшбасшы рөліне ынталы, оны басшылар және әріптестері бағалайды, жұмыс бабында тез көтеріледі, материалды жақсы қамсыздандырылған.
ИСО 9000 стандарттар негізінде құрылған сапа жүйесінің мақсаттық орнатулары – тапсырыс беруші талап еткен өнімнің сапасын қамтамасыз ету. Сәйкесінше, жүйе механизмі, қолданылатын әдістер мен қаражаттар осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталған.
3- және 4-кезеңдердің ортасында ғылымның жаңа саласы –жүйелі техника пайда болады.
Жүйелі техника – бұл жүйені жобалау және құру кезінде ғылыми білімдерді пайдаланумен байланысты, яғни белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін қажет адамдар мен қондырғыларды біріктіретін техника саласы. Жүйелі техника нәтижесіне табиғаттары әртүрлі көптеген өзара байланысты және өзара әсерлесетін факторлар әсер ететін күрделі өндірістік тапсырмаларды шешудің жүйелік жолының принциптеріне негізделеді. Жүйелі техниканың дамуымен ғылыми негізделген кибернетикалық «сапаны басқару» термині тығыз байланысты.
5. 90-жылдары экологиялық мәселелерден, олардың өндірістік әрекетінен туындаған қоғамның өнеркәсіпке деген әсері күшейді. Экологиялық мәселелер ұлғайды. Бұл табиғатты қорғау мен өнім қауіпсіздігі жағынан менеджмент жүйесінің талаптарын бекітетін ИСО 14000 сериялы стандарттардың пайда болуына әкелді. Сапа және экологиялық қауіпсіздік ұғымдары бірдей мағынада қолданылатын болды.
ИСО 14000 стандарттарына сәйкес сапа жүйесінің сертификаттау өндіріс жағынан табиғатқа үлкен әсерін тигізетін елдерде өте белгілі болып табылады. Соған байланысты қазіргі кезде сертификаттардың көп бөлігіне Жапония мемлекеті ие. Сапаның гуманистикалық құраушысы едәуір өсті.
Бұл саты жаңа ақпараттық технологияның пайда болуымен сипатталады. CALS-технология – бұл өнім сапасын қамтамасыз етудің өмірлік циклі қатысушыларының ақпараттық өзара әрекеттерінің заманауи әдістерін енгізу мен басқару процестерінің өндірістілігін, әсерлілігін жүйелік арттыру стратегиясы. CALS стратегиясын енгізудің негізгі экономикалық әсеріне бұйым сапасын қамтамасыз ету мен ұстап тұру, құру үшін қолданылатын электронды ақпаратты бірлесіп пайдалану мен интеграциялау арқылы қол жеткізеді. Ол ақпаратты тұтынушыға жылдам жеткізуді, оны қайта өңдеуді, игеру мен әрекеттер үшін дұрыс әрекет қабылдауды қамтамасыз етеді.
Өндірістің ақпараттық мәдениеті қазіргі уақытта өте жоғарғы талаптарға жауап беруі тиіс, бұл тек қандай да бір фирма немесе зауыттың әрекеті емес, уақыттың талабы болып табылады. Ақпараттық алмасудың жеделдігіне байланысты өндірістік әрекеттердің де жылдамдығы үдей түседі. Өндірілетін бұйым сапасына ерекше әсер ететін ақпарат беру мен сақтаудың ең заманауи ақпараттық технологиясын пайдалану қажет. Оларға ақпараттың электрондық базалары, электронды пошта, электронды құжаттандыру, кәсіпорын функционалдығының математикалық модельдері мен барлық есептеулерді компьтерлендіру жатады.
CALS стратегиясын іске асыру кезінде басты нормативтік және құқықтық база ретінде стандарттар қолданылады. Бүкіл өмірлік циклінің барлық сатыларында өнім туралы мәліметтерді бірлесіп пайдалану оларды ұсыну тәсілдері мен пайдалану технологиясын стандарттау арқылы жүзеге асырылады. Стандарттарды таңдау CALS стратегиясын енгізудің бір бөлігі болып табылады. CALS стратегиясын енгізу – ұйым іс-әрекетінің әртүрлі аспектілерімен тығыз байланысты күрделі, жан-жақты процесс. Сондықтан оны жүзеге асыру үшін бірқатар сілтемелер:
– әртүрлі деңгейдегі нормативтік және әдістемелік құжаттама;
– технологиясы аумағындағы сыналған және реттелген әрекеттер мен қызметтер нарығы;
– кадрларды дайындау жүйесі;
– CALS – технологиясы аумағындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары;
– осы технологияны қабылдауға қоғамның ақпараттық дайындығы болуы қажет.
Бақылау сұрақтары:
CALS стратегиясын іске асыру кезінде басты нормативтік және құқықтық база ретінде нені қолданылады?
Сапа жүйесінің даму тарихы неше кезеңге бөлінеді?
